: Саяси басшы топ саяси элита


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Мухамбеталиева Анар Д-21

Тәжірибелік сабақ №5

Тақырыбы: Саяси басшы топ /саяси элита/

Мақсаты: Саяси басшы топ түсінігінің анықтамасы, тұжырымдамалары. Саяси басшы топтардың атқаратын қызметтерін қарастыру.

Сұрақтар:

1. Саяси басшы топ түсінігінің анықтамасы, тұжырымдамалары.

2. Саяси басшы топтардың атқаратын қызметтері. Қоғамдағы саяси басшы топтардың әртүрлілігі. Саяси элитаны таңдаудың әр түрлі жүйелері /"гильдий", "антрепренерлік"/.

3. Саяси элитаның қоғамдағы орын алмасу механизмі.

4. КО кезіндегі саяси элита.

1. Саяси элита - қоғамның ішіндегі аз топ, іштей жіктелген, біртекті емес, бірақ салыстырмалы интеграцияланған қоғамдық институттарда басшылық позицияларға ие және тікелей қоғамдағы билік шешімдеріне ықпал ететін тұлғалар тобы. Саяси биіліктің көп қырлы, құпиясы мол, сынаптай сырғыған күрделі құбылыс екенін белгілі. Оның ішкі қатпарларына үңіле түсуде саяси элита мен саяси көшбасшылық ұғымдарының маңызы зор. «Элита» деген сөз француз тілінен аударғанда «таңдаулы», «тәуір», «қаймақ» деген ұғымды білдіреді. Кез келген қоғамда билік тұтқасын уысында ұстап, сан-салалы маңызды мәселелерді шешуде ықпалы мол, айтқаны өтімді адамдар тобы болады. Ол «элита» деп аталады. Саясаттың субъектілерінің мүмкіндігі, шама-шарқы әр басқа екені белгілі. Жекелеген адамдар мен түрлі әлеуметтік топтардың барлығы бірдей ұдайы саяси іс-әрекеттерге тікелей қатыса бермейді. Ондай іспен адамдардың саяси элита деп аталатын арнаулы тобы шұғылданады. Саяси шешімдерді қабылдауға тікелей әсер жасайтын, саяси билік жүргізуге қатысатын немесе оған ықпалы бар айрықша топ - саяси элита. Саяси элитанының өмір сүруі мына факторларға байланысты: 1) адамдардың психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан әртүрлілігі, олардың саяси процесс қатысулары қабілеттерінің, мүмкіндіктерінің және ұмтылыстарының тең еместігі; 2) еңбек бөлу заңы - басқару ісіне арнайы кәсіби дайындық. Саясаттың сан алуан субъектілерінің оған ықпалы әр түрлі болып келеді. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады, оларды ерекше басшы топ деп атайды. 20ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді . Бұл аталымның этимологиялық маңызының екі аспектісі бар. Оның біріншісі элита өзіне белгілі бір сапалық қасиеттерді, айқын белгіленген интенсивті белгілерді жинақтайды. Екінші аспектісі, осы белгілерді ең жоғарғы өлшеммен бағалайды . Өзінің алғашқы этимологиялық маңызы бойынша элита түсінігінде ешқандай ізгіліктілікке, демократиялыққа қарсылық жоқ. Әдетте, жоғары сапалы жылқы тұқымы, дәннің тұқымы, спорт саласындағы элита т. б түсініктер пайдаланылады. Демек, адамзат қоғамында да адамдар арасында табиғи және әлеуметтік айырмашылықтар орын алып, бұл жағдайлар олардың басқару саласындағы мүмкіндіктерінің әр түрлілігінен, саяси және қоғамдық процестерге әр түрлі ықпалынан көрінеді. Осының өзі саяси элитаны айқын бейнелеген саяси- басқарушылық сапаны иеленуші ретінде сипаттауға негіз болады. Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен бағынушыларға бөлінеді деді. Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызады. . Осы үш қасиет адамға басқарушылар қатарына енуге жол ашады.

2. Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан: Гильдия және антрепренерлік.

Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына. Кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды. Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т. с. с. жатуы мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол кандидаттың элитаға өтпей қалуы мүмкін. Антрепренерлік жүйе көбіне демократиялық қоғамда қалыптасса, гильдия жүйесі авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарды кең таралған. Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар койылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т. с. с. жатуы мүмкін. Талапкерлер белгілі бір таптың, топтың, тектің, партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек. Сондықтан билік басына тандаудың бұл түрі жабық болып саналады. Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді, билеушіні тұйық қоғамдық топтан іріктеп алатын, кертартпа түр. Оның ар- тықшылығы - саясаткердің болашақ іс-әрекетін алдын ала болжауға, соған орай шара қолдануға болады. Билеуші элитаның арасында дау-жанжалдың мүмкіндігін кемітеді. Осындай жүйенің бір түріне бұрынғы социалистік елдерде кең тараған номенклатуралық элита жатады. Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз, кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды. Орыс философы Н. А. Бердяев қоғамның даму деңгейі мен саяси элита санының арасында өзара байланыс барлығын ашып, “элита коэффициентін” шығарды. Ол жоғары зерделі, зияткерлік бөлігінің халықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бір пайызын құраса, ол қоғам өмірін тоқырауға әкеледі. Ал элитаның коэффициенті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғалым. Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі, топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөледі. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие, маңызды саяси шешімдерді кабылдаушыларды айтады. Олардың катарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізетіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап, ол қылықтарын тауып, қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялык немесе контрэлита деп атайды. Саяси элитаның жаңару, қайта жасақталу тәсіліне сай ашык және жабық элита деп бөледі. Ашық элитада барлық әлеуметтік топ өкілдеріне есік ашық. Жабық элитада ол белгілі бір таптан, тектен шыққандармен ғана толықтырылады. Мысалы, гильдия жүйесі. Индия саясаттанушысы П. Шаран билік ету қорына байланысты элитаны дәстүрлі және қазіргі деп бөледі. Дәстүрлі элитаға дін, салт, жол-жораға байланысты бөлінуді кіргізеді. Оған жоғары дін басыларын, ақсүйектерді, дамып келе жатқан елдердегі әскери басшыларды жатқызады. Қазіргі элитаға заңға, формалды ережелерге сүйенушілерді жатқызып, оларды өз кезегінде 4 топқа бөледі: 1) билік құрылымдарын басқаратын, маңызды шешімдер қабылдайтын жоғарғы элита; 2) мемлекет қызметкерлерінің жоғары жігін (министрліктер, ведомстволар, комитеттер басшылары) құрайтын әкімшілік элита; 3) белгілі бір табысы, кәсіби мәртебесі және білімі бар адамдар (жоғары кызметкерлер, менеджерлер, ғалымдар, зияткерлер) ; 4) жоғарыда көрсетілген үш көрсеткіштің (табысы, кәсіби мәртебесі, білімі) біреуі немесе екеуі жетіспейтін аралық (маргиналдық) жағдайдағы адамдар. Қоғамның толыққанды өркендеп, қарқынды дамуы үшін элитамен кереғарлыққа келіп, күреспей, қудаламай, шектеулер қойып, шеңберін тарылтпай, зиялы зерделі қауымның, дарынды тұлғалардың өзін-өзі көрсетіп, халыққа, еліне қызмет етуіне жағдай жасап, сапасын арттыра түскен абзал.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси элита туралы
Саяси элита
Саяси элита және саяси көшбасшылық
Саяси элита түсінігі мен негізгі қызметі
Саяси элитаның түсінігі мен қызметі
САЯСИ ЭЛИТА ЖӘНЕ САЯСИ КӨШБАСЫЛЫҚ ТУРАЛЫ
Түркістан ұлттық элитасының қалыптасуы мен қызметінің тарихы (1900-1924 жж.)
Саяси элита және саяси көшбасылық
Саяси элиталар мен саяси көшбасшылар
Саяси элита және саяси көшбасшылық жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz