Жеке тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруда ұлттық тәрбие негіздері


Жеке тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруда ұлттық тәрбие негіздері
Жоспары:
КІРІСПЕ БӨЛІМІ
- Жеке тұлғаның қалыптасуының алғы шарттарын анықтау.
- Жеке тұлғаның дамуының негізі ретінде ұлттық тәрбиенің алатын орнын көрсету.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Ұлттық тәрбие беруде мектеп пен мұғалім рөлін айқындау.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгелері-оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы, яғни оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Жеке тұлға - қоғамның белсенді, саналы, мүшесі. Өмірге өзіндік белгілі бір көзқарастары, қарым - қатынастары бар, жеке моральдық талаптары, өзіндік психологиялық қасиеттері бар қоғамдық сананы алып жүретін адам. Ғалымдар жеке тұлғаның дамуына және қалыптастыруына әсер ететін негізгі факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта, тәрбиені жатқызады. Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-анасынан берілетін биологиялық ұқсастығы. Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қарым-қатынас.
Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез - құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды.
Ұлттық тәрбие беру -ұрпақ санасына ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан өз ұлтымыздың жауқарларын сіңіру болып табылады. Біздің дана халқымыз қай кезеңде де қрпақ тәрбиесіне ұлт болашағы деп қарап үлкен көңіл бөлген. Жақандану үрдісіне еркін енген осы заманда зек ұлттық тәрбие алған үрпақ қана дені сау, білімді, ұлтжанды еңбекқор, болып өсетінін түсінетін уақыт әлдеқашан жетті. . Сондықтан, мына біздер әсіресе ұстаздар қауымы ұлттыұ тәрбие ел болашағы деп қарауымыз шарт . Олай болса, біздің ұлт болып қалыптасып, ұлт ретінде сақталып қалуымыз үшін біздің халқымыздың жоғын жоқтап, мүддесін қолдайтын ұрпақ тәрбиелеуіміз басты міндеттердің бірі болып отыр. Рухани-адамгершілік құндылық - адамның ішкі жан-дүние қасиетінің өлшемі адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашырлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өмір сүруге талпынысы, өмірді дұрыс сүру мәселелері жайында ізденуі, өзін - өзі танып, өзін - өзі бағалап, сол арқылы дүниені, әлемді тануы.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген.
Тәрбие - аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі. Бұл жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі. Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол - баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақталған ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым - қатынасын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Отбасы - бала өміріндегі ең басты тәрбие көзі. Ата - ананың ең сындарлы қоғамдық қызметі - перзенттерін қалай тәрбиелеп жетілдірумен өлшенбек. Ал баланың жас ерекшелігі, әр жасқа тән болатын дағдарыстың себептері туралы түсіндіріп, олардан баланы қиындықсыз алып шығуға көмек көрсетуде ата - анаға көмекке келетін - мұғалім. Сол себептен ата - ана мен мұғалімдер бала тәрбиелеуде бірлесіп жұмыс тар атқаруы тиіс. Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыз осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл - парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт - дәстүрлерді, әдет - ғұрыптарды жан - жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез құлқы жетілген саналы адам қалыптасады. Бұл мақсатқа нағыз мұғалімдердің қатысуымен ғана қол жеткізуге болады. Балаларды сүйетін және өзінің ісіне берілген мұғалім ғана мейірбан адамның қалыптасуына баға жетпес көмек көрсетуге қабілетті. 16 ғасырдағы чех педагогі Ян Амос Коменский балаларға тәлім - тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады: «Мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында олардан жоғары ешнәрсе болмақ емес»-деді. Қазақ қоғамының өмір сүру салтында құндылықтарды жоғары бағалау, жас ұрпақты соған баулу дәстүрге айналған.
Халық ұстазы-халықтық ұстанымға адал ұстаз, халықтың арасынан шыққан халыққа қызмет етуші жан . Сухомолинский өзі туралы: «Мен педагогикадағы қара жұмысшымын, солай болып қала беремін. Сіздерге ашығын айтайын, атақ-дәрежеге ұмтылатын, бірақ мектеп үшін ештеңені де тындырмайтын адамдарға қомсына қараймын әрі наразылық білдіремін. Мұндай ұмтылыс маған да, әрбір ұстазғада күлкілі. Ал мен ең алдымен халық мұғалімімін»- деп жазды. Жеке тұлғаның рухани байлығы -ең алдымен сол адамның тікелей өз халқының рухани байлығының бөлшегі деп есептейді Сухомолинский. Ол халықтың рухани қазынасын көздің қарашығындай сақтауды табанды түрде талап етеді, оның ішінде жас ұрпақты тәрбиелеу дәстүрін шешуші нәрсеге жатқызады.
Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлға - еліміздің ертеңі демекші жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн».
Олай болса, басты мақсат - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік,
мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін,
рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
Бала бойына ұ лттық тәрбиені сіңірудің көздері фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Сонымен бірге, отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері, туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, сана-сезім, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттарына жатады. Ұлттық тәрбие - қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, Отанын сүйетін патриот, ұлттық рухы биік парасатты азамат, жоғары адамгершілік иесі, еңбекқор болып өседі.
Келе жатқан ғаламдану кезеңінде ұлттық құндылықтармыз бен бай тілімізді келер ұрпаққа жеткізуде мектептің ролі мен ұстаздар қауымының алар орны ерекше. Баланың бойына ұлттық құндылықтың нәрін сеуіп, азамат қылып тәрбиелейтін ұстаз. Сондықтан да ұстаз білімді де білікті болуы керек. М. Жұмабаев кезінде: «Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебімен салмақ. Бір елдің тағдыры - мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе»-деген екен. Бұл ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық.
Қазіргі оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қою мақсатында ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтанда мектептерде ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. «Ал, қанеки әжелер», «Болашаққа бастаған АНА деген асқақ ән», «Ана көрген тон пішер», «Мен және менің отбасым», «Толағай» отбасылық сайыстар жиі өткізіліп тұрады. Ата-ананы мектепке тек ата-аналар жиналысына шақырып қана қоймай, оларды әр түрлі сайыстарға қатыстыру арқылы мектеп өміріне белсене қатыстырады. Мұндай шаралардың ұлттық педагогика негізінде өтуіне ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар ата-аналарға арналған ашық сабақтар, ойын-сауық кештері, тренингтер т. б. басқа шаралар ұйымдастырылады. Ұстаздарымыз мектепте бастауыш сыныптан бастап оқушыларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, жыр жаттатып, ертегіні нақышына келтіріп баяндауды үйретіп, рухани құндылықты бойына сіңіріп келеді. Жастайынан осыларды естіп, ұлттық бұлақтан сусындап нәр алған бала ешқашан да ұлттық келбетін жоймайды. Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен мектеп қызметкерлерінің бірден бір парызы.
Әрбір халықтың тарихы тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс - тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы - халық мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттың) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асанқайғы, т. б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz