Қазақ әдебиетіндегі алғашқы әңгімелер: жалпы сипаты мен тақырыптық идеялық ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Абдуалиева КамилКя 18/1

14-15 Практикалық сабақ

  1. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы әңгімелер: жалпы сипаты мен тақырыптық-идеялық ерекшеліктері
  2. Қазақ повестерінің поэтикасы
  3. Алғашқы қазақ романдарының тақырыптық-идеялық сипаты

1. Әңгіме, әдебиетте - оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.

Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады.

Әңгіме, әдебиетте - оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері - қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Ұзақ поэманың қасындағы бір актылы пьеса тәрізді, әңгіме де романнан тез жазылып, шапшаң тарайды. Жақсы әңгімені сахнадан тыңдауға, егіс басында қарауға станок жанында оқуға, қалтаға салып жолға алып шығуға болар еді. Ірі жазушылар көркем әңгіменің классикалық үлгілерін туғызған. Мысалы Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» атты әңгімесіне тоқталсақ, аса шебер жазылған бұл әңгіме арқылы Майлин белгілі бір дәуірдің кезеңді, кесек шындығын алдымызға жайып, ескілік құрбаны болған қазақ қызының бедерлі бейнесін жасады. Міне, Ыбырай Алтынсариннен басталатын әңгіме жанрын Майлин жетілдіріп, 20-30ж Әуезов пен Мүсірепов жасаған классиалық үлгілерге ұштастырды. Қазақ әдебиетінде көркем әңгіменің небір керемет үлгілері бар. Солардың бірі «Қорғансыздың күні» Әңгіме аса әсерлі табиғат суретіенен басталады. Бұл әңгіме Октябрь революциясынан бұрынғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыртереңімен қопарып әкеліп, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі азап пен ауыртпалықты шыншылдықпен әсерлі жаяды. Және де бұл саладағы Ғ. Мүсірепов туындыларына соқпай өте алмаймыз. «Талпақ танау» колхоз тақырыбына арналған әңгіме. Негізінен баяндау тәсілімен жазылатын бұл жанрда ылғи суреттеу бола бермейді. Ана циклнде жазған Мүсіреповтың әңгімелері көркем. Әңгіме белгілі бір шындықты таныту үшін жазылады. Онда ой және сөз кедейлігі болмауы тиіс, алайда оқиға желісі қысқа болады. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған.

2.

Повесть - эпикалық проза жанрының бір түрі. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі өзгеріп, оны романның құрамдас бөлігі ретінде тану біраз уақыт орын алды.

Еуропа әдебиетте Повестьті новелла деп те атай береді. В. Г. Белинский Повестьті “романның шашыраңқы бөліктері” немесе “романның бір тарауы” деп атаса, бір кездерде оған романмен байланыстыра түсінік беру дағдыға айналды. Кейін жанр ретінде толық қалыптаса қоймаса да, очерк сипатындағы әңгімелер негізінде (19 ғасырда) “әдет-ғұрыптың жеңіл очеркін қамтитын”, “адам мен қоғамды әжуа-сықақ ететін пішін” деген тұжырым белең алды.

Қазір проза жанрының жан-жақты дамыған тұсында Повесть туралы біршама тұрақталған ұғым қалыптасты. Повесть әңгіме мен романның аралығындағы прозалық жанрға жатады. Көлемі мен мазмұны тұрғысынан осылай бағаланғанымен, кейде көлемі романнан ауқымды Повестьтер дa кездеседі. Мысалы, көп романдардан көлемді “Клим Сам¬гиннің өмірін” А. М. Горький Повесть деп атаған. Повестьтің көлемі емес, көтерген жүгі мен арқау еткен мәселесінің aуқымы шағын келіп, романнан кіші жанр екендігін, ал эпизодтары мен өмір иірімдеріне бойлай енуі тарапынан әңгімеден күрделірек жанр екенін дәлелдейді. Оқиғаны жан-жақты суреттеу, философия түйін жасау, қат-қабат тартыстар сияқты романда кездесетін кең тынысты тәсілдер Повестьте бола бермейді. Повестьке оқиға тізбегін баяндау, хроник. әңгімелеу тәсілі тән. Ахмет Байтұрсынұлы эпикалық текті әуезе деп алып, оның түрлерін ұлы әңгіме (роман), ұзақ әңгіме (повесть), ұсақ әңгіме деп береді. Повесть туралы “ұлы әңгімеден өресі қысқа, өрісі тарлау түрі ұзақ әңгіме деп аталады” дейді. Байтұрсынов осы негізде М. Дулатовтың “Бақытсыз Жамалын” романға емес, ұзақ әңгімеге, сондай-ақ М. Әуезовтің “Оқыған азамат” әңгімесін Повесть үлгісіне жақын келеді деп қорытады. Ж. Аймауытовтың “Күнекейдің жазығы”, Әуезовтің “Қараш-қараш оқиғасы”, “Қилы заман”, Ғ. Мүсіреповтің “Кездеспей кеткен бір бейне”, “Ұлпан”, Ш. Айтматовтың “Жәмилә”, “Құс жолы”, т. б. Повестьтері үздік көркем туындылар

3. Қазақ романы - тарихи даму барысында түрлі ізденістермен кемелдік жолына түскен әдебиеттің жанры. Халық өнерінің қайнарларынан нәр алған «ұлы әңгіме». Ел тәуелсіздігі жылдарында кеңес кезеңіндегі «бұғауынан босаған» еркін сөз үлгісі. Уақыттың қысымы мен «тыйым салынған тақырыптар» төңірегінде өнерге тән тынысымен жұрт тұрмысына дем берген қадірі бар. Тілімізде жарық көрген роман бастауы ХХ ғасыр басына тура келеді. Сол кезден қазақ романы жарысы ұйымдастырылып, бәйге тігіліп, роман теориясы жасалған. Қазақ әдебиеттануының қалыптасу, даму барысы да сол кезден.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
Абай тұлғасы
Ежелгі дәуір әдебиетінің мәселелерін тереңдете қарастырған ғалымның жұмыстары сан - салалы
Әңгіме жанрының ерекшеліктері
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Әңгіме жанрының жалпы сипаты мен ерекшеліктері
ХХ ғасыр басында қазақ прозадағы әйел тағдырының көрініс алуы
Қазақ поэзиясында бірқақпай өте дамыған шағын жанр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz