Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламалары (денсаулықты, спортты, дене шынықтыруды дамыту)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламалары (денсаулықты, спортты, дене шынықтыруды дамыту)
Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - мемлекетіміздің әлеуметтік әл-ауқаты мен экономикалық өркендеуінің негізі ретінде азаматтардың денсаулығын сақтаудың тиімді және орнықты жүйесін дамытуды қамтамасыз ету.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік бағдарламаның негізгі 7 бағыты анықталды:
Халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту:
МСАК-ті жаңғырту және басымдықпен дамытудың негізінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін пациент мұқтаждықтары айналасына интеграциялау;
Медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету;
Ұлттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясатын іске асыру;
Ниеттестікті ендірудің негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және оның қаржылық тұрақтылығын арттыру;
Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру;
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, инновациялар мен қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы халқының денсаулық сақтау көрсеткішіне шолудан бастауға рұқсат берсеңіздер.Денсаулық сақтау аясындағы мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың арқасында соңғы он жылда барлық негізгі көрсеткіштер оң динамикаға ие болып отыр:Адамның өмір сүру ұзақтығы 6 жылға ұзартылды.Күтілген өмір сүру ұзақтығы 6 жылға ұзарды, жалпы адам өлімі 27%-ға қысқарды, ана өлімі 4 есе төмендеді, сәби өлімі 1,6 есе, қатерлі ісік аурулары 20%-ға, туберкулез ауруынан қайтыс болғандардың саны 5 есе азайды.Халықтың денсаулығын нығайту және сақтау үшін министрлік келесі шараларды іске асыруда.
Халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамытуДенсаулықты нығайту және ауруларды алдын алу бойынша тиімді және қолжетімді тетіктерді құру мақсатында қоғамдық денсаулық қызметі қалыптастырылды.Осы тектес қызмет аймақтарда да құрылуда.ҚДҚ қызметінің негізгі бағыттары - бұл қолданыстағы әдіс-тәсілдер арқылы Қазақстан тұрғындарының денсаулығын қорғау мен нығайту, мүдделі мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара әрекеттесудің негізінде салауатты өмір салтын ынталандыру (санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық, ветеринарлық қызметі).
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әлеуетін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.
2017 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша республика халқының арасында 10 жұқпалы ауру бойынша жағдай тіркелмеген, 12 нозология бойынша бірлі-жарым жағдай ғана тіркеліп отыр, 2016 жылдың осы тектес кезеңмен салыстырғанда 26 жұқпалы ауру бойынша деңгейді төмендетуге қол жеткізілді, оның ішінде қызылша ауруы 55 есе, трихинеллез 20 есе, менингококтық жұқпа 3,8 есе төмендетілді.
21 жұқпалы ауруға қарсы тұрғындарға екпе егу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың өткен кезең бойынша республикалық бюджет есебінен 2 млн-ға жуық адамға (2337 241) екпе егілді.
47,5%-ға жуығы екпемен қамтылды. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сәйкес келеді. Екпе егуге жататын 11557 адам екпе алмады, оның ішінде 46%-ы екпеге өзінің жеке көзқарасы бойынша, 42%-ы діни сенім бойынша, 8%-ы екпеге сенімсіздік танытуы бойынша, 4%-ы БАҚ беттеріндегі жағымсыз ақпараттардың нәтижесінде бас тартқан.
Екінші бағыт - МСАК деңгейінде медициналық көмек көрсету. МСАК дамыту мен жаңғырту, жедел медициналық жәрдемді дамыту, денсаулық сақтаудың барлық қызметін біріктірумен арнайыландырылған медициналық көмекті дамыту қарастырылған.
Елімізде жыл сайын МСАК дәрігерлеріне 50 млн-ға жуық адам тіркеледі. ҚР 1 тұрғынына шаққанда дәрігерге 3 рет кіру тіркеліп отыр. Экономикалық әріптестік және даму халықаралық ұйымының (ЭӘДҰ) елдерінде бұл көрсеткіш 6,7-ге тең.
Медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру және кешенділігін қамтамасыз ету үшін емделушілердің мұқтаждылығы аясындағы денсаулық сақтаудың барлық қызметін біріктіру саясаты жүргізілуде.
Жалпы дәрігерлік тәжірибесінің кіші түрін дамытуға бағытталған МСАК моделі мен құрылымы қайта қаралды. Бір дәрігердің жүктемесін ЭӘДҰ елдерінің деңгейіне дейін азайту үшін 2019 жылы (1500-ге дейін) емxаналарда МСАК үлгілік құрылымдары қарастырылған.
Тіркеу құжаттарын енгізу бойынша МСАК медицина қызметкерлерінің жүктемесін төмендету үшін бастапқы медициналық құжаттардың нысандары бойынша өзгертулер енгізілді. Нәтижесінде есептік нысандар 30%-ға қысқартылды. Қолға алған шара айтарлықтай МСАК ұйымдарындағы кезекті медициналық қызметкерлердің жүктемесін азайтуға, қағаз жүзіндегі құжат айналымын қысқартуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тегін дәрілік заттармен ТМКМК шеңберінде жалпы 68,3 млрд теңге сомасында МСАК деңгейінде 2 млн диспансерлік ем алушылар қамтылған.
Ағымдағы жылы дәрілік заттар тегін таратылатын аурудың тізімдері кеңейді.
Бірден 3 айға дәрілік заттарды жаздырып алуды жеңілдетудің арқасында тегін дәрілік заттарды алу үшін емxаналарда дәрігердің қабылдауында кезекте тұратын пациенттердің уақыттары едеуір азайтылды.
Тегін дәрілерді ай сайын беру сирек ұшырасатын ауруға шалдыққандар мен қымбат дәрілер үшін сақталады.
Аурудың бес тобы бойынша біріктірілген модель енгізілуде. Бұл облыс көлемінде медициналық көмек көрсетудің үш деңгейі бойынша денсаулық сақтау мекемелерін үлестіруді қарастырады.
Біріктірілген модельді енгізу пациенттердің өмір сапасын жақсартуға және осы аурулар бойынша өлім-жітім жағдайларын төмендетуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және спорт саласындағы проблеманың қазiргі жәй-күйiн талдау
Қазақстан Республикасындағы спорт және дзюдо күресі
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстар
Туризмді дамытудағы басым салалар
Дене шынықтырудың басты бөлігі спорт
Дене мәдениеті
Дене мәдениетінің жүйесі
Дене тәрбиесін жүзеге асыру
Ұлттық бірегейлікті қалыптастыру
Жеңіл атлетика сабағы
Пәндер