Коучинг дегеніміз не


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Коучинг дегеніміз не?

Коучинг - бір адамның басқа адамдармен сұқбаты. Коуч рөлін атқаратын адамның міндеті әңгімелесіп отырған адамды оқыту мен дамыту. Мұндай сұқбаттар кез келген уақытта және кез келген жерде өте береді. Мысалы, сіз біреумен қандай да бір сұрақты ұзақ талқылау үшін кофейняда немесе өздеріңізге ыңғайлы жерді таңдап алып, талдау жүргізе аласыздар.

Коучинг сөзі «coaching» деген ағылшын сөзінен шығады. Бүгінде адам мен коучтың арасындағы кәсіби серіктестік пен әріптестік мағынасында қолданылуда. Коучингтың арқасында адам өзінің жұмысында не жеке өміріндегі басты міндеттерге, маңызды өзгерістерге қол жеткізіп жатыр. Бұл конслтинг пен тренингтің сәтті қоспасы десек болады.

Адамнің басынан талай жағдай өтеді. Кейбіреулер өзін таба алмай әлек болса, басқалар өмірлің жарын, өзіне дос, құрдас іздейді, өмірлік жолын таба алмайды, қоғаммен байланыс орната алмайды, өз ойын айта алмайды, бала тәрбиесіне мән бермейді де адасып жатады. Мұндай жағдайлардан соң кез келген адам тығырыққа тірелері сөзсіз.

Осындай сәтте бұл адамға коуч көмекке келеді. Өйткені барлық мәселені шешу бір адамға қиындыққа соғады.

«Коуч» сөзін тікелей аудармада «спорт жаттықтырушысы» не «көмекші» мағынасын береді. Ал негізінде оның мағынасы біршама кең. Ең алғашқы коуч Тимоти Голви болған. Дәл осы адам коуч өнерінің негізін қалаған. Ол Америкада жаттықтырушы мен мұғалім қызметін атқарған. Голви жұмыс барысында алға қойған мақсаттарына жету үшін, психологиялық кедергілерден өту үшін және алға қарай басқан әр қадамнан рахат алу үшін не істеу керектігін студенттерімен бөлісіп отыратын. Голвидің берген бұл ақылдары оның командасына әрдайым жеңіс әкелетін. Осындан соң Голви тек спортшыларға ғана ақыл айтумен шектелмей, өзінің шеберлігін басқа ортада жүрген адамдарға да үйретіп бастайды. Содан кейін өз жиған-тергенін «The Inner Game of Tennis» деген кітапта басып шығады. Бұл окучинг тақырыбындағы ауқымды еңбек болды. Голвидан соң оның студенті Джон Уитмора коучинг саласын жалғастырып кетті. Одан соң бұл салаға заң қызметкерлері, уақыт өте атақты психотерапевттер де өз үлесін қоса бастады.

Жалпы айтар болсақ, коуч - не психолог, не психиатр, не жаттықтырушы, не жұмысты өнімді етуші маман емес, ол:

  • әртүрлі жастағы/жынысты/мамандықтағы адамдармен жұмыс істейді;
  • клиенттің мәселесін шешіп бермейді, оған дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі;
  • адамның ішінде жасырынып жатқан қасиеттері мен шеберліктерін дамытуға әсер етеді, керекті ресурстарды басқалардан емес, өзінен табуға көмектеседі.

Қарапайым тілмей айтар болсақ, коуч сізді қазір тұрған «А» нүктесінен, сіз қалайтын «Б» нүктесіне қысқа мерзімде жетуіңізге көмектесетін сіздің жеке жаттықтырушыңыз.

Алғашқы коучтар АҚШ-та 70-жылдарда пайда бола бастады. Ал «коучинг» терминін бизнес-менеджементке 90-жылдары Джон Уитмор енгізді.

Кәсіби деңгейдегі коуч дегеніміз ең керемет көмекші болады. Мысалы, FORBES журналындағы атақты адамдар, атақты бизнесмендер, саясатшылар немесе ірі компания жетекшілері осы деңгейге коучтың арқасында жетіп отыр.

Кез келген сұқбат коучинг бола бермейді. Ол әңгіменің ұзақтығына, мазмұнына немесе өтетін орнына емес, әңгіменің стиліне байланысты анықталады. Коучингтік сұқбат екі минут не екі сағатқа ұласуы мүмкін. Коучинг қанша уақытқа созылса да, ол сұқбаттасушыдан бір нәтиже шықпайынша аяқталмайды. Мысал келтіре кетсек. Мен бір адамға менің айтқан жағдайдағыдай әрекет етуі үшін бір сағаттық лекция оқып беруім мүмкін. Бірақ, ол адам менің айтқандарымды елемей, өз қалауын орындауына толық хақылы. Немесе мен оған «Сізді мұнда не ұстап тұр?» дегендей түрлендіріп сұрақ қоюым мүмкін. Осы сұрақ арқылы сұқбаттасушы ойын өзгертіп, мәселеге ынтасымен кірісіп кетуі де мүмкін. Осы келтірген екі мысалдың екіншісі тренингтің принциптеріне көбірек сай келеді. Өйткені, сол сұрақ арқылы сұқбаттасушы ойланып, өзі бір шешімге келеді.

Коуч сізге жаңа мақсат қоюға немесе ескі мақсатыңызды ауыстыруға не дұрыстауға көмектеседі. Кейде біз өзімізге керек емес мақсаттарға ұмтылып жүреміз. Ал ол мақсатқа жетсек біздің өмірімізде түк те өзгермеуі мүмкін. Осындай жағдайға тап болмас үшін алға дұыс мақсат қоя білу керек. Коучинг бізді осыған үйретеді. Ал коучқа біз қандай салада жұмыс істейтіндігіміз маңызды емес.

Коучпен сұқбат қалай жалғасады?

Коуч сізге ауызша немесе тест түрінде сұрақ қояды. Ал сіз сол сұраққа жауап беріңіз керек. Сұрақтар сіздің өз жұмысыңызға деген көзқарасыңызды, араздықты тудыратын жағдайларды, ішкі қарсыластықты және жасырын қасиеттеріңізді анықтау үшін қойылады. Сұрақтарға жауап бере отырып, сіз өз басыңыздағы мәселенің жауабын өз жауаптарыңыздан таба аласыз. Коучингтің философиясы осында жатыр.

Сұқбат кейде жай әңгіме болуы мүмкін және кейде коучинг болуы да мүмкін. Коучинг болуы үшін сұқбат мынандай болуы керек:

  • сұқбат коучинг нысанын ауытқып кетпейді ме?
  • коуч адамға қатыснасы позитивті ме?
  • ақпаратты қабылдау мен сұрақ беру және талдау жасағанда тыңдау әрекеті дұрыс қолданылып жатыр ма?
  • сұқбат адамның тақырыпты талқылауда ынтасын арттырады ма?
  • сұқбат адамның ойлау жүйесіне, болашақта ісстейтін іс-әрекеттеріне әсер етеді ме?

Коуч немен жұмыс істейді:

  • клиенттің ішкі күшін арттырады;
  • клиенттің потенциалын арттырып, дамытады;
  • клиенттің жеке құндылықтарына негізделген мақсаттарды анықтау.

Коучинг нәтижесі:

  • сіз өзіңізге сенімді әрекет ете бастайсыз;
  • нақты әрі нәтижелі шешім қабылдайсыз;
  • жұмысты кейінге қалдырмайсыз;
  • сізді артқа тартатын істен бас тартасыз;
  • нәтижеге жету үшін ынталанып, қиындықтарды оңай еңсеретін боласыз боласыз;
  • сізге қажетті мақсаттарды коучтың көмегінсіз анықтайтын дәрежеге жетесіз.

Бүгінде коучингті негізгі үш бағытқа бөледі:

- Life-коучинг. Бұл коучинг түрінде адамның тұлға ретінде оны қоршаған ортамен байланысты белгілі мақсатқа жету мәселесі қарастырылады.

- Бизнес-коучинг. Бұл клиенттің кәсіп не ұйым аясында кәсіби немесе жеке жеткен жетістіктері барысындағы жасалған жұмыс. Бұл жұмыстың мақсаты - бизнестің нәтижесін жақсарту. Өйткені ол адамның өз қабілетін дұрыс қолдануына мүмкіндік береді.

- Корпоративті коучинг. Мұнда компания көздеген мақсатқа жету мен міндеттерді орындау алға қойылады. Корпоративті коучингті енгізу нәтижесінде жан-жақты жеңіске жетуге болады. Қызметкер де, басшы да өзіне керекті нәрсеге қол жеткізеді. Корпоративті коучингтің нәтижесінде компанияның табысы едәуір артады.

Коучингтің қалыптасуы мен дамуы бірнеше онжылдықта әртүрлі ғылымның әсерінен өзгеріске ұшырады. Тек 90-жылдардың ортасында жеке пән болып қалыптаса алды. Осы кезеңде болашақ коучтарды оқытатын кәсіби ассоциациялар пайда болды.

Харьковтағы Эриксон Университеті студенттеріне оқытылатын Эриксон коучингі адамдарды кез келген өмірлік өзгерістерге дайын болуды үйретеді. Заманауи технологиялар арқасында адамдар мақсатына жету үшін өз мүмкіндіктерін сынап көреді. Университетте коучингке оқыту онлайн тренингтер, мастер класстар, сессиялар арқылы жүзеге асырылады. Оқу аяқталған соң бітіруші міндетті түрде тест тапсырып, керекті межеден асса, сертификат алады.

Эриксон коучингі негізінде мынандай принциптер жатыр:

  1. системалық тәсіл. Коучт адамның тұлғалық тұрақтылығын сақтауға көмектеседі. Оған қоса өмірде болып жатқан өзгерістер өмірде өз ізін қалдырып жатқанын да үйретеді;
  2. ерікті түрде түсіну. Клиент пен коуч арасында қабылдау процесі жүреді. Осылайша адам өзін, өз өмірінің құнын түсініп, алға жоспар, мақсат қоя бастайды және мақсаттарға жетуге әрекет етіп, даму жолына түседі;
  3. зейінді клиентке аудары. Коуч клиентке өзі қойған мақсатқа жеткізетін бар қасиетті өз бойынан табуға көмектеседі;
  4. шешімге назар аудару. Коуч адамға бұрын алған тәжірибесін ұмытпауға, сәтсіздіктердің себебін іздеуді, шынайы мақсаттарына жетуді есіне салып отырады;
  5. құндылықтарға назар аудару. Осы принциптер аясында клиент өзгереді. Адам өміріндегі барлық сала дерлік өзгеріске ұшырайды. Мысалы, ол өзін басқаша ұстайды, жағдаяттарды басқаша шешеді, әдеттеріне дейін өзгеріске ұшырайды.

Халықаралық Эриксон Университеті өз бағдарламасында жүйелі ойлау әдістемесін алға тартады. Оған қоса, басқару, зерттеу және психолингвистика салаларында заманауи технологияларды қолданады.

Бұл университетте барлық адамға арналған сабақтар бар. Тақырыптары да әртүрлі:

  • Арнайы ата-аналарға арналған коучинг;
  • Коучинг негіздері және оны қолдану;
  • Коучингқа кіріспе, оның ерекшеліктері, құралдары, әдістемесі;
  • Сату өнеріндегі коучинг негіздері;
  • Кәсіби коучингтегі табыс кілті.

Берілген бағдарламалар адамның өмірінде дамуға мүмкіндік береді, кез келген мәселеден шығуды, маңызды шешімдер қабылдауды үйретеді. Коучингтан алынған білім адамға күнделікті өмірде пайда жарап жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коучинг әдістері
Студенттердің білімдермен алмасуы
Тәлімгерліктің ерекшеліктері
Коучинг бағдарламасын әзірлеу
Кембридж бағдарламасы бойынша мектепте өзгерістерді қалай енгізетін боламыз
Жетекшінің кәсіби құзіреттілігін коучинг арқылы дамыту және жолдары
Жетекшінің кәсіби құзіреттілігін коучинг арқылы дамыту мен жолдары
Мектепте өзгеріс еңгізу үшін көшбасшының іс-әрекеті
Жетекшінің кәсіби құзіреттілігін дамытуда коучингті қолдану бойынша ұсыныстар
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері мен тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz