Сақ, массагет, сарматтардың көне қалалары


Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
Ғұмарбек Дауккеев атындағы
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№1 СЕМЕСТІРЛІК ЖҰМЫС
Мәдениеттану пәні
Тақырып: Сақ, массагет, сарматтардың көне қалалары.
Мамандығы:6В11202 -Инженерлік экология және энергетика қауіпсіздігі
Орындаған: Толегенова Меруерт Тобы:ИЭБЭк 19-1
Қабылдаған: ст. преп. Танирбергенова Р. К.
«» 2019 ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2020
Мазмұны:
Мазмұны . . . 2
Кіріспе . . . 3
Атауы . . . 4
Қоныстанған жерлері . . . 4
Тарихы . . . 5
Сыр бойындағы көне қалалар . . . 8 Сақтардың қалалары мен ескерткіштері . . . 10 Сақ мәдениеті . . . 11Қорытынды . . . 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 14
Кіріспе
Тарих өткенді дұрыс бағалай отырып, өткеннен сабақ алу болса, сол өткен тарихи оқиғалардың маңыздыларының бірі Сақтардың көне ескерткіштері болып табылады . Жұмыстың мақсаты- сақ, массагет, сарматтардың көне қалалары туралы тақырыпты тереңірек ашу. Жұмыстың маңыздылығы ғасырлар бойы сақталып келген көне мәдени мұраларды дәріптеу болып табылады. Сақтардың көне ескерткіштерін нақты анықтау үшін ең алдымен сол кезеңге сәйкес келетінжазбаша материалдар мен кейіннен жүргізілген тарихи - археологиялық қазба жұмыстарынан көруге болады . Сақтардың көне ескерткіштері әлемдік тарихи аренада белгілі орын алады, соның ішінде Қазақстан территориясында табылған археологиялық ескерткіштердің алар орны ерекше маңызға ие . Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырган археологиялық ескерткіштер жиынтығы . Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен . Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде ( б. з. б. 7-3 ғ - лар ) неғұрлым толығырақ деректер береді . 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кен ғана кеңінен өрістеді . Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т. б. жәдігерлер қазылып, зерттелді . Жетісудағы Есік ( Алтын адам ) Бесшатыр мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т. б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан Осы жұмыстың маңыздылығы Бесшатыр, Есік, Тасмола ескерткіштерін салыстыра талдау жасау.
Атауы
Бұл халық өзін өзі сақа , сақ деп атаған, (аккад. ashkuza ; қыт. 塞 - Sai , көне қытайша: *sək ) .
Оларды көне гректер скифтер (гр. skythai ) деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, жағырапияшы Страбон «Жағырапиясында» жазып қалдырған.
Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді. [2]
Қоныстанған жерлері
Б. з. б. I-мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ. ) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.
Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтайда мекеденген. Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер) ; тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер) ; парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар) . Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яқсарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ (Қапқаз) тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яқсарт (Сырдария), Оқсус (Өкіссу - Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бақтрлар) Яқсарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызcтан, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға (гр. Persepolis ) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақтарды үш топқа бөліп көрсеткен:
- парадарая (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) - еуропалық сақтар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;
- хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар) - Ферғана алқабын мекендеушілер;
- тиграхауда (шошақ бөрікті сақтар) - Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.
Тарихы
Парсылардың патшасы Құрыш II, Лүдия патшасы Кройсоспен б. з. б. 558-529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Құрыш сақтарды, соның ішіндегі массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Құрыш сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Құрыш та, әскерлері де өлтіріледі. Тұмар туралы аңыз осы кезде шықты. Бұл аңыз расқа тән - Құрыш ұлы Қамбуджия - массагеттерге өкілдерін жіберіп әкесі мәйітін кері алған.
Сына жазуы мәтіндерінің кейбір этнонимдері грек деректемелеріндегі тайпалар аттарымен иланымды ұқсастырылады. Мәселен, Геродоттың өз айтуы бойынша Ахаменид державасының оныншы әкімшілік округіне кірген (Геродот, Ш, 92) ортокқарибантийлері тиграхауда-сакқтарға, амюргийлік сақтар - хаумаварга-сақтарға (Геродот, VIII, 64), ал дайлар - Авестаның және Ксеркс жазбасына сәйкес келеді.
Басқа да грек авторларының көпшілігі сияқты, Геродот та кейде «азиялық скифтер» деген терминді қоса отырып, сақтарды скифтер деп атайды. Бұл атау грек тарихшыларына жақсы таныс Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі скиф тайпаларына қарап айтылды. Бірақ грек деректемелерінде ахаменидтік сына жазуларында кездеспейтін басқа атаулар да бар, олар: массагеттер, савроматтар (кейінгі кезде сарматтар), аргиппейлер, аримаспылар, ассилер, пасиандар, сақарауылдар (сақарауықтар) және басқалары. [3]
Парсы және антик деректемелеріндегі тайпаларды Қазақстан мен Орта Азияның осы заманғы қартасына орналастыру туралы мәселе әлі түпкілікті шешілген жоқ. Теңіздің арғы жағындағы сақтарды оқшаулап бөлуде таяу уақытқа дейін екі көзқарас болып келді. Бірінші көзқарас (В. В. Струве) тұрғысынан, парадрайа сақтарды Арал теңізінен шығысқа таман және Әмудария мен Сырдария өзендерінің төменгі бойларына орналастыру керек еді. Мәселені бұлайша қоюға I-Дарийдің сақтарға қарсы жорығының жүрген жолы туралы әңгімелейтін Бехистун жазбасының бесінші бағанының екінші жартысын қайта құруды ұсыну негіз болды. Бехистуннан алынған мәтінінін қалпына келтірілген бөлігін, ал одан кейін Нақши-Рүстем және Персепол жазуларын антик деректемелерінің мәліметтерімен салыстыру негізінде - парадрайа сактардың және «Соғдының ар жағындағы» сақтардың массагетгерге, дайларға, каспилерге сәйкестігі туралы болжам жасалды.
В. В. Григорьев басқаша көзқарасын айтады, оған карағанда парадрайа сақтар деп Оңтүстік Ресей және онымен шектес аймақтар аумағын мекендеген еуропалық скифтерді түсіну кажет болады. Бехистун жазбасын жаңадан зерттеу және аудару Бехистун жазбасының V бағанасын баскаша карап, басқаша түсіндіруге әкеп соқты. Қазіргі уақытта парадрайа сақтарды Қара теңіздің солтүстік төңірегіне орналасты деу дұрысырақ деп саналады. Орта Азия мен Қазақстан сақтарының басқа екі тобы (хаумаварға мен тиграхауда) Таяу Шығыстың қалықтарына көбірек мәлім болған. Кир мен Дарий жорықтар жасаған тиграхауда сақтар Ахаменид бедерлері мен мөрлерінде бірнеше рет бейнеленген. Олардың Скунха деп аталатын көсемінің тұлғасы баска да бағындырылған халықтардың патшаларымен бірге Дарийдің бұйрығы бойынша Ирандағы Бехистун деген жердегі жартасқа қашап салынған. Ежелгі Шығыстың ең көне және аса маңызды саяси кұжаттарының бірі деп әбден орынды саналатын Бехистун жазбасының сақ көсемін тұтқынға алумен байланысты оқиғаларға арналған V бағанасының 20-30-жолында былай делінген:
«Дарий патша былай дейді: содан кейін мен әскеріммен Сақтарға аттандым. Шошақ бөрік киетін сақтар шайқасқа шықты. Мен теңізге жеттім де, бүкіл әскеріммен арғы бетке өттім. Сөйтіп мен сақтардың бір бөлігін ойсырата талқандадым да, екінші бөлігін тұтқынға алдым . . . Скунха деген көсемін қолға түсіріп, маған әкелді. Сол жерде мен өз дегеніммен екінші біреуін (олардың) көсемі қылып тағайындадым. Бұдан кейін ел маған қарады».
Бұл мәтін шошақ бөрік киетін тиграхауда сақтар туралы ақпарат беретін, сақталып қалған бірден-бір жазбаша құжат болып табылады. Онда тиграхауда сақтар жері басталатын бір судың бар екендігі де айтылады.
Сақтар мен массагеттер еліне Ахаменид патшалары Дарий мен одан бұрынғы II Кирдің жорықтары тарихи анықталған фактілер қатарына жатады. Осы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі әңгімелейтін Геродот массагеттер жерін Каспий теңізінен шығысқа таман, «Арақыс озенінң арғы жағындағы күннің шығу бағыты бойынша орналастырады (Геродот, I, 201, 204) . II-Кир мен Дарий жорықтарының жолдары талас туғызады. Біреулер Дарий өзінің ізашарының жүрген жолын кайталай отырып, сақтармен Әмударияның арғы жағында Арал теңізі маңында кездесті деп санайды, екінші біреулер II-Кир массагеттермен Үзбой өзені арғы жағында (Әмударияның бүгінде тартылып қалған батыс саласы) шайқасты, ал Дарий сақтар жеріне Әмударияның орта тұсынан өтті деп санайды. Бір нәрсе айқын: пікірлердің қайшылықтарына қарамастан, екі жорықта массагет сақтар тайпаларына қарсы бағытталған; бұлардың жері Геродоттың ортоқарибантийлерінің немесе Бехистун жазбасындағы тиграхауда сақтардың жерімен толық немесе ішінара сәйкес келеді деп топшылау керек. Жағырапиялық жағынан алғанда, бұл - Каспийдің шығыс төңірегі мен Үзбойдан Сырдария өзеніне дейін қоса алғандағы Арал өңірінің аймағы. Массагет одағы, сірә, дербиктер, әбийлер, апасиақтар сияқты тайпаларды да біріктірсе керек.
Сондай-ақ тиграхауда сақтар Шашты, Таң-Шаңды және Жетісуды мекендеген деген пікір де бар. Страбонның айтуы бойынша, массагеттерден солтүстікке таман, «Меотидадан жоғары» (Страбон, XI, 9, 2) жерлерде дай тайпалары қоныстанған. Сырдарияның арғы жағындағы олар Ескендір Зұлқарнайын замандастарына да мәлім болды. Антик авторлар оларды, бұрынырақта Геродоттың жазғанындай, массагеттердің иелігіндегі жерлерде орналастырады. «Дақ» атауы неғұрлым ертеректегі деректемелер- «Авеста» мен Ксеркстің «дэвтер» туралы жазбасында да мәлім. Мұның бәрі дақтардың (дайлардың) әуелде массагеттердің солтүстігіне таман аймақты мекендегенін, не массагеттердің бірлестігіне кіргенін көрсетеді. Б. з. б. III-ғасырдың орта шенінде дайлар тарих ересінде массагеттердің орнын алып, Каспий маңының оңтүстік-шығысынан, Парфия шекарасынан келіп шығады. Осы уақыттан бері «көптеген скифтер, Каспий теңізінен бастап, дайлар деп аталады» (Страбон, XI, 8, 2) .
Парсы сына жазуларының хаумаварға сақтар ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы болып, грек деректемелерінде амюргий сақтар деп аталады. Көптеген зерттеушілер амюргий сактарды ежелгі Бақтрия және Маргиана аймақтарына (Әмудария мен Мұрғаб өзендерінің жағалауы) орналастырады. Бұлар ертедегі парсылар танысқан алғашқы сақ тайпалары еді. Геродот былай деп жазады: «Бұл - амюргий сақтар деп аталған тайпа (ол шын мәнінде, скифтік тайпа) . Өйткені парсылар скифтердің бәрін сақтар деп атайды.
Сыр бойындағы көне қалаларСыр өңірі ертеден жерөңдеушілер мәдениеті тұрғысынан дамыған өлке. Бұл жерде көне дәуірден қалыптасқан ескі қала орындары мен жерөңдеушілік орталықтарын көруге болады. Солардың бірі «Шірік-рабат» мәдениетіне жататын қалашықтар. Ерте кезден бабаларымыз үшін ауылшаруашылық кәсібін түлеткен қалашықтарға Бәбіш-Молла, Баланды, Шірік-рабат жатады. Шірік-рабат мәдениетінің ескерткіштері қатарына Бәбіш-мола, Баланды ескерткіштер кешені, Шірік-рабат қала қорымы, Іңкәрқала, Сеңгірқала ескерткіштері жатады. Шірік-рабат мәдениетінің ескерткіштері 1946, 1848, 1851, 1957, 1958, 1960 жылдары ХАЭЭ тарапынан зерттелген. 2004 жылдан бастап Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ мамандарынан жасақталған Шірік-рабат археологиялық экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Сырдың бойы ертеден сулы да нулы жер болды. Олай дейтініміз Арал көлі және оған құятын қос өзен Әмудария мен Сырдария бойы суармалы егіншіліктің, ауылшаруашылық кәсібінің ордасы. Бұл жерді ертеден мекен еткен бабаларымыз отырықшылық мәдениетке байланысты өздерінің ғұрыптық салттарын, қала орталықтарын сыр өлкесінде салып, өзіндік өркениет тоғысымен дамып отырды. Мәселен Арал маңындағы Сырдарияның орта ағысындағы аңғардан табылған сақ ескерткіштерін зерттеу нәтижелері, олардың б. з. б. Ү ғасыр соңы мен б. з. б. V-ІV ғасырлар шебінен б. з. б. ІІ ғасырға дейінгі уақытты қамтитындығын дәлелдеп отыр. Олардың барлығы көне Шірік-Рабат қаласының орнынан табылды. Соған байланысты Шірік-Рабат қаласының атауынан келіп шыққан шірік-рабат мәдениетінің ғылымда пайда болуына мүмкіндік берді. Шірік-рабат мәдениеті ескерткіштерінің топографиясы тайпалардың ирригациялық жүйелер аймағындағы жазираларды қоныстанғандығын байқатады. Ол дегеніміз суармалы егіншілікпен айналысқан бабаларымыз канал арқылы ірі суландыру жүйелерін қолға алған. Сол су каналдарының ірі орталықтарына қалашықтар салған. Мәселен, ең үлкені - Бәбіш-Молда 10 мың гектар, ал Баланды 150-200 гектар шамасында. Шірік-рабат мәдениетіне жататын көне қалаларда топырақтан тұрғызылған обалар, бекіністер, қалашық орындары салынған. Олардың барлығы археологиялық қазба жұмыстары кезінде дәлелденген. Алғашқыда Шірік-Рабат бекіністі қала-қамал болған сияқты, оның аумағына бастапқыда обаға, кейіннен кесенелерге тайпа көсемдері жерленді.
Шірік-Рабат қаласы мен оның төңірегіндегі ескерткіштерді Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ж. Құрманқұлов) зерттеу жүргізді. Мұнда бірнеше ескерткіштер аршылып, тұрмыстық-шаруашылық заттар, қару-жарақтар, қыш ыдыстар алынған. Енді сыр бойындағы көне қалалардың біразына тоқталып өтсек: Шірік-Рабат қаласы - Сырдарияның ескі арналарының бірі Жаңадарияның бойында, Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде Қармақшы ауданы территориясында орналасқан. Ежелгі Шірік-рабат қалашығының жоспары сопақша келген, ол бүкіл төбешіктің үстін қамтиды (850х600 м) . Ежелгі қамал (б. з. б. ІҮ-ІІ ғасырлар) ауданы 4 га-дан астам, ол екі қабатты дуалмен қоршалған. Осы уақытқа орталық бөліктегі тікбұрышты бекініс те жатады. Ескерткіштің оңтүстік жағын ортағасырлық кезеңдегі қоршау қиып өтеді. Оған ежелгі дөңгелек кесене қосылған. Сол кездері кейінгі уақытқа жататын тікбұрышты цитадель де салынған. Қала ормен қоршалған (ені 40 м шамасында, дуал түбінен есептегендегі тереңдігі 4 м) . Ежелгі қамал қабырғасында (қалыңдығы 4, 5 м) оқ ататын галерея (ені 1, 8 м) орналасқан. Қабырға тікбұрышты кейіптегі одан 6 м шығып тұратын мұнаралармен күшейтілген. Мұнарада да, қабырға сияқты кірер-шығар жерінде бір биіктікте оқ атуға арналған орын болды. Қаладағы тұрғын жайлар ескерткіштің оңтүстік бөлігіндегі, ішкі қорғаныс қабырғасының жанынан түсірілген шағын қазбадан анықталған. Мәдени қабаттың жалпы қалыңдығы 2 м-ден асады, жоғарғы қабаты ХІІ-ХІІІ ғасырларға, төменгі қабаты б. з. б. VІ-ІІ ғасырларға жатады. Баланды қалашығы - үш ескерткіштен тұратын бекініс. Баланды-1 шағын қамалы, оған жалғасып жатқан қоныс пен Баланды-2-3 атты екі қабір құрылыстары. Баланды-1 бекінісі Сырдариядан тартылған канал бойында орналасқан. Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша ол егін шаруашылығымен айналысқан елдің орталығы болған. Ескерткіштің көлемі 80х130 м, төртбұрышты, бұрыштары төрт тарапқа бағытталған биік қорғанмен қоршалған. Ескерткішті 1959 жылы Хорезм археологиялық-этногарфиялық экспедициясы ашып, 1960-1961 жж. барлау қазбаларын жүргізді. Қазба жұмысының нәтижесінде ескерткіштің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан бірнеше бөлмелер ашылып, біршама бағалы заттар табылды. Олардың арасынан ою-өрнегі бар сүйек пластиналарды, антикалық үлгіде жасалған жапырақ тәріздес әсем қола бұйымдарды, Сирияда жасалған өрнекті шыны ыдыстарды, түйенің тас мүсінін атап өткен жөн. Бөлме қабырғаларындағы сылақта полихромдық оюлар ізі сақталған.
Бұл аймақ қайтадан 2006 ж. Шірік-Рабат археологиялық экспедициясының барлау тобымен зерттелді. 40 жылдық үзілістен кейін 2007 ж. тамыз айында бұл ескерткіште стационарлық археологиялық зерттеу жұмыстары қайта жалғасты. Бәбіш-Молда қалашығы - «Үлкен үй» жоспары кірер есіктен басталып, екі көлемді мұнаралармен жиектелінетін өсті анфиладты ғимаратымен ерекшелінеді. Үйдің шығыс бөлігінен аршылған жоспары мұнда ерекше жағдайларға және қабылдауларға арналған салтанат залы болғандығын аңғартады. Бұл кешеннің жоспарлану принципі ахеменидтік архитектураға тән. Мұндай құрылыстарды салу Ахеменидтер державасының күйреуі алдындағы солтүстік шеттегі сатраптықтарда жүзеге асқан болатын. Тек Сырдарияның төменгі ағысындағы аумақ Ахеменидтер державасы құрамына енгеннен кейін ғана, мұндағы б. з. б. ІV ғасырда шикі кірпіштен соғылған монументтік құрылыстарды, керамика кешендерде осы бағытта байланыстыруға болады, олар Орта Азия оңтүстік аудандарынан (Соғды, Парфия, бәлкім Бактрия), Ахеменидтер державасының шығыстағы егіншілікпен айналысатын шеткі облыстарынан табылған заттарға ұқсас болып келед
Сақтардың қалалары мен ескерткіштері
Қызылорда облысы жеріндегі б. з. б. 4ғ. - б. з. 13ғ. жататын ежелгі сақ қалашығы Шірік-Рабад. Қызылордадан 300км. жерден табылған сақ қаласы Шірік-Рабад (Қызылқұм шөлінде) . Шірік-Рабад қаласының орталығында орналасқан күзет мұнарасы цитадель деп аталады. Шірік-Рабад қаласының орнынан сақ жауынгерлерінің темір қару-жарағы мен сауыт-саймандары табылған.
Сақтардың Бәбіш-молда деген қаласынан қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылды.
Сақ дәуірінің ең негізгі көп кездесетін ескерткіштері обалар. Сақ обасындағы сағанаға жер астымен келетін арнайы жол дромос деп аталса, сақтардың бөренелерді бір-біріне тығыз орналастырып жасаған табыты саркофаг деп аталады.
Солтүстік Қазақстан жеріндегі ең алғашқы сақ заманына жататын зерттелген обалар Бірлік пен Алыпқаш .
1969 ж. Алматы облысы Есік қаласы маңына археолог Кемал Ақышев тиграхаудалық «алтын адамды» тапты. Оның обасынан 4000 қола теңге және 26 таңбадан тұратын күміс табақша табылды (андронов мәдениетіндегі ыдыстарға қарағанда сақ керамикасының ерекшелігі шар тәріздес домалақ келеді) . Антропологтардың анықтауынша, Алматының шығысынан табылған белгілі Есік обасындағы жерленген адамның жас шамасы 17-18 жасар сақ ханзадасы (Нулы) .
Іле өзенінің оң жағалауындағы Желшалғар тауының етегінде орналасқан сақ қорымы Бесшатыр. Обаның жасалған мерзімі б. з. б. V-IV ғ. ғ. Бесшатыр қорымынан оба табылды. Үлкен Бесшатыр обасын ғалымдар «патша қорғандары» деп атайды. Өйткені бұл обаларда патша сияқты ең беделді, ең даңқты адамдар жерленген. Бесшатырда үлкен оба бар, олар: бірінші, үшінші және алтыншы.
Сақ дәуіріне жататын Шілікті қорғанынан (Шығыс қазақстан) тамаша олжалар табылды. Қазақстан аумағындағы ең көне патша жерлеу орындары да (б. з. б. VIIІ ғ. жататын) осы Шілікті қорғанынан табылған болатынн. Шілікті «Алтын қорғаны» б. з. б. 7-6 ғ. ғ. салынған
Сақ мәдениеті
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz