Студенттердің әлеуметтік құзыреттілігін кезеңдеп қалыптастыру мен жобалаудың педагогикалық негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Студенттердің әлеуметтік құзыреттілігін кезеңдеп қалыптастыру мен жобалаудың педагогикалық негіздері
Қазақстандағыф жоғарғы оқу орындарының барлығы кәсіби білім берудің әр түрлі мамандықтары бойынша көп деңгейлік білім беру бағдарламаларын өңдеп, оны жүзеге асыруда. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында оқушыларды әлеуметтік қорғау мен түлектердің мобильділігін жоғарылату контекстіндер республикамыздың білім беру жүйесіндегі стандарттау әдістері мен принциптерін сақтау қажет.
Қазіргі қоғамдықю өзгерістердің қарқындылығы жаңа сипатқа ие болды, яғни бұл өзгерістер жаңа сипаттағы мамандарды қажет етеді. Ал бұл мәселені шешу - жоғарғы оқу орындарындағы оқытушы-профессорлардың басты міндеті болып саналады. Қазіргі жағдайда қоғамның білім деңгейі мен интеллектуалдық әлеуеті ұлттық байлықты құрайтын маңызды сипатқа ие. Жоғарғы оқу орындарындағы. студенттердің білімділігі, кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы, әр түрлі жағдайдағы проблеманы анықтау, оның жауапты шешімін табу және қолайсыз жағдайларда әрекет ете білуі еліміздің дамуына, қоғамымыздың тұрақтылығына және оның қауіпсіздігіне негіз бола алады.
Студент - ьөз болашағын жасаушы, күнделікті дәріс және практикалық сабақтарда алған білімдерін, іскерлік пен дағдысын, ерік-жігері мен шығармашылық белсенділігін іс-әрекеттің белгілі бір түрін меңгеруге жұмылдырып, өмір ағысына икемделе білген, болашағына сеніммен қарайтын жеке тұлға. Оның алдында тұрған басты мақсат - әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу жөніндегі нақты қадамдарға өз үлесін қосу, қоғамымызда жаңадан қалыптасып келе жатқан жаңа сапалық қарым-қатынастарды бойына сіңіре отырып, нарықтық юқатынастар жүйесіне бейімделу. Сонымен қатар өзінің бойындағы дарын мен қабілетті қазіргі заман талабына сай қалыптастыру, оны жан-жақты дамыту, оқу барысында алған білімін, кәсіби шеберлігі мен біліктілігін үздіксіз көтеріп отыруға дағдылану қажет. Егеменді елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық қатынастар жағдайында жемісті қызмет ету үшін, мінез-құлық мәдениеті мен адамгершілік қадір-қасиеттері бар, өмірге деген жеке дүниетанымдық көзқарасы бар, рухани дүниесі бай, жалпы білімі мен кәсіби біліктілігі жоғары, әрі жан-жақты жетілген, кәсіби жағынан білімдар және құзіретті мамандарды даярлау - жоғарғы оқу орындарының басты міндеттерінің бірі.
Жоғарыдағы міндетті шешу мақсатындаб Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында көрсеткен жаңа кезеңнің негізгі міндеттерін атап көрсеткен болатын: Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту.
Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз. Бізге халықаралық стандарттар деңгейінде тіркеу мен аттестациялаудың пәрменді жүйесін жасау керек. Жоғары білім беру саласында дәл және инженерлік ғылымдарды басымдықпен дамыту - бұл дамуымыздың жаңа кезеңінің міндетті шарты. Біз жоғары технологияларды енгізу мен инновацияларды қолдауға бағытталған бірыңғай мемлекеттік стратегия жүргізетін боламыз. Әлемдік шаруашылық байланыстарына белсене кіріккен барлық осы заманғы байқуатты мемлекеттер парасатты экономикаға сүйенген болатын. Ал ондай экономика жасақтау үшін, ең алдымен, өз қарауымыздағы адами капиталымызды дамытқан жөн.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңінде болып жатқан экономикалық, әлеуметтік, саяси және жаңа технологиялық өзгерістерге байланысты жас ұрпақты тәрбиелеуде білім мен тәрбие беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру мәселесі туындап отыр. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылдарға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалпы орта білім беруді 12 жылдық білім беру жүйесіне, ал жоғарғы оқу орындарына кредиттік оқыту жүйесіне көшу енгізілді. Бұл жүйелердің жүзеге асырылуын жоспарлауда білім беру жүйелерінде құзіреттілік тұрғыда білім беруді ұйымдастыру мәселесі қарастырылады және ол жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда.
Осыған байланысты жас ұрпаққа жоғары деңгейде сапалы білім беру, жаңа технологиялармен, инновациялармен таныстыру, сонымен бірге тәрбиенің озық-өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, ал солардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, оның шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін дамытуға барлық жағдайлар жасалуда. Себебі, егеменді еліміздің болашағы, оның материалдық және рухани дамуы, экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан өркендеп өсуі жас ұрпақтың қолында, сонымен қатар олардың оқу орындарында алған білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты.
Нарықтық қатынастар жағдайында білім беру мен кәсіптік даярлау бағытындағы еліміздің жетекші жоғарғы оқу орындарының басты міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, сонымен бірге түлектердің алған дипломдары барлық әлемге танылуы тиіс. Бұл міндеттерді шешу үшін болашақ мамандарды даярлауда қазіргі қоғам үрдісіне сай инновациялық технологияларды қолдана отырып, білім беру қажеттігі туындайды. Республикамызда бәсекеге қабілетті, өз ісін жетік меңгерген, сауатты, білімдар, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жан-жақты дамыған құзіретті мамандарға сұраныстар көбеюде.
Осы тұрғыда құзіретті маман ұғымының мәнін ашып қарастырған жөн, ал бұл ұғымның мәнін ашу үшін құзірет (компетенция), құзіреттілік (компетентность) түсініктерін анықтау керек. Басқаша айтқанда, бәсекеге қабілетті және құзіретті мамандарды даярлауды жүзеге асырудағы басты мәселе - жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары әлемдік жетік технологиямен қаруланған, жоғары дәрежелі деңгейдегі мамандар туралы сөз болып отыр.
Жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің құзіреттілігін әлемдік деңгейге сәйкес қалыптастыру күрделі мәселелердің бірі болып саналады. Бұл ұғым философияда, педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесінде, еңбек психологиясында және т.б. гуманитарлық пәндерде әр қырынан қарастырылуда. Алайда, осы аталған ғылымдарда құзіреттілік ұғымының кешенді түрде зерттелуі оның маңызын, мәнін ашуға, мазмұны мен құрылымын, қалыптасуы мен дамуын, педагогикалық және психологиялық тұрғыдан тұтас сипатын ашуға мүмкіндіктер береді. Сонымен бірге, әр сала бойынша зерттелуіне байланысты оның нәтижелерін пайдалануға болады.
Б.Т. Кенжебеков әдебиеттерді теориялық тұрғыдан талдау барысында құзіреттілік ұғымының мәніне әр түрлі анықтама беріліп, әр қилы көрініс тапқандығын анықтады. Бірақ соған қарамастан, бұл терминнің антикалық заманда туғанын көруге болады. Мысалы, Платонның оқытудың жоғары деңгейін анықтауы, Аристотельдің жалпы кең білім беру мен кәсіп үйретуді байланыстыру негізінде жоғары білімнің реалистік принципін дамытуы, ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда зиялы кәсіби мектептерді жоғары оқу орындары етіп қайта құруы, қазіргі көпсатылы жоғары білім берудің қалыптасуы - осы аталған ғылыми ілгерілемелі өзгерістер жоғары оқу орындарының кәсіби құзіретті, бәсекеге қабілетті маман даярлау жолындағы ізденістердің дәлелі екендігін көрсетті.
Сонымен, қазіргі уақытта құзірет, құзіреттілік қалай түсіндіріледі және оның сипаты қандай?
Құзірет түсінігін кейбіреулер адамның білуі тиіс немесе сол жұмыс бойынша практикалық тәжірибиесі бар болатын белгілі бір білім, іскерлік пен білік жиынтығы десе; ал басқа ғалымдардың айтуынша, ол оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс.
Құзіреттілік - сәйкес құзіретке ие болуда және белгілі бір аумақта табысты әрекетке жету негізінде іс-әрекетті жүзеге асыру қабілетінде байқалатын, жеке тұлғаны сипаттайтын тұлғалық қасиеттер жиынтығы (басқаша айтқанда, тұлғаның өзара байланысқан қасиеттер жиынтығы). Құзіреттілік - кәсіби қызметі үшін, өзінің адамдық әлеуетін жүзеге асыратын адамның (немесе маманның) қабілеттерін сипаттайды.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ш.Т. Таубаеваның пайымдауынша, құзіреттілік - бұл:
өзінің әлеуетін жүзеге асыру қабілеті мен оған талпынысы;
табысты шығармашылық әрекет үшін өзінің білімін, іскерлігін, біліктілігі мен тәжірибиесін іс жүзінде көрсете білу қабілеті;
өз әрекетінің нәтижелеріне жеке жауапкершілікпен қарау және оның әлеуметтік мәнін түсіну, оны әр уақытта жетілдіру қажеттілігі.
Сонымен, жоғарыда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру
Жобалау технологиясы оқыту ерекшеліктері
Болашақ кәсіби оқыту баклаврын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
Құзыреттілік – білім мен мүмкіндіктің бірігуі
Математика курсын кәсіптік - бағдарлы оқыту мәселелері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
Көптілділік -- қазіргі заман талабы
Педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы
Пәндер