Интернет желісі және IP хаттамасы


Маралбекұлы Дарын
Гр: АУК-20-4
Интернет желісі және IP хаттамасы
Хаттама- компьютерлік желілер арасында ақпарат тасымалдауды анықтайтын келісімдер мен ережелер жиынтығы.
TCP/IP - Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.
IP (Internet Protocol) - мәліметтерді бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама.
TCP (Transmission Control Protocol) - мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама.
IP (Internet Protocol) дегеніміз не?
Интернет желісінің хаттамасы (IP) - желінің бір жұмыс станциясынан калесісіне хабарлар дестесін жеткізуді қамтамасыз ететін негізгі хаттама. Желідегі мәліметтерді дер кезінде тиімді маршрут таңдап, дұрыс жеткізу мақсатында АҚШ Қорғаныс министрлігі жасап шығарған. Ол жергілікті желілер мен хосткомпьютерлерді жалғастырып, Internet желісінде, UNIX ортасында кең қолданылатын TCP/IP хаттамалар тобина кіреді.
Интернет технологиясын жасаушылар мынадай екі түсінікті негізге алды: барлық пайдаланушылардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ететін бірыңғай желі құру мүмкін емес; пайдаланушыларға бір-бірімен байланысу үшін әмбебап әдіс керек.
Белгілі бір физикалық желі шеңберінде қосылған компьютерлер дискреттеу немесе басқа технологияны пайдалану керек (Ethernet, Token Ring, FDDI, ISDN, нүкте-нүкте қосылу типі, соңғы кездері бұл тізімге АТМ желісі, тіпті сымсыз технологиялар да қосылды) .
Физикалық желілердің мәліметтеріне тәуелді коммуникация механизмдері мен қолданбалы жүйелер арасына әртүрлі физикалық желілердің бір-бірімен байланысын қамтамасыз ететін бағдарламалық қамсыздандыру орнатылады және мұндай жағдайда бұл қосылыстың деталдары пайдалану-шылардан жасырын болады және оларға бір үлкен желіде жұмыс жасау мүмкіндігі беріледі. Физикалық желілердің жиынын бұлай қосу әдісі интернет технологиясы деген атауға ие болды. Осының негізінде интернет желісі пайда болды. Интернет желісін құрайтын негізгі хаттама интернет хаттамасы немесе ІР хаттама деп аталады. Екі немесе одан да көп желілерді интернет желісінде қосу үшін маршрутизаторлар қолданылады. Маршрутизатор - желілерді бір-бірімен физикалық түрде жалғайтын және арнайы бағдарламалық қамсыздандырудың көмегімен дестелерді бір желіден бір желіге беретін құрылғы.
Интернет технологиясы желіаралық қосылыстарды белгілі бір топологиямен ғана байланыстырмайды.
Интернет желісіне жаңа желінің қосылуы қандай да бір орталық коммутация нүктесіне оның жалғануын немесе интернет желісіне кіруші барлық желілермен тікелей физикалық байланыс орнатуды тудырмайды.
Маршрутизатор өзі байланыстыратын желілер аумағында интернет желісінің топологиясын біледі, осылайша, дестені сол немесе басқа маршрутпен жібереді. Интернет желісінде желіге қосылған компьютерлердің (адрестер) әмбебап идентификаторлары қолданылады, сондықтан кез келген екі машина өзара жұмыс жасай алады. Интернет желісінде сондай-ақ пайдаланушы интерфейсінің желіден тәуелсіз болу принципі жасалуы керек, яғни байланыс орнатудың және деректерді берудің барлық желілік технологиялар үшін бірдей көптеген тәсілдері болуы керек (1-сурет) .
1 Сурет - Интернет желісінің ішкі құрылысы
Қосылған барлық физикалық желілердің тең дәрежелілігі интернет желісінің негізгі принципі болып табылады. Кез келген коммуникация жүйесі параметрлеріне берілетін дестелердің өлшеміне және географиялық масштабына қарамастан интернеттің компоненті ретінде қарастырылады. 1-суретте кез келген физикалық желілер үшін бірдей белгілеулер қолданылды.
Әмбебап интернет желісі TCP/IP хаттамаларының негізінде құрылады және төрт коммуникация деңгейі хаттамаларынан тұрады (2-сурет) .
2 Сурет - TCP/IP хаттамасы сиегінің төрт деңгейі
Желілік интерфейс деңгейі интернет желісі нақты бір физикалық желінің компонентінде байланыс орнату қызметін атқарады. Бұл деңгейде операциялық жүйедегі құрылғы драйвері және осыған сәйкес компьютердің желілік платасы жұмыс істейді.
Желілік деңгей TCP/IP хаттамаларының негізі болып табылады. Бұл деңгейде желі аралық байланыс принципі жасалады, сонымен қатар интернет желісі бойынша дестелерді маршрутизациялау да осы деңгейде жүзеге асады. IP хаттамасы - осы деңгейдің желі аралық байланыс орнататын негізгі хаттамасы болып табылады. Транспорттық деңгейдің TCP және UDP хаттамалары да ІР хаттамасын пайдаланады. IP хаттамасы TCP/IP желісімен өтіп жатқан барлық ақпараттардың форматын көрсете отырып, интернет желісінде мәліметтер берудің базалық өлшемі ІР дейтограмманы анықтайды. IP желісінің бағдарламалық қамсыздандыруы физикалық желілердің қосылыстары бойынша мәліметтердің жолын таңдай отырып, маршрутизациялау қызметін атқарады. Маршрутты анықтау үшін арнайы кесте болады, таңдау компьютер-адресат қосылған желі адресі негізінде жасалады. IP хаттамасы деректердің әр дестесі үшін бөлек маршрут тағайындайды, бірақ қажетті ретпен сенімді түрде жеткізілуіне кепіл болмайды. Деректерді төменгі орналасқан физикалық деңгейге береді, осылайша дестелерді жеткізудің жоғары эффективті деңгейін жүзеге асырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz