Болашақ мамандардың құзырлығына қойылатын талаптар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Орындаған: Нұрбол Замира тх-41
Тексерген: Оразбекова Р.С

Болашақ мамандардың құзырлығына қойылатын талаптар
Егер мұғалім он бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол - нағыз ұстаз
(Л.Толстой)

Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби: Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер - білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек - деген еді. Осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі - ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.

Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруға тиісті. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу үшін, мұғалім - қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік - экономикалық, педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан - жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы қажет. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы - оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл жағдайда мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Қазіргі заман талабына сай ойшыл, ғылыми-әдістемелік біліммен терең қаруланған, педагогика мен психологияны жетік меңгерген шебер мұғалім қажет.

Білім - адамның сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, біздің жағдайымызда, ол - педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сол себепті біз адамды оның өмір сүру барысында өзгере алатын, оған өзінің әлеуеті жететін ашық жүйе ретінде қарастырамыз. Ал ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, адамды - маман тұрғысынан қарау біліктілік ұғымына шығарады. Біліктілік - бұл білімді меңгерудегі, тәжірибедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.

Көне грек философы Платон өз кезінде танымды, білім алуды еске түсіру деп түсінген екен: білім әр адамның бойында, ол туа біткен қасиет, таным мақсаты тек сол білімді еске түсіруде.Бұл ұстаным ұстаздан шәкіртке білімді тасымалдаудың мүмкін еместігін аңғартады: әрбір адам өздігімен білімді игермесе, яғни есіне түсірмесе , ол ешнәрсеге де үйрене алмайды. Шындығында да өзінде бар білімді ұстаз шәкірттеріне дайын күйде беретін болса, оның бұл ісінен мардымды нәрсе шығар ма екен? Халқымыздың Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас деген аталы ұғымы осындай жайтты меңземей ме?

Білім сапасы - мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету керек екенін мемлекеттік стандарттар, бағдармалар белгілейді. Ал, қалай оқыту керек? деген сұраққа жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көре алуынан, баланың әрекетін ұйымдастыра алатын шеберлігінен іздеу керек. Қазіргі заманда әлемдік оқу үрдісінің өзегі инновациялық технологиялар екені мәлім. Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқытудың модульдік, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлі саралап оқыту және т.б. технологиялардың стратегияларын мұғалім өз шығармашылығы, ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне орай іріктеп қолдануды талап етеді. Ақпараттық, оқытудың инновациялық технологиялары арқылы барлық балалар мен жастарға бірдей білім беруге және ол әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін, өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндіктерін береді.
Білім беру сапасының критерийлері:
1. мұғалімнің кәсіби шеберлігі
2. мұғалімнің білімділігі
3. мұғалімнің тәжірбиесі
4. мұғалімнің бәсекеге қабілеттілігі
5. білім беру сапалылығы
6. еңбектің тиімділігі
7. әдістемелік жұмыстағы шеберлігі
Нарық жағдайының қалыптасуына қарай әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін жетілдіруде өзінің стратегиясын құра білуі қажет.

Нарық жағдайындағы мұғалімдерге қойылатын талаптар:
:: мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігі
:: білім беру жүйесінің сапалылығы
:: мұғалімнің кәсіби шеберлігі
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі - бұл оның кәсіби және жекелік сапаларының жоғары деңгейін көрсететін жалпылама сипаттама.
Оның құрамына:
- мұғалімнің мәдениет адамының өкілі ретіндегі жоғарғы жеке сапалары;
- кәсіби-педагогикалық құзырлылығы;
- педагогикалық ықпал етудің және қазіргі оқытудың технологияларын білуі;
- өзін-өзі шығармашылықпен дамыта, іске қоса алуы;
Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын баспалдақ - кәсібилік. Қоғамның жаңаруы мен дамуы барлық саладағы оның азаматтарының кәсібилілігіне байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А.К. Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің мына төмендегі психологиялық критерийлерін анықтаған:
1.Объективті критерийлерге: мұғалімнің өз мамандығына сәйкестігі, сан және сападағы жоғарғы еңбек көрсеткіші
2.Субъективті критерийлерге: адамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесіндегі қазіргі сабақты ұйымдастыру
Мұғалімдерге қойылатын қазіргі талаптар
Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті
Білім беру жүйесін жаңа әдістік технологиямен қамтамасыздандыру
Кітапхана ісін жоспарлау аймақтық кітапхана
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлығын қалыптастыру
Білім беруде ақпараттық технологияның маңызы
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануда пән мұғалімдерін дайындау
Заманауи педагогикалық технологияларының пәні және міндеттері
Кітапхана білім жүйесі
Пәндер