ХІХ ғасырдағы Ресей империясының баспаханаларынан шыққан әдеби кітаптар және қазақ ішіндегі кітаби ақындар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

"Қазіргі баспа ісі және әдеби процесс" пәнінің семинарына арналған сұрақ - жауап.

1. ХІХ ғасырдағы Ресей империясының баспаханаларынан шыққан әдеби кітаптар және қазақ ішіндегі кітаби ақындар.

Қазақ кітаптары - 1807-1917 жылдар аралығында қазақ тілінде басылған кітаптар. Қазақ тілінде кітап бастыру ісі Ресейге қосылғаннан кейін 19-ғасырдан басталды. Алғашқы қазақ кітаптары Санкт-Петербургте, Қазанда, Орынборда, Омбыда, Ташкентте басылып шықты. Көбінесе Қазан университетінің Каримовтар мен Хусайыновтар баспаларынан шығып тұрған. Қазақ кітаптарының тарихы 1807 жылы Қазан гимназиясының баспаханасында жарық көрген "Сейфілмәлік" кітабынан басталады. 1871 жылы Орынборда басылған Ы. Алтынсариннің (1841 - 1889) "Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку И. Алтынсарина" атты кітабы жарық көрді. Алтынсариннің осы кітабы мен 1897 жылы Орынборда шықкан орыс әрпімен қазақша жазылған "Киргизская хрестоматиясы" қазақ халқының мәдени, рухани өміріндегі маңызы зор оқиға болды. Хрестоматияның алғы сөзінен бастап, аудармасы, өзі жинап өңдеген халық нұсқалары - бәрі де Алтынсариннің қолтума туындылары. Олардың ішінде И. А. Крылов, Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, М. И. Паульсон шығармалары еркін аудармалармен берілді. 1906 жылы А. Васильев хрестоматияны толықтырып, Орынбордағы Б. А. Бреслин баспаханасынан қайта басып шығарды. Алтынсарин хрестоматиясындағы әдеби шығармалар біраз қысқартылып, араб әрпімен "Мактубат" деген атпен 1889, 1896, 1899, 1911 жылдары басылып шықты. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап қазақ халқы ауыз әдебиетінің төл ту- ындылары жариялана бастады. 1876, 1894 жылдары Қазанда "Қисса-и Қыз Жібек" деген атпен Қыз Жібек жыры басылды. Жырдың "Қыз Жібек хикаясы" атты нұсқасы 1902 - 13 жылдары 4 рет Қазанда басылды. "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" дастанын алғаш рет Ш. Хұсайынов "Қисса-и Көрпеш" деген атпен 1879 жылы Қазанда Л. Домбровский баспаханасынан шығарған. Халық арасында кең тараған. Осымен қатар мектеп бағдарламасына арналған Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабев секілді Алаш зиялыларының еңбектері де жарық көрді.

2. Ыбырай Алтынсарин, Абай еңбектері және олардың ХІХ ғасырдың соңындағы, ХХ ғасырдың басындағы әдеби процестерге әсері.

Ыбрырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев еңбектері ХІХ ғасырда жарық көре бастады. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады.

Ахмет Байтұрсынұлы 1913 ж. «Қазақ» газетінде басылған «Абай - қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» - деп Абайды аса жоғары бағалады. Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болған соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік. Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 ж. Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңі (аударма өлеңдерін қосып санағанда) мен «Ескендір», «Масғұт» поэмалары басылғаны, яғни осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылды.

Еңбекті сүю және қадірлеу - Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді. "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. "Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа", - дейді. "Атымтай жомарт" әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ болса да, Атымтай ылғи жұмыс істейді. "Күн сайын өз бейнетіммен, тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Абай мен Ыбырай өлеңдері жарық көруі, қазақ жастарының білімге деген құштарлығын арттырып, көкірек көздерінің ашылуына жол ашты.

3. Ахмет Байтұрсынұлының ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі мен баспа саласына және жалпы қазақ қоғамына сіңірген еңбегі.

көрді Жазба әдебиетінің дамуынан болған кітаптар шығару ісі Алаш ұлт-азаттық қозғалысының кезеңімен тұспа-тұс келеді. Алайда осы орайда қазақ ақын-жырауларының шығармалары мен көне хисса-дастандардың, ертегілер мен батырлар жырының жарияланып тарағанын жоққа шығармаймыз. Фольклорлық мұралардың бірнеше мәрте бастырылып көршілес Қазан, Уфа, Орынбор, Ташкент, Астрахан және ХІХ қалаларындағы жеке меншік баспалардан жарық көргені белгілі. Алайда өзімізде жеке баспа болмағандықтан ұлттың ұлы ақыны Абайдың жырлары кітап болып 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында жарық көргенін айта кетуіміз лазым. Бұл уақытта Ресейде баспа ісі жанданып, біршама жетіліп, бір ғана жазушы, баспагер Н. Новиков баспахана, кітапхана, мекемелер ашып, кітап дүкендерін ұйымдастырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақыш Қалтаев
Қазақ кітап басу ісіндегі алғашқы кітап шығарушылар тәжірибесі
ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі нәзиралық шығармалар
Қисса Сейітбатталдың тақырыптық, нұсқалық және көркемдік ерекшеліктері
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Мақыш қалтайұлы жайлы
«ҒАЗАУАТ СҰЛТАН» ҚИССАСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ, КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ХІХ ғасырдағы қазақ-қырғыз әдеби байланыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz