Топографиялық карталар мен пландар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мәнжазба

Тақырыбы:

Топографиялық карталар мен пландар

Дайындаған: Мұхит Ә.

Тексерген: Ешмұратов Б.

Топографиялық карта (Топографическая карта) - шартты белгілермен, барлық сызықтарын белгілі бір мөлшерде бірнеше есе кішірейту арқылы жергілікті жерді қағаз бетінде дәлме-дәл әрі жан-жакты бейнелеу. Топографиялық картада арнаулы шартты белгілермен жердің барлық бөлшектерінің (бедері мен заттардың) орналасуы мен өзара байланысы көрсетіледі. Топографиялық картаны командирлер мен барлық дөрежедегі штабтар ұрысты дайындау, ұйымдастыру, әр түрлі міндеттерді орындау барысында, сондай-ақ қарсыластар мен өз әскерлері туралық, кабылданған шешімдер мен жауынгерлік бүйрықтар туралы мәліметтер бейнеленген құжат ретінде кеңінен қолданады. Карта бойынша жергілікті жерді бағалауға, қозғалыс бағытын зерттеуге, қашықтықты, бұрышты, алаңдарды, биіктікті, кеңістікті анықтауға байланысты міндеттер орындалады, ұрыстағы нысаналар мен ракеталардың, артиллерияның, т. б. ұрыс тәртібі анықталады. Топографиялық карталар жалпы мемлекеттің, елдің қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін де, халық шаруашылығы үшін де қажет. Топографиялық карта көмегімен орындалатын міндеттердің сан алуандығы өр түрлі масштабтағы карталардың болуын керек етед

План, карта және профиль туралы ұғымдар

Жер бетінің кішігірім бөлігінің ортогоналды проекциясындағы кішірейтілген бейнесі - план д. а.

Жер бетінің үлкен аумағының картографиялық проекциядағы кішірейтілген бейнесі - карта д. а.

Егер де план мен картада тек қана ситуация бейнеленсе, ондай план мен картаны ситуациялық (контурлық) д. а. Ал, егер ситуациямен қатар рельефтің бейнесі көрсетілген план мен карта топографиялық д. а.

Топокарталар масштабына қарай бөлінеді:

- ірімасштабты - М 1:100 000 одан да ірі;

- ортамасштабты М 1:100 000 - М 1:200 000;

- ұсақмасштабты - М1:1000 000 одан да ұсақ.

Жер бетінің вертикаль қимасы түріндегі кішірейтілген бейне - профиль д. а.

Профиль анықталған бағытпен салынады. Вертикаль масштаб горизонталь масштабтан 10 есе ірі болу керек.

Масштабтар және олардың түрлері

Пландағы, немесе картадағы кесінді ұзындығының соған сәйкес жердегі кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картаның масштабы деп аталады.

Масштабтар сандық, сызықтық (графикалық) және көлденең болып бөлінеді.

Графикалық және көлденең масштабтардың негізі 2 см.

Пландағы 0, 1 мм кесіндіге сәйкес келетін жердегі арақашықтық - масштабтың дәлдігі деп аталады.

Жер бедері (рельеф)

Жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жоталардың, ойпаттардың жиынтығы жер бедері д. а.

Рельефтің сипатына байланысты Жердің беті жазық, төбелі және таулы болып бөлінеді. Жер бетінің негізгі рельефіне жататындар: төбе, ой-шұңқыр, жота, сай және өркеш төбелер.

Топографиялық карталарда бедер горизонтальдар арқылы бейнеленеді.

Горизонтальдар деп картада биіктігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды айтады.

Горизонтальдар картада немесе планда қоңыр түспен көрсетіледі, горизонтальдың айырымында қойылатын цифрлар горизонтальдың белгілері деп аталады. Горизонтальдар ешқашан бір - бірімен қиылыспайды.

Горизонтальдар өтетін биіктіктер аралығын бедер қимасының биіктігі (һ) деп атайды.

Планда көршілес горизонтальдардың арасындағы қашықтық жатыс сызығы д. а.

Рельеф қимасының биіктігінің жатыс сызығына қатынасын сызықтың еңістігі д. а.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық жағдайы
Карталардың ерекшеліктері
Маштаб туралы жалпы түсінік
Геодезия және оның міндеттері
Жер бетінің жазықтықтағы көрінісі
Топографиялық карталарды жаңартудағы заманауи технологиялар
Топографиялық карталар және пландар масштабтар және олардың дәлдігі
Топографиялық карталар мен пландардың шартты белгілер жүйесі
Арабтар құрастырған Каспий теңізінің картасы
Карта туралы жалпы тусінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz