Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған арнайы мекемелер


- Дефектология» термині екі создан құралған: «дефектус» - кемістік, кемшілік; «логос» - ілім, сөз; яғни, кемістік туралыілімдеген мағынаны білдіреді. Дефектология - дене бітімі және психикалық дамуында кемістігі бар балалардың ерекшеліктерін, оларды оқыту және тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізуге кӛңіл бӛледі. Ғылым ретінде ӛзінің зерттеу пәні, объектісі, негізгі категориялары (ұғымдары) бар. Пәні - кемтар балалардыоқыту, тәрбиелеу және оларды дамыту мәселелері, объектісі - дене және психикалық дамуында кемістігі бар балалар ұжымы, тобы немесе жеке бала.
- Дефектология педагогикалық ғылымдар қатарында, оның зерттеу аймағы - арнайы оқыту, тәрбиелеу, дамыту үрдісі. Сондықтан, «дефектология - кемтар балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін арнайы педагогика ғылымы», - деген анықтама оның мәнін толық ашып кӛрсетеді.
- Шектелген мүмкіндіктеріне байланысты кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзету мәселелерін зерттейтін дефектологияның бірнеше салалары бар: сурдопедагогика,
- тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия.
- Сурдопедагогика- есту қабілеті бұзылған немесе есту мүшелерінің кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерімен айналысады.
- Тифлопедагогика - кӛру қабілеті бұзылған немесе кӛру мүшелерінің кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзету мәселелерін зерттейді.
- Олигофренопедагогика - ақыл-есі кеміс немесе интеллектуальдық дамуында кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу заңдылықтарын анықтайды.
- Логопедия - сӛйлеу тілі бұзылған немесе тілінің мүкістігі бар балалардың тілін түзету, оларды оқыту-тәрбиелеу істерімен шұғылданады. Сонымен қатар, дефектологияда жалпы психикалық дамуы кешеуілдеген (тежелген) балаларды оқыту, түзету, тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін; тірек - қимыл аппараты бұзылған немесе қимыл-қозғалыс қабілеті нашар дамыған балаларды оқыту-тәрбиелеу мәселелерін қарастыратын; жалпы дамуында күрделі кешенді (комплексный) немесе бірнеше бірлескен кемістіктері бар балаларды тәрбиелеу, олардың күнделікті ӛмір сүруіне жағдай жасауды міндет ететін бӛлімдер бар.
- Дефектологияның негізгі міндеттері: кемтар балалардың мүшелік бұзылыстары мен
- қалыпты дамудан ауытқуларын, олардың себептерін зерттеу; ғылыми негіздерді басшылыққа ала отырып, балалардың даму мүмкіндіктерін бақылау; арнайы оқыту-тәрбиелеу әдістері, тәсілдері, түрлері, формалары, мазмұнын анықтап, соларды тиімді пайдалану арқылы психикалық дамуын үдету; кемістіктерін түзету; қоғамдық ӛмірге бейімдеу; еңбекке икемділігін арттыру мәселелерін қарастыру. Жоғарыда аталған негізгі міндеттермен қатар дефектология мынадай мәселелерге кӛңіл бӛліп, оларды шешумен айналысады:
- - Балаларды кемістіктерден сақтандыру, кемістіктерді болдырмау, оның алдын алу шараларының жүйесін дайындау;
- - Кемтар балаларға арналған арнайы мекемелерді ашу, оларда тәрбиелеу-оқыту жұмыстарының талапқа сай ӛткізілуін ойластыру;
- - Болашақ педагогтарды, дефектологтарды, балабақша тәрбиешілерін арнайы біліммен қаруландыруды, олардың іскерлік, дағды, икемдіктерін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан зерттеу;
- - Ғылыми педагогикалық зерттеулер нәтижелерін практикаға енгізу;
- -Мүмкіндігі шектеулі, кемтар балаларға психологтық- педагогтық-медициналық әлеуметтік кӛмек беруді ұйымдастырудың негіздерін анықтау және т. б.
- Ғылыми тұжырымдарда, теорияларда анықталған дефектологияның арнайы педагогикалық ұғымдары (түсініктері) - дефектологияның категориялары деп аталады. Жалпы ғылыми ұғым - заттар мен құбылыстардың мәнді ерекшеліктерін, сол заттың, құбылыстың мазмұнын ашатын елеулі қасиеттерін және олардың байланыстарын бейнелейді. Оны белгілейтін сӛздер немесе таңбалар - ғылыми терминдер деп аталады.
- Дефектологияның негізгі категориялары: коррекция, компенсация, әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік қалыпқа келтіру, кемтар бала, мүмкіндігі шектеулі бала, кемтарлық, қалыпты дамудан ауытқу, кемтар баланы оқыту, кемтар баланы тәрбиелеу - ұғымдары осы пәннің мазмұнын, ерекшеліктерін, зерттеу бағыттарын анықтайды. Енді осы категориялардың мағынасын анықтайық. Коррекция - баланың қалыпты дамудан ауытқуларын түзету, кемшілігін жӛнге келтіру. Компенсация - бұзылған немесе зақымдалған дене мүшесінің қызметін басқа қалыпты дамыған дене мүшесінің қызметін жандандыру арқылы орнын толтыру, толықтыру, ауыстыру. Әлеуметтік бейімдеу - мүмкіндігі шектеулі баланы, оның даму ерекшеліктерін ескере отырып, тіршілік жағдайына бейімдеу, ортада ӛмір сүруге икемдеу. Әлеуметтік қалыпқа келтіру - кемтар баланың мүмкіншіліктерін, қабілеттерін ескере отырып, қоғамдық талапқа сай ӛмір сүруге бағыштау, әлеуметтік ортаға енгізу, қалыпқа келтіру. Кемтар бала - дене бітімі мен психикасы жағынан қалыпты дамудан ауытқыған, жалпы дамуында елеулі кемістігі бар бала. Кемтарлық - әртүрлі себептерге байланысты қалыпты дамудан ауытқудың кесірінен адам бойында пайда болған елеулі кемістік. Мҥмкіндігі шектеулі бала - белгілі бір кемістіктің салдарынан ӛз бетінше жүру-тұру, қозғалу немесе сӛйлеу, кӛру немесе есту, ойлау т. б. қабілеттері бұзылғандықтан сырттан қолдауды, кӛмекті қажет ететін бала.
- Қалыпты дамудан ауытқу - ағзаның психологиялық, физиологиялық, анатомиялық даму заңдылықтарына қайшы келетін ӛзгерісі.
- Кемтар баланы оқыту - оқытушының кемтар баланың даму ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейіне сай оған ақпарат жеткізуге, біліммен қаруландыруға, оқу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған қызметі.
- Кемтар баланы тәрбиелеу - педагогтің кемтар баланы қабілеттері мен табиғи мүмкіндіктеріне, кемшілігінің деңгейіне сәйкес ӛзіне-ӛзі қызмет ете білуге, кейбір еңбек түрлеріне дайындауға және балалардың түрлі қасиеттерін ашуға, сезімдерін оятуға бағытталған қызметі.
- Дефектология әртүрлі ғылыми зерттеу әдістері арқылы - бақылау, байқау, эксперимент, әңгімелесу, сауалнама, тест қолдану, іс-әрекеттерді талдау, социометриялық, статистикалық әдістер, т. б. - қоршаған орта құбылыстарын зерттеп, ғылыми жаңалықтар ашады. Басқа ғылымдар негіздеріне, тәжірибелеріне сүйене, олардың ғылыми нәтижелерін ӛңдеп, практикаға енгізіп отырады, сӛйтіп, заман талаптарына сай үнемі дамып, ӛзгеріп отырады. Дефектология педагогиканың барлық салаларымен тығыз байланысты: жалпы педагогика, жасерекшелік педагогика, әлеуметтік педагогика, салыстырмалы педагогика,
- ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі, т. б. Педагогика ғылымдарының заңдылықтарын, қағидаларын, әдіс-тәсілдерін, педагогиканың теориялық негізін, ӛзінің пәндік ерекшеліктерін ескере отырып, дефектология негізгі мәселелерін шешуде басшылыққа алады, мағлұматтар жинақтауда, зерттеу жұмыстарын жүргізгенде қолданады.
- Дефектология қалыпты дамуында ауытқулары, түрлі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz