Айқап журналы және XX ғ. басындағы Қазақстанның қоғамдық- саяси өмірі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№ 1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: Айқап журналы және XX ғ. басындағы Қазақстанның қоғамдық- саяси өмірі
Мамандығы: Электр энергияда энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін Smart технологиясымен біріктіру және басқару

Орындаған: Ғарифолла Әсем Тобы: ИУТЭк-20-1
(Аты-жөні)

Тексерген: Раджапов Анарбай Ускенбаевич , АЭжБУ доценті___________
(Аты-жөні, атағы, қызметі)

_ 2020 ж.

(бағасы) (қолы)

Алматы 2020
Мазмұны
Кіріспе 3
ХХғ. басындағы Қазақстанның
қоғамдық-саяси өмірі 4
Айқап журналы 7
Қорытынды 12
Әдебиеттер тізімі 14

Кіріспе

Қазақ елінің егемендігімен қатар тәуелсіздігі ұлғайған сайын еліміздің ұлттық тарихын зерттеуге үлкен мән берілуде. Халықтың ұзақ жылдардан кейінгі өзін-өзі тануының жаңа кезеңі ұлттық ғылыми ортаға қоғамның педагогикалық ілімдер тарихы маңызды орынға көтерілді.
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ халқының қоғамдық санасындағы түбегейлі өзгерістер тарихи тағдырдың тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен этномәдениетті қайта жаңғыртумен сиапатталады. Педагогикалық мәселелер халықтың экономикалық, саяси-әлеуметтік және мәдени өмірімен байланысты. Осы орайдан келгенде қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің дамуында, оқу орындарының өрістеуінде XX ғасырдың басы ерекше кезең ретінде қаралады.
Бірнеше ғасыр бойы ұлы далада қалыптасқан көшпелі цивилизацияның рухани, мәдени, саяси-құқықтық жүйелері дағдарыс шырмауығына маталып, қазақ қоғамында бұрын мүлдем беймәлім болып келген құбылыстардың орын тебе бастағанына Ресей ықпалы тигендігі анық еді. Қазақ елінің оқу-ағарту саласындағы ізденістер Дүниені дүр сілкіндірген қилы-қилы тарихи оқиғаларға толы XX ғасырдың бас кезеңі қазақ елінің қоғамдық-әлеуметтік өмірінде де үлкен өзгерістер туғызды. Бұл Ресейдің алдыңғы қатарлы ғалымдарының қоғамның дамуына, білім мен ілімнің көркеюіне педагогика ғылымының берері көптігінен көз жеткізе бастаған мезгілі еді. Осы жағдайлар сол кездегі көзі ашық, көкірегі ояу, өз халқының қамын ойлайтын қазақ зиялыларына да түрткі болып, олардың сана-сезіміне, жан дүниесіне қозғау салды. Сол кезеңдегі адамзаттың тарихи көшінен, өркениеттің дамуынан қазақ елінің қалып қоймауын ойлап, уайым жеген көптеген ойшыл ғалымдар мен қоғам қайраткерлері өнер білімді дамытып, сол арқылы іргелі елдердің қатарына қосылуды мақсат тұтті. Сондықтан XX ғасырдағы қазақ зиялыларының рухани қалыптасуы мен олардың ұлттық педагогикалық ой-пікірлері жайлы ғылыми тұрғыдан сөз еткен, біріншіден, олардың сол кездегі кеңес заманының алдыңғы қатарлы әлеуметтік ортасынан және өздері қатар ғұмыр кешкен ойшылдарды бөлек алып қарауға болмайды. Екіншіден, қазақ зиялыларының шығармашылықтарындағы ұлттық педагогикалық идеяларды талдап М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедұлы еңбектерін сараптай отырып дүниетаным мен тәлімдік ойлардың қалыптасуына дүние жүзінің белгілі педагог ғалымдарының еңбектерін талдауымыз өте орынды. Әсіресе қазақ зиялыларының шығармашылықтарының мәйегі болған, ұлттық педагогикалық идеяның одан әрі дамуына мүмкіндік берді.

3
ХХғ. басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі

Қазақстанның Россияға қосылуы 1731 жылдан басталғанымен, патшалықтың отарлық саясатының күшейген кезі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында болғандықтан қазақ даласы осы кезеңде тарихи оқиғаларға толы болды.
Патша өкіметі қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге асырып, әкімшілік басқару жүйесін енгізіп, қазақ жерінің байлығын өз мақсаттарына пайдалану үшін жанталасып жатты. Мұжықтарын лек-легімен әкеп төгіп, қазақтың ең шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөлге, құмға, тау-тасқа қарай тықсырды. Шекараны нығайта түсу үшін бекіністер салды. Патша өкіметі осы әрекеттерімен ғана шектеліп қалған жоқ, іле-шала жергілікті халықтың тіліне, діліне, дініне шабуылын күшейтті. Халықты бірден үркітіп жібермеуүшін бұл саясатын аса сақтықпен жүргізді. Патша өкіметі ең бастысы халықтың ауқатты тобын өз жағына шығарып алуға тырысты. Болыстарға тілмаштар даярлау мектебін ашып, болыстардың, атқамінерлердің балаларын оқытып, билік сүйгіштерді өзіне жақындатып алды. Ислам дініне бой ұрады деген ниетпен татарларды қазақтарға жолатпауға тырысады.
Патша өкіметінің жымысқы саясатының нәтижесінде ашылған орыс-қазақ мектептерінде оқыған қазақ балалары орыстың білімі мен ғылымының арқасында көкірек көзін ашып, ХХ ғасырдың басында саяси аренаға шыға бастады. Орыс мектептерінде оқып, орысқалаларында жоғарғы білім алғанымен олар өз елінің мүддесін көздеді, ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруға және ұлттық тәлім-тәрбиенің негізін қалап, ғылымға айналуына көп еңбек сіңірді. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан азаматтар ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола білді. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Сералин, Барлыбек Сырттанов, Бақытжан Қаратаев, Жанша Сейдалин, Мұхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Отыншы Әлжанов, Райымжан Мәрсеков, Асылқожа Құрманбаев, Ғабдулғазиз Мұсағалиев... бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады. Шын мәнінде, олар ғұмыр кешкен ХХ ғасырдың басы өздерінің ойлау, болжау қасиеттері айрықша, энциклопедиялық ұлы ақын ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлы педагогтарының бірі.
Сондай - ақ Қазақстанда педагогика заңдылықтарының жүзеге асып, жетілуіне сол кезеңде өмір сүрген ағартушылардың еңбегі зор.

4
Мысалы: Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шоқан Уәлихановтармен қатар оқытып білім ісіндегі әлемдік деңгейдегі жол-жосыққа зейін аудара отырып, қазақ халқының тарихи даму жағдайына үйлесімді педагогикалық,
психологиялық еңбектер жазған зиялылар қауымы үлкен үлес қосты. Атап айтқанда Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов т.б. педагог-ұстаздар білім беріп оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдарын, оқушылармен жұмыс істеудің әдістемелерін жан-жақты талдауға ат салысты.
XX ғасырдың алғашқы кезеңінде Ахмет Байтұрсыновтың қазақ халқының қоғамдық, саяси, мәдени, ағарту істеріне белсене араласып, бар күш-жігерін, білімін оқу-білім жолына арнаған. Ол қазақ халқының мәдениет тарихында білгір педагог, қазақ тілі білімінің негізін салушы, ғылым-тюрколог, әдебиет зерттеуші, журналист, қоғам қайраткері, елінің рухани жетекшісі ретінде танылды.
Ел-жұртының мақтанышы болған Ахмет Байтұрсыновты ұлы жазушы Мұхтар Әуезов былай бағалаған еді: Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп елін ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек жеңін жиғызған "Қазақ" газеті болатын. Ол газеттің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат, кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? Ол екпін ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң "Маса" болып талай ызыңдап, "оятамын" деп ұзақ бейнетті міндет қылып алған Ахаңның екпіні болатын.
Ресейге бағынғанға дейін қазақ арасында ислам діні біркелкі тарамағаны белгілі. Бірақ Ресейге толық бағынғаннан кейін және Орта Азияның Ресей қол астына өтуі жағдайды өзгерті. Отарлық езгінің күшеюі халықтың іштей наразылығын тудырып, өзіне рухани жағынан жақындау мұсылман дініне бет бұра бастады. Ислам дінінің қазақ арасында кеңінен етек алып жайылуынан қатты күдіктенген кісінің бірі - халқымыздың мақтанышы аса дарынды ғалымы, ағартушысы Шоқан Уәлиханов.
Ол кісі жағдайға байланысты Татар молдалары мен Орталық Азия ишандарының әрекеттері арқасында қазақ барған сайын мұсылманшылық жолға түсіп барады. Қазір қазақтың кейбір сұлтандары, байлары әйелдерін оңаша үйде ұстайтын болды; қазақтар Меккеге баратынды шығарды, жырлар айту орнына пайғамбарлар туралы жыр, ертектерді айтады, діни хиссаларды оқиды. Тегі еуропалық мәдениетке Ресейдің Византия дәуірін басынан өткізіп жеткені секілді, қазақ халқы татар дәуірін басынан өткізіп жететін болар. Бұл-оның болашағы бұлдыр, қараңғы деген сөзі- деп аса бір өкінішпен, торығушылықпен жазған еді. Осы мақсатқа орай белгілі ағартушы Міржақып Дулатовтың Ақтөбе гимназиясы хақында мақаласы да жарық көрген болатын.

5
Бірақ көп жылдар бойы Кеңес өкіметі жүргізген озбырлықпен қырып-жоюға, тарихты өрескел бұрмалауға негізделген саясаттың тікелей салдарынан халқымыздың сана-сезімі өлшеусіз де орны толмас жұтаңдыққа ұшырап, оның интеллектуалды ауқымының қарыштап дамуына үлкен нұқсан келді.
Соның тікелей кесірінен қазан төңкерісіне дейінгі жалпы адамзат өркениетінің төрінен орын алған ірі тұлғаларымызға байшыл, кертартпа, діншілдер деген жалған саяси айдарлар тағылды. Олардың бай мұраларын зерттеуге тыйым салынды. Партиялық талап, марксистік-лениндік идеология қазақ халқының дарынды дара перзенттерінің бостандық пен ұлт тәуелсіздігі үшін аянбай тер төккен, қабырғалары қайысқан ерекше еңбектерін большевиктік көзқараспен біржақты бағалап, оларды мемлекетке қажетсіз санап, жетпіс жылдан астам жарыққа шығармады.
Бұл қатынастар адамдардың белгілі бір дәрежеде батыс үлгісіндегі білімділігін талап еткендіктен қазақстанда орыс білім беру жүйесі біртіндеп енгізіле бастады. Сонымен қатар елде мұсылман білім беру жүйесі де сақталып қалды. Екі білім беру жүйесінің арасындағы талас біртіндеп жаңа ағым - қазақ білім беру жүйесінің қалыптасуына әсер етті. Қазақ білім беру жүйесі екі тілде білім беру жүйесінің жақсы жақтарын бойына сіңіре отырып ұлттық танымға, санаға оңай қабылданатын білім беру жүйесін жасағысы келді. Міне осы кезден бастап қазақ халық педагогикасы зерттеле бастады және оның нәтижелері ой елегінен өткізіліп, мектепке арналған оқу бағдарламаларына, оқулықтарға, әдістемелік құралдарға айналып қазақтың этнопедагогика ғылымының қалыптасуына әсер етті.
ХХ ғасырдың басында қазақстанның тарихи өмірінде елеулі өзгерістер, аса бір алмағайып оқиғалар болған еді. Атап айтқанда, бұл кезеңде қазақ әдебиеті айрықша дамыды. Әйтсе де ХХ ғасырдың басында әдебиеттің айрықша дамуына әсер еткен бірнеше мәселе болды. Олар: осы кезеңдегі орыс патшалығындағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың күрделілігі, бірінші орыс төңкерісі (1905-1907) нәтижесінде пайда болған демократиялық жағдайлар, олардың орыс халқымен бірге бұратана елдердің де мәдени тұрғыдан алға озуына ықпал етті. Оқу-ағарту ісі дамыды. Кітап бастыру ісі де жақсы жорлға қойыла бастады. Баспасөз ісі де патшалық тарапынан қанша қысым көрсе де бұған дейін болмаған дәрежеде өсті. Осы жағдайлардың барлығы да ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің өсуіне елеулі әсер етті. Әсіресе, кітап бастыру мен баспасөз ісінің дамуы әдебиеттің дамуына мол ықпал еткені даусыз. Патшалық цензура тарапынан үздіксіз қысым, зорлықтың мол болуына байланысты жеке қайраткерлік тұлғалардың бастамасымен шығып отырған қазақ газеттері ұзақ өмір сүре алмай, жабылып қалып отырды.

6
Аталған кезеңде қиыншылықтарға қарамай, ұзақтау өмір сүрген және қазақ әдебиетінің дамуына өз басылымдары арқылы мол ықпал еткен екі-үш ғана басылым болды. Олар: ақын-жазушы М.Сералиннің бастамасымен, қайраткерлігімен 1911-1915 жылдар аралығында шығып тұрған Айқап журналы еді.

Айқап журналы

ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі мен әдебиетінің дамуында ерекше орны бар басылым - Айқап журналы. Журналдың басы қасында М.Сералинге қаламының қайратымен көп көмек көрсеткен А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Ғалымов, С.Торайғыров секілді қаламгерлер қызмет етті. Журнал бетінде сол кезеңдегі қазақ халқының түрлі проблемалық, ұлттық мәселелері тұрақты көтеріліп отырды. Бұл жағдай қазақ журналистикасының, көсемсөзінің жан-жақты өсуіне, толысуына зор әсер етті деп айта аламыз. Сол секілді журнал бетінде әдеби шығармалар да мол орын алып отырды. Журналда жарияланған көркем шығармалар жанрлық тұрғыдан алғанда сан-салалы болып келеді. Журнал бетінде поэзиялық, прозалық, драмалық шығармалармен қатар, аударма үлгілері де жарияланып отырды. Бұл жайт ХХ ғ.б. қазақ әдебиетінің дамуына қосылған мол үлес еді.
Ұзақ уақыт күш-жігер жұмсап, аянбай еңбектенуінің арқасында
М. Сералин 1910 жылдың аяғында журнал шығаруға рұқсат алды. Қостанай уезінің Шұбар болысы № 5 ауылының қазағы М. Сералинге, - делінген құжатта,- Троицк қаласында оның жауапкершілігімен мынадай бағдарлама бойынша: бас мақалалар, шетелдік хабарлар, мұсылмандар өмірінің мәселелері, хроника, фельетондар мен өлеңдер, библиография және ғылыми мақалалар, аралас дүниелер және редакцияға хаттар бағдарламасымен ай сайын "Эй-кафь" журналын шығаруға рұқсат берілді. Прогресшіл демократияшыл зиялылардың сан жылдар бойы аңсаған армандары орындалды:1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш "Айқап" ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты.
Айқап журналының 1911 жылғы 1саны
7
Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы М. Сералин (1872-1929) бұрын педагоктік және журналистік қызметпен айналысқан, сол кезге қарай белгілі ақын, әдебиетші, қоғам қайраткері болған. Кеңестік тарихнаманың дегені жүріп тұрған кезеңде көптеген зерттеушілер идеологияға жағынып, М. Сералинді XX ғасырдың басында Оңтүстік Оралдың революцияшыл социалдемократтардың шеңберіне кезігуге тырысты. Мұның бәрі Айқап журналын кеңес өкіметі контреволюциялық ұлтшыл деп айыптаған Қазақ газетіне қарсы қою мақсатымен жасалған еді. М. Сералиннің өз айтуына қарағанда, журнал еңбекші таптың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея - жанның мәңгілігі
XX-ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі ұлт зиялылары
Қазақ жастары мерзімді баспасөзінің тарихы (ХХ ғасырдың басы – 1940 жж.)
Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық - саяси қызметі
XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ МӘДЕНИ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ
«Серке» газеті – қазақ қоғамындағы алғаш демократия жаршысы
Қазақ баспасөзінің пайда болу тарихы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗІ
Қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы
Б.Қаратаевтың өмірбаянын толық қамтып баяндап, қайраткердің қоғамдық-саяси қызметін зерттеу
Пәндер