Дүниежүзінің екі елі бойынша еңбек ресурсының балансына сипаттама беру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

Семинар

Тақырыбы:Дүниежүзінің екі елі бойынша еңбек ресурсының балансына сипаттама беру

Қабылдаған: Үркінбай Ж

Орындаған: Молдамұрат Ф

Еңбек ресурстары - халықтың еңбектік әлеуеті, ел (аймақ) халқының шаруашылық саласында жұмыс істеуге қажетті білім деңгейі бар, дене күші толысқан және дені сау бөлігі; елдің экономикалық әлеуетінің маңызды элементі. Еңбек ресурстарының өлшемі халықтың санына, оның өсіп өнуінің режіміне, демографиялық құрылымына байланысты барлық демографиялық процестерінің қарқындылығына сәйкес болады. Қазақстанда оған I және II топтағы мүгедектерден басқа барлық еңбек жасындағы адамдар (16-63 жастағы ерлер, 16-63 жастағы әйелдер) және жеңілдік жағдайда жасы бойынша зейнетақы алатын зейнеткерлер, еңбек жасынан жоғары және төмен тұрған жұмыс істейтін адамдар жатады. 1999 жылғы халық санағы бойынша, Қазақстанда Еңбек ресурстары бүкіл халықтың 56%-дан астамы болды.

Еңбек ресурстарына сәйкес салада білім және еңбек дағдыларына ие қажетті физикалық деректері бар тұрғын халықтың бөлігі кіреді. Кәсіпорынның қажетті еңбек ресурстарын жеткілікті қамтамасыз етілуі олардың рационалды пайдаланылуы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейлі өнім көлемін арттыру үшін және өндіріс тиімділіктерін арттыру үшін үлкен маңызы бар. Кәсіпорынның еңбек ресурстарын қамтамасыз етілуіне және олардың пайдалану тиімділігіне барлық жұмыстардың көлемімен орындалатын өз уақытылығы, жабдық машина, механиканың пайдалану тиімділігі тәуелді.

Жұмыстың өзектілігі. Соңғы жылдары экономиканың тұрақтануы арқасында әлеуметтік мәселелерге тұтастай бет бұру мүмкіндігі туды. Адам потенциалын дамытуға керекті барлық жағдай жасалып, әлеуметтік жағынан қолдау көрсету сияқты міндеттер саясатымыздың басты бағытына айналуда. Солардың бірі еңбек пен жұмысбастылықтағы мемлекеттік саясат, яғни халықты жұмыспен қамту саясаты, басқаша айтар болсақ халықтың жұмысбастылық деңгейін көтеру саясаты болып табылады.
«Еңбек» ұғымымен қатар «жұмысбастылық» немесе «жұмыспен қамту» түсінігі өзекті сипат алды. «Жұмысбастылық» немесе «жұмыспен қамту» категориясының мазмұндық жағымен бірге жұмыспен қамтумен байланысты үдерістерді реттейтін және қызмет атқаратын мемлекеттік және мемлекеттік емес тұтас бір мекемелер жүйесі жедел дами бастады. Бұл құрылымдардың қызметінің жеделдігі мен кәсіптік біліктілігінен халықтық шаруашылық үдерістер тәуелді болды: еңбек нарығының қызмет етуі, кадрларды дайындау мен кәсіптік біліктілігін көтеруді қамсыздандыру, жұмысшы күші мен жұмыс орындарының ұдайы өндірісі, қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті реттеу және т. с. с. Бұл қызметтерді жүзеге асырудың табыстылығы жоғарыда аталған құрылымдардың қызметкерлерінен «еңбек» және «жұмысбастылық» түсініктерінің объективті ара қатынасын дұрыс түсінуге, атап айтқанда, олардың теңдігін емес, сәйкессіздігін дәлелдеуге негізделген кәсіптік білім мен бейімді талап етеді. Алайда жұмысбастылық пен еңбек ұғымдары - синоним емес. Еңбек - бұл тәуліктің белгілі бір шеңберінде жұмыс уақытында өтетін қызмет. Кез келген қызмет түрі сияқты еңбек үзіледі, ол үздіксіз басқа бір қызмет түрімен ауысып отырады, демалыспен ауысады. Тіпті ішкі өндірістік еңбек үдерісінде еңбекке тек өндіріс уақытының бір бөлігі - жұмыс кезеңі тиесілі болады.
Жұмысбастылықтың, еңбектен айырмашылығы, қызмет емес, экономкалық және құқықтық болатын, еңбеккерді белгілі бір жұмыс орнындағы еңбек кооперациясына қосуға байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады. Еңбеккер шаруашылық кешенінің қандай да бір ішкі жүйесінде қалғанға дейін бұл қатынастар үздіксіз сипатта өрбиді. Жұмысбасты болып есептелу үшін адамға қандай да бір жұмыс орынмен байланысты болуы керек - өндірістік ұжымның мүшесі болу, жеке еңбек қызметі тәртібімен жұмыс істеу, жеке кәсіпкерлікпен айналысу және т. б. Жұмысбасты адамның статусы адам берілген уақытта жұмыс істеп жатыр ма, спортпен айналысып жатыр ма, демалып жатыр ма оған тәуелді емес.
Жұмысбастылықтың тиімділігі - еңбек тиімділігіне қарағанда кең категория болып табылады. Соңғысын есептеу үшін еңбек шығынын еңбек қызметінің жағдайын ұдайы өндіруге кеткен шығындармен салыстыру жеткілікті. Шығындар мен нәтижелердің сандық бағалауы қиындық туғызбайтындықтан, еңбек өнімділігін есептеу де қиын емес.

Қазақстанның еңбек ресурсы

1999 жылғы халық санағы бойынша, Қазақстанда Еңбек ресурстары бүкіл халықтың 56%-дан астамы болды.

Әйелдер:16-58 жас

Ерлер:16-63 жас

АҚШ-дағы еңбек ресурсы

Әйелдер:16-62 жас

Ерлер:16-65 жас

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлем балансының – халықаралық саудадағы орны
Сауда балансы
Экономиканы ақша – несиелік реттудегі орталық банктің ролі
Дүниежүзілік туристтік ұйымдағы Халықаралық туризм
Кәсіпорынның өндірістік қорлары жайлы ақпарат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ – ГАЗ САЛАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІМЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Халқаралық туризм
Scythian Land туристік фирманың қызметіне аналитикалық баға беру
Су ресурстары туралы
Халықаралық экономикалық қатынастардың Қазақстан экономикасындағы рөлі мен маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz