Монғол испериясының құрылуы



Жоспар:
1.Монғол империясының қурылуы
2. Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы . Ұлыстардың құрылуы.
3. Батыйдың (Бату) Европаға шабуылы . Алтын Орда.
4. Моңғолдар жаулап алуының зардаптары.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1.Монғол империясының қурылуы
2. Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы . Ұлыстардың құрылуы.
3. Батыйдың (Бату) Европаға шабуылы . Алтын Орда.
4. Моңғолдар жаулап алуының зардаптары.

Мемлекеттің құрылуы. XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан
территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының
шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан
– байтақ жерін иеленген еді.
Моңғол тайпалары әлеуметтік–экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын,
орман халқы және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді.
Орман тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал
шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол
қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.
ХІІ–ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың
қалыптасу процессі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа бөлінеді: нояндар және
езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар - монғол
тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл
мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол
бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей
– бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңрат.
Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізуүшін, тайпалар
арасындағы күрес жағдайынданегізгіқарсыластарыныңбар лығын женіп, 1203-1204
жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді. Егер бұрын
Моңғолиянымекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты
тайпалардың бірі аты ) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты
моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин
жинақтаушы этникалық – саяси мәнге ие болды.
1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді
жақтаушылардың–моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысыболып, онда ол Шыңғыс-
хан деген атпен моңғолдардыңәміршісіболып салтанатты түрде жарияланды.
Шыңғыс хан деген сөз моңғолша көктен жаралған деген ұғымды білдіреді.
Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күштіШыңғыс-хан империясы құрылды .
Шыңғыс-хан құрған мемлекеттіңнегізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру
принципіалынды. Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат
(зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке
бөлінді. Әрбір округ түменге (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың
адамнан тұрды, мыңдар – он жүзден, ал жүздер, - ондықтан құралды.
Қасиетті аңызға сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны
қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 мыңға жіктелді. Бұдан
басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден
тұратынкешігі (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс-хан нояндар
мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.
Бар билікті өз қолына алған Шыңғыс-ханның алдынақойған басты мақсаты –
ішкісаяси - әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау. Ол үшін көрші жатқан
халықтардың жерін басып алу, соғыс жолына түсу, үстем тап өкілдерінің
мудделеріненшығу үшін, жаулап алған халықтардың байлығын тонау, оларды
феодалдық кіріптарлыққа салу.
Шыңғыс - хан шапқыншылығы. Моңғолдардың алғашқы жаулап алудың құрбаны
болған Сібір жерлері. 1207 – 1208 жылдардың қысында Шыңғыс- ханның үлкен
баласы Жошы Енисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігінең басқа да
орманхалықтарын бағындырды. 1207 – 1209 жылдары Шыңғыс-хан бастаған
моңғолдар танғұттық Си – Ся мемлекетін жойып, шапқыншылықпен басып алса,
одан кейін ұйғырларды өздеріне тәуелді етті, ұйғырлардың басқарушысы идиқұт
Баршық өзін Шыңғыс-ханның вассалы деп таныды. 1215 жылы олар сол кезде
Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) басып алды. 1227
жылдың қарсыңында Қытай империясы Хуанхэ өзенінің солтүстік жағындағы
бүкілиелігіненіс жүзінде айырылды.
2. Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы . Ұлыстардың құрылуы.
Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне
жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол
ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп,
оған ұзақ әрі мұқият әзірленді.
1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған
отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта
болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз
деп таныды.
Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке
жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне
қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.
Жетісуді Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы
тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни
құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық – зомбылығына ыза болған
найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен
оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы
Сарыкөлде қуып жетіп, басы алынды.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік
Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге Отырар
опаты деп аталатын жағдай себеп болды.
1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа
саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік
сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар
әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп,
оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды
қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты
орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз
елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы
соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап
алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын.
1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен
Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды
қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы
қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы
қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей
мен Бұхараға қарай бет ады.
Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед
көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз
отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап
қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы
бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін
барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның
алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді.
Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған
моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара
мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.
Сырдария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның
бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан
тіресіп қарсыласты. Бірақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы
талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты қарсылық көрсеткен Үзкент,
Баршынкент қалалары алынып, қарсылық көрсеткен Ашнас қаласының турғыңдары
да қырғыңға үшырайды. 1219-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы
қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына түседі.
Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс-ханның әскерлері
Орта Азияның ішіне баса көктем еніп, 1219 жылдан 1221 жылға дейін моңғолдар
бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Хорезмшах II Мухаммед Иранға қашып,
кейін Атырау теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-1221 жылдардағы қысқа
жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы
соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан,
Ауғанистан және Солтүстік Индия мемлекеттерінің жеріне ауысты.
Моңғол қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер
Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды,
половцыларды және Қалқа өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-
талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ
даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225
жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді.
Сонымен, 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде
Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді. Ұлыстардың
құрылуы.
Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы
жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға
Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай
моңғол атының тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай
Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі
жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер
Жошы ұлысы деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария,
Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай
аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға
алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын
алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді.
Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға
бағынатын болды.
Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды.
Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты.
Сонымен, Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (
далалық ) бөлігі – Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан Шағатай
ұлысының, Жетісудың Солтүстік Шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.
3. Батыйдың (Бату) Европаға шабуылы . Алтын Орда.
Батыйдың жорығы. 1227 жылы 25 тамызда Тангуттарға қарсы 2-ші рет жасаған
жорық кезінде ауырып Шыңғыс-хан қайтыс болды. Қайтыс болғаннан кейін
балалары мен немерелері соғыс жорықтарын жүргізе берді.
1225 жылы Қарақорымда моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс
Еворпаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Моңғол әскерлерін Шыңғыс-
ханның мұрагер немересі Жошының баласы Батый (Бату) басқаратын болды. Батый
атасы Шыңғыс-хан сияқты өте қатал және қанқұмар жаулап алушы еді.
Батыйдың самсаған әскері 1236 жылы Кама өзені бойындағы Булгарияны,
Мардваларды талқандап, 1237 – 1240 жылдары орыс жеріне келді. Орыс халқы
моңғол басқыншыларына ерлікпен қарсылық көрсетті. Рязань, Москва, Владимир
түбінде монгол әскерлерімен кескілескен ұрыстар болды. Орыстың шағын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы
«Алтын орда» мемлекетінің құрылуы туралы
Қазақстан моңғолдардың билігінде
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Алтын Орда мемлекеті туралы ақпарат
Шыңғыс хан шапқыншылығы
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
«Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы
Монғол хандарының ұлыс билігі үшін таласы
Пәндер