Антика философиясындағы рух пен парасаттың космологизмі. Ибн-Сина рух туралы. Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі. Шәкәрім рух туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БОӨЖ №3
Тақырыбы:
Антика философиясындағы рух пен парасаттың космологизмі.Ибн-Сина рух туралы.Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі. Шәкәрім рух туралы

(реферат) керектісін жазасыз

Орындаған:Мұхамбет Д.
Тексерген:Игисенова А.
Антикалық философия (лат. antiquitas "ежелгі") - бзд. VIғ-да Сократқа дейінгі философиядан басталып, 529 жылы Афинада соңғы философиялық мектепті Император Юстиниан І жарлығымен жабылғанға дейін жалғасқан Ежелгі Грек және Ежелгі Рим философиясы (бзд. VІғ - VIғ). Дәстүр бойынша Фалес алғашқы антикалық философ, ал Боэций соңғы антиккалық философ саналады.

Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы реализмдік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын, түпнұсқа элементін табуға тырысты. Олар "дүние қалай пайда болды", "неден жаралды", "ең бірінші не пайда болды", "бәрінің негізі не" деген секілді сұрақтар қойды. Антикалық философтарды "натурфилософтар" деп те аталады, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра тұжырымдауға тырысты.

Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:

Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.
Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.
Әбу Әли Хусейн ибн Абдулла ибн Әли ибн Сина. Бұхара аймағының Афшина ауылында туылған. Содан кейін әкесімен бірге Бұхара қаласына көшіп барған. Жасы онға толмай жатып Құран мен әдебиетті үйренді. Әкесі Бұхараның қасындағы Хармисин деген ауылда шаруа болатын. Әкесі шииттердің исмаилия деген тармағына жататын. Олар өздерінің шежірелерін Исмаил ибн Жағфар ас-Садиққа тірейтін. Ибн Сина жастайынан олардың ақыл мен нәпсі туралы айтыс-тартыстарын естіп өсті. Олар арасында әкесі де бар оны өз топтарының пікірлерін ғана қабылдап, қалған топтардың сенімдерін мойындамауға шақыратын. Бірақ жас Ибн Сина олардың сөздеріне құлақ аса қоймайтын. Ақиқат туралы өзі ізденіп оқығанды қош көретін. Ғылым жолындағы ізденістері Содан кейін әкесі Ибн Синаның бір ғалымның үйіне әкеліп, оқуға береді. Ол ғалымның аты Абдулла ан-Нәтили болатын. Былайғы жұрт оны философ деп атайтын. Одан бұрын Ибн Сина Исмаил деген ұстаздан фиқһ ілімінен дәріс алды. Жас шәкірт қысқа мерзімнің ішінде фиқһ ілімін үйреніп қана қоймай, шариғат мәселелерін зерттеуде жаңа әдіс-тәсілдерін енгізіп, бұл ілімді жаңа деңгейге көтеріп, ұстазынан асып түсті. Ұстазы бір мәселе туралы айтса, ол мәселенің қыр-сыры мен анықтамасын одан гөрі айқынырақ жолмен жеткізетін. Исмаил ұстазы Ибн Синаға логика ғылымынан да дәріс берді. Бірақ бұл ғылымның ішкі сырларына дендеп ене алмай жалпылама таныстырумен ғана шектелді. Ұстазының бар білетіні сол болып шықты. Сондықтан да Ибн Сина логика саласында жазылған түсіндірме кітаптарын өз бетінше оқып, ақыры бұл ғылымды да жетік меңгерді. Источник: http:fatua.kzkzpostview?id=238
Ибн Синаның біздің заманымызға дейін 100 астам еңбектері жеткен. Ибн Сина дүниетанымының қалыптасуына философ әрі жаратылыстану ғылымдарының озық үлгілі бірлігі ретінде араб мұсылман әлемінде танымал болуына әл-Кинди мен әл-Фараби философиясының тікелей ықпал тигізгені белгілі [2].

Ибн Синаның философиялық шығармасы он сегіз бөлімнен тұратын Сауығу кітабы логиканы, физиканы, математиканы және философияны камтыған. Арабтар әлемінде Ибн Синаның аты кереметпен аталатын еді. Оны біресе философтар патшасы деп атаса, біресе дәрігерлер атасы деп дәріптеген. Философияда Фараби бағытын жалғастырғанымен араб перипате-тизмнің негізін қалаушы болды. Оның болмыс туралы ілімі материяны мәңгі жаратылыстан тыс құбылыс ретінде қарастырады. Алайда бұл қағиданы діни көзқарастармен байланыстыруға мәжбүр болған. Мысалы, ол құдайдың бар екендігіне шүбә келтірмейді. Дүние - шындықтың мүмкіндігі ғана. Ол уақыттан тысқары құдайдың жағдай туғызуына байланысты шындыққа айналады. Адамның рухын Ибн Сина дененің бейзаттық формасы ретінде қарастырады. Денелердің қайта тірілуі мүмкін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сана және бейсана. Тіл мен ойлаудың арақатынасын бағалау
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
РЕСЕЙДІҢ 18-19 ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ЖҮРГІЗГЕН ДІНИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Философидағы сана мәселесі
Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі
Философия ғылымының негізгі әдістері
Шығыс философиясы тарихындағы сенімнің орын алуы және еркін ойлау мәселесі
Тақырыбы: «орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар
Антика мәдениетіндегі философия
Орта ғасырлар философиясы
Пәндер