Этникалық ой-толғамдарды қалыптастыру тарихындағы ғұламалар идеялары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
«Ұлттық руханият» пәні бойынша ОСӨЖ №7
Тақырыбы: «Этникалық ой-толғамдарды қалыптастыру тарихындағы ғұламалар идеяларынанықтаңыз. Материалды кесте түрінде көрсетіңіз. »
Орындаған: «Есептеу технологиясы және бағдарламалық
қамтамасыз ету» мамандығының І курс студенті Тұрғали Ерсұлтан Оспанұлы
Пән оқытушысы: педагогика ғылымдарының магистрі
Р. Т. Сагадатов
Ақтөбе, 2020-2021 оқу жылы
Өткен ғасырлардағы ғалымдар мен ойшылдардың тарихи-педагогикалық идеяларын қарастыра келе, адам белгілі бір ұлтқа, қоғамдық қабатқа, мəдени дəстүрге, тарихи кезеңге қатысты болады, демек, ол əрқашан белгілі ұлттық топ өкілі болып қала береді деген қорытынды жасауымызға болады.
Адам өз өмірінің алғашқы сəттерінен бастап (оқушы кезін қосқанда) ешқандай бөлініп кете алмайтын арнайы мəдени дəстүрді игереді. Бұл аспект жоғары сынып оқушылары мінез-құлқының əлеуметтік-этикалық нормаларына да қатысты, адамның рухани дүниесі мектепте ғана қалыптаспайды, олар бастапқыда отбасылық дəстүр мен ортадан нəр алады. Мамандардың пікірінше, дұрыс мақсатты мектептегі оқыту жетістікке жетудің басты алғышарты ретінде тұлғаның адамдық рухының жоғары көрінісі болып табылатын ең терең қатпарларын аша білуі. Бұл дегеніміз - оның еңбек, азап, уайым, қоғамдық ізгіліктер, халықтық дəстүрге негізделген күнделікті тұрмыстағы тəжірибе, достықтағы, т. б. сəтсіздіктен жинақтаған тəжірибесі, өнер мен поэзияны сезінудегі, діни жəне ұлттық мерекеге терең берілудегі əсері жинақталатын күнделікті тұрмысы мен өмір сүру жағдайына үлкен көңіл бөлу қажет екендігін білдіреді.
Дала төсінде орналасқан көшпенді жəне жерге иелік еткен мыңдаған тұрғыны бар, сол кезеңдегі ірі сауда орталықтарының бірі көне Отырардан əл-Фараби секілді ойшыл-философтың шығуы кездейсоқтық емес. Жалпыадамзаттық мəдениеттегі көшпенді қыпшақтардың белсенді үлгісі ретінде 870-950-жылдары өмір сүрген əл-Фараби секілді ірі ғалымның өмірі мен гуманистік идеяларға толы қызметін атауға болады. Ғалым өмірі көпқырлы жəне «Мемлекеттік қайраткерлерінің қанатты сөздері», «Бақытқа жету жолында», «Дін туралы трактат», «Қайырымды қала тұрғындары туралы» жəне басқа да трактаттарында көрініс тапты. Əл-Фараби орта ғасырларда білімнің барлық саласында мол мұра қалдырып, Аристотельден кейінгі Екінші ұстаз атанды.
Қазақ халқының көшпенді тіршілігінен туындайтын ешкімге ұқсамайтын əлеуметтік- экономикалық, мəдени-тарихи, табиғи-климатты жағдайларының ерекшеліктерінде ұлттық сипат жинақталып, бала мен жастарды тəрбиелеу мен оқытуда өзіндік талаптары көрініс тапқан. Осы орайда С. Темірбеков былай деп жазады: «Ұлттық сипат - бұл халықтық ұлттық өзгешеліктері, ол халықтың мінез-құлық, іс-əрекет, қимылында, əсерленуі мен сезінуінен, сөйлеуі мен мəнерінен, тіпті адамдардың бір-бірімен жəне басқа халықтармен өзара қарым-қатынасынан, əңгімелесу ерекшеліктерінен көрініс табады.
Бұдан біз С. Темірбековтың халықтың негізгі құндылығы деп ұлттық сипатты бағалайтындығын көреміз. Ғалымның пікірінше, қазақтардың ұлттық сипатының қалыптасуындағы шешуші рөлді ұлан- байтақ дала, көшпенді өмір сүру ғұрыптары атқарды. Ұлы дaлaдa ғұмыp кeшкeн xaлқымыз киiз үйдe тұpып-aқ, өзiндiк мaтepиaлдық жəнe pyxaни мəдeниeткe, өзiндiк тұpмыcқa, caлт-дəcтүpлep мeн əдeт- ғұpыптapғa иe бoлғандығын білеміз. Көшпeндi өмip тipшiлiгi oлapды жapaтылыcты өзiншe тaнyғa қaлыптacтыpды. Дегенмен, қазақ халқының басты ұлттық құндылықтарын тізбелей отырып, зерттеуші олардың ішінде басқа халықтардың мəдени құндылықтарына бейімделу мүмкіндігін де ерекшелеп сипаттайды. Ол өз еңбегінде үнемі өзгеріп отыратын тіршілік əрекетіне бейімделуінің зор əлеуеті туралы пікірін айтады. Ол халықтың мұндай ерекшелігі тұрмыстық жағдайлардан туындаған деп санайды. «Біріншіден, - деп жазады ол, - шығыс халықтары бастапқыда табиғатпен етене жақын болды. Егер Батыста адамдар табиғатты өзіне бағындыру, өзіндік қажеттіліктерін өтеу үшін оған үнемі шабуыл жасаса, Шығыста адамдар табиғатпен ортақ тіл табыса білуге, оның тылсым сыйларын оған залал келтірмей пайдалануға ұмтылды. Бұл жағдайда табиғатқа адамдар бағынышты болмай, керісінше, табиғат оларға қызмет етті. Біздің ата-бабаларымыз да осындай болған» - деп тұжырымдайды.
Дала төсінде орналасқан көшпенді жəне жерге иелік еткен мыңдаған тұрғыны бар, сол кезеңдегі ірі сауда орталықтарының бірі көне Отырардан əл-Фараби секілді ойшыл-философтың шығуы кездейсоқтық емес. Жалпыадамзаттық мəдениеттегі көшпенді қыпшақтардың белсенді үлгісі ретінде 870-950-жылдары өмір сүрген əл-Фараби секілді ірі ғалымның өмірі мен гуманистік идеяларға толы қызметін атауға болады. Ғалым өмірі көпқырлы жəне «Мемлекеттік қайраткерлерінің қанатты сөздері», «Бақытқа жету жолында», «Дін туралы трактат», «Қайырымды қала тұрғындары туралы» жəне басқа да трактаттарында көрініс тапты. Əл-Фараби орта ғасырларда білімнің барлық саласында мол мұра қалдырып, Аристотельден кейінгі Екінші ұстаз атанды.
Əл-Фарабидің өмірі мен шығармашылық қызметі бізге көп мəдениетті немесе көптілді тұлға қалыптастырудың педагогикалық мүмкін екендігін дəлелдеп берді. Бұл жерде əл-Фарабидің тек туған жері Отырардың ғана емес, анағұрлым кең мəдени дəстүрлерді игергендігін атап өткен маңызды. Олай болмаған жағдайда оның есімі барлық адамзатқа танымал бола алмас еді. Ең алдымен ол өзінің туған халқының мəдени құндылықтарына бейімделіп, терең меңгеріп, содан кейін ғана өзінің танымдық қызметін анағұрлым кең мəдени сипатқа ие - араб тіліне ден қойып, таныды. Мұсылман əлемінде жалпы мойындалған араб тілі оған ғылым шыңына шығуына мүмкіндік берді. Əсіресе бүгінгі таңда əл-Фараби саяхаттары оның халықтық қарым-қатынастарының шегін айқындап, бірден көптеген тілдерді табиғи меңгергендігін айғақтайды. Сондай-ақ сол кездегі Отырар орта ғасырдағы Қазақстан үшін тек жалғыз мəдени ошақ емес еді.
Қазіргі таңда тарихшылар, философтар, əлеуметтанушылар мен мəдениеттанушылар Отырар секілді Сығанақ, Тараз, Түркістан, Меркі, тағы басқа қалаларда өнер мен ғылым, мəдениеттің, шаруашылықтың белсенді дамып, ерте түркі жазуының қалыптасуы өзара мəдени байланыстарды қалыптастыруға, адамдарға жалпыхалықтық құндылықтар шеңберінде ортақ əрекет етуге мүмкіндік бергендігін дəлелдеуде. Бұл жерде Х-ХI ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстанның мəдени дамуының негізгі ерекшеліктері жалпыадамзаттық мəдениетке ұмтылу, араб, грек, үнді мəдениеттерінің жетістіктерін кең тұрғыда сезіну болғандығын ескерткен жөн. Əл-Фарабидің көптеген шығармаларынан «Философиялық трактаттар», «Əлеуметтік-этикалық трактаттар», «Музыка туралы» жəне т. б. ) бұл өңір өкілдерінің əмбебап, энциклопедиялық ойлау қабілетіне ие болғандығын байқауға болады. Ибн-Сина, Бируни, Хорезми, Дулати жəне т. б. секілді əл-Фараби ізбасарлары болған көптеген ғалымдар ұлы өркениетіне жетудің үлгісін көрсетіп, жаңа ілімдер қалыптастыруы да кездейсоқтық емес.
Əл-Фараби арқылы барлық араб Шығысы ерте грек философиясын ана тілінде оқуға мүмкіндік алып, риторика мен шешен сөйлеудің ерекшеліктерін, өлең құрамын, жалпы айтқанда, жан-жақты білімділіктің ажырамас сапасына айналған біліммен қаруланды.
Ғалым адамның өз алдына қойған мақсатына жету үшін біліммен қатар басқа адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алуы, тəжірибе жинап, тұлғааралық байланыстар жасау қабілетіне ие болуы тиіс деп санады. Қаланы əл-Фараби жай ғана қоныс, тұрғын жер деп түсінбей, оны адамдардың мəдени топтары, мемлекет мағынасында қолданады. «Парасаттылықты адамдармен өзара қарым- қатынас тəжірибесімен келетін ұлы күш» деп сипаттады.
ХІ-ХІІ ғасырларда Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмед Иүгінеки, Қожа Ахмет Ясауи, тағы басқа этикопедагогикалық трактаттары кең таралды. Бізге алғаш жеткен Орта Азия мен Қазақстанның түркі тілдес халықтарға ортақ мұра болып саналатын, сол кезеңдегі діни əдебиет ескерткіші - Ж. Баласағұнның «Құтты білігі» болды. Бұл трактатты зерделеу арқылы еңбектің тек адам өміріндегі білімнің рөлі мен бақыт туралы ойлауға ғана арналмағанын айқындадық. Сонымен қатар ең алдымен қоғамның түрлі топтары өкілдерімен қарым-қатынас жасау өнетін жан-жақты мазмұндауымен құнды. Ал, бұл ұлтқа, түрлі халықтың өкілдерімен қарым-қатынас жасап, сыйлау, адамшылық көрсете білуді талап ететін оқушының көп мəдениеті құзырлылығын қалыптастырудың алғышарты болды.
Бұл, ойшыл пікірінше, түрлі мəдениеттердің өзара сыйластығы, бейбітшілік пен келісім үшін іргетастың қалануына мүмкіндік береді. Ойшыл бұл тұрғыдағы тұжырымдарын «Сыйластық пен құрметті» танығың келсе, адамдарды сыйластық пен құрмет етуге ұмтыл», - деген нақыл сөзімен қорытады.
Ж. Баласағұн ұлы ойшыл ретінде адамдарды ашықтыққа, айналамен қарым-қатынас жасауда шынайы болуға үгіттеді. «Сөйлегенде сөзің ұнамды, жүзің ашық болсын» идеясы бүгінгі таңда да өз өзектілігін жоймай келеді [6] .
Бұған қоса Қазақстан ғылымы дамуында ұлы дала ойшылы, «Диуани-лұғат-ат-түрк» атты ертедегі түркі ескерткішінің авторы М. Қашқариді атап кеткен жөн. Еңбек 1804 жылы Венгр ғылым академиясында тұңғыш жарияланды. Сөздікті кезең энциклопедиясы деп санауға болады. «Түркі тілінің сөздігі» - Орта ғасырдағы Азия мен Қазақстан халықтары достастығы, əлеуметтік жəне мəдени өмірінің түрлі салалары туралы алғашқы деректер көзі
Бұл, ойшыл пікірінше, түрлі мəдениеттердің өзара сыйластығы, бейбітшілік пен келісім үшін іргетастың қалануына мүмкіндік береді. Ойшыл бұл тұрғыдағы тұжырымдарын «Сыйластық пен құрметті» танығың келсе, адамдарды сыйластық пен құрмет етуге ұмтыл», - деген нақыл сөзімен қорытады.
Ж. Баласағұн ұлы ойшыл ретінде адамдарды ашықтыққа, айналамен қарым-қатынас жасауда шынайы болуға үгіттеді. «Сөйлегенде сөзің ұнамды, жүзің ашық болсын» идеясы бүгінгі таңда да өз өзектілігін жоймай келеді [6] .
Бұған қоса Қазақстан ғылымы дамуында ұлы дала ойшылы, «Диуани-лұғат-ат-түрк» атты ертедегі түркі ескерткішінің авторы М. Қашқариді атап кеткен жөн. Еңбек 1804 жылы Венгр ғылым академиясында тұңғыш жарияланды. Сөздікті кезең энциклопедиясы деп санауға болады. «Түркі тілінің сөздігі» - Орта ғасырдағы Азия мен Қазақстан халықтары достастығы, əлеуметтік жəне мəдени өмірінің түрлі салалары туралы алғашқы деректер көзі.
Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихында ХІІ ғасырда өмір сүрген ақын, ойшылы А. Иүгінекидің өмірі мен қызметі үлкен маңызға ие. Ахмед Иүгінеки өз уақытында адамдық идеясын көрсете алады. Бейбітшілік пен келісімнің, жас ұрпақ тəрбиесінде өзінің ақыл-ойымен дараланды.
«Адамның жүрегін қайырымды істеріңмен жаулап алу үшін өмір сүр» қанатты сөзі бүгінде де өскелең ұрпақ тəрбиесінде зор маңызға ие
Өзінің «Ақиқат сыйы» атты тəлімдік поэмасында сол кездегі адамның моральдық-этикалық ерекшелігін атап қана қоймай, пайдалы кеңестер береді. Өскелең ұрпақты тəрбиелеу мен адамның мінез-құлқын басқару, жағымсыз жақтарын өзгертуде адамның сабырлы болуы қажеттігін, ізгі істер атқаруы тиіс екенін жеткізеді. «Қайғы-азап өтеді, сабырлы бол, бақыттың келуін күт» деп тұжырымдады.
Сопылық поэзия өкілі, ақын, ХІІ ғасырларда өмір сүрген А. Ясауидің де өмірі мен қызметінің маңызы зор болды. Өзінің «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») атты трактатында адамгершілік тұрғыда жетілу жолдарын нұсқап, достықта сабырлы болуға, жан тазалығына шақырды.
«Барлығымен достық қатынаста бол, олар үшін өзінің таза жаныңды құрбан ет» деді.
Айтылғандармен қатар, осы кезең ескерткіші, мол мұрасы деп ХІV ғасырда өмір сүрген С. Сараи өмірі мен шығармашылығын атауға болады. Ақын-лирик, жазушы-аудармашы этика-педагогикалық мазмұнды насихаттауда үлкен орын алды. Оның поэмалары қызықты қанатты сөздерге толы болды.
«Егер бірлесе əрекет етсе, құмырсқа да арыстан терісін сыпыра алады» секілді нақыл сөздерінің дидактикалық мазмұны өте терең, əрі көп идеялы болды. 1391 жылы 70 жастағы Сараи парсы ақыны Сағдидың «Гүлистан» деген поэмасын түркі тіліне аударды. Бұл шығарманы аудару барысында да адалдық, шынайылылық, жомарттықты терең сөз етті. «Егер ұлылық күтсең, жомарт бол, жомарт бол, сонда ғана қайырымдылық пен мейірімділік, еңбек пен парасаттылық биігіне көтеріле аласың», - деп тұжырымдады.
Асан Қайғы - жырау, халықтық дəстүрмен өмір мəні, қайырымдылық пен зұлымдық, жақсы жəне жаман адам туралы толғанады. Өз халқын бейбіт, ортақ келісімге, адал, қайырымды, ақылды, парасатты болуға шақырады. Асан Қайғы есімі тек Қазақстанға ғана емес, қырғыз, қарақалпақ жəне т. б. белгілі болған. Жерұйықты іздеп жүріп, Асан Қайғы əр жердің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты көптеген сөздер жазып қалдырған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz