Инклюзивті білім берудің мазмұны мен әдістемесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Абдуалиева Камила
Кя181
14-15 семинар
1.Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізуге арналған бағдарламалар
2. Инклюзивті білім берудің мазмұны мен әдістемесі
3. Инклюзивті білім беру жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін АКТ қолдануға даярлау

1. Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы, Білім беру туралы, Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы, Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы, Арнайы әлеуметтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.4. Барлық адам бір - біріне қажет.5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
2. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру халықаралық құқықтық актілерге бейімделген: Балалар құқықтары туралы конвенция, Мүгедектер құқықтары туралы Конвенция, Ерекше оқытуды қажет ететін адамдардың білімі бойынша Саламанк декларациясы мен Іс-қимылдар шеңбері және т.б..Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне мен оқу қажеттіліктеріне білім беру ортасын бейімдеу және педагогикалық тәсіл негізінде олардың тұрғылықты жерiне қарай барлық оқушылар үшін тең оқу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету - Қазақстанда инклюзивті білім беру нoрмативті-құқықтық базасының негізгі постулаттарына негізделген.Инклюзивті білім беруді дамыту инклюзивті саясат пен тәжірибені жетілдірусіз және инклюзивті құндылықтарды жүйе деңгейіне толық, сондай-ақ олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолдау әрекетін әлеуметтік - педагогикалық және психологиялық жобалау
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері
Білім беруді ұйымдастыру
Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу процесін ұйымдастыру
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Мүмкіндіктері шектеулі балалармен әлеуметтік
Тірек - қимыл аппараты зақымдалған мектепке дейінгі мектеп оқушыларына көмек көрсету
Пәндер