Қазақ эстетикасының құндылықтық-мағыналық негіздері мен ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Қыздар Педогогикалық Университеті



Пәні: Ұлы дала тарихы
Тақырыбы: Қазақ эстетикасының құндылықтық-мағыналық негіздері мен ерекшеліктері
110- топ

Орындаған: Жақсыбаева Дина
Тексерген: Бөрлібаев Ердәулет

Негізгі сұрақтар:
1.Қазақ халқының тарихи, философиялық мұрасы ретіндегі қазақ мифтерінің мәні мен мазмұны
2.Қазақ халқының эстетикалық талғамына сәйкес келетін құндылықтар негізі және Аң стилі мен қазіргі қазақ бейнелеу өнері арасындағы мәдени сабақтастық.
3.Түркі-Қазақ дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері
4.Қазақ тарихында бейнелеу өнерінің алар орны



1. Миф - 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі.
Ежелгі мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді. Мұнда поэзия мен алғашқы білімнің, дін мен әдептің, өнер мен өмірлік тәжірибенің ерекше бірлігі орын алды. Алғаш рет Миф философиясын Дж.Вико (1668 - 1744) ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдың ортасынан бастап Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады.
Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап көрсетеді: а) философиялық немесе түсіндірмелік мифтер; ә) нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер; б) тарихи және аңыз тұлғалар туралы мифтер; в) фантастикалық және метафоралық мифтер; г) әлеуметтік-саяси және тұрмыстық мифтер. Космогониялық мифтердің басты тақырыбы - "киелі тарих", дүниенің, адамның, тағы да басқа жаратылуы
Мифтік ойлаудың нәтижесі жайлы Ш. Уәлиханов: Жаратылыс пен адам! Әлемді оның кереметтілігін білудің қажеттілігі, өмілр мен өлім туралы мәселе және адамның жаратылысқа қатынасы шаман дінін туғызды- әлемді немесе жартылысты және өлген адамның рухын ұлы көруді туғызды, осылайша, сәбилік дәрежедегі адам күнді, айды жұлдыздарды әлем деп айтатын ұшы - қиыры жоқ мәңгі жасайтын әрқилы құбылыстардың бәрін зор тұтатын болды- деп айтады.
Көне философиядағы макроғарыш пен микроғарыштың тұтастығы, үйлесімдігі, гармониясы туралы идеяның танымдық маңызы зор. Қоршаған орта, адамдық әлем мәдениеттің өрістеу аймағы болып табылады. Қазақ және басқа да көшпенді халықтардың мәдениетін зерттеушілер оның ғарыштық сипатына басты назар аударады. Ғарыш деген не? Оның құрылымы қандай? Ол қалай пайда болды? -- сияқты сұрақтарды қойғалы отырғанымыз жоқ. Біздің мақсатымыз ғарыш пен табиғат туындыларының нақтылы бір мәдениеттегі көрінісін бейнелеумен байланысты. Яғни, мәдени кеңістікті іштен қарастырып өтейік. Қазақтың ата тегінің болмыс шындығына тікелей жақын болуы, -- деп жазады М. Орынбеков, -- олардың бақылайтын, қабылданатын дүниеге сезімдік тұрғыдан жақын болуы ішкі дүниесін, тіршілік етудің ождан бастауларын түсінуінен өз көрінісін тапты.[[1]]
Егер батыстық өркениет үшін ғарыш пен табиғат адамдық мақсатқа сәйкес әрекеттің объектісі және сол себептен тұлғадан тыс тұрса, онда ол көшпелілер үшін әрекеттенуші тұлға болып табылады. Ғарыш суық әрі шексіз кеңістік емес, адамдық дүниенің мәңгілік кепілі ретінде түсіндіріледі. Адам ғарыштың бір бөлігі болғандықтан, ол қоршаған ортаның түрлі қасиеттері, кескін келбеті, болмысы туралы ой толғамай, бейтарап қала алмайды. Ғасырлар бойы сұрыпталған халық даналығында барша ғалам біреу ғана деп есептеледі, ал адамдар тұтас табиғаттың құрамдас бөлігі деп танылады. Шексіздікті жеңу мәселесі сонау шумерлік өркениеттегі Гильгамеш туралы жырдан келе жатқан мотив. Шексіз далаға көз салған номада ең алдымен үлкен шеңбер -- көкжиекті көрген. Оның өзі аспандық күмбезбен көмкеріліп тұрған. Шексіздікті ақылға сыйымды парасатпен қабылдау мүмкін емес. Ол -- тылсым дүние, белгісіздіктің, қараңғылықтың, қаратүнектің таңбасы. Шексіздікті игеру үшін тұрақты бағдар қажет. Сахара тұрғыны бағдар іздеп аспанға көз салады, Темірқазықты тауып, ол арқылы Жетіқарақшы жүлдыздарының орналасуынан, Шолпан мен Үркерге назар салуынанан аспанды жақындатады. Жорыққа шыққан әскер, сапардағы жолаушы, мал баққан бақташы түндегі бағдарын жұлдыздарға қарап айыратын болған
Сонымен, қазақтың рухани мәдениетінде аспанды тәңірі- құдай ретінде қадірлеу осы мәдениеттің маңызды бір қасиетіне жатады. Аспанды құдай деңгейіне көтеру, одан қорқу емес, бұл көне мифтер мен ежелгі діндердің дүниетанымдық ерекшелігі екені ғылымға белгілі. Қазақтардың ата-тегі түріктердің басты құдайы -- Көк Тәңірі. Оның рақымымен елді билеген қағандар Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген деп аталған. Түрік жазуларында көшпенділердің барлық жеңістері Көк Тәңірімен байланыстырылған. Аспанды және оның шырақтарын қадірлеу түрік өркениетіне жататын барлық халықтардың дүниетанымының маңызды белгісі. Мысалы, Оғызнама эпосында Оғыз қаған өз балаларының атын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз, Тау, Теңіз деп қойғаны мәлім. Табиғи күштерді пір тұтудан тәңірілік дін көп құдайылық деген түсінік тумауы керек. Исламға дейін қазақтарда нақтылы құдай ұғымы болған жоқ деген пікір шындыққа онша жанаса қоймайды. Себебі Көк Тәңірін көшпенділер жалғыз жаратушы деп түсінген, кейін қазақтарда Тәңірі мен Алла синонимге айналған. Аспан мен Жердің үйлесімдік идеясы туралы Ш.Уәлиханов былай деп жазды:
Аспанда өмір сүретін адамдар бар. Олар тамақтарының астынан белбеу буынады. Біз Ортада, жер үстінде өмір сүреміз, белбеуді денеміздің ортасынан буамыз, ал күні, айы және жұлдыздары бар жер асты адамдары белбеуді аяғында буады. Аспан қырғыздарымен өте бай кемпір арада тұрады (Аспан түрғындарының өмір салтына ұқсас, өйткені бұл қырғыз қиялының жемісі).[[3]].
Мифтік кеңістік жоғары-төмен тәртібімен құрылған. Мысалы, мифтік кейіпкер тындаушы көбінесе жер астында болып жатқан оқиғаны қадағалайды, ал Жоямерген жер астындағы жылан патшасының қызына үйленеді. Аспанда пері, дию сияқты кейіпкерлер ұшып жүргенімен, миф қаһарманы олармен көбіне жер үстінде ұшырасады. Аспан әлеміне қатысты ұғымдар көне жырларда алып бәйтерек, жеті басты айдаһар мекендейтін тау түріндегі символдық мәні бар түсініктермен шектелген.
Мұсылмандық діннің еуроазиялық Далада таралуына байланысты көшпелі халықтардың ғарыш туралы түсінігі де өзгерістірге ұшырады. Бұрынғы ескі мұра жоғалып кетпей, ислам космогониясымен синкреттік түрде тұтасты. Бұл түсініктер бойынша әлем екі дүниеден: фәни (белгісіздік) және бақидан (мәңгілік) тұрады. Осыған сәйкес адам өмірі шексіз. Фәниден бақиға өту, бұл дүниеден кету дегеніміз жанның бір формадан екінші формаға ауысуы, оның нұрға айналуы. Қазақ мөдениетінде бұрыннан келе жатқан идея -- жанның мәңгілігі. Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иссауи, Абай мен Мағжан, жалпы Шығыс ғұламалары бойынша, адамның дүниедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады. Әйтпесе өмір мазмұны жануарлық күнкөрістен алыс кетпек емес. Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің кепілі -- Нұр. Оған адамның жай ақылы жетпейді, оны аңғару, түсіну, жан дүниеңмен қабылдау қажет. Әлем мен Нұр ұғымдары қазақтың төл мәдениетінде Дүниені дұрыс түсіну арқылы нақтыланады. Дүние дегеніміз заттар мен құбылыстардың біріктірілген жинағы емес. Бұл дүние -- біртұтас, яғни ол адаммен іштей қосылған.
Адам орасан зор Әлеммен жеке қалса, онда тұлгада күйкілік сезім, жатсыну, бағыныштылық қатынас тууы мүмкін. Сондықтан халықтық дүниетаным ғарышты жат күш ретінде емес, қайта өзіне етене жақын табиғилық шарт түрінде қабылдайды. Қазақтың рухани мәдениеті әлемді меңгерудің бірнеше тәсілдерін қолданған: оны тіршілікке қолайлы шексіздік ретінде бейнелеу (Бұқар жырау), оның асқақтығын, адамдық көңіл-күйді баспай, оған көтеріңкілік туғызатын дүние ретінде мадақтау (Қазтуған), әлем бөліктерінің сазды ырғақтарын аңғару (әл-Фараби). Көшпелі мәдениет ғаламат Әлемнің ішінде өз орнын таба білген. Шексіз кеңістікте адам өзімен өзі және табиғатпен жеке қалып, оңаша сұхбаттасу, сырласу үстінде болған. Ол өзінің бүкіл рухымен, табиғатпен шынайы жақын екендігін сезінген. Асқақтық сезім мен ғарышқа қарай самғауға ұмтылу тек жеке адамды емес, сонымен бірге бүкіл елді, Гумилевтің тілімен айтқанда, пассионарийлерге айналдырған. Табиғат аясындағы адамның белсенділігі де ерекше. Онда асығу деген болмаған. Далада кездескен жолаушылар бір-бірімен тез амандасып, жөнімен кету дегенді теріс қылық түрінде бағалаған. Олар үшін ең басты мәселе бір-бірінің көңіл-күйін сұрау арқылы ерекше бір жылы адамдық түсінісу еді. Қ.Нұрлановаатап өткендей, қазақтың ұлттық идеясы -- адамның көңілін табу. Оған қарым-қатынастың жоғары формасы іштесу арқылы жетуге болады.
Айдың басты рәміздік ерекшелігі оның күн мен түннің арасындағы алатын орнына қатысты. Күн батып кеткенмен, Нұр (ізгілік, жылулық, сөуле) жеңілмейді. Аспанға Күннің ізбасары (дублері) Ай нұрланып көтеріледі. Жақсылық пен зұлымдықтың арасындағы тартыс ғарыштық сипатқа ие болады. Шоқан Уәлихановтың пікірі бойынша, қазақтар айды құдай тұтқан. Бұл көне дәуірден келе жатқан дәстүр. Мысалы, Қаратау тауларындағы жартастағы суреттер көзәйнек тәріздес қосылған жұп адамдарды бейнелеген. Осындай таңбалар ішкі Монғолиядан да табылған. Сондағы адамдардың бастары дөңгелектің бірінен сәуле шашып тұрса, екіншісі ондай емес. Бұл белгілі бинарлық оппозицияны (Күн және Ай) білдіреді. Ай мен Күнді қосып тұрған сызық адамдардың қасиетті жолы деп аталды. Күн мен Айдың қатарласуы әлемдік мәдениетте кең таралған идеяның бірі.
Мұсылмандық әлемде Ай діни таңбаға айналған. Бұл жерде ескеретін бір жайт бар. Ай символикасы мәдени гомогендік дәстүрімен тығыз байланысты. Ол аруақтар дүниесімен жалғастыратын белгі болып табылады. Мұсылман зираттарына Ай белгісін қою ұрпақтар, дәстүрлер сабақтастығын көрсетеді. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, Ай әдемілік пен сұлулықтың үлгісі болып табылады. Қазақ эпосында сұлулық, нәзіктік, арулық Аймен теңестіріледі: Туған айдай толықсып, бұралып кетіп барады (Қыз Жібек), Жалғыз қызы Гүлбаршын -- он бесте толған ай еді (Алпамыс), Жақсы Ай Күндей, жарығы әлемге бірдей (мақал). Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде Кантты таң қалдырған жұлдызды аспанның алатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлтаралық қатынас мәдениеті
Балалар мен ересектердің құндылықтар өзгерісін психологиялық талдау
Мәдени саясат
Өмірдің мағынасы тұлғаның жеке әрекеттерінің жемісі
Қазақ халқының тарихи, философиялық мұрасы ретіндегі қазақ мифтерінің мәні
Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері
Колледж студенттерін кәсіби әлеуметтендіру
Жоғары оқу орындарында болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық - педагогикалық шарттары
Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі
Нарықтық-экономикалық жағдайындағы тұлғаның құндылық бағдары мен өмірлік мағына бағдарының өзара байланысы
Пәндер