Әлеуметтік-психологиялық климат ұғымына сипаттама


1. 2. Әлеуметтік-психологиялық климат ұғымына сипаттама
XX ғасырдың 30-жылдары пайда болған «адами қатынастар» мектебінің негізін салушылар Э. Майо мен Ф. Ротлисбергер өндірістің «таза физикалық қажеттіліктері» жұмысшының әлеуметтік-психологиялық жағдайы мен әл-ауқатына қарағанда маңызды емес деп жазады. Олардың бұл тұжырымы әлі күнге дейін мәнін жоғалтпай келеді. Ұжым мүшелерінің жұмыла әрекет етуі ұжымның жалпы қызметінің тиімділігін арттыруға, жұмыс процесінің және жұмыс нәтижелерінің оң сипатта болуына ықпал етеді. Ол үшін қызметкерлерлер үшін қанағаттанарлық жағдайлар туғызу шарт. Ұжым мүшелері жұмыс жасайтын орынның санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы, яғнни жұмыс орнының температурасы, ылғалдылығы, жарықтандырылуы, бөлменің кеңдігі, жұмыс жасауға ыңғайлылығы және т. б. тиісті норма шеңберінде болуы тиіс. Осындай жұмыс жасауға қолайлы жағдайда ұжым мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынас сипатына, ондағы адамдардың көңіл-күйіне үлкен мән берілуі керек. Ұжымның психологиялық күйін сипаттау үшін «әлеуметтік-психологиялық климат» ұғымы қолданылады. Бұл ұғымның мынадай синонимдерін жиі кездестіруге болады: «психологиялық атмосфера», «әлеуметтік атмосфера», «ұйымдағы климат» және т. б.
Ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатының маңызды құрамдас бөлігі оның мазмұндық жағы, яғни топ мүшелерінің әрқайсысын не қанағаттандыратын немесе не қанағаттандырмайтынын білу маңызды. Бұл климаттың қолайлылық дәрежесіне мониторинг жүргізу үшін қажет. Әлеуметтік-психологиялық климат тақырыбын зерттеуде айрықша үлес қосқан зерттеушілерге Ф. Тейлор, К. Левин, А. М. Омаров, Т. С. Кабаченко, Ю. А. Шерковин сияқты ғалымдарды жатқызуға болады. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатын «бір топтың іс-әрекеті мен қызметінің ерекшеліктерімен анықталатын ұжым жағдайы» деп анықтауға болады. Бұл топ мүшелерінің психологиялық, әлеуметтік және ақыл-ой бағыттарының, өзара қарым-қатынастарының, бейімділіктері, эмоциялары мен пайымдауларының өзіне тән қосылысы. Бұлардың бәрі әлеуметтік-психологиялық климаттың компоненттері.
Ұжымның әлеуметтік-психологиялық климаты қолайлы және қолайсыз болуы мүмкін. Оның қолайлылық дәрежесін бағалау жағымдылық белгілерін нақты анықтауды қажет етеді. Бірінші белгісі әлеуметтік-психологиялық климатты зерттеу тәжірибесінде кеңінен қолданылатын «қанағаттанушылық - қанағаттанбауды» бағалау болса, екіншісі - «қанағаттану - қанағаттанбауды» не тудыратынын анықтау. Бұл тұрғыда абсолютті «қанағаттанушылық“, болмаса абсолютті «қанағаттанбау» болуы мүмкін емес екенін ескерген жөн.
Қолайлы әлеуметтік-психологиялық климатта оптимизм, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың қуаныш әкелуі, сенімділік, қорғаныс сезімі, қауіпсіздік пен жайлылық, ұжым мүшелерінің бір-біріне қолдау көрсетуі, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы жылулық пен ізгілік, олардың бір-біріне деген жанашырлығы, қарым-қатынастың ашықтығы, ертеңге деген сенімділік, жақсы көңіл-күй, еркін ойлау қабілеті, шығармашылық, интеллектуалды және кәсіби тұрғыдан өсу, кәсіпорынның дамуына үлес қосу жатады. Мұндай белгілер бар ұйымда даму байқалады, қызметкерлер жұмыс барысында қандай да бір қателіктерге жол берген жағдайда жазадан қорықпайтындай жағдай туады.
Ал керісінше қолайсыз әлеуметтік-психологиялық климатта пессимизмге, ашуланшақтыққа, марғаулыққа, зерігуге, топтағы қатынастардың шиеленісуге және ұжым мүшелерінің бір-бірімен қақтығысуына, сенімсіздікке, қателік жасаудан немесе жаман әсер қалдырудан қорқуға, жазадан қорқып, қандай да бір әрекеттен бас тартуға, түсінбеушілікке, кей адамдар арасында дұшпандыққа, күдікке, бір-біріне деген сенімсіздікке жол беріледі. Мұндай климатта қызметкерлер бірлесе әрекет етіп, жұмыс өнімділігін арттыруға күш салуды қаламайды. Мұндай ұжымда ұйым жалпы тұрғыда дамымайды және де жұмысы қанағаттандырмайтын күйде болады.
Әлеуметтік-психологиялық климатта ұжымның мүшелерінң өзара әрекеттестігінде жеке тұлғаның ұжымдағы климатқа ықпалы зор. Мысалы, көпшіл, тәртіпті, өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, кішіге құрмет, үлкенге ізет көрсете алатын, әділ, кешірімді ұжым мүшесі жағымды климат қалыптастыруға елеулі ықпал етсе, керісінше, менмен, тәртібі көңіл толтырмайтын, жауапсыз, адами құндылықтарға зәру, кекшіл ұжым мүшесі жағымсыз климат орнатуы мүмкін.
Ұжымның әлеуметтік-психологиялық климаты ондағы адамдардың бір-бірімен рухани жақындығына, бір -біріне деген қамқор көңілдеріне, мінездері мен қызығушылықтарының, бейімділіктерінің сәйкес келуінен туындайтын ұжымдағы психологиялық қарым-қатынастардың белгілі бір эмоционалдық бояуларына байланысты.
Ұжымды зерттеген ғалымдар ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатының екі жақты сипатын ашып көрсетеді.
Бір жағынан, әлеуметтік-психологиялық климат топтық санадағы қоршаған ортаның, әлеуметтік жағдайлардың элементтерінің тұтас жиынтығын көрсетеді.
Екінші жағынан, өмірдегі объективті және субъективті факторлар топтың санасына тікелей және жанама әсер етеді, осының нәтижесінде әлеуметтік-психологиялық климат пайда болып, ол салыстырмалы түрде алғанда дербестікке ие болады, ұжымның объективті сипаттамасына айналады. Осылайша ол ұжымның қызметі мен жеке адамдарға кері әсер ете бастайды.
Әлеуметтік-психологиялық климат бір орында тұрақтап тұрмайды, ол- динамикалық процесс. Бұл құбылыс ұжымның қалыптасу процесінде де, ұжымның өз қызметін атқарған жағдайында да көрініс алады.
Зерттеушілердің пікірі бойынша ұжымның қалыптасу процесінің екі негізгі кезеңі бар:
Қалыптасудың бірінші кезеңде эмоционалдық факторлың рөлі басымырақ болады. Бұл кезеңде психологиялық бағдар жасалып, байланыс орнатылады және ұжым мүшелері арасында жақсы қарым -қатынастардың қарқындылығы байқалады. Екінші кезеңде когнитивтік, яғни таным процестері алға шыға бастайды. Екінші кезеңде ұжымның әрбір мүшесінің эмоционалдық қарым-қатынастың нақты қатысушысы ғана емес, сондай-ақ қандай да бір жеке қасиеттердің, әлеуметтік нормалардың иесі ретінде танылады.
Зерттеушілер тура осы кезеңде жалпыға тән көзқарастар, адами құндылық бағдарлары, нормалары және белгілері пайда болатынын айтады.
Ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатының бір орында тұрмайтынын, яғни динамикалық құбылыс екенінен танытатын тағы бір нәрсе - бұл «климаттық ауытқушылықтар».
«Климаттық ауытқушылықтар» дегеніміз - ұжымдағы эмоционалдық көңіл-күйдің адам жаратылысында болатын тұрақсыздығы, яғни ауытқуы, ұжымдағы көпшіліктің көңіл-күйінің қандай да бір уақыт аралығында көтеріңкі немесе жабырқау фазасына өтуі. Мұндай өзгерістер бір күн ішінде немесе одан да ұзақ уақыт аралығында болуы мүмкін. Бұл ұжымдағы адамдардың бір-бірімен өзара әрекетке түсу жағдайларының өзгеріске ұшырауы немесе қоршаған ортаның өзгеруіне тікелей қатысты. «Климаттық ауытқушылықтың» кез-келген құбылыс сияқты екі жағы, яғни жағымды және жағымсыз жақтары болады. Кейде бұл ұжымның қызметіне кері әсерін тигізсе, кейде оған игі ықпал етуі мүмкін.
Ұжымдағы атмосфераны жанама түрде бағалауға мүмкіндік беретін белгілер бар. Ондай белгілерге кадрлардың тұрақтап қала алмауын, еңбек өнімділігін, өнімнің сапасын, жұмысқа келмей қалу және кешігіп келу жиілігін, қызметкерлер мен клиенттерден түскен шағымдардың санын, берілген тапсырманың мерзімінде немесе кеш аяқталуын, еңбек құралдарына ұқыпты немесе немқұрайы қарау, жұмыстағы үзілістердің жиілігін жатқызуға болады.
Ұжымдағы қарым-қатынастың сипатын мақсатты түрде реттей алатын адам басшы болып табылады, яғни әлеуметтік-психологиялық климатқа әсер ете алады. Ол үшін оның қалыптасу заңдылықтарын білу және басқару қызметін әлеуметтік-психологиялық климатқа әсер ететін факторларды ескере отырып жүргізуі қажет.
Ұжымның әлеуметтік-психологиялық климаты әрқашан ұжым мүшелерінің әрқайсысының, адамдардың бірлескен қызметіне тән жеке тұлғаның психикалық-эмоционалдық жағдайының атмосферасымен сипатталады және сөзсіз өз айналасындағы адамдардың жалпы жағдайына байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, кез-келген қоғамдастықтың немесе топтың атмосферасы ондағы адамдардың психикалық көңіл-күйінің қандай сипатта болуы арқылы анықталады. Олардың көңіл-күйінде белсенділік немесе ойшылдық, көңілділік немесе пессимизм, мақсаттылық немесе анархия, күнделікті немесе мерекелік және тағы басқадай болуы мүмкін.
Тек социологияда ғана емес, психологияда да әлеуметтік-психологиялық климаттың негізгі құрылымы көңіл-күй болып табылады деген көзқарас қалыптасты. Кеңестік дәуірдегі белгілі психолог К. К. Платоновтың пікірінше, әлеуметтік-психологиялық климат (топты айқындайтын қасиет ретінде) топтың ішкі құрылымының маңызды компоненттерінің бірі ондағы адамдар арасындағы қатынастармен анықталады.
Ұжымның климаты - өзінің бүкіл қызметінде әртүрлі формада көрініс табатын ұжымның басым және салыстырмалы түрде тұрақты психикалық көңіл-күйі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz