Айналмалы жаттығу. Жылдамдық күш қабілетін дамыту



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ЕАГИ "Еуразия ЕАГИ "Евразийский Гуманитарлық Институты" Гуманитарный Институт"

" Айналмалы жаттығу. Жылдамдық-күш қабілетін дамыту. "

Орындаған: Жұмағұлова Қаракөз Ж. ШТ-20
Қабылдаған: Ташкеев Даурен С.

Нұр-Сүлтан, 2020
Жоспары
1. Айналмалы жаттығу
2. Жылдамдық және оны дамыту әдістемесі
3. Жалғыз қимыл жылдамдығы
4. Қимыл жиілігі

Жылдамдық (шапшаңдық) және оны дамыту әдістемесі

Жылдамдық дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде жылдам қозғалыс әрекеті.
Жылдамдық үш түрде пайда болады:
1. Қарапайым және күрделі қозғалыс жауабының жылдамдығы.
2. Жалғыз қимыл жылдамдығы
3. Қимыл жиілігі.

Қарапайым жауап дегеніміз алдын-ала белгілі қозғалыспен, бірақ кенеттен берілетін дыбысқа жауап (мысалы, старттық тапаншаның атылуына жауап). Қарапайым қару қозғалыс жауабының ұзақтығы спортшыларда орташа 0,10 - 0,20 секундта, спортпен жаттықпайтындарда 0,15 - 0,25 секундтан көбірек уақытта болады. Берілген дыбысқа жауап спортшыларда 0,05 - 16 секундқа дейін, жай адамдарда 0,20 - 0,35 секундтан көбірек уақыт мөлшерінде болады. Қозғалыс жауабының жылдамдығын тәрбиелеу әдістемесі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде кең тараған әдістер мыналар: қайталау әдісі кенеттен болған дабылға көп рет, әрбір ретте тезірек сезіну реакциясы. Мысалы: төменгі стартты орындау, дабыл бойынша қозғалыс өзгеруі, жүріп келе жатып кілт тоқтау, т.б. ойын әдісі (түрлі қимылдағы ойындар, баскетбол, стол теннисі т.б.) жарыстық әдіс (кешігіп, жарыстан шығып қалу т.б.) екінші кезеңде "сенсомоторлық" әдістеме қолданылады. Ол жылдам және аз уақыт аралығын айыра білу қабілеттілігін неггізделген. Іс жүзінде ол мынадай болып байқалады спортшы жаттықтырушының уақытқа жауабы туралы хабарын ала отырып, старттық дабылды өте тез сезінуге тырысады. Сонан соң келесі жаттығу сериясында ол сезіну шапшаңдығын өзі бағалайды, жаттықтырушы бұдан соң уақыт ұзақтығын бағалауы бірдей болған кезде, жаттығушыға алдын ала келісілген шапшаңдық сезіну тапсырмасы беріледі. Ақырында спортшыда уақытты дәл қабылдау қабілеттілігі қалыптасады, ол сезіну жылдамдығының жақсаруына көмектеседі.

Күрделі қозғалыс жауабының жылдамдығы дегеніміз - белгісіз қозғырғышты сезіну, көру, жауап қайтару уақыты. Күрделі қозғалыс жауабы көбінесе, спорт ойындарында, жеке сайыс түрлерінде кездеседі. Мұнда қозғалып келе жаьтқан объектіні (доп, семсер) сезіну және бірнеше мүмкіндіктен, бір дұрыс әрекетті тауып, тез қолдану міндеті тұрады. Мысалы, доп соғылғанда қақпашының алдында төрт міндет тұрады допты көру, бағытын және ұшу жылдамдығын бағалау, әрекет жоспарын құру, оны орындауға кірісу. Күрделі қозғалыс уақыты қарапайымға қарағанда, ұзағырақ 0,25 - 0,80 секундқа созылады. Күрделі қозғалыс жауабын жетілдіру үшін берілетін жаттығулар біртіндеп қарапайымнан күрделілендіре орындалады (мысалы, бокста қарсыластың соғу жылдамдығын арттыру, футболда ойын алаңының көлемін кішірейту, жеке сайыста қашықтықты азайту, жазу блоктары бар тренажерлыік қондырғыларды пайдалану, т.б.) күрделі қозғалыс жауабын жетілдіруге ойын және жарыс әдістері қолданылады. Негізгі қолданылатын - қайталау әдісі. Кенеттен пайда болатын дыбысты сезіну, басында бір (бокстегі оң қолмен соғатын соққы) сонан соң екі , үш, төрт с.с. серия соққылармен жауап қайтару.

Жалғыз қимыл жалдамдығы
Жалғыз қимыл жылдамдығы (семсерлесудегі үйрету, футболдағы доп тебу, баскетболдағы доп лақтыру т.б.) спорт ойындарында, жеке сайыста жергілікті жаттығулар бұлшақ ет жұмысы кезінде пайда болады және қозғалыс реакциясы шапшаңдығымен қатар тәрбиеленеді. Жалғыз қимыл жылдамдығын тәрбиелеу үшін әр түрлі бұлшық ет топтарына арналған шапшаңдықпен орындалатын жергілікті жаттығулар (еңкею, сермеу, секіру, түйреу, т.с.с.) қолданылады. Бұл жаттығулар, жалпы дамытатын жаттығулар кеше
Ніне кіргізіліп, сабақтың кіріспе бөлімінде орындалады.

Қимыл жиілігі
Циклді сипаттағы жаттығуларда қимыл жиілігі, жылдамдығы пайда болады мысалы, секундта орында тұрып жүгірудегі өте көп қадам саны. Қимыл жылдамдығын тәрбиелеу үшін өте жоғары шапшаңдықта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаттығуды орындау техникасы үнемі даму үстінде
Ауыр атлеттердің дене дайындығын дамыту әдістері
Студенттердің кәсіптік - қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану әдістемесі
Күш сапасын бақылау
Күресші студенттердің анаэробтық өндірісі деңгейінің тиімділігін дене мүмкіндігі негізінде арттыру
Жас шамалық топтар
Баскетбол ойынының техникалық әдістері
КОЛЛЕДЖДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді
Жүгіруден арақашықтық бойынша жаттығу
Пәндер