Аллергиялық аурулар науқастарды тексеру әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Аллергиялық аурулар науқастарды тексеру әдістері
Аллергия қайтып еккен дәрінің немесе жат белоктың әсеріне организмінің көтеріңкі әсер білдіруі. Оның негізіне жататындар антиген мен антителалардың реакциясы.
Аллергия - ағзаның сезімталдығының жоғарлауы.
Дәрілерге аллергия - себептері түрлі дәрілер болып табылатын, патогенезі аллергия болатын дерт. Көтеріңкі қозу-ағзаның антиген - антидене реакциясын кері қабылдауы.
Аллергиялық аурулар 2-ге бөлінеді:
1.Бірден дамитын реакциялар (анафилактикалық шок, крапивница, Квинке домбызы, бронх демікпесі.)
2.Біртіндеп дамитын реакциялар: бұл кезде аллергендер эпидермис және дәнекер ұлпаларын зақымданғанда дерматит, васкулит,экземалар туады.
Аллергия тудыратын заттар аллергендер деп аталады.Олар өсімдік тектес, жануар тектес, әр түрлі тағамдар, дәрі-дәрмектер және химиялық заттардан болады.
Есек жем аллергиялық сырқаттың ең жиі кездесетін түрі болып табылады. Терінің еміздікше қабатында әр түрлі күлбіреулер пайда болады. Әр жастағы адам сырқаттануы мүмкін, көбінесе 21- 60 жасқа дейін ауырады. Ішкі сөлденіс бездердің қызметіне байланысты еркектерге қарағанда әйелдер жиі ауырады.Этиопатогенетикалық дамуына байланысты есек жемнің келесі түрлері бар:
-аллергиялық (көректік тағамдардан, дәрі-дәрмектерден, шаң-тозаңнан, тұрмыс заттардан, жұқпадан, сары судан);
-физикалық (механикалық, суықтан, ыстықтан, сәулелерден);
-эндогендік (гормондардың бұзылыстары, С-ингибитордың белсеңділігінің төмендеуі, идиопатиялық түрі).
Шағымдары: Аллергиялық есек жемнің негізінде нақты терінің еміздікше қабатының зақымдануы жатыр. Көбінесе сырқат дәрі - дәрмектердің, тағамдардың, жәндіктердің шағуының әсерінен дамиды. Кейбір науқастарда есек жем физикалық мәнбірлердің әсерінен дамиды. Оның жиі кездесетін түрі - дермаграфизм (теріні қатты сызғанда орнында қызыл түсті ісіну пайда болады). Кейде физикалық есек жем денеге салмақ түскеннен дамиды, мысалы, ұзақ уақыт шашын қатты күш салып тараған науқастардың қанында гистамин мөлшерінің көбейгені анықталған. Сонымен қатар физикалық есек жем суықтың әсерінен де дамуы мүмкін. Екі түрмен дамиды: жедел (тез арада) және баяу (9 - 18 сағаттан кейін). Терісі қатты қышиды, басы ауырады, кейде науқастың денесі қалтырап, дене қызуы көтеріледі. Жедел есек жемнің ұстамасы жалпы әлсіздікпен, уыттану белгілерімен сипатталады. Өткір кезеңнің ұзақтығы бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылуы мүмкін. Егер сырқат 5-6 аптаға созылса, ол аурудың созылмалы түрге ауысқаның білдіртеді.
Қарау.
Есек жемде науқастың терісінде бұршақтың үлкендігіндей қызғылт немесе ақшыл күлбіреулер пайда болады. Кейде олар бір - бірімен қосылып, жайылмалы түрге ауысып кездеседі. Қан тамырларынан қан торшалары шығып, есек жем геморрагиялық түрде байқалуы мүмкін.
Квинке ісігі
Бұл ангионевротикалық ісінуі мен сипатталатын аллергиялық сырқаттың біріне жатады. Бұл сырқат есек жем сияқты болып табылады. Квинке ісігінде ағзадағы қан тамырының қабырғаларының өткізгіш қызметі зақымданып, адам тұлғасының жоғарғы бөліктерінде ісік пайда болады. Әсіресе адамның бет келбетінде, көмейінде қарқынды байқалады. Ішкі сөлденіс бездерінің ерекшеліктеріне байланысты көбінесе әйелдер сырқатқа бейімделген болып келеді.
Себебі. Басқа аллергендердің түрлеріндей, Квинке ісігінің дамуына әртүрлі дәрі - дәрмектер, тағамдар, төменгі және жоғарғы температура әсер етуі мүмкін.
Шағымы. Бұл сырқатта ісік терінің барлық қабаттарына, тіпті тері асты майының торшаларында білінеді. Квинке ісігінде науқастың терісі қышымайды, бірақ қысып тұрғандай сезімінде болады. Науқастың еріні, тілі, жұмсақ таңдайы ісініп, үлкейіп тұрады. Осыдан кейін ісік тері астының майына таралып, қышымайтын инфильтрат пайда болады. Аллергия серпілісі өтіп, басылғаннан соң науқас ұзақ уақыт бойы сырқаттанып жүреді. Сонымен қатар Квинке ісігі кілегейлі қабаттарда болатындығын естен шығармаған жөн. Квинке ісігінің кеңірдек маңына жайылып кетуі өте қауіпті. Өйткені, ол тыныс алу жолдарын тарылтып тұншығуға әкелуі мүмкін. Квинке ісігінің жеңіл және орташа түрлерінде кеңірдектің ісінуі бірнеше сағаттан бір тәулікке дейін байқалады
Кеңірдек ісінуі әрбір төрт науқастың біреуінде кездесіп тұрады. Кеңірдектің ісінуіне байланысты науқастың дауысы өзгеріп, ит үргендей жөтел байқалып, содан кейін дем алуы қиындайды да, алыстан естілетін шулы дем пайда болады. Ентігу басында экспираторлық түрде, содан кейін экспираторлық - инспираторлық түріне ауысады. Науқастың беті көгеріп, біртіндеп бозғылттанады. Науқас өте мазасыз келеді, сырқат қатты жанына батқандығынан өлім қорқыныш сезімі білінеді. Бұл жағдайда науқасқа жедел жәрдем көрсету керек, өйткені, тұншығудан тез арада өліп кетуі мүмкін.
Аллергиялық дерматит
Дәрілік заттардың әсерінен терінің аллергиялық зақымдануынан сипатталатын сырқаттың бір түрі. Көбінесе дерматитті тудыратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
Ішек құрттар немесе гельминттер
Халыққа амбулаториялық көмек көрсету
Алғашқы туберкулез кешені: анықтамасы, сатылары, рентгенологиялық сипаттамасы. Клиника. Диагностика. Асқынулар
Инфекциялық ауруларды клиникалық балау
Мейіргер денсаулығына әсер ететін қауіп факторлар
Қауіп факторларының мейіргер денсаулығына әсері
ТРОПИКАЛЫҚ АУРУЛАР
Ішкі аурулар пропедевтикасы туралы түсінік
Пәндер