Асқорыту жүйесі. Көмірсулар алмасуына қатысатын ферменттер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Практикалық сабақ 1
Тақырыбы: Асқорыту жүйесі. Көмірсулар алмасуына қатысатын
ферменттер.
Сабақтың мақсаты: Адам және жануар ағзаларының физиологиялық және
патологиялық жағдайдағы сілекейдің химиялық құрамын, функцияларын және көмірсаларға әсерін ету маңызын оқыту.
Негізгі сұрақтары:
1. Асқорыту туралы түсінік;
Ас қорыту деп - сыртқы ортадан организм қабылдаған қоректік заттардың күрделі қосылыстарын денеге жеңіл сіңетін қарапайым қосылыстарға айналуын қамтамасыз ететін физиологиялық процестер жиынтығын айтады.
Адам мен жануарлар ас қорыту жүйесі арқылы қуысынан басталып, тік ішекпен бітеді де, ұзына бойынша бірнеше рет кеңейіп-тарылып отырады. әшкі жағынан ас қорыту жолы кілегей қабықпен қапталып, онда ас қорыту бездерінің өзектері ашылады. әр без құрамы белгілі бір шекте өзгеріп отыратын, өзіндік қасиеті бар сөл бөледі. Бұл сөлдердің құрамында ас қорыту процесін шапшаңдататын ерекше биологиялық катализаторлар-ферменттер болады.
Ас қорыту жүйесі шартты түрде алдыңғы, ортаңғы және соңғы бөлімдерге бөлінеді. Алдыңғы бөлімге ауыз қуысы мен оның қосалқы мүшелері, жұтқыншақ, өңеш; ортаңғы бөлімге - қарын мен ащы ішек, ал соңғы бөлікке - тоқ ішек жатады. Ас қорыту жүйесіне сонымен қатар сілекей бездері, ұйқы безі, бауыр да қосылады.
Тамақтың құрамындағы алдын-ала өңделмейінше ас қорыту мүшелерінен қанға өте алмайтын заттар болады. Тамақ физикалық (ұсақтану, үгілу, сілекеймен шылану, еру) және химиялық қорытулар өзгеруге ұшырайды. Тамақ өтетін жол ас қорыту жолы да. Адамдарда өңеш ұзындығы 6-8 м. Ас қорыту жолының негізінен біріңғай сапалы еттерден тұратын қабырғасын ішкі жағынан кілегейлі қабық астарлап жатады. Оның клеткалары кілегей жасап шығарады. Тамақ ауызда қорытыла бастайды: мұнда ол сілекеймен шыланып, тіспен ұсақталады.
Ас қорыту мүшесінің тістен басқа бөліктерінің ішкі қуыс сүйексіз негізінен 3 қабаттан тұрады.
кілегейлі немесе ішкі қабат барлық ас қорыту жолының ішкі бетін қаптап жатады. Бұның өзі эпителий, бұлшық етті және кілегей асты қабатынан тұрады.
Бұлшық ет қабаты кілегей мен сір қабатының аралығында орналасқан. Ас қорыту мүшесінің бұлшық ет қабаты 2 түрлі. Ішкі бөлігі сақина тәрізді сыртқы бөлігі ұзын бұлшық ет талшықтарынан құралған.
Сір немесе сыртқы қабаты. Асқазан, аш ішек және тоқ ішектің көп бөлігін қаптап жатады. Сір қабаттар ішкі мүшелері жан жағынан орап керіп тұратын ішперде деген жылтыр затқа ұласып кетеді.
Ас қорыту жүйесі мүшелері бірнеше күрделі қызмет атқарады. Олар секрециялау (сөл бөлу), қимылдау (моторлық), сіңіру, бөлу (экскрециялау) және инкрециялау (биологиялық белсенді заттар-гормондар бөлу) қызметтері.
Секрециялау қызметі ас қорыту жолына түрлі сөлдер бөлетін бездердің жұмысына байланысты. Мысалы, сілекей безі, сілекей, қарын безі - қарын сөлі мен шырыш, ұйқы безі - ұйқы безі сөлін, бауыр-өт, ішек бездері - ішек сөлін бөледі. Ас қорыту сөлдері организм қабылдаған қоректі бөктіріп, құрамындағы ферменттердің, қышқылдардың, сілтілердің әсерімен оларды қорытады, ыдыратады.
Ас қорыту жолдарының қимылдау қызметі қарын мен ішек қабырғаларындағы етті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам және жануарлар ағзасындағы көмірсулар мен ферменттік жүйелері. Олардың құрылысы, жіктелуі, ферменттік реакциялардың механизімі
Қарын сөлінің бөліну кезеңдері
Гормондарға жалпы сипаттама
Клиникалық биохимия пәні
Асқорыту жүйесі ағзаларының жастық ерекшеліктері. Асқорыту жүйесінің ақаулары
“Клиникалық биохимия” пәнінен дәрістер
Асқорыту жүйесінің қызметі
Гепариннің құрылысы мен ролі
Гиалурон қышқылының құрылысы мен ролі
Минералды заттардың организмде жетіспеуі
Пәндер