Аналитикалық эссе - М. Әуезовтың Абай жолы роман-эпопеясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Аналитикалық эссе

М. Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясы

Абай жолы - М. Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. “Абай жолы” - қазақтың көркем прозасын классикалық стиль деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған. Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: “ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі”, “Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың, тұрмыстың небір ғажайып картиналарымен, адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті “, “Шынында, бұл қазақтар - неткен ғажайып халық! Осы кереметтік “Абай” романында қандай тамаша суреттелген!” деген жоғары баға алды. Сондай-ақ, бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Ш. Айтматовтың “Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі - “Манас”, бірі - “Мұхтар Әуезов” - деуі осыны айғақтайды.

«Абай жолының» бас кейіпкері - Абай. Біз ақын өмірінің елу жылына айғақ боламыз. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын . . . бәр-бәрін түгел шарлап өтеміз. Халық дегенде, бұл ұғымның негізінде ұлттың әдет-ғұрпы ғана емес, ұлттық рухы жататыны сөзсіз. Демек, «Абай жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы сайрап білініп тұр.

«Абай кезіндегі қазақ даласында, - дейді автор, - күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі де тереңдегі ескіні мен Құнанбай образына жинақтадым. Ал, оның баласы Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа бар. Сондықтан, ақын Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы мен үлкен қоғамдық шындықты - ескі мен жаңаның диалектик, қарама-қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тиіс болдым». Бұл - аса қиын әрі қатерлі адым. Күрес пен тартысты анық жауласқан қарама-қарсы екі жақ емес, туған әке мен баланың арақатысына құру бұрылтпас және көл-көсір психологиялық дәлелдер таппаса, көптің сана-сезіміне бір қарағанда жете қоймайтын нанымсыз нәрсе секілденеді.

«Абай жолы» - ұлы жазушының ұлы туындысы - бас кітабы, ол өзінің өлшеулі ғана ғұмырында өлшеусіз шығармашылық ерлік жасап, өзінің осынау мәңгілік кітабын жазып үлгіріп кетті. Дананың өз ортасынан әрқашан озық, оқшау тұратын даралығы да осы арада жатыр.

Аргументтік эссе

Ғаламтордың пайдасы мен зияны

Ғаламтор - қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналған дүние. Тіпті, кейбіріміз ғаламторсыз өмір сүре алмайтын деңгейге де жеттік. Интернеттің жылдамдық дәрежесі кішкене нашарлап қалса, бірден ашуға беріле кетеміз. Не үшін ғаламтор соншалықты маңызды? Соны анықтайық.

Ғаламтор - ғылым мен техниканың шынайы жетістігі. Ол - сөзсіз. Интернетті қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпараттар мен мағлұматтарды еш қиындықсыз тауып, қажетіне жарата алады. Мазалап жүрген сауалдарының жауабын бірден табады. Әлемдік жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып отыруға көмектеседі. Бұл жағынан интернет адамның білімі мен қабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.

Өкінішке орай, жоғарыда айтылған ғаламтордың артықшылықтарына қарамастан, оның зиян жақтары да өте көп. Ғаламторға деген тәуелділік қазіргі кезде ғаламдық дәрежедегі мәселеге айналып бара жатыр. Соның кесірінен адамдар арасындағы күнделікті байланыс бұзылып барады. Адамдардың бір-бірімен сөйлесуі, әңгімелесуі, сырын бөлісуі ұмытылып бара жатқандай. Сонымен қатар ғаламтор адам денсаулығына да зиянын тигізеді. Өйткені ол қозғалыстан қалып, оның соңы бел, арқа, көз ауруларына әкелуі мүмкін.

Жалпы компьютердің алдына ұзақ отырмай, ғаламторды ретімен пайдаланса, өзіне қажетті деген ақпараттар мен мәліметтерді ала алса, онда адам денсаулығына ғаламтордың түк те зияны жоқ. Тек тәуелді, масыл болып қалудан аулық болған жөн.

Әңгіме эссе

Ауылым - алтын бесігім

«Ауыл» деген сөзді естіген де менің өн бойымда қуаныш кернейді. Йә, шыныменде ауыл деген керемет жер ғой! Өйткені ауылдың ауасы таза, суы тұнық, шөбі көк майса болады.

Менің ауылым - Аққыстау. Ауылда менің нағашы атам мен нағашы мамам тұрады. Жазғы каникул басталысымен ауылға жол тартатын едік. Атам мен әжем бізді құда күткендей қарсы алады, барын аузымызға тосып, жылы, жүмсақ деген көрпелеріне дейін төсеп қояды. Ауылда төрт түлік мал ұстағандықтан ақ ірімшік, сүт, сүзбе, айран, шұбат, құрт дегендер мол.

Бәрімізден бұрын ертемен нағашы атам тұрып қойын өріске жібереді, қораға сиырын байлайды. Нағашы мамам шелегін сайлап алып, сиырын саууға кірісе кетеді. Сол сауған сүтті тартып, қаймағын алып, әдемілеп тұрып таңғы шайымызды ішеміз. Сөйтіп, әр қайсымыздың күніміз жалғасын табады емес пе?! Әр уақытымыз ауылға деген сүйіспеншілікпен өтеді. Мұндай көріністі бұрын соңды еш жерден көрмегендей боласың.

Жер бетіндегі әрбір жанның өмірінде естелікке, махаббатқа, мейірімге, сағынышқа толы кішкентай ғана сыйқырлы мекені барына сенемін. Ол мекен әрине, кіндік қанымыз тамған жер - ауылымыз, алтын бесігіміз. Бәрімізде сондай бір ауылдан шыққанымызды ұмытпасақ екен деймін.

Себеп - салдар эссесі

Фаст-фуд - тың адам денсаулығына әсері

Халықтың денсаулығы - қоғамымыздың заманауи талаптарының басты мәселесі болып табылады. Көне заманғы қағида бойынша: «Ас - адамның арқауы» - делінген. Өкінішке қарай, қазіргі кезде біздің замандастарымыз өзін дені сау және сымбатты сезіну үшін қалай тамақтану керектігін біле бермейді. Тамақтанудың да өзіндік ережелері бар және оларды ескермеуге болмайды, өйткені тамақтану - біздің денсаулығымыздың құрамдас бөлігі екенін ешқашан ұмытпауымыз қажет.

Мамандардың айтуы бойынша, көбінесе балалар мен жасөспірімдерде фаст-фуд әдеттенуді туғызады. Адам денсаулығына үлкен зиян келтіретін гамбургерлер, чипсилер және пицца кішкентай балалардың, тіпті ересек адамдардың да сүйікті тағамдары болып саналады. Артық салмақ, гастрит және жалпы әлсіздік -зиянды дағдылардың нәтижесі.

Қазіргі уақытта бигмак, шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп. Бірақ, олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Оған көпшілік мән бере бермейді. Бұл тағамдардың барлығы тез әзірленетін тамақ қатарына жатады. Сондықтан, осындай тағамдар адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. Көптеген адамдар үйдің ыстық тағамын дайындауға мүмкіндігі болмағандықтан, фаст-фуд- қа тапсырыс бере салады. Бұл қазіргі таңда қолайлы әрі бағасы қымбат емес, алайда, өте қауіпті. Әсіресе, балаларды кішкентай кезінен бастап мұндай тамақтарға үйретпеген жөн.

Мамандардың айтуынша, фаст-фудпен тамақтануға мүлдем болмайды. Осындай тағамдардың құрамында майлар мен консерванттар көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ.

Фаст-фудқа үйір жандардың асқазан, жүрек аурулары, қан қысымы, қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі. Әсіресе өз денсаулығына мүлдем көңіл бөлмейтін жастарға обал. Олар диета сақтамай тамақтанатын болса, денсаулығы күн өткен сайын нашарлай түседі.

Сипаттамалық эссе

Менің жан досым

"Менің жан досым" сөзінің мағынасы қандай екенін сұрасаңыз, әркім әртүрлі жауап береді. Бірақ барлығының түсінігі бір, дос - үнемі қасыңнан табылатын, қиындықта көмектесетін жан.

Менің ойымша, достың орны бөлек, қасыңда қиналғанда сырыңды айтып, ал қуанғанда қуанышыңды бірге бөлісетін жаныңа жақын, керемет жан! Қазіргі заманда шынайы дос табу өте қиын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көшпелі халықтың «ғарыш» әлемі «Абай жолы» романының жаңа аудармасы туралы
Абай жолы романының жаңа аудармасы туралы
Мұхтар Әуезов және Абай жолы
М. Әуезовтың өмірі мен шығармаларын орта мектепте оқытудың өзіндік ерекшелігі
М. Әуезовтың Абай жолы романының түстік лексикасын қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару тәсілдері
Жазушының драмалық шығармалары
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
Мұхтар Әуезовтың өмірі туралы
Сөз тұлғасын зерттейтін тіл саласы - сөзжасам мен морфология саласы
Абай жолы шығармасы тілінің лексикологиялық ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz