Сөздіктің элементтері мен параметрлері және тарихи сөздіктер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
6-семинар
Сөздіктің элементтері мен параметрлері және тарихи сөздіктер
Жоспары:
1. Сөздіктегі анықтама түрлері
Синонимдер сөздігі
Авторлар: Бизақов, С.
Синонимдер сөздігі. - Алматы: Арыс баспасы, 2007. - 640 бет.
Тұлғасы басқаша болғанымен, мағынасы бір-біріне жуық, бірінің орнына бірі колданыла беретін синоним сөздер - тіл байлығының құнарлы бір саласы, шешен де шебер сөйлеудің құралы, ең бастысы, халықтық таным-түсінікті, ұлттық болмысты қалыптастыратын қайнар көздерінің бірі. Қазақ гілінің синонимдері саны мен сапасы жағынан да, синонимдік қатарлардың молшылығы жағынан да өте бай.
Көрнекті тілі - ғалым филология ғылымдарының докторы, профессор С. Бизақонтың Синонимдер сөздігі ана тілін қадірлеп-қастерлейтін, үйренуден жалықпайтын қалың оқырман қауымға арналған.
Мақсат: Синонимдер сөздігі мектеп оқушылары мен студенттерге, филологтарға, жазушылар мен аудармашыларға, баспасөз кызметкерлері мен журналистерге, мұғалімдер мен оқытушыларға, қазақ тілін тереңдеп үйренуді мақсат тұтқан барша оқырман қауымға арналған. Сөздік синонимдердің реңктік айырмашылығын айқын сезініп, дұрыс колдануға дағдыландыратын көмекші оқулық кызметші атқаруға тиіс.
СӨЗДІКТІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Тұлғалары әртүрлі болғанмен, мағынасы жақын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар құрап, синонимдік ұяда көрсетіледі. Жалпы алфавит тәртібімен берілген лұғаттық ұядағы сөздің синонимдік қатарының күнделікті баспасөз бен сөйлеу тілінде ең басым қолданатын сыңары алдымен беріліп, өдан кейін қалғандары тұрады. Оқырманға белгілі болып үлгіре қоймаған бірлі-жарым синонимдер ең соңынан беріледі. Қолдану жиілігі теңдей синоним сөздердің негізінеп алфавит тәртібімен бұрынырақ келетіні алдымен берілелі. Тірек атауы әлі анықтала қоймаған бірлі-жарым синонимдік қатар да кезлеселі. Мәселен, күнделікті сөйлеу тәжірибесінде перзентхана -пәрестехана - сәбихана - бөбекхана деген тәрізді бір сөздің әр алуан нұсқасы кездесе береді.
Синонимдік қатарға алынғандардың барі де әдеби тілдің қажетіне жарайтын сөздер болғандықтан, ешбір стильдік белгісіз берілді. Сырткы тұлға-тұрпаты бірдей, бірак мағыналары басқа омонимдік атаулардың тұсына араб шифрымен белгілер койылыл, мағыналары сараланды.
Синонимдік қатарға енетін сөздердің әрқайсысына барлық жанрда жазылған шығармалардан мысалдар келтіріліп, олардың авторлары аталады. Кейбір мысалдар көп нүкте қойылмай-ақ ықшамдалыл берілді. Поэзиядан алынған мысалдар өлең үлгісімен емес, қара сөздің тізілу тәртібімен берілді, бірақ өлеңнің әрбір жолы бас әріппен басталып жазылды. Сөздіктерде беріліп, бірак авторы көрсетілмеген тұстарға түсіндірме сөздік деп көрсеттік. Иллюстративтік мысал табылмаған кейбір сөздерге ойдан мысалдар алынып, оған ауызекі тіл деген белгі қойылды. Сөздікте кейбір сөздердің қолдану аясы мен таралу шегіп, атыраптық өрісін. экспрессивтік реңкін сипаттау мақсатымен төмендегідей стильдік белгілер қойылды: сөйлеу тіліне тәп сөз (сөйл.), қарапайым сөз (қарап.), жергілікті срекшелік (жерг.), кітаби лексика (кітаб.), кәсіби лексчҡа (кәсіб.), көнерген сөз (көне.), жаңа атау (жаңа.), экспрессінзті сөз (экспр.), эвфемизм (эвфем.).
Лүұғаттық ұядағы синонимдердің саны екіден кем емес. Олардың саны он-он бес, тіпті одан да көп болуы мүмкін. Мысалы, секіру - қарғу - ыршу - ырғу - орғу - шоршу, созуар - сөзшең - сөйлеуік - сөйлемпаз, селқос - енжар - сүлесоқ - салғырт - самарқау - бойкүйез, сотқар - содыр - бузақы - қияңқы - сотанақ - бұзық - бейбастық.
Синонимдік қатардың бір сыңары сөз тіркесі болып келген жағдайда онын кіріккен сөзге айналған аталмыш тұлғасы сөздің алдында тұрады. Мысалы, сосын - сонан соң, әкелу - алын келу, әкету - алып кету, апару - алып бару. Тек аталмыш тұлға сөйлеу тіліне немесе жергілікті ерекшелікке қатысты болған жағдайда ғана кіріккен сөз синонимдік қатардың соңынан беріледі.

Қайсыбір синонимдік қатар қайта топтастырылды. Мысалы, мағыналық, реңктік айырмашылығын ескеріп ажар, әр мен бет, жүз жұптарын әр басқа топта көрсеттік. Төңірек пен аймақ сиякты әр басқа синонимдік катарға жатқызған сөздер де бар. Луғаттық ұядағы синонимдік қатардың шамадан тыс көп болуы да ескерілді. Мәселен, баланы еркелетумен байланысты сөздіктің үшінші басылымында ол шақты синоним сөз бір ғана лұғаттық ұяда берілсе, жаңа сөздікте олардың санының көптігін ескеріп, мына төмендегідей жеті синонимдік топқа бөліп бердік:
1. Жарық сәуле түсіру ұғымымен байланысты: шырағым, шырақ, жарығым, сәулем, сәулетай, сәулетайым, сәулеш, сәулешім, жарық дунием, айым, күнім, күнтайым, жұлдызым.
2. Үй жануары, төрт түлік малдың төлдерімен байлапыстырып: ботам, ботақаным, ботажаным, боташ, боташым, қолым, қоңыр қозым, қошақаным, құлыным, құлыншағым, құлынтай, құлынтайым.
3. Құс атауымен байланысты: қарғам, қарғатайым, қарғашым, қарлығашым, балапаным, аққуым, көгершінім.
4. Шыбын сөзімен байланысты: шыбыным, шыбынтайым, шыбын жаным.
5. Айнал немесе басқа атауыш сөзбен байланысты: айналайын, айналдым, айнам, айнашым, жаным, жарықтығым. жарқыным.
6. Әке, көке сөздерімен байланысты еркелету: әкетай. әкетайым, әкебас, әкем, әкежан, әкежаным, әкешім, көкем, көкетай, көкетайым, көкешім, көкежан, көкежаным.
7. Қалқа, қарақ сөздерімен байланыстырып еркелету: қалқа, қалқам, қалқатай, қалқатайым, қалқабас, қалқаш, қалқабас, қалқажан, қалқажаным, қарақ, қарағым, қарашығым[1, 4-13].
2. Дәйектеме материал мен шартты белгілер
Дәйексөз - орыс тілінде цитата [лат. citare ат қою] мәтіннен сөзбе-сөз алынған үзінді дегенді білдіреді. Сөздіктегі иллюстрациялық материалдарды лексикография маманы, проф. М.Малбақов дәйектеме материал (иллюстративный материал, illustrations of usage verbal illustration) деп атап, лексикографиялық тезауруста: негізгі қызметі сөздік тұлғаның мазмұнын ашу болып табылатын сөздік мақаланың ішінде орналасқан дәйексөздерден, айтылым үлгілерінен, фразалардан, сөздік мақаланың жанындағы сызбалардан, суреттерден тұратын көрнекі мысалдар түрінде берілетінін, көптомдық түсіндірме сөздіктегі дәйектеме материалдар құрамында көркем әдебиет үлгілерінен алынған мысалдар мен авторлық қолданыстар болатынын атап көрсетеді.
Дәйектеме материалдар өткен ғасырдағы қазақ лексикографиясында цитат(а) - мысал, мысал - цитат(а) түрінде қолданылды. Цитат-мысалдар сөздің қолданыстағы мағыналық, стильдік аясын түсіндіру үшін әрі қосымша, әрі көмекші материал болып есептеледі. Сөздікке алуда оларға төмендегідей талаптар қойылды: а) белгілі бір сөздің (сөз тіркесінің) тілімізде қолданылатындығына нақтылы айғақ және оның сөздікке алынуына орынды (заңды) таяныш болу; ә) сөздің (сөз тіркесінің) әртүрлі мағынасын, мағыналық реңкін ашып, оны топтастырып жіктеуге дәлел болу; б) сөздің қолданылу аясын көрсетіп, оған қойылған этимологиялық, стильдік белгілер мен грамматикалық сипаттамаларды дәлелдеу үшін көмекші материал беру; в) сөздікке алынған әрбір мысал-цитаттың мазмұны ұстамды, көлемі ықшамды, бас-аяғы жинақты, ұтымды болу.
Дәйексөздің сөздіктегі қызметін, оны берудегі мақсатты он томдық түсіндірме сөздікке бастан-аяқ қатысқан ғалым Б.Қалиев, сөзге мейлі анықтама берілсін, мейлі оның баламасы немесе аудармасы келтірілсін, тіпті болмаса стильдік белгілер қойылсын - бәрібір сөздіктегі атау сөздер мен мағыналар тілден, көркем әдебиеттерден алынған мысалдармен қамтамасыз етілуге тиісті. Әйтпесе сөздің мағыналары мен мәтіндегі қолданыстары ашылмай қалады. Сондықтан сөздің мағыналары саралағаннан кейін оларға міндетті түрде әдебиеттерден мысалдар беріледі деп түсіндіреді. Ғалымның анықтауынша, ол мысалдар мынандай қызметтер атқарады: 1) сөздің немесе оның мағынасының тілімізде бар екендігін растайды; 2) Сөз мағынасын дәлелдейді немесе оны айқындай, аша түседі; 3) СөзА.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Тілтаным журналы. 2015. №1 79 дің немесе тұрақты сөз тіркесінің тілден (язык) сөйлеуге (речь) ауысқандығын (қолданысқа түскендігін) көрсетеді; 4) Сөз немесе оның мағынасы белгілеп отырған зат, ұғым туралы қосымша хабар береді; 5) Сөйтіп, сөздіктің танымдық қасиетін арттырады. Сондай-ақ, 6) сөздікке алынған мысалдардан сөздікті жасаушылардың идеологиялық, саяси және тәрбиелік көзқарастан да, білім деңгейлерін де байқау қиын емес; 7) мысалдар арқылы сөздердің қолданылуы мен тіркесе алу қабілеттерін де, тіркесу тәсілдері мен формаларын да, қала берді, сөйлемнің синтаксистік құрылымын да көруге болады.
Дәйектеме материалдардың қызметі, жалпы сипаты қазақ лексикографиясында қысқаша алғанда осылай қарастырылады. Мақалада түсіндірме сөздікті құрастыру, толықтыру, редакциялау барасында байқаған тәжірибемізбен бөлісіп, біз де иллюстрация беруде бұрын ескерілмей келген тұстарын, кейбір қызықты деректермен назар аудартып, оны жетілдіре түсуді көздедік.
Негізінен иллюстрациялық материалдарды тиісінше пайдалануға бұрынғы шыққан қазақ тілінің екі томдық, кейінгі он томдық түсіндірме сөздіктерінде мән берілгендігі байқалады. Сөздік жасау барысында көптеген әдебиеттерден үзінділер, мәтіндер, карточкалар әзірленген. Мәселен, он томдықты айтар болсақ, акад. А.Ысқақовтың сөз соңында Сөздердің қазақ тілінің бүгінгі қолданысында бар екендігін дәлелдеу үшін 1089 автордың 2597 кітабынан, 180 жеке кітап пен жинақтан, 12 аударма әдебиеттен, 17 оқулықтан, 14 журнал мен 7 газеттен - барлығы 2827 жазба нұсқадан жалпы саны 250 мыңға жуық мысал-үзінділер келтірілген деп көрсетіледі. Сонымен қатар, бұл материалдар институттың картотекалық базасы негізінде жасалған. Проф. Б.Қалиевтің көрсетуінше, институттың картотекалық қорында 5 000 000 карточка жинақталған екен.
Біз сөз етпекші он бес томдықта да осы материалдар кеңінен пайдаланылып, өзге де көркем, ғылыми әдебиеттерден, баспасөз беттерінен, түрлі сөздік, энциклопедиялардан мысалдар қамтылды. Көрнекі мысалдар алынған негізгі әдебиеттердің тізімі бірінші және он бесінші томның соңында толықтырылып берілді, ендігі бұл дереккөздердің қайсысын қалай пайдаланып, жүйелі түрде жұмыс жүргізілгені туралы нақтылап көрсетсек.
Алдымен осы материалдарды сөздікке пайдалану үшін жиналған карточкалар компьютерге түсіріліп, іштей жүйеленіп, электронды нұсқасы дайындалады. Он бес томдықтың бас редакторы, проф. Н.Уәлидің соңғы томдағы көрсеткен мәліметтері бойынша, сөзтізбелік бірліктерді саралау, талдау барысында Сөздікте 600 000 мыңға жуық дәйексөзден (цитата) тұратын дәйектемелік корпус жасалды делінген[2, 78-79].
Таңбалар қандай да бір хабарламаны беру үшін шартты түрде алынған түрлі сападағы, формадағы материалдық белгілердің жиынтығы. Мұндай шартты белгілер материалдық жағынан да, білдіретін хабарының мазмұны жағынан да алуан түрлі болып, дамып, күрделене түскен. Сондықтан XX ғасырдың 30 жылдарында шартты белгілерді таңбалар жүйесі ретінде зерттейтін семиотика деп аталатын ғылым саласы қалыптасты.
Түрлі материалдық белгілерді қандай да бір хабар берудің құралы ретінде қолдануды адамдар ерте кезден білген. Сондай-ақ, атқаратын қызметі жағынан сөйлеу тілінде де жалпы таңбаларға тән сипаттың бар екендігін, оны таңбалар туралы ғылымға жатқызу қажеттігін алғаш рет Аристотель айтып кеткен. Ол: Дыбыстап айтылған сөздер - ойдың символы, ал жазу - сөздің символы деген. Кейінгі замандарда өмір сүрген Гобсс, Локк, Лейбниц сияқты философтар тіл - таңбалар жүйесі деп есептеген. Тілде таңбалық сипаттың бар екендігін XIX ғасырда Ф.Бопп пен В.Гумбольдт та айтқан. Дегенмен бұл мәселенің тіл білімінің негізгі проблемалары ретінде зерттлуіне ден қойған Ф. де Соссюр. Сөйтіп бүкіл таңба атаулыны зерттейтін жалпы семиотика мен тіл білімінің түйіскен жерінен лингвистикалық семиотика деген ғылым қалыптасты.
Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері: 1)еріктілік, 2) шарттылық.
Еріктілік, шарттылық дегеніміз - таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Сондықтан бір зат әр түрлі тілдерде әр түрлі аталады. Тілдің таңбалық теориялары. Семиотика - хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.
Шартты таңбалар жүйесi өзгерiске ұшырауы, жетiле түсуi, бiр таңбаны басқа бiр таңбаның ауыстыруы мүмкiн. Мысалы, рим цифрларының жүйесi араб цифрларының жүйесiмен ауыстырылады, жаңа ноль таңбасы енгiзiлдi. Таңбалар жүйесiндегi мұндай өзгерiстер стихиялық түрде емес, саналы түрде, келiсiм бойынша болады. Дыбыстық тiл бұлайша өзгерте беруге көнбейдi. Ол өз дамуының заңдары бойынша өзгередi, дамиды, өзiнiң дербестiк қасиетiн сақтайды.
Барлық таңбалар жүйесi, сайып келгенде, дыбыстық тiлге негiзделедi. Шартты таңбалардың барлығының да мағынасы тiл арқылы айқындалады және дыбыстық тiлге аударылады [3].
3. Сөздік түзу ісін жоспарлау мен ұйымдастыру.
Сөздік түзу ісін жоспарлау мен ұйымдастыру туралы ілім. Әрбір лексикографиялық туындының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оны жоспарлаудың, инструкциясы мен проспектісін жасаудың, сөздікті түзу ісін ұйымдастырудың өзгешеліктері болатыны белгілі.
В.В. Морковкиннің жазуы бойынша, сөздік проспектісі мынадай негізгі бөліктерден тұрады:
1) сөздіктің мақсаттары мен міндеттерін баяндау;
2) нақты адресатты көрсету;
3) сөздіктің композициясын сипаттау;
4) сөздіктің сөзтізбесін сипаттау (сандық және сапалық);
5) сөздік мақаланың құрылымын сипаттау;
6) сөздік мақаланың жекелеген элементтерін жүйелі түрде, бірте-бірте, ретімен және детально сипаттау;
7) белгілерді, қабылданған қысқартпаларды, шартты таңбаларды сипаттау;
8) дереккөздерді (соның ішінде лексикографиялық та) көрсету;
9) қосымшаларды сипаттау [4, 12].
4. М. Қашқари сөздігі
Махмуд Қашқари - XI ғасырда өмір сүрген лингивист - ғалым, зерттеуші. Автордың "Диуани лұғат ат-түрік" Түркі тілдерінің сөздігі атты еңбегінің лингивистика ғылымына қосқан үлесі мен өз заманындағы түркі тілдерінің тұңғыш ғылыми грамматикасын жасаған ғалым ретінде танимыз. Сөздікте Махмуд Қашқари түркі тілідерін зерттеуде теңдесі жоқ ғылыми жаңалықтар ашып, түркі тілдерінің грамматикасы мен лексикалық тіркестердің жасалу жолын жақсы таныта алды. Біз үшін бұл еңбектің ең бастысы - Махмуд Қашқари түсіндірме сөздікке ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерінен, өзі өмір сүрген орта ғасырдағы поэзиялық шығармалардан аса құнды материалдар - түрлі өлең-жырлар, ертегі-аңыздар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер т.б. көркем сөз үлгілерін енгізген. Әдеби шығармалар мен халықтық фольклордан алынған үзінділерді Махмуд Қашқари осы сөздіктегі әрбір сөздің мән мағынасын оқырманына тереңірек түсіндіру үшін мысалдармен түсіндіріп отырады. Махмуд Қашқари алғашқы қауым адамдарының өмірін, тұрмыс-тіршілігін, еңбегін, сана-сезімін бейнелейтін ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілері орта ғасырдағы дидактикалық сарында жазылған жазба әдебиет үлгілерін біз ұлы ғалымның осы кітабынан табамыз. Махмуд Қашқари ұзақ жылдар бойы зерттеген мәселесі - түркі тектес түрлі ру-тайпалардың тіл ерекшеліктері, әдет-ғұрып, салт-санасы, ауыз әдебиет үлгілері, өткендегі тарихы т.б. болды. Осындай ғылыми мақсатпен ол бір жағы Жетісу, екінші жағы Римге дейін ұлан ғайыр жерді мекен еткен көптеген түркі текті рулар мен тайпалар жерін аралап, олардың тұрмыс-салты, тілі, ауыз және жазба әдебиетінің тілі бойынша мол материал жинайды. Махмуд Қашқаридің ғылыми еңбегі "Түркі сөздерінің жинағы" 1074 жылы жазылған. "Түркі тілдерінің сөздігі" -қазіргі түркі халықтардың асыл мұрасы болып табылады. Сөздікте орта ғасырдағы түркі ру тайпаларының бәріне бірдей ортақ алты мыңнан астам төл сөз бен жеке тайпаларға қатысты диалект сөздер бар. Бұл лексикалық жинаққа еңген сөздер, мақалдар, өлен жолдары т.б. түркі тілдерінің сол кездегі сөз тудыру, сөйлем кұру жүйелерін, әдеби тіл мен көріктеу құралдарының өмірге келу жолдарын анықтай түсуге мүмкіндік береді. "Түркі тілдерінің сөздігі" - тіл білімінің ең басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған ғылыми еңбек, сондықтан бұл сөздік шын мәнінде энциклопедиялық туынды деуге болады. Мұнда тек тіл мен әдебиетке ғана емес, сондай-ақ сол кездегі ру тайпалар мен халықтардың қоғамдық-экономикалық жағдайына, көне тарихы мен әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне тағы басқа қатысты дерегі бар аса бағалы еңбек. М.Қашқари еңбегінің зор ерекшелігі энциклопедиялық мән-мағынасыда және белгілі тілші ғалым А.Н. Кононовтың зергер сөзімен түйіндесек: Мұнда XI ғасырдағы түріктердің өмірі туралы: олардың материалдық мәдениетінің бұйымдары туралы, тұрмыс жағдайлары туралы... этнонимдері мен тононимдері, ру-тайпалары туралы, туыстық және жекжаттық принциптері. түрлі қызмет адамдарының титулдары мен аттары, тағам, сусындардың аттары туралы, үй жануарлары мен жабайы жануарлары және құстар, мал шаруашылығы терминдері туралы, халықтық календарь, айлардың және аптадағы күндердің аттары туралы, географаялық және терминология мен номенклатура, калалар туралы, аурулар мен дәрілердің аттары, анатомиялық терминология туралы, металдар және минералдар, әскери және әкімшілік терминологиясы туралы, түрлі тарихи және мифтік қаһармандарының есімдері туралы, діни терминология, балалардың ойындары және тағы басқалары туралы көп жағдайда бірден-бір деректеме болып табылады -дейді. Махмуд Қашқаридің "Түркі тілдерінің сөздігі" шығармасы лингивистика ғылымына қосылған асыл қазына, тілдік, әдеби, тарихи, этнографиялық, тұрғыдан бай мұра болып табылады. Махмуд Қашқари сөздігінің әдеби мәні зор. Бұл кітапты белгілі бір дәрежеде Көне түркі тілінің сөздігі деуге болады. Себебі еңбекте сан ғасырлар бұрын өмірге келген халықтық мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің, көркем тенеулердің, фразеологиялық тіркестердің, т.б. ғажайып үлгілері бар. Махмуд Қашқаридің "Түркі тілдерінің сөздігінде" лингивистика саласына қатысты қанатты сөздер, көркем тенеулер, сөз тіркестері енгізілген. Бұл жөнінде Махмуд Қашқари: "Мен бұл кітапты арнайы әліппе тәртібі бойынша парасатты ғибрат сөздер деп аталатын әдеби үзінділермен көркемдедім" деп жазады. Әдеби шығармалардан алынған үзінділердің тілі мен жазу стиліне қарап қай дәуірдің әдеби туындылары екенін шамалап айтуға болады. Жинақтағы бірқатар өлендер автор өмір сүрген орта ғасырда туындаған қанатты сөздердің, көркем тенеулердің, фразеологиялық тіркестердің үлгілері екенін дәлелдей түседі. Бұл қанатты сөздердің, көркем тенеулердің, фразеологиялық тіркестердің үлгілері оқырманын сөз сырының терең мән-мағынасын түсінуге үндейді. Үш кітапақа жинақталған сегіз бөлімнен тұратын "Түркі тілдерінің сөздігі" мазмұнына қарай қамтылған материялдарды акедемик А.Н. Кононов бес салаға бөліп қараған: 1. Белгілі бір тайпаға қатыстылығы көрсетілген сөздер қоры (лексикасы); 2. Түркі тайпаларының мекен-коныстары жайындағы мәліметтер; 3. Түркі тілдерін топтастыру; 4. Түркілік тарихи фонетика мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөздік құрастырудың техникасы
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылым негіздері
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері
ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК - ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СӨЗДІГІ
Delphi-де қазақша - ағылшынша сөздік жасау
СӨЗДІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ тілінің лексикографиясының типтері
Қазақ тілі түсіндірме сөздігінің тарихы
Лексикография жайлы
Қарапайым сөздіктер
Пәндер