Есту қабілеті зақымданған балаларға көмек көрсетудің педагогикалықпсихологиялық негіздері


Абдуалиева Камила
Кя 18/1
Есту қабілеті зақымданған балаларға көмек көрсетудің педагогикалық- психологиялық негіздері
Сөйлеу тілі есту қызметінің нашарлауына тікелей тәуелді. Естімейтін балалар нашар еститіндерге қарағанда даму деңгейі төмен. Естімейтін балалар сөйлеу тілін арнайы оқыту барысында ғана меңгереді, ал нашар еститіндер өздерінің есту қызметінің қалдығы көмегімен, сөздік қорын аз да болса жинай алады. Педагогикалық дерісті дұрыс ұйымдастыру үшін сөйлеу тілінің деңгейін, арнайы білім беру мекемесін анықтау мақсатында есту қызметінің деңгейін білу қажет. Сөйлеу тілінің дамуына есту қызметінің бұзылу уақыты үлкен әсер етеді. Есту қызметі бала өмірінің қай кезеңінде болмасын бұзылуы мүмкін, сөйлеу тілінің деңгейі де осыған байланысты болады. Есту қызметі қанша ерте бұзылса, сонша сөйлеу тілінің деңгейі төмен болады. Мектеп жасына дейінгі нашар еститін балалардың сөйлеу тіл деңгейінің диапазоны кең: бала нақты заттарға қатыстырмай, жеке буындарды айтып, былдырлағаннан қысқа сөз тіркесіне тіпті аграмматизмді және онсыз сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлеу тілін меңгерген болуы да мүмкін. Бірақ есту қызметі бұзылған бала қарым-қатынастық сөйлеу тілі дамыған кезде де оның тілінде өзіндік ерекшеліктері болады. Дыбысталудың өзіндік бұзылушылықтары болады («жазылған» артикуляция, екпінді бұрып айту және т. б. ) . Нашар еститін балаларда пассивті және активті сөздігінің көлемі қатысты, ал есту қызметі қалыпты мөлшерде пассивті сөздік қорынан әлде қайда басым болады. Есту қызметі бұзылған бала өзі сөйлеу тілінде қолданатын сөздерді ғана жақсы түсінеді. Бұл балалардың сөздігінде жалпы мағыналы сөздер болмайды (керемет, жеңіс, арман, еркін, байсалды және т. б. ), сол сияқты бүтіннің бөліктерін білдіретін нақты сөздер де бар. Бала ұқсас заттардың атауын білмейді. Мысалы, үй деп шалашты да, ит үйшігін де атайды. Сол сияқты мағынасы мен дыбысталуы, ұқсас сөздерді ауыстырады (бақ-гүлзар және т. б. ) . Мағынасы ұқсас сөздер лексиконында қажетті сөздер болмағандықтан, есту қызметі көмегімен ажырата алмағандықтан акустикасы ұқсас дыбыстарды шатастырады. Сөйлеу тілінің тәжірибесінің аздығы, сөздік қорының таяздығы және сөздің басы мен аяғын толық естімегендіктері тілдің грамматикалық құрылысын меңгеруге әсер етеді. Жиі кететін қателіктері тоқталып өтейік: - синтаксистік байланыстың үйлесімділігі мен ережесінің бұзылуы; - артық шылау сөздерін қосу, ауыстыру, қоспау; - септік жалғауларын шатастыру; - сөздерді дұрыс қолданбау; - сөйлем мүшелерін тастап кету. Нашар еститін балаларда сөздің дыбыстық құрамы туралы нақты түсініктері болмайды, бұл олардың дыбысты айтуы мен жазуынан байқалады. Бала сөзді бұрыс естігендіктен сөздерді өзгерген түрінде естерінде сақтайды, сондықтан да оны қате айтып, жазады. Жиі кездесетін қателіктер түрі: - дыбыстарды араластырып жіберу (қатаң-үнді, ұяң және т. б. ) ; - аффрикат; - дыбыстарды тастап кету; - дара дыбыстардың орнын ауыстыру және қосу; - сөздің екпін түспейтін бөлігін тастап кету. Бала қаншалықты кіші болса, оның арнайы сабақ «өтілі» соншалықты аз, сондықтан да жіберетін қателері де көп болады. Сөйлеу тілінде синтаксистік құрылымдарды пайдалану, оның сөйлеу тілінің дамуына тәуелді болады. Нашар еститін балалардың дауыс реңі кедей, сөйлеу тілі бірқалыпты, айқын емес, көңілсіз болады. Балалар жиі қайталап сұрайды, айтқан адамның артикуляциясын бақылайды. Балалардың көп бөлігі сөзге түсетін екпінді дұрыс қоя алмайды. Ұсынылған әдістеме нашар еститін мектепке дейінгі балалардың сөздік қор көлемін, өзіне айтылған сөзді түсінуін, байланыстыра сөйлеу тілінің даму деңгейін анықтауға бағытталған.
Мектеп жасындағы балалардың есту қызметін тексеру Бұл тексеруге бірнеше сөздер тізімі ұсынылады, әрбір нұсқада жоғары және төменгі жиіліктегі сөздер кездеседі. Сөздердің дәйектілігі - берілуге арналған, қайталанатын, бірақ дара сөздер (бірден төртке дейін) әр түрлі тізімде кездесуі мүмкін, бір сөздің реттік нөмірі 10 сөздің арасында бір реет қайталанады. Мектеп оқушыларының есту қабілетін тексеру мектепке дейінгі балалардың есту қызметін тексеру әдісіне ұқсас. Берілген сөз әрбір құлаққа кезекпен қайталанады. Есту кемістігі бар баланы психологиялық-педагогикалық тексеру оның даму еркшеліктерін Жан-жақты тексеруді қамтамасыз ететін психологиялық тексеру кешенінің бір бөлігі болып табылады. Баланы психологиялық - педагогикалық тексерудің негізгі мақсаттары: баланың психикалық даму деңгейін анықтау, психикалық күйінің қалыптасу ерекшеліктерін жіктеу, психикалық дамудың бұзылу түрі мен деңгейін анықтау. Психологиялық - педагогикалық тексеру міндеттері: Баланың сезімдік және коммуникативті даму деңгейін анықтау және мінездеме беру. Сенсорлық және қимыл-қозғалыс қызметтерінің даму деңгейін анықтау және мінездеме беру. Ақыл-ой және сөйлеу тіл деңгейін (сөйлеу тілінің психологиялық қызметін зерттеу) анықтау және мінездеме беру. Оқу және ойнау, манипулятивті, заттық қызметтерінің даму деңгейін анықтау және мінездеме беру. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау деңгейін анықтау және мінездеме беру. Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасқа мінездеме беру. Психикалық дамуды бағалау, баланың өз мүмкіндіктерін, сол сияқты түзету көмегінің жағдайы мен жолдарын анықтау. Балаға түзете көмек көрсететін ата-аналарға, мамандарға арналған нұсқауларды жетілдіру. Психологиялық-педагогикалық тексерудің негізгі әдістеріне бала анасымен әңгіме (сұрау), баланың психологиялық жағдайын бақылау және зерттеу жатады. Баланың анасымен әңгімелесу баланың психикалық және сөйлеу тілінің дамуы туралы нақты мәліметтерді алуға бағытталған. Анасына қойылатын сұрақтар баланың дамуын анасының бағалауына емес, оның өмірінің нақты жағдайлары туралы мәліметтерді алуға негізделген. Баланың анасымен әңгіме барысында оның балаға деген көзқарасын, онымен сезімдік қарым-қатынасын ұғынуға мүмкіндік туады. Тексеруші баланың өз пікірін сөзбен білдіруді талап ететін вербальды нұсқауды орындаудың шектеулі болғандықтан, есту қызметі бұзылған баланы тексеруде бақылау әдісі негізгі әдістердің біріне жатады. Баланы бақылау тексеру барысында жүргізіледі. Психолог бақылау барысында баланың психикалық даму ерекшеліктерін білдіретін белгілі бір кезеңдерді анықтай алады: жаңа жерге, бөтен адамдарға реакциясын, қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктерін, вербальды қатынас құралын пайдалану, жалпы көңіл-күйін, баланың белсенділігін, қоршаған ортаға деген қызығушылығын, тапсырманы орындаудағы жетістікпен сәтсіздіктерге, ересектің ескертуі мен қолдауына, сезімдік реакциясы өз ісін сынауы, мінез-құлық реакциялары: гипо және гипер белсенділік, әсерлі лабильділік, қатты қозу, әлсіреу және т. б., сол сияқты анасының балаға деген сезімі, олардың арасындағы әсерлі өзара қарым-қатынас. Баланың психикалық даму ерекшеліктерін терең зерттеу, оның бұзылу деңгейі мен түрін анықтау үшін «оқыту» тәжірибесі түрінде берілетін байқау зерттеу әдістерін қолдану қажет. Оқыту
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz