Ш. Бөкеев пен Ә. Тәңірбергенұлының шығармашылық өмірбаяны. Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығының философиялық сипаты. М. Сералиннің өмірбаяны. Жаңа әдеби жанрлардың тууы мен қалыптасуы
Абдуалиева Камила
Кя 181
8-9 лекция
1.Ш.Бөкеев пен Ә.Тәңірбергенұлының шығармашылық өмірбаяны
2.Ш.Құдайбердіұлы шығармашылығының философиялық сипаты
3 .М.Сералиннің өмірбаяны
4.Жаңа әдеби жанрлардың тууы мен қалыптасуы.
1. Шәңгерей Бөкеев (1847-1920 ж. ж.)
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев 1847 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Жасқұс деген жерде туып, 1920 жылы сол облыстың Қаратөбе ауданы Ақбақай деген жерінде қайтыс болады. Шәңгерей - Жәңгір ханның немересі. Шәңгерей 5 жасқа келгенде әкесі қайтыс болып, шешесі Ермектің тәрбиесінде қалады. Әйтсе де ол жетімдік көрмейді. Ата дәулетінің арқасында жасынан оқып, ғылымға қолы жетеді. Астраханда реальдық училищені бітіргеннен кейін, Орынбордағы әскер бастықтарын даярлайтын кадет корпусына түседі. Бірақ Шәңгерей онда екі-ақ жыл оқиды. Ағаларының күшімен Самара губерниясында мировой судья болып біразырақ істейді де, ол қызметін тастап, өз еліне келеді. Бұдан кейін кеңсе жұмысына араласпай, өзіне меншікті жер алып, Самар губернаторындағы дворяндардың тізіміне тіркеледі де, қалған өмірінің көпшілігін өз имениесінде өткізеді. Орданың Жәнібек жағында Көлборсы деген жерді өзіне қаратып алады да, онда бау-бақша, алма ағашын ектіріп, сәнді үйлер салғызады. Өз қарауында 40-50 үй қоңсылары болады. Қоңсыларына егін салдырып, егіске машиналар да қолданады. Сарытау (Саратов) мен Самара аралығындағы ата-қонысы Көлборсыда өмір кешеді. Аңшылық-саятшылықты, табиғат сұлулығын, ән-күйді, көркемсөз өнерін ұнатады, өзін-өзі үнемі рухани жетілдіріп отырады, өлеңдер жазады. 1917 ж. Көлборсыдан көшіп, қазіргі Ақжайық ауданы жеріне келеді. Шығармалары 1911-12 ж. Шайыр, Көксілдер, 1926 ж. 23 жоқтау жинақтарында жарық көрген. 1934 жылы жеке жинағы, кейінгі жылдарда шығармалары оқулықтар мен жинақтарда жарияланып отырды.
Мұхамедғарып Тәңірбергенұлы Әріп (1856, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Үшбиік темір жол бекеті, Жыланды мекені -- 21.6.1924, сонда) -- ақын. Абайдың талантты шәкірттерінің бірі.
11-12 жасында ауыл медресесінде, бастауыш орыс мектебінде оқыған. 1877 жылы Семейдегі уездік училищеге оқуға түсіп, оны 1881 жылы үздік бітірген. Семейде оқыған кезінде Абаймен танысып, оны өзіне ұстаз тұтқан. 1882 -- 84 жылдары Сергиополь уезінде тілмаш болып істеді. 1884 -- 87 жылдары Шәуешек қаласында Ресейдің Қытайдағы елшілігінде тілмаш болып қызмет атқарды, одан кейін Қапалда, Бішкек және Алматы қалаларында почта саласында істеп, 1890 ж. өзі туып өскен Қандығатай, Еңірекей болыстарында тілмаш болды. Әріп татар, орыс тілдерін жетік білумен бірге араб, парсы, түрік, қытай тілдерін жақсы меңгерген. Шығыс және орыс классикалық әдебиетін оқып, нәр алған. Бала күнінен ақындық жолға түсіп, ақындар айтысына қатысқан. Өлеңді қолма-қол суырып салып айтуға шебер, айтыс өнерінің өрен жүйрігі болды. Оның Сәдір, Қуанышбай, Қаумет, Боранбай ақындармен, Көкбай, Әсет сияқты Абайдың талантты шәкірттерімен айтыстары белгілі.
2. Қазақ халқының философиялық - қоғамдық ой пікірлерін зерттеу ХХ ғасырдың басынан қолға алынды. Бірақ бұл зерттеулерде сыңаржақ көзқарас басым. Ол кезде қоғамдық ойдың қалыптасуын таптық тұрғыдан қарастырды. Бұл бағыт, әрине, ғылымның объективті дамуына кері әсерін тигізді. Барлық даналықты батыс ойшылдарынан, басқадан іздеген кезде ұлттық философиялық ой - пікірлердің тарихына көз жіберуге үстемдік еткен тоталитарлық жүйе мүмкіндік бермеді.Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақ халқында өзіне лайықты бай рухани мұрасы бар. Соның негізін философиялық ой тұжырымдар құрады.Дүниеге шынайы көзқарас, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, моральдық мәселелер мен адам туралы ілімдерді өздері өмір сүрген қоғамдық ортаға лайықты қалыптастырды.Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, билер мен серілер өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын әр түрлі деңгейде тұжырымдап көрсете білді. Осының барлығы қазақ халқының философиялық ойлау жүйесінің негізін қалайды.Қазақтың рухани мәдениеті мен зор ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz