Сұраулы сөйлемдердің стилистикалық ерекшеліктері

Тіліміздегі қай стильдің болса да негізгі арқауы - сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары, бұл формалар тілдік бірліктердің сұрыпталып қолдану нәтижесінде дамып жетіледі.
Адамдар өзара қарым-қатынас жасауда біріне-бірі әр алуан өмір әрекетінің жайын сөз қылады. Ондайда олар айтпақ пікірін алдын-ала ойланбай-ақ сөйлей береді. Ауызекі сөйлеу тілінде ең көп қолданылатын сөйлемнің түрі - сұраулы сөйлем болып табылады.
Енді осы сұраулы сөйлемнің стилистикалық ерекшеліктері қандай болатынын біз көркем әдебиеттегі қолданыстар арқылы білдірмекшіміз.
Адам өз ойын басқа біреуге жай хабар ретінде де, әсер ететіндей мәнерлі етіп те білдіріп отырады. Сөйлемнің экспрессивтік мағынасы басқа сөйлем түрлеріне қарағанда сұраулы сөйлемде жиі кездеседі. Оған сұраулы сөйлемге қойылатын сұрақтардың түрлері әр алуан - ашық, альтернативті, қарсы, риторикалық т.б. болып келуі көп әсерін тигізеді.
Жеке сөздерді, сөз тіркестерін әр түрлі экспрессивті бояуды жұмсау - ақын-жазушылардың стиліне байланысты.
Әр түрлі эмоцияны білдіруде кейде жеке дыбыстар қайталана айтылады: Мені ме, а... мені...а деймін? Осындағы а...а?деген сөздер арқылы кейіпкердің қорқып, үрейленіп тұрғанын анық көрсету үшін қолданғанын байқаймыз.
Сөйлеу тілінде одағай сөздердің қолданылуы арқылы да сұраулы сөйлем эмоциялық мағынаға ие болады:
Нағашы, мені таныдың ба?-деді.
Ойбай-ау, Сейітпісің?..Туу...апырмау, осы боранда жүргенің? - деп Жақия оның киіміне жармасты.Б.Майлин. Мұндағы одағай сөздер адамның таңқалғандығын білдіріп, эмоциялық реңк беріп тұр.
Сұраулы сөйлемге қойылатын сұрақтың түрлеріне келетін болсақ, қазақ тілінде олардың жиі кездесетіндері төмендегілер болып келеді: ашық, альтернативті, анықтауыш, жетек, түрткі, қарсы, риторикалық т.б. сұрақтар. Әр түрлі авторлардың пікірлерін жинақтағанда, сұрақтың басқа да күмәнді, таңқалу, шүбәләну мәнді түрлерін кездестіре аламыз. Сонымен сұрақтың алуан түрлілігі әдеби-көркем шығармаларда жиі кездеседі.
Қазақ тілінде сұрау есімдігі мен сұрау шылауы арқылы жасалып, міндетті түрде жауап керек ететін түрлері жалпы сұраулы сөйлем деп аталып жүр. Ал орыс тілінде осы сұрау есімдігі мен сұрау шылауының қатысуы арқылы жасалған сөйлем екі түрлі болып аталады, яғни сұрау есімдікті және сұрау есімдіксіз.
Енді осы сұрақтың әрқайсысына қысқаша жеке-жеке тоқталатын болсақ, олардың әрқайсысы да сөйлем мазмұнына стилистикалық реңк беріп отырады.
Сұрау есімдікті сұраулы сөйлем мәселесін сөз еткенде, сөйлемнің құрылысын зерттеудің маңызын атап өту орынды. Өйткені бұл зерттеу сұрау есімдіктерінің сөйлемдегі өзіндік орнын, позициясын айқын таныта алады.
Зерттеу барысында сұрау есімдіктері арқылы жасалған сұраулы сөйлемнің құрылысына қарай алуан түрлі болып келетіндігі байқалады. Тілдік фактілерге сүйенсек, сұрау есімдіктерін жалаң және жайылма, жақты және жақсыз толымды және толымсыз сөйлемдерді сұраулыға айналдыратын қасиетін танимыз. Осы сөйлемдердің әрқайсысында белгілі бір сөйлем мүшесі функциясында жұмсала келіп, сұрау есімдіктері бүкіл сөйлемге сұраулық мағына телиді. Мұндағы баса назар аударатын жайт - сұрау есімдіктерінің осы сұраулы сөйлемдерде қандай орын алатындығында. Сұраулық мағына үстеуші сұрау есімдіктерінің қандай сұраулы сөйлемде жұмсалатынына қарамастан, тұрлаулы да, тұрлаусыз мүше ретінде сөйлемнің кез-келген жерінде қолданылатындығын көруге болады.
Сұраулы сөйлемдерді функционалды стиль турасынан қарастыратын болсақ, онда стилистикалық талдау әдістерінің негізі - тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тілдің әлеуметтік мәні мен қызметі екенін ескергеніміз жөн. Жалпы функционалды стиль ұғымы қазіргі стилистикадағы негізгі категория. Функционалды стильдер тілдің қолданысымен, қызмет етуімен тікелей байланысты, яғни шынайы сөйлеуде, мәтін көрінеді. Функционалды стильдерде әр түрлі тілдік деңгейлердің тұлғалары мен бірліктері және олардың стильдік бояуға ие түрлері белгілі бір қатынас саласында қызмет ету міндеттеріне сәйкесті түрде бірігеді. Сұраулы сөйлемдерді жоғарыда аталған стильдердің аясында қарастырып көрейік.
Ғылыми стильде сөйлемнің синтаксистік құрылымы толық, сөйлемдері күрделі болады. Сөйлемдегі сөздердің орны логикалық қатаң тәртіпке бағынады. Мағынасы жалпылама, абстракт сөздер басым қолданылады. Ғылыми стильдің дайындалу, көріну жағдайы да ерекшелікке ие: ол алдын ала мұқият дайындалады және мұнда қарым-қатынас тікелей емес, жанама түрде орнатылады, көп жағдайда жазбаша көрініс табады. Ғылыми стильде абстракт ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz