Мұғалімнің кәсіби және адамгершілік сапалары: профессиограмма мен диагностика әдістері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Сабақ тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби маңызды сапалары.

Сабақ лекциясы:

1. Мұғалімнің кәсіби және адамгершілік қасиеттері
Мұғалім мамандығының профессиограммасы:
Профессиограмма - маманға қойылатын психологиялық, физиологиялық,
кәсіби және т. б. талаптар жүйесі.
Педагогтың жеке тұлғасы өзінің дамуында жан-жақтылығымен,
үйлесімділігімен және тұтастығымен ерекшеленуі тиіс.
Мұғалімнің кәсіби сапалары:
- еңбек сүйгіштік;
- жұмысқа қабілеттілік;
- тәртіптілік;
- жауапкершілік;
- тұрақтылық;
- мақсат қоя білу және оған жету жолдарын таңдай білу іскерлігі;
- өзінің кәсіби деңгейін жүйелі жетілдіру;
- өз еңбегінің сапасын жақсартуға үнемі талпыну;
- психологиялық даярлығының болуы;
- кең мәдени ой өрісінің болуы;
- педагогикалық шеберлігі;
- педагогикалық тактісі;
- педагогикалық техникасы.
Мұғалімнің адамгершілік сапалары:
- адамгершілігі;
- қайырымдылығы;
- шыдамдылығы;
- адалдығы;
- кеңпейілділігі;
- басқаны сыйлай білуі;
- ұстамдылығы;
- мәдениеттілігі.
А. К. Маркова бойынша кәсіби сапалар:
- педагогикалық эрудиция (білімдарлық) ;
- ғылым салаларын терең меңгеру;
- педагогикалық мақсат қоя білушілік;
- педагогикалық (практикалық және диагностикалық) ойлау;
- педагогикалық интуиция (сезімталдық) ;
- педагогикалық импровизиация (суырып салмалық, жанынан жедел шығару, шешім
қабылдау) ;
- педагогикалық байқағыштық;
- педагогикалық көрегендік.
Митина Л. М. бойынша кәсіби сапалар: әдептілік; сыпайылық;
сезімталдық; тәрбиелілік; зейінділік; ізденімпаздық; шыдамдылық;
адамгершілік; іскерлік; тәртіптілік; белсенділік; саяси сауаттылық;
сыншылдық; патриоттық; болжағыштық; өзбеттілік; принципшілдік; батырлық;
кешірімшілдік; кішіпейілдік; балаға деген сүйіспеншілік.
М. М. Мұқанов бойынша педагог мамандығына лайықты сапалар:
педагогтың идеялық сенімі; педагогтың қабілеті; педагогтың ұстамдылығы;
әділеттілік және абырой. Осының ең ортасы, өзегі, яғни жеке бас сапасының
ядросы - бағыттылығы, бейімделушілігі, өзін-өзі бағалау, «Мен» бейнесі.


2. Мұғалімнің кәсіби және жеке бас қасиеттерінің диагностикасы
Мұғалімнің кәсіби және жеке бас қасиеттерінің диагностикасын
өткізу үшін зерттеу әдістерін білу керек. Бақылау - зерттеу не тексеру
әдісі. Бақылау
арнайы жоспар бойыншажүргізіледі. Жоспардабақылаудың мақсаты мен міндеттері, о
бъектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқутәжірибе
учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс
көрсетілуі тиіс. Арнайы бақылау - бұл зерттелетін құбылыс суретін талдамалы
түрде қарастыруға әкелетін әдіс. Ашық бақылау - зерттеушіге оны
қызықтыратын барлық құбылыстар тараптарын қамтуға үлкен мүмкіндік береді,
сонымен бірге зерттеуші қатысуының теріс әрекеттеріне көп ұшырайды. Ашық
сауал - мұнда жауаптар сипаты мен саны, олардың түрлері мен формалары алдын
ала қарастырылмаған. Дидактикалық бақылау - бақылау нысаны ретінде оқыту
процесі тұтас енеді. Монографиялық бақылау - өзара байланысқан
құбылыстардың әр түрлі өлшемдегі бірталай санын қамтиды, олардың дамуын,
өзара ықпалын ерекшеліктерімен арақатынасын қарастырады. Педагогикалық
бақылау - бұл педагогикалық үрдісті тану әдісі, ол ұзақ мақсатты түрде
бағытталған жоспарлы қабылдау.
Мұғалімнің кәсіби қасиеттері:
Ұйымдастырушылық - ұйымдастырушылық, іскерлік, белсенділік, талап
қойғыштық, өзіндік сын, т. б.
Коммуникативтік - зейінділік, қайырымдылық, ашықтық, мейір-бандық,
қарапайымдылық, сезімталдық, әдептілік.
Экспрессивті-перцептивті - байқағыштық, креативтілік, интел-лектуалдық,
белсенділік, зерттеушілік стилінің ерекшелігі, сын-шылдығы, икемділік.
Кәсіби қабілеттілігі
Дене және психикалық денсаулығы - эмоционалды - еріктік тонус-тың
жоғарылығы, оптимистік, эмоционалдық төзімділік, елге-зектік.
Педагогтың субъективті қасиеттері (П. Ф. Каптерев бойынша) :
Объективті мазмұндағы: мұғалімнің пәні туралы білімі (меңгеруі), ғылыми
дайындығы, қосымша пәндер туралы білімі; пәннің методологиясымен,
дидактикалық принциптерімен танысу, баланың ерекшеліктерін меңгеру.
Субъективті мазмұндағы: сабақ бере алу шеберлігі, таланты, өнері.
Педагогтың субъективті қасиеттерін анықтаушы бағыттар (Роджерс
бойынша) :
Гуманистік бағыт - ұстаздың оқушының мұқтаждығы мен қажеттілігіне көңіл
аударуы;
Эгоцентрлік бағыт - ұстаздың тек өзіне, өз мүддесіне, қажеттілігіне назар
аударуы;
Бюрократтық (төрешілдік) бағыт - ұстаздың әкімшіліктің нұсқау-ларын,
жоғарыдан келген құжаттарды өзіне бағыт етуі.
Конформистік бағыт - ұстаз әрекетінің ұжым өмірімен, өзінің әріптестерімен
қатынас жасауға негізделуі.
Авторитеттік бағыт - ұстаз оқушының ата-аналарына, олардың қоғамдағы орнына
сүйенуі.
Когнитивтік бағыт - ұстаздың өзі беретін пәннің мазмұнына сүйенуі.
Диагностикалауда келесі әдістемелер қолданылады: тест, анкета, сауалнама,
бақылау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби сапалары
Мұғалімнің кәсіби миссиясы және педагогикалық-этикалық сапалары
Оқушылар ұжымы және жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызы: даму кезеңдері, ұйымдастыру әдістері мен мұғалімнің кәсіби сапалары
Бастауыш сынып оқушылары ұжымын қалыптастыруда мұғалімнің кәсіби сапалары: теориялық және әдістемелік негіздер
Мұғалімнің кәсіби және адамгершілік қасиеттерінің моделі
Әлеуметтік жұмыскердің рухани-адамгершілік сапалары: құндылықтар, философиялық негіздері және кәсіби этика
Оқушылар ұжымын қалыптастыру: тұлға қалыптастырудағы рөлі, даму кезеңдері және мұғалімнің кәсіби сапалары
Оқушылар ұжымын қалыптастыру мен тәрбиелеу: даму сатылары, әдіс-тәсілдері және мұғалімнің кәсіби сапалары
Білім беруде педагогтың кәсіби құзырлығы мен тұлғалық сапалары
Мұғалімнің профессиограммасы: функциялары, талаптары және кәсіби дайындығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz