Фотосхемалар мен фотопландарды құрастыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФАКУЛЬТЕТІ:ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ
КАФЕДРАСЫ: Кадастр және жерге орналастыру
Тақырыбы: Фотосхемалар мен фотопландарды құрастыру
Орындаған: Мұқанов Әділ
Тексерген: Кожахметов Б. Т
Алматы 2020
Фотосхемалар мен фотопландарды құрастыру
Фотоплан -белгілі бір аймақтың планға қойылатын талаптарға сай фотографиялық бейнесі. Фотоплан құрудың негізгі процесстері:
1. негіз дайындау
2. трансформацияланған түсірістерді дайындау
3. фотопланның монтажы
4 фотоплан тексерулері
5. фотоплан безендірілуі
Фотопланның монтажын солтүстік маршруттан, яғни солдан оңға қарай бастайды. Негіз ретінде алғашқы түсірісті алады. Анықталған ойық орталықтарына сай нүктелер арқылы оны грузиктермен бағыттайды. Осылайша негізге екінші түсірісті қояды да, екі түсірістің жабындысының ортасында контурлардың үйлесімін тексереді.
Фотосхема - деп пландық түсірістерден құралған жергілікті жердің фотограметриялық түсірісі аталады. Жазық жердің фотосхемасын жақындатылған фотографиялық план ретінде қарастыруға болады. Фотосхемлар далалық дешифрлеудің шолу мәліметтері, рельефті түсіру, геологиялық және географиялық зерттеу және инжинерлік жобалық жұмыстар кезінде қолданылады.
Фотосхема құрастыру:
Фотосхема деп жұмыстық аудандардан құралған жер бетінің фотографиялық көрінісін айтады. Фотосхеманың масштабы тұрақсыз болғандықтан оны пайдалану жерлерін зерттеп байқауда немесе жоғарғы дәлдікті керек етпейтін жұмыстарда ғана қолданады.
Фотосхемаларды құруда келесі процесстерді жүзеге асырады:
1. Түсірістің монтажы.
2. Түсірістің қимасы.
3. Түсірісті негізге жабыстыру.
4. Фотосхеманың дәлдігін бағалау
5. Фотосхеманы безендіру
Фотосхеманың дәлдігі фотопланның дәлдігіне қарағанда төменірек, және ол түсірістердің бұрылу бұрыштарына, жергілікті жердің бедеріне, ұшу биіктігінің ауытқуына, түсірістерді монтаждау кезінде кеткен ауытқуларға байланысты болып келеді. Бұл қателер кездейсоқ қателер болып саналады
Фотосхема маршрут санына қарай жеке және көп маршрутты болып және пайдаланылатын суреттерге қарай жанасулы және келтірілген болып бөлінеді. Келтірілген суреттер берілген масштабқа жақындатылған аэрофотосуреттерден дайындалады. Көп маршрутты фотосхемалар жерді пайдалану шекараларында трапеция немесе планшет көлемінде дайындалады.
Фотосхемалар жеке немесе біріккен суреттерді қырқу арқылы жасалады. Жеке суреттерді қырқу тәсілінде, жабу жолағының шамамен ортасынан, анық көрінетін бірдей контурлік нүктелерді тауып инемен тесіп белгілейді. Әр сурет бөлек контурлік жұп нүктелердің үстімен сызғыштың бойымен скальпелмен қырқылады. Қырқылған суреттерді резіңке желіммен қатты қағазға немесе картонға жабыстырады. Суреттердің қосылған жеріндегі көрініс әлементтерінің түйіспеушілігін суреттің жоғарғы және төменгі жағына бөліп үлестіреді.
Осылайша дайындалған фотосхема қырқу жолағының бойымен сәйкес нүктелер көріністерінің түйіспеушілігімен бақыланады. Кесіндінің шамасы 0. 5 мм аспауы керек. Нүктелердің түйіспеу көрсеткіші (дәрежесі) аэрофотоаппараттың көлбеу бұрышына, жер бедеріне, түсіру биіктігіне және құрастыру қателеріне байланысты болады.
Бақылап болғаннан соң фотосхеманың шеті түзетіліп қырқылады. Фотосхемада жұмыс ауданы, трапеция номенклатурасы немесе пайдалану жерінің аты, дайындау жылы, орташа масштаб және орындаушының аты-жөні көрсетіледі.
Біріккен суреттерді қырқу әдісінде қатар суреттерді бірінің үстіне бірін жабу жағымен туралайды. Суреттерді ауырлықпен бастырып, барлық аудан бойынша бірнеше анық контурлік нүктелерде инемен тесіп жабу сапасын бақылайды. Содан соң шамамен жабу жолағының ортасымен суреттерді қосып, скальпелмен қырқады. Қырқу ізі түзу немесе толқын тәрізді сызық болуы мүмкін (3. 1-сурет) . Қырқу кезінде ұзындық әлементтерді тік бұрышпен қиып өту керек және майда әлементерді айналып өтіп, бір түсті ірі әлементердің үстімен өткені дұрыс. Осылайша барлық суреттер қырқылады. Қырқылған суреттер қатты негізге жабыстырылады. Біріккен суреттерді қырқу әдісін бақылау үшін қалған қырқындыларды кесу сызығының бойымен орналастырып, бақылау нүктелерін тесу арқылы бақылайды.
. Фотосхемадағы нүктелер көрінісінің айырмашылығы
Көп маршрутты фотосхема дайындау жеке маршрутты фотосхемаларды қосудан тұрады. Екінші тәсілмен орындау жай, бірақ, дәлдігі жоғары. Радиобиіктік өлшегіш және статоскоп көрсеткіштері болмаған жағдайда үлкету коәффициенті карта бойынша анықталуы мүмкін.
Фотоплан деп ортогоналдық кескіндеуде және берілген масштабта жасалған жер бетінің фотографиялық көрінісін айтады. Фотопландар мемлекеттік бөлу рамкасында немесе ауылшаруашылық мекемелердің жер пайдалану шекарасында жасалады.
Көлбеу суреттерді горизонталь суреттерге келтіруге болады, егер олардың перспективалық бұрмаланушылығын жойсақ. Перспективалық бұрмаланушылықты жоюды трансформирлеу дейді. Трансформирлеу арнайы құралдар - жасалады
Егер жер бедеріне байланысты нүктелердің жылжуы 0. 4 мм асса, онда трансформирленген көрініс ортогональдық кескінге сәйкес болмайды, өйткені әр түрлі биіктікте орналасқан жер бетінің көрініс масштабы әр түрлі болады. Сондықтан барлық суреттерді бірдей масштабқа келтіру есебі туады. Көп жағдайда келтіру масштабы топографиялық масштаб болады. Бұндай есептер трансформирлеу кезінде арнайы технологиялық тәсілдермен шешіледі.
Суреттерді трансформирлеу үшін әр суретте координаталары белгілі төрт нүкте болуы керек. Суреттерді трансформирлеу үшін бұл нүктелердің биіктігі де белгілі болуы керек. Нүктелер жұмыстық ауданының бұрыштарында орналасады. Олардың координаталарын геодезиялық өлшеулер жүргізіп табады. Ондай нүктелерді негіз нүктелері дейді, ал оларды алуды - суреттерді байланыстыру дейді.
Егер байланыстыру жұмыстарының барлығы далада жүргізілсе ондай байланыстыруды - біріңғай байланыстыру дейді немесе сиректетіп байланыстыру тәсілі де қолданылуы мүмкін. Екінші тәсіл әкономикалық тиімдірек деп саналады. Байланыстыруды пландық және биіктік деп екіге бөледі немесе қатар орындалуы да мүмкін. Егер ондай нүктелер жеткіліксіз болса, онда фотограмметриялық құралдардың көмегімен фототриангуляция тұрғызып анықтайды. Сиректетіп байланыстыру тәсілінде трансформирлеу үшін жетіспейтін нүктелерді камералдық жағдайда фотограмметриялық құрылымның көмегімен (фототриангуляция) анықтайды. Қарапайым жағдайда бұндай құрылымдар арнайы аспабтардың көмегінсіз орындалады. Бұндай варианттағы фототриангуляция графикалық деп аталады. Графикалық фототриангуляцияда пландық координаталар ғана анықталады және оның дәлдігі төмен, сол себепті картографиялық өндірісте қолданылуы шектеулі. Көбінесе план және картаны түзету кезінде кейбір нүктелердің орынын анықтауда қолданылады
Пландық-биіктіктік толықтыру кеңістіктік триангуляцияның
көмегімен анықталады. Ол ұқсас, аналитикалық немесе ұқсас
аналитикалық варианттармен орындалады. Бірінші вариантта
фототриангуляцияны жүргізу үшін аналогті аспабтар қолданылады. Екінші вариантта суреттегі керекті нүктелердің координаталары стереокомпаратордың көмегімен өлшенеді, ал сурет координатасынан геодезиялыққа ауыстыру ӘЕМ көмегімен жүргізіледі. Үшінші вариантта тікелей фототриангуляциялық құрылымды бір-екі стереожұпта аналогті стереоқұралдың көмегімен, ал алынған моделді қосу аналитикалық тәсілмен жүргізіледі.
Аэрофототопографиялық өндірістің өнімі контурлық фотоплан немесе топографиялық фотоплан болуы мүмкін. Контурлік фотопланда тек жер жағдайын ғана көрсетеді, ал топографиялық фотопланда жер жағдайы және горизонтальдар көрсетіледі.
Фотопланды негіз ретінде пайдаланып горизонтальдар далада геодезиялық өлшеулер жүргізіп алынса, ондай түсірісті аралас түсіріс немесе камералдық жағдайда құралдардың көмегімен жүргізілсе, онда - стереотопографиялық түсіріс дейді. Соңғы тәсілде әр стереожұп үш-төрт тірек нүктелерімен қамтамасыз етілуі керек. Ондай нүктелер суреттерді байланыстыру кезінде анықталады.
Фотопланға жер жағдайын түсіру үшін фотографиялық көріністі тану, олардың орынын және сипаттамаларын анықтау сияқты жұмыстарды жүргізеді. Бұндай жұмысты аэрофототүсірісті дешифрлеу дейді. Топографиялық және ауылшаруашылық карталарды құрастыруда далада немесе камералдық жағдайда дешифрлеуді адам орындайды. Көбінесе аралас дешифрлеу тәсілі қолданылады, яғни, далалық және камералдық жұмыстардың жақсы жақтарының қосындысы.
Фотопланды қолдану арқылы жерге орналастыру жобасын
жер бетіне көшіру және жұмысы сызбасын құрастыру
Аэрофототүсіріс барысында жер бетінің перспективалық көрінісін алады. Жер бетіндегі барлық нүктелер аэропленка жазықтығында сызықтық перспектива заңдылығына сәйкес құрылады. Сол себепті көрініс нүктелері тік көрініске қарағанда біршама бұрмаланып түседі. Бұрмалау а Р бұрышына, Н және $ параметрлеріне және жер бедеріне байланысты болады.
Орталық кескін әлементтері
Сызықтық перспектива тұрғызу мынадай шарттарға байланысты болады: кескіндеу центріне (суретке түсіру кезінде кескіндеу центрінің функциясын АФА-ның объективі атқарады; көрініс тұрғызылатын жазықтық. Фотограмметрияда бұндай жазықтықты АФА-ның аэропленка жазықтығы атқарады; суреттің орнын, центрлік кескінді S және де басқа нүктелер мен сызықтардың кеңістіктегі белгіленген координата жүйесіндегі орны.
Енді кескіннің негізгі әлементтерін қарастырайық (11-сурет) :
-зат жазықтығы Е горизонталь деп шартты қабылданады;
-нақты горизонт жазыцтыгы Е кескіндеу орталығынан S зат жазықтығына Е параллель өтіп және сурет жазықығын Р нақты горизонт сызығы ћ і ћ і бойымен кесіп өтеді.
-сурет жазықтығы Р бос орналасады және өзінің созындысында зат жазықтығын а Р бұрышымен ТТ сызығы бойымен кесіп өтеді.
ТТ сызығын перспективаның осі немесе суреттің негізі деп атайды.
Суретте одан да басқа орталық кескіндеу әлементтері көрсетілген: О - суреттің негізгі нүктесі, бұл нүкте әр қашанда негізгі вертикаль сызығында жатады; f - суреттің фокус ұзындығы (f=S0) . Аэрофототүсіріс үшін аэрофотоаппараттың фокус ұзындығы; NS - зат жазықтығынан Е кескіндеу центріне Ј дейінгі биіктік; NS=H- суретке түсіру биіктігі. а Р - суреттің көлбеу бұрышы;
с - нольдік бұрмалану нүктесі, бұл нүкте бұрыш биссектрисасының сурет жазықтығымен қиылысқан жерінде жатады; п - надир нүктесі, бұл нүкте кескіндеу центрі S арқылы өтетін тік сызықтың сурет жазықтығымен қиылысқан жерінде жатады;
Негізгі нүктелердің орыны мынадай аналитикалық байланыспен анықталып фотограмметрияда қолданылады:
Кеңістікте нүктенің орыны, әдетте, ОіХҮТ, координата жүйесінде беріледі, ХҮ жазықтығы Е зат жазықтығымен, ал X және Ү координата бағыттары ҐҐ және ТТ сызықтарымен сәйкес келеді.
Зат жазықтығында немесе кеңістікте жатқан нүктенің перспективасын құру үшін сызықтық перспективаның негізгі заңдарын қолданады:
- кеңістіктегі А нүктесі суретте а нүктесі түрінде кескінделеді;
- А нүктесі, оның кескіні а және кескін ортасы S бір сызықтың бойында жатады, яғни, АSкескіндеу сәулесінде немесе оның созындысы Ја бойында;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz