Қазақтың тәрбие ұғымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
1.
Қазақ халқы ерте заманнан-ақ білімді де сауатты болуға ұмтылған, надандық пен топастықты әжуа етіп, күлкіге айналдырған. Әрбір ата-ана баласына әдептілікті үйреткен, сауатты да білімді болуға баулыған. Бұған мысал ретінде қазақтар арасында Қара күш бірді жығар, білімді мыңды жығар деген мақал кеңінен тараған. ХІХ-XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни және зайырлы бағытта жүргізілді. XIX ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектептер мен медреселерде мұсылманша білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде негізінен ер балалар оқыды.Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Олар молдалар мен мектеп мұғалімдерін даярлады. Оқу мерзімі 3 -- 4 жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінінің негіздері бойынша бастауыш білім алумен қатар философия, математика, медицина, тарих, тіл білімі (лингвистика) және астрономия жөнінде де едәуір хабардар болып шықты. Діни оқу орындарының басты қызметінің бірі жастардың бойына әдептілік өнегесі мен адамгершілік қасиеттерді дарыту болды. 1870 жылдан бастап патша үкіметінің бастамасы бойынша медреселерде міндетті түрде орыс тілінің негіздерін үйрету енгізілді.Медреседе бірнеше сынып бөлмелері болды. Олар шәкірттер тұратын, дәрет алып, жуынып-шайынатын, сондай-ақ тамақтанатын бөлмелер еді. Медреседе ұстаздыққа әдетте жасы 40-тан асқан адамдар ғана қабылданатын. Олардың медресені бітіргені туралы дипломының болуы талап етілетін. Кейіннен патша үкіметі мұсылманша оқытуды да өз бақылауына алуға тырысты. Мәселен, 1867 -- 1868 жылдардағы әкімшілік реформалар бойынша мектептер мен медреселер ашу үшін уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керек болды. Патша үкіметі мұсылмандардың оқу орындарын ашықтан-ашық кемсітіп, қорлау саясатына көшті.
2.
Сонау ықылым заманнан бергі әдебиеттің ұлттың рухын көтерер сөз құдіретінің бір арнасы бірлік, азатшылдық ұғымдарымен астасып жатады. Ұлттық Рухты көтерер, құдіретті отты жырлар әдебиетіміздің арғы бастауларынан негіз тартады. Олар бүгінде қазақ әдебиеті тарихының түркі тектес халықтармен ортақтығын танытатын түп негізі болып табылатын ежелгі әдебиет пен қазақ хандығы жеке ту тігіп, өз алдына ел болғалы бергі әдебиеттің барлық кезеңдерінен көрініс тауып отырған. Ел басына қиын-қыстау күн туғанда, тәнге шипа, жанға рух берген сол жырлар екендігі белгілі. Олар өз уақытында ғана жырланып қоймай, дәстүр ретінде өзіндік ізін, сара жолын қалдырып отырды. Ежелгіден желісін тартқан сол жырлардан өзінен кейінгі әдебиет үлгі алып, кейінгіге өнеге шашты, үл гі таратты. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ұлттық идеяның көрініс табуын нақты ашу үшін ертедегі әдебиет үлгілеріндегі осыған тән белгі-бедерді жан-жақты саралаған жөн.Қазақ әдебиетінің ежелгі деп есептелетін жәдігерлерінің бірі - Орхон-Енисей жазба ескерткіштері. Егер осы ескерткіштегі ерлік рухқа толы жыр жолдарын оқи қалсаң, бойыңа ерен қуат пен қайрат еніп, еңсең көтеріліп, жан-дүниеңе өрлік пен ерлік рух берері анық. Ел рухының күші бірлікте екенін ұғындыратын осынау ескерткіштер талай ғасыр өтсе де, халық жадында сақталып, мыңжылдықтар деңгейінде кейінгі жазылған талай жәдігердің өн бойынан орын тауып, орнығып келгені күмәнсіз. Көп ғасырлардан кейінгі азаттыққа ұмтылған өршіл үнді ұранды жырлардың ұлы сарыны содан бастап тартып жатқаны да шындық. Олардың астарында ұлттықты асқақтату мен қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды мәңгілік елдікті аңсаған асыл арман жатыр. Өйткені бүгінгі ұрпақ тілімен сөйлеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандық патриотизм – мемлекеттік принцип
Патриоттық тәрбие берудің әдіснамалық негіздері
Қазақ этнопедагогикасы
Жеткіншектердің эстетикалық талғамы
Бастауыш сыныптағы ойын технологиясы
Дене тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер
Имандылыққа баулу қазақ ілімі
Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық аспаптарда ойнауы
Абай мен Мағжан педагогикасындағы үндестік
ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ - ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКАНЫҢ НЕГІЗІ
Пәндер