Философиядағы құндылық мәселесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

9-апта бож тапсырмасы.

Орындаган: Абдилазизов Жасур.

Философиядағы құндылық мәселесі.

Бүгінгі таңда құндылықтар мәселесі гуманитарлық ғылымдар мәселелерінің қатарында маңызды тақырыптардың бірі болып табылады, ол жекелеген философиялық ғылым аксиологиямен ғана байланысты емес. Зерттеу тақырыбының маңыздылығы бұл мәселені түсіндірудегі қарама-қайшылықтардан туындайды. Бүгінгі таңда «құндылықтар» деген бірыңғай ұғым жоқ. Құндылықтарды әртүрлі өлшемшарттар мен тәсілдер бойынша сыныптаудың алуан түрлері бар. Құндылықтар өзінің қоғамның мәдени, әлеуметтік институттарына орасан ықпалына байланысты бөлек зерттеуді қажет ететіні баршаға мәлім. Диссертация тақырыбын таңдау қазіргі қоғам өмір сүруге мәжбүр шарттарға негізделген. Біз қазіргі қоғамның одан сайын технологияланып, жаһандану үдерістерінің күшейіп бара жатқанына куәміз. Мемлекеттердің басым бөлігін қамтыған жаһандану үдерісінің жағымды жақтары ғана емес, сондай-ақ байлар мен кедейлер арасындағы теңсіздік, экологиялық ахуалдың нашарлауы, терроризм және ксенофобияның ұлғаюы сияқты жағымсыз жақтары да бар. Қазіргі кезде орын алып жатқан қақтығыстар мәдени қарама-қайшылықтар салдарынан болып жатыр деген оймен келісуге болады (С. Хантингтон) . Көптеген зерттеушілер, құндылықтар дегеніміз әрбір нақты мәдениет туындайтын негіз деп ойлағандықтан, құндылықтар мен мәдениет арасына теңдік белгісін қояды. Мәдениеттер қалыпты қатар өмір сүруі және диалог құруы үшін қоғам өмірінде құндылықтардың рөлін түсіну, жаңа өркениетті даму бағдарларын ойлап табу қажет. Құндылықтарды қалыптастыру үдерісін түсіну, осы үдеріске мүмкіндік туғызатын детерминанттарды анықтау, жаһандық әлемдегі құндылықтардың «динамикалық» сипатын анықтау маңызды. Қазіргі қоғамның құндылықтары әлеуметтік-мәдение эволюцияның аралық әсерімен талданады, бұл «дәстүрлі» және «адамзатқа ортақ» құндылықтарға жаңаша қарауға, жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық бағдарлау тұрғысынан әлеуметтік құндылықтар мәселесін әзірлеуге, адамның белсенділігін уәждеуге, этикалық реттеуге, құндылықты бағдарлауды таңдау және бағалауды әлеуметтік-этикалық анықтауға мүмкіндік береді

Әлеуметтік құндылықтар жайында сөз қозғағанда, ең алдымен еркіндікті, толеранттықты, гуманизмді, отбасын, отансүйгіштікті, еңбекті, тұтынуды бөліп қарастырғымыз келеді. Заманауи қарым-қатынас тәсілдері, әлемнің басым бөлігінде нарықтық қатынастарға тартылуы, мемлекеттердің басым көпшілігінің еңбекті және шикізат пен өткізу нарықтарын әлемдік бөлудің алып орбитасына тартылуы қазіргі қазақстандық қоғам құндылықтарының трансформациялануына орасан зор ықпал ететінін айта кеткен жөн. БАҚ, телевизия, Интернет бұрынғы, мәдени-тарихи тәжірибені ретрансляциялаудың қалыптасқан тәсілдері болса да, өзгерте отырып, өз шартты ережелерімен және «ескерткіштерімен» жаңа мәдениет қалыптастыруда. Құндылықтар мәселесі, аксиология жеке ғылымына ол бірден бөліп берілмесе де, философия тарихында кеңінен ұсынылған. Алғаш рет «аксиология» терминін енгізген француз философы П. Лапи болды. Жалпы мақсаттар немесе игілік туралы ілім ретінде түсінілген құндылықтар мәселесімен Сократ, Платон, Аристотель, Әл Фараби айналысқанына қарамастан, жалпы теориялық құндылық ілімін әзірлеумен И. Кант, Г. Гегель айналысқан. Аксиологиялық мәселелерге жаппай қызығушылық таныту ХХ ғасырда орын алды, бұл 3 философ экзистенциалисттер М. Хайдеггера мен Ж. Сартрдің атымен байланысты. Егер Хайдеггердің экзистенциализмінде онтологиялық талдау аксиологиялық проблематиканы қабылдамауға айналса, ал Сартр құндылық өзінше бір нормативтік шынайылық ретінде адамның өз жасампаздығы актісінен, оның өз ойын еркін білдіруінен туындайды деген тұжырымға келеді. Индустрияланудан кейінгі қоғамның құндылықтар теориясында Франкфурт философия мектебінің өкілдері - Э. Фромм, Г. Маркузе, Т. Адорно, В. Беньямин, М. Хоркхаймердің еңбектері ерекше рөл атқарды.

Қазіргі қазақстандық қоғамға арналған батыс ғалымдарының зерттеулері ерекше назар аударуға тұрарлық. Олардың ішінде М. Олкотттың «Казахстан: непройденный путь» атты еңбегін бөліп қарастыруға болады, онда Қазақстан тәуелсіздігі тарихындағы өтпелі кезеңге сипаттама берілген, қазақстан қоғамының әлеуметтік саласындағы бірқатар қиындықтар атап көрсетілген. Қазақстандық қоғамның трансформациялануы Қазақстандағы кеңестік дәуірден кейінгі аласапыран ахуалға арналған Д. Назпаридің зерттеулерінде берілген, онда далалық зерттеулердің бай эмпирикалық материалы қамтылған. Құндылықтар трансформациясы, қазақстандық қоғамда сәйкестікті қалыптастыру мәселелерін Й. Бингол, Д. Блум, Д. Джонсон, С. Каммингс, Р. Сандерс, И. Давенел, Г. Емельянова, Р. Исаакс өз еңбектерінде қарастырған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
ҚАЗІРГІ ФИЛОСОФИЯДАҒЫ САНА ЖӘНЕ ДЕНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ АСПЕКТІЛЕРІ
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Өзін-өзі танудың философиялық қырлары
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Философиядағы болмыс мәселесі
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Философия - көзқарастың бір түрі
Философия: пәні мен функциясы
Дүниетанымның мәні және оның түрлері, Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология, Диалектика және онын әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz