Студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Шығыстану

Досмұрат Нұрәділ

Оқулықтың студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы ерекшеліктері

Оқулықты арнайы пән ретінде қарау процесінде зерттеу нысаны студенттердің танымдық іс-әрекетінің белгілі бір ұйымын білдіретін иерархиялық құрылымдық-функционалды ішкі жүйелер қатары ретінде жүйе қызметін атқаратын жүйелік тәсіл қолданылды.

Білім алу және оны арттыру қызметін танымдық іс-әрекет деп атаймыз. Дидактикада білім алушылардың танымдың іс-әрекеті білім алуға деген белсенді қарым-қатынасын және қандай тәсілмен болсын осы білімді аламын деп алға қойған мақсатына жету үшін саналы түрде қабылданған мақсатты процесс деп саналады.

Марксистік-лениндік философия танымды объективті әлемдегі заңдылықтарындағы субъект санасындағы белсенді шығармашылық процесс ретінде қарастырады. Студенттің оқу қызметі ғалымның танымдық іс-әрекеті секілді өз мазмұны, мәні, әдістері бар таным іс-әрекеті.

Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейна А. Н. Леонтьевтің еңбектерінде жазылған студенттердің танымдық іс-әрекеттері жайлы жазылған зерттеулерінде бірнеше психологиялық принциптерді көре аламыз. Психиканы түсіну адам қызметі ретінде; адам психикалық қызметін әлеуметтік тану; ішкі және психикалық, практикалық қызметтер бірлігін мойындау. Осы принциптерге сай студенттердің танымдық іс-әрекетін қарастырамыз. Ол үшін психологияны оқыту жетістіктері, дидактика жайлы зерттеу жұмысы нәтижелері, заманауи этаптағы оқыту ерекшеліктері, мақсаттардың, міндеттердің айқындығы, оқу орнындағы мамандарды дайындау жағдайы есепке алынады.

Студенттердің оқу қызметі - педагогикалық міндеттер мен оқыту пәндерінің ерекшеліктеріне тәуелді әртүрлі танымдық іс-әрекеттерден тұратын комплекс. Студенттердің танымдық іс-әрекетін кәсіби-шығармашылық және жеке орындау артықшылығы қызметімен байланыстырамыз. К. Г. Марквардт айтқандай, «Өнімді іс-әрекет негізі маманды сипаттайды. Сондықтан ол үнемі ғылыми зерттеудің сипатын алады. Репродуктивтілік пен өнімділік элементтері араласады».

И. Ломпшер де осындай қорытынды жасаған болатын. Оның айтуынша, студенттердің оқу қызметі рецептивті-өнімді. Оның анық сипаты деп белсенділік формасын, студенттердің санасын, олардың оқу қызметінен тәуелділігін, білімге және шеберлікке деген басшылықтың талаптарын айта аламыз. Білім мен біліктілікті шыңдауға бағытталған оқу қызметі нақты бір мөлшерде іздеу процестерінен тұрады да, зерттеу қызметімен шектелуі мүмкін немесе соған өтіп кетеді. Бұл жағдайда шығармашылық іс-әрекетке тән белгілер мен сипаттарды түзу қарастырылады.

«Шығармашылық» түсінігі әдебиетте әртүрлі мағынаны береді. Бірақ көбіне беретін мағынасы: шығармашылық - жаңа қоғамдық маңызы бар материалды және рухани құндылықтар жасайтын іс-әрекет.

Студенттердің шығармашылық іс-әрекетін қиын не әрқилы проблемалық жағдайларда жеке бағытын табады деген мақсаттағы саналы, ынталы, мақсатқа бағытталған, ұйымдастыру іс-әрекеті; проблемны қарау мен шешу; мәселені шешу үшін жаңа әдістер, құралдар, тәсілдер табу; жаңа идеялар ойлап табу және гипотеза жүргізу; мағынасына үңілу, зерттеу; заманауи әдіснама мен әдістемелік зерттеулерің шығармашылық қолданылуы.

Оқулық - оку пәні немесе оның бөліктері, бөлімдерінің типтік оқу бағдарламасына сай келетін және осы басылым түрінің сапасына ресми түрде бекітілген жүйелік мазмұнынан тұратын оқу-теориялық басылым.

Оқу құралы - оқулықты алмастыратын не толықтыратын және осы басылым түрінің сапасына ресми түрде бекітілген оқу-теориялық басылым. Оқулыққа қосымша ретінде шығарылады. Ол оқу курсы бағдарламасына жалпы немесе оның бөлімдеріне сай келетін және жалпы алғанда курс бойынша жаңа материал болатын, фундаменталды білімді кеңейтетін, оқулыққа қосымша шыққан басылым.

Логико-психологиялық ұғым оқулығын құрастырушы ғалым А. З. Рахимовтың ойынша «оқулық - білім арттырудың құралы емес, ол ғалымдардың миы мен жүрегін тулататын проблемаларды тізіп көрсететін әлеуметтік маңызға ие объект». Оқулық оқуға, анықтамаларды жаттауға немесе талқылауға арналмауы керек. Ғалым қорытындылай келе оқулық оқуға қызығушылықты, жауапкершілікті, шығармашылық қатынасты ояту керек деп, мына функцияларды тізіп берді:

  • жалпыбілімберу: пәнді білу және оқушының танымдық іс-әрекеті саналы түрде алынған білімді шеберлік құралы ретінде қолдану;
  • даму: оқушының танымдық қажеттіліктерін дамытуықажетті қызығушылық тудыруы, олардың оқу белсенділігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуі шарт;
  • тәрбиелеу: оқушыларды ғылыми білімге, оқу іс-әрекетін ұйымдастыратын рационалды құралдарға, өзін оқытуға, бағалауға, бақылауға деген қарым-қатынасының дамуы;
  • дүниетаным: құбылыстарды тану мен түсіндіру, қоршаған орта жайлы ғылым объективті және дұрыс екеніне сенімді болу;
  • интегралдау: оқулық материалдары оқушының жеке шығармашылығы және тұтас әлемді түсінуінің қалыптасына бағытталуы керек. Бұл әртүрлі білімдердің бір оқулықта жинақталуы арқылы жүзеге асады;
  • құнды-бағытталған: өзін оқыту процесі кең таралған интелектуалды негізді қамтамасыз етеді. Бұл функция ойлаудың ғылыми және техникалық стилін сыртқы әлеммен өзара байланыста оқу құралы ретінде сыртқы ортаның құндылықтарын жоғары бағалауды үйрете отырып жүзеге асырады.

Педагогикада кеңінен қолданылатын оқулық функциясы - оның нысаналы мақсаты. Ол оқулық алдында тұрған мақсат-міндеттерді анықтау қана қоймай, оған қоса бұл оқулықта бар формалар мен құралдарды осы міндеттерді іске асыруға қолданады.

Заманауи оқулық:

  • оқушының жас ерекшеліктері мен эстетикалық нормаларын есепке алуы керек;
  • базалық минимумдарды көрсетіп, үлгідегідей бағдарламаларға сай келуі керек;
  • заманауи ғылым деңгейіне бағытталып, пән зерттейтін аймақты ғана ашып көрсетпей, ғалымдардың көзқарастары мен позицияларын да көрсетуі керек;
  • материалдың мазмұны жүйелі болуы керек;
  • оқушылардың өзіндік жұмысы мен дифференциялы оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін әртүрлә әдістемелік аппараттан тұруы керек;
  • жоғарғы адамгершілік қасиеттерді, демократиялық құрылымдарды, барлық елдер мен халықтардың тарихы мен мәдениетіне деген құрмет, ғылыми ойлауды тәрбиелеуге машықтандыруы керек;
  • қажетті иллюстрациялық қатардан тұруы керек;
  • санитарлық талаптарға сай келуі керек.

Жақсы оқулық оқушыға жаңа сұрақтарға, қызықты мәселелерді шығармашылық зерттеуге жол ашуы керек. Оқулық оқу материалының толық меңгерілуіне және оқу барысында оқушыларға танымды және белсенді қатынасты қамтамасыз еті қажет. Осы міндеттерді шешу үшін оқулықта келесідей функциялар орындалуы керек:

  • ынталандыру функциясы. Бұл функция оқушының нақты пәнді зерттеуіне ықыласын оятып, жұмысқа деген қызығушылығын ашатын стимул тудыруы керек;
  • ақпараттық функция. Ақпараттар арқылы оқушылардың білімін арттыру функциясы;
  • бақылап-реттеу функциясы. Бұл функция тексеріс, өзін бағалау және жолды реттеу мүмкіндіктерін алға қоя отырып және шеберлік пен іскерлікті шыңдау үшін маңызы зор.

Оқулық функциялары жалпы оқыту нәтижелерін жақсарту мақсатында жүзеге асады. Алайда зерттеушілердің айтуынша оқулық дәртүрлі түрде негізгі екі функцияны орындайды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқулықтың студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы ерекшеліктері
Кредиттік оқыту бойынша студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Педагогикалық практиканың жетекшілерінің міндеттері
Орта мектепте шет тілін оқытудың когнитивті аспектісі
Оқулық студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және басқару құралы ретінде
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Қарым-қатынас психологиясы (дәрістер)
Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері
Биология сабағында танымдық белсенділікті дамытудың әдістері мен шарттары
Түзету функциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz