Психология мәселелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Рахад Әмина(Кил-11)

1-апта бақылау сұрақтары:

Психология - адамның жеке ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты-психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттіңнегізі ретінде зерттеу. Психологияның зерттеу объекті - осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті - мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т. б. Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т. б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.
  1. Сонау ерте замандарда-ақ адам заттық (айнала қоршаған табиғат, адамдар, әр алуан заттар) және затсыз, дерексіз (әр түрлі адамдар мен заттардың бейнелері, оларды еске алу, көңіл күйі), түсініксіз тылсым құбылыстар болатындығына назар аударған. Бұл жұмбақ құбылыстарды дұрыс түсінуге, олардың табиғаты мен пайда болу себептерін ашуға мүмкіндігі болмаған соң, адамдар оларды қоршаған ақиқат дүниеге тәуелсіз, өз бетінше өмір сүреді деп санай бастады. Осылайша тән мен жан, материя мен психика болмыстарының бөлектігі жөніндегі топшылаулар пайда болды. Бұл топшылаулар принципті түрде кереғар, бірін-бірі жоққа шығаратын философиялық екі бағыт: материализм және идеализм болып қалыптасты. Материализм мен идеализмнің арасында осыдан екі мың жылдан астам уақыт бұрын басталған тартыс қазір де жүріп жатыр. Бұл ретте мынаны естен шығармаған жөн, егер идеализмнің пайда болуын адамдардың білім дәрежесінің төмендігінен деп түсіндіруге болатын болса, ал оның күні бүгінге дейін сақталуы таптық қарама-қайшылықтардан, езуші таптың идеализмді өзінің билеп-төстеу жағдайын негіздеуге және нығайтуға пайдалану талпынысынан туады. Адамзат тарихынын бүкіл бойында идеализм кертартпалық, ескілік философиясы болып келеді және солай болып та отыр. Психикалық құбылыстарды идеалисті тұрғыдан түсінудің мәні психиканың материадан тыс, өз бетінше өмір сүретін болмыс ретінде қаралатындығында болып табылады. Психика - тәнсіз, материалсыз негіздің - «абсолютті рухтың», «идеяның» көрініс беруі, - дейді идеалистер. Тарихи жағдайларға байланысты идеализм өз ұсқынын өзгертеді, бүркемелене түседі, бірақ мәні өзгермей сол күйінде қалады. Психиканы материалистік тұрғыдан түсінудід идеализмге қарама-қарсылығын психиканың материядан шығатын екінші кезекті құбылыс, ал материяның бірінші кезекті, субстрат (негіз), психиканың иесі ретінде қаралатындығында. Материяның бірінші және психиканың екінші кезекті екендігін психиканың материяның дамуының белгілі бір кезеңінде ғана пайда. болатындығымен нанымды дәлелдеуге болады. Жер бетінде психикаға ие тіршілік иелері пайда болғанға дейін жасы миллиардтаған. жылдармен есептелетін өлі табиғат болған. Алғашқы тірінілік иелерінің өзі бұдан бірнеше миллиондаған жылдар бұрың ғана пайда болған. «Жер бетінде, - деп жазды В. И. Ленин, - ешқандай адам, жалпы айтқанда, тіпті, ешқандай жан иесі болмаған және болуы мүмкін де емес уақытта жердің осы қалпында бар болға-нын жаратылыс тану ғылымы батыл қуаттап отыр. Организмді материя кейін жаралған нәрсе, ұзақ уақыт дамудың жемісі . . . Материя - алғашқы нәрсе, - ой, сана, түсінік, - өте жоғары дәрежеде дамудың жемісі» .
  2. Қазіргі кезде психология ғылымы - көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми тән. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен калыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр килы сатыда тұр. Оларды топтастырьш, жік-жікке ажырату жіктеу (классификация) деп аталады. Салалары:
  1. Тәлім-тәрбие (педагогикадық) псяхологиясы
  2. Жас кезеңдерінің психологнясы
  3. Арнаулы психология.
  4. Еңбек психологиясы
  5. Медициналык психология
  6. Әскери психология
  7. ӘлеуметтІк-психология
  8. Спорт психологиясы
  9. Сауда психологиясы
  10. Ғылыми-шығармашылық (творчество) психологиясы
  11. Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психология.
  12. Салыстырмалы псйхология
  13. Заң психологиясы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік психологияның мақсаттары мен міндеттері
Әлеуметтік психологияның мақсаты мен міндеттері
ХХ. ғ. Басындағы қазақ этнопедагогикасының негізін салушылар
Басқа ғылымдармен психологиямен бірігу мәселелері
Психодиагностиканың даму тарихы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Психология тарихы
Жан, тән және мән туралы психологиялық түсінік
Психология тарихының әдістері
Кеңестік даму психологиясының негізгі теориялық бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz