МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында туған жердің, өскен ортаның құндылықтарын ерекше атап өтті. «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады», - дей келе Нұрсұлтан Назарбаев әрбір қазақстандықты туған жерге ыстық ықылас танытуға шақырды. Ұлттық сананы қалыптастырудың және бір тетігі -«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы екенін айтты. Елбасы мақаласындағы бұл басым бағыттар мәдени кемелдікке жетелері сөзсіз. Бұл ретте балаларға Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу - ұстаздың аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» - деп көрсеткен. «Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси - әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін айқындайды. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік - білім беру ұйымы. Сондықтан, мен бұл тақырыпты алуымның себебі қоғамның әлеуметтік даму жағдайында балаларға патриоттық тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, ұлтаралық қатынас мәдениетін, еліміздің бейбітшілігі мен егемендігін сақтауға, экономикасын дамытуға ықпал ететін тұлғаны қалыптастыруға бағыттау болды.
Негізгі бөлімі
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы болса, бүлдіршіндеріміздің бойында рухани - патриоттық сана - сезімді қалыптастыру бағыты бойынша тәрбие беріп, ел болашағына өз үлесін қосуда. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың ойын еркін жеткізуде, рухани патриоттық тұрғыдан білім алуына тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған.
Халқымызда «баланы жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата - бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек - бұл еңбегіміздің жанғаны, тәуелсіз ел болашағына қосқан үлкен үлесіміз деп білеміз. Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуінің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді. Сондықтан мен баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуді зерттеп, өзіме, балаларға патриоттық тәрбие беруде жаңа технологияларды пайдалану арқылы жобаны алуды жөн көрдім. Патриоттық тәрбие беру арқылы баланың патриоттық сезімдерін ояту, баланың ой-өрісін, көркем ойлау қабілетін, талғампаздығын арттыруға болады. Сол себепті өз жұмысымда патриоттық тәрбиені беру үшін алдымен оның мақсаты мен мүмкіндіктерін бөліп шығару қажет екенін байқадым.
Таңдаған жобамның мінездемесі :
- жобаның түрі - практикалық-бағдарлау жобасы;
- орындалуы бойынша ұзақтығы - ұзақ мерзімді
- сипаты бойынша түрткі болған жобалық қызмет - қолданбалы (практикалық-бағдарлау сипатында)
Кәсіби қызметімде келесі жұмыс түрлері жүргізілді:
- әдістемелік;
- зерттеушілік ;
- тәрбиелілік ;
- эстетикалық - ағартушылық;
Нысан : мектепке дейінгі жастағы балаларды жан - жақты дамыту.
Зерттеу жұмыстарының әдістері: зерделеу, сұхбаттар, тестілеу.
Балабақшада патриоттық тәрбие беруде жаңа технологияларды пайдаланудың түрлері:
- тәрбиелеу - оқыту технологиялары;
- психологиялық-педагогикалық технологиялар;
- ата - аналардың педагогикалық білімін ағарту.
Зерттеу базасы: Жаңаөзен қаласы №1 «Ақбота» балабақшасы МКҚК
Жобаның қатысушылары: «Ақбота» балабақшасының ата - аналары және ересектер тобының тәрбиенушілері
Жұмыстың әдісі: Тәжірибелік, практикалық
Өсіп келе жатқан жас ұрпақты ақылды да саналы, тәртіпті де еңбексүйгіш, өз халқының патриоты болатын ұрпақ тәрбиелеу керектігін ескере отырып, алдыма міндеттер мен мақсаттар қойдым.
Мақсатым: мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру үдерісінде балаларға патриоттық тәрбие бере отырып, Отанын, туған жерін, өзінің халқын сүйе алатын тұлға даярлау.
Патриоттық тәрбие берудегі міндеттерім төмендегідей:
- тобымда денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
- балаларды отансүйгіштікке, зиялылыққа, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу бағдарламасы;
- өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымын қалыптастыру;
Жұмыстың өзектілігі:
Патриоттық тәрбие ең алдымен еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, намысшыл қаһарман, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, патриоттық тәрбиенің негізі арқылы: халық батырлары туралы ертегі, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып, әңгімелеуге үйрету, өлең шумақтарын жаттай білуге, мақал - мәтелдердің мағынасын түсіне білуге тәрбиелеу талап етіледі. Үшіншіден - бұл әр азамат өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ретінде сезінеді
Жаңашылдығы : Жалпы патриоттық тәрбие беруде дәстүрлі емес оқу қызметтер, сайыс, ойын, кіріктірілген оқу қызметтер, саяхат, аралас оқу қызмет түрлері өткізіледі. Заман талабына сай оқытудың жаңа технологиясын игере отырып, пәнаралық байланысқа үнемі көңіл бөлінеді.
Жобаны іске асыру кезеңдері:
І кезең - жобаны жоспарлау.
ІІ кезең- патриоттық әдістемемен оқыту.
ІІІ кезең - іске асыру маршруты, нәтижесі.
І кезеңде - ұлттық, патриоттық тәрбиелеу бойынша пайдаланатын жаңа технологияларды зерттедім, материалды-техникалық базасын дайындадым, жобаның мақсатымен және міндеттерімен таныстым, жобаның қатысушыларын анықтадым.
ІІ кезеңде - жаңа технологияларды пайдалана отырып, ұлттық, патриоттық тәрбиелеудің әдіс- тәсілдерін анықтап, жұмысты бастадым.
Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру үшін жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты енгізіп отырамын. Атап айқанда, ертегі терапия, интерактивті тақта, бейнетаспа, мультимедиялық электронды кітапшалар, электронды оқулықтар пайдаланамын.
Отансүйгіштікке, зиялылыққа, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеуде мен келесі бағыттарды жүзеге асырамын:
-рухани-адамгершілік,
-әлеуметтік,
-эстетикалық,
-өлкетану,
-еңбек,
-отбасылармен бірге жұмыс істеу.
Мен осы жұмысты жүзеге асыру үшін отансүйгіштікке тәрбиелеу бағдарламасы шеңберінде жүйелі жұмысты ата-аналармен бірге ұйымдастырамын. Осыған орай келесі міндеттер кешенін орындалуын басты назарда ұстанамын:
-балаларды өз отбасын, балабақшаны, көшені, қаланы сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу;
-балаларды мемлекеттік рәміздермен таныстыру (елтаңба, ту, әнұран) ;
-елінің, халқының, қаласының жетістіктерін мақтан тұту, жауапкершілік сезімін дамыту;
-басқа ұлт өкілдерін сыйлау, олардың дәстүрлерін дәріптеу сезімін қалыптастыру;
-еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу;
-ұлттық қолөнер шеберлігін білуге қызығушылықты қалыптастыру;
-Қазақстанның қалалары туралы білімдерін тереңдету.
Балалардың бойына гуманистік дүниетанымын қалыптастыруда қойылатын негізгі талаптарды айқындадым:
- балабақшадағы және топтағы жүргізілетін патриоттық тәрбие жүйесімен өзара байланыста жүргізілуі, пәнаралық байланыс, өткен тақырыптармен жүйелі сабақтастық;
- топтың алдына қойылатын мақсатының нақты болуы және педагогикалық тұрғыда негізделуі;
- Ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымында патриоттық тәрбиеге арналған мазмұнның қамтылуы, мазмұнының балалардың патриоттық іс-әрекетінің негізі болуы, берілетін білім мен балалардың патриоттық іс-әрекеті арасында байланыстың болуы;
- балалардың патриоттық сезіміне ықпал ететін материалдардың қамтылуы;
- балалардың танымдық, белсенділік іс-әрекеттеріне ықпал ету, топтағы қамтылған материалдар олардың санасына, көңіл-күйіне әсерлі болуын ескеру;
- Ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы, мазмұны, қолданылатын әдістері мен тәсілдерін айқындауда патриоттық бағыттарына баса көңіл аударылуы керек.
Мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде кеңінен халық ауыз әдебиетінің материалдарын қолданған жөн деп есептеймін. Осы әдісті бір жүйеге келтіріп жұмыс жасадым. Мысалы, мақал-мәтелдерді жай жаттаумен қатар оларды түсіндіріп, белгілі жағдайда орынды болуын көрсетемін. Бүлдіршіндерді отансүйгіштікке тәрбиелеуде балалар арасында «Менің көшем», «Менің қалам» атты көркем сурет көрмесін ұйымдастырдым. Балабақшадағы тәжірибеге келсек, бүлдіршіндерді адамгершілік отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмыстарын олардың ана тілдерін мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, өз туған қаласының тарихын, оның көркем жерлері, мәдениеті, қаһармандары туралы білімдерін қалыптастырудан бастадым. Өз тәжірибемде әсіресе, балаларға арналған халық ертегілеріне көп көңіл бөлемін. Қазақ халық ертегілері «Алдаркөсе мен бай», «Тазша бала» «Үш жетім», «Қара батыр», «Алтын сақа», «Қамбар батыр», «Қожанасыр туралы аңыздар», «Ертөстік және айдаhар», сонымен қатар «Ер есімі ел есінде», «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік», «Сайыпқыран сарбаздар», «Мемлекеттік тіл − менің тілім!» атты ертеңгіліктер өткіздім. Ондағы мақсатым: тәрбиеленушілердің ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Тобымда балалардың патриоттық сезімін арттыру мақсатында түрлі тақырыптарда іс-шаралар көрсеттім. Мерекелік іс-шаралар кезінде балалар тақпақтар, өлеңдер үйренеді және тарихымен танысады. Бұндай мерекелер балабақшада көптеп кездеседі. Мысалға: «ҚР алғаш Президентінің сайланған күні», «Тәуелсіздік күні», «Жеңіс күні», «Отан қорғаушылар күні», «Қазақстандағы ұлттардың бірлігі күні». Бұндай мерекелер балаларды өз Отанын сүюге тәрбиелейді, өз Отанының қонақжай екендігін білетін болады. Өзінің ауылы, қаласын жайлы басқа да мәліметтерге қанық болады және басқа да ұлт өкілдері жайлы мағлұмат алады.
Республикалық «Қазақ хандығының 550 жылдығы» тақырыбындағы сайысқа тәрбиеленушілерім қатысып «Сертификаттар», «Ұлы Отан соғысына 70 жыл» мерекесіне орай ұйымдастырылған қалалық байқаудан тәрбиеленушім Ахметқызы Аяулым ІІІ орынға ие болды. Балабақшада өткізілген Ұлы жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай «Ұлы жеңіске 70 жыл» тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысы, ауған соғысы ардагерлерімен өткізілген кездесулер балалардың бойында жігерлілік, намысшылдық, патриоттық сезімге тәрбиеленеді. Осылайша болашақтың тұтқасын ұстар жасөрендердің бойына тәрбиенің құнды дәнегін сепкім келеді. Балалардың ізденімпаз, жаңалыққа жанықұштар, қоғамдық іс - шараларда белсенділікпен қатыса отырып шығармашыл болып қалыптасуына, туған тілінде сөйлеп, Отанын, туған елін, туған жерін сүйе білуге титтей де болса өз ықпалымды жасай алсам-ол менің үлкен жетістігім. Ал менің осы жетістігім келешекте өз Отанымның дамуы жолында зор үлесін тигізуі мүмкін.
ІІІ кезең - іске асыру маршруты, нәтижесі:
Осы жобаны іске асыра отырып, мен нақты жетістіктерге жеттім. Балалардың білім деңгейі келесідей болды:
Бастапқы бақылау (5-6 жас) : Жоғары деңгей - 43 %, орташа деңгей - 34 %, төмен деңгей - 23 %.
Аралық бақылау (5-6 жас) : Жоғары деңгей - 54 %, орташа деңгей - 28 %, төмен деңгей -18 %.
Қорытынды бақылау (5-6 жас) : Жоғары деңгей - 68 %, орташа деңгей - 24 %, төмен деңгей - 8 %.
Ұлттық, патриоттық тәрбие арқылы жаңа технологияны пайдалана отырып, патриоттық тәрбие, ұлттық тәрбие, рухани адамгершілік тәрбиесі - біздің ұжым қызметкерлерінің ықпалымен жүзеге асырылып жатыр.
Жұмыстан күтілетін нәтиже:
- Баланың отансүйгіштік сезімі қалыптасады.
- Туған халқымыздың өткен тарихын үйренеді.
- Салт - дәстүр, әдет ғұрыпты үйренеді.
- Тіл мен есте сақтауы, ықыласы мен қиялы, сонымен бірге зейіні мен, ойлауы, коммуникациялық дағдылары жақсы дамиды.
- Адамгершілік тәрбие алады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде халықтар арасындағы бірлікті нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, тіл мәдениетін орнықтыру мәселелеріне тоқталып: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз - Қазақстандық Отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы Отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді» - делінген. Тәрбиедегі ең басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. .
Сонымен, қорытындылай келе, Отанның гүлденуіне және оны қорғауға деген патриоттық сезім адам жүрегінде өмір сүрген, өмір сүре бермек. Бірақ патриоттық сезім адамда өзінен өзі, не болмаса туа пайда болмайды. Ол ерте жастан адамға әсер ететін, ұзақ мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің қорытындысы. Патриотизм ортаның, отбасындағы тәрбиенің, мектептің, мектепке дейінгі мекеменің және түрлі коғамдық ой-пікірлердің әсер етуімен қалыптасады. «Патриотизм, - дейді ұлтымыздың батыры Б. Момышұлы, - Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік кауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни патриотизм дегеніміз - мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткені мен бүгінгі куні және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді». Қазақ халқының өткені мен бүгінін таразыға сала отырып, келешеғіне отаншылдық туын арқау еткен асқақ, жандары таза жас ұрпақты тәрбиелеу мен қасиетті Отанның қадірін ұғындыру, ар, намыс, ождан сөздерін ұлт, атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру арқылы болашаққа бағыт сілтеу әрбір педагогтің міндеті.
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. «Қазақстан - 2030» Жолдауында Республика Президенті еліміздің ұлттық қауіпсіздігін, тәуелсіздік пен егемендігін танытатын мемлекетіміздің ұзақ уақытты дамуын анықтады. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм» студенттердің тәрбиелік деңгейін бағалудағы көрсеткіш болып қарастырылады.
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, қоғамның саяси және рухани өмірі саласындағы міндеттерді қайта жаңартуға бағытталған идеялық-тәрбие жұмыстары мемлекеттің стратегиялық бағдарымен анықталды. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады.
Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында студенттерге этностық ерекшеліктерімізді, халқымыздың тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін назарға алу, жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің және оны қазіргі жағдайда зерттеудің қажеттілігін арттыра түседі.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің студенттермен кездескен сөзінде оларды патриоттыққа тәрбиелеудің қажеттілігін көрсетті. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады.
Соңғы жылдары қалыптасқан тәрбие жүйесі көпшілік жағдайда сөз, ұран, мәліметтік сипатта болып, жоғары оқу орындарындағы студенттерді міндетті түрде қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қатысуын қарастырмады, олардың патриоттық тәрбиелеу бағытын дамытуды қиындатты.
Бұл қазіргі кезде тәрбиелік мән беретін көптеген мәселелерді қайта қарауды және студенттерді жалпы Отанның өткендегі ерлік істерін терең сезіммен ұғынуға баулитындай тәрбиенің ерекше тиімді формалары мен әдістерін қарастыруды талап етеді. Әсіресе бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық, білім ғана емес, әсіресе өнегелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды.
Қазіргі уақытта «Қазақстандық керемет» деген ұғым пайда болды. Ол тек бастамасы. Оған нағыз сай болу үшін жан-жақты дамуымыз керек. Қазақ - құдыреттілігі, имандылығы, адамгершілігі көзінен, жүрегінен көрініп тұрған, патриоттығы ішінде ұйып жатқан кең халық. Бүкіл білім беру жүйесі арқылы осыларды сыртқа шығару, жоғарғы дәрежеге көтеру қажет, ол үшін сапалы патриоттық тәрбие керек. Бұл сырттан ғана келетін әсер емес, ол іштен шығатын, дамитын, қалыптасатын ерекше қасиет. Ол қазақ менталитетінің ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан халыққа тән санамен келген ойлау нәтижесі.
Қайта жаңғырған ұлттық педагогикамыздың маңызды бір бөлігі рухани мұрадағы тәлім - тәрбиелік ой пікірлер, патриоттық сана-сезім, оған деген ғылыми көзқарас.
Қазақ елі жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы рухани сілкінісі туғызған қайта түлеу процесі, сол патриотизмнің даму барысын өзгертуге, сөйтіп, шынайы ұлттық патриоттық тәрбие қағидаларын (принциптерін) қайта қарауға ықпал етті.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып ана тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды елеп-екшеп және рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосатын мұраларын зерделеп зерттеу бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің керегіне жарату, өзекті мәселелердің бірі болуда.
Кеңес Одағы кезінде жоғарғы оқу орындарында студенттерді тәрбиелеудің арқауы болған «социалистік патриотизм» ұғымы сол идеологиямен бірге құрдымға кетті. Қазіргі заманда біздің халқымыздың патриотизмі экономиканы қайта құруда, қоғамды рухани жаңартып демократияландыруда, плюрализм пікірін бекітуде және әлеуметтік орта мен идеологиядағы сол бір тоқырау кезеңдерінің әсерінен туған жікшілдік пен бұрмалаушылықты жоюдағы күреске бар күшті ынталандыру болып табылады.
Мұның бәрі келешек жас ұрпақты патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеудің қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының білім беру жаңа бағдарламасында, қоғамның, бүгінгі күнгі талабы алдағы уақытта да әрбір адамды Отанын сүюге, туған жерін құрметтеуге, ата-бабаның озық салт-дәстүрлерінің құндылығын мақтаныш тұтуға, әлемде халықтар арасындағы бейбітшілік үшін достықты нығайтуға бағыт беруде талмай еңбек етуді қажет санайды.
Идеялық тәрбие жұмыстарының маңызды міндеттерінің бірі-патриоттық тәрбие. Патриотизм-әлемдегі бейбітшілік үшін күреспен, адамзат өміріне қауіп төндіретін термоядролық, экологиялық және террорлық апаттың алдын алумен, халықаралық қатынастарды құрумен және әлемдегі жаңа тәртіптерді бекітумен, өзара түсіністікті негізге алумен, тәуелсіз елдермен және басқа да мемлекеттермен көршілік татуластықпен, іскерлік ынтымақтастықпен тығыз байланыста болумен өлшенеді.
Қазіргі кезде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында зерттеу жүргізуші ғалымдар халқымыздың сан ғасырлардағы рухани мұрасын, әсіресе оқу, тәлім-тәрбие мәселесін философия, психология, педагогика ғылымдарының зор жетістіктерін пайдаланып, асыл қазыналарын жоғары теориялық биіктен талдап, ғылыми көзін ашуда.
Тәлім-тәрбие мәселелерін зерттеуде елеулі үлес қосқан қазақстандық ғалымдар Қ. М. Арынғазин, Қ. Ж. Аганина, Ш. Ә. Әбдіраман, Е. З. Батталханов, А. А. Бейсенбаева, Қ. Бөлеев, Қ. Б. Жарықбаев, С. Т. Каргин, Ғ. М. Кертаева, С. Қалиев, К. Ж. Қожахметова, С. А. Ұзақбаева, этномәдениет мәселесі бойынша М. Х. Балтабаев, Ж. Ж. Наурызбай, А. С. Сейдімбек, патриоттық тәрбие бойынша С. К. Нурмукашева, Н. Р. Рамашовтың еңбектері.
Қ. М. Арынғазин «Мағыналы педагогикаға кіріспе» атты еңбегінде, сыныптық сабақ беріп оқыту жүйесінен, сыныптық сабақ беріп оқыту-тәрбиелеу жүйесіне көшу қажеттілігін, оқыту жолдарын тұтас педагогикалық процестің жаңа үлгісін көрсеткен.
Жаңа тәрбие үлгісіне (парадигмасына) көшу жолындағы оқыту, рухани байлықты, өнегелікті қалыптастыруды Қ. М. Арынғазин, А. А. Бейсенбаева еңбектерінде қарастырады. Осы процесті одан әрі дамыта отырып, көптеген ғалымдар қазақ халық педагогикасы мұраларының құнды идеяларын тәрбие құралы ретінде және дене тәрбиесі, музыкалық-эстетикалық тәрбиесі арқылы қарастырғандар Р. Қ. Дүйсембінова, Т. Ә. Қышқашбаев, Ы. Оршыбеков, Е. Сағындықов, т. б.
Ү. К. Санабаев Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігіне қарасты ішкі әскерлерінің әскери қызметкерлерінде патриотизмді тәрбиелеудің педагогикалық негіздердін өз ғылыми зерттеу жұмысына арқау етіп алған.
А. А. Бейсенбаева «Қазақтың ерлік эпосы арқылы жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру» атты ғылыми еңбегінде «патриотизм», «патриоттық тәрбие» ұғымдарының мәні, олардың құрылымдық компонентері мен функцияларын нақтылап, жоғары сынып оқушыларының патриотизмін сыныптан тыс жұмыстарда қазақ ерлік эпосы арқылы қалыптастырудың механизмін жасады.
Р. М. Айтжанова «Жалпы білім беретін мектеп жағдайында этнос субъектісін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» атты еңбегінде жалпы білім беретін мектептің оқушысын этнос субъектісі ретінде қалыптастырудың педагогикалық негіздерін айқындап, мектеп оқушысын этнос субъектісі ретінде қалыптастырудың теориялық моделін жасаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz