Бейнелеу өнері негіздері мен оқыту әдістемесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
1919.31 тобы
Бейнелеу өнері негіздері және оқыту әдістемесі
20.10.2020
Жарық, көлеңке заңдылықтарын қолдану тәсілдері.
Жарық, көлеңке - бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайы көрсету үшін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады.

Егер геометриялық денелерді жазықтық бетіне тексызықтармен бейнелеп қойсақ, онда ол денелер сымнан жасап қойған тәрізді болады.

Осы денелер бейнесіне жарық, көлеңке реңін түсіріп бояу арқылы ол денелердің кеңістіктегі шынайы пішінін, көлемін, қандай материалдан жасалғанын жазықтық бетінде көрсетуге болады.

Бейнеленетін обьектілердің жарық түсіріп тұрған жағы жарық деп, ал екінші қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады.

Заттың жарық көзінен сәулелер түспейтін жақтары меншікті көлеңке деп аталады.

Жарық түсіп тұрған заттан екінші заттың бетіне түсетін көлеңкені түспе көлеңке деп атайды.

Жарықтан көлеңкеге ауысар жері шала көлеңке деп аталады. Мөлдір нәрселерге жарықтың тікелей түсіп, шағылған бөлігі жылт деп аталады.

Меншікті көлеңкенің жарықтау жерлерінде рефлекстер болады. Бұлар жақын тұрған заттардан шағылысқан сәулелердің меншікті көлеңкеге түсуінен пайда болады.

Жылтыр немесе мөлдір заттардың бетіне түскен өте ақшыл дақтарын көру қиын емес. Бұл - заттың өзіне түскен сәулелерді ең көп шағылыстыратын жері. Бұл дақтар заттардың дөңес және ойыс бетінде, сондай - ақ олардың қырларында көбірек байқалады.

Бейнелеу барысында заттың қай бөліктеріне жарық түсіп тұрғанын дұрыс ажырату үшін жарық көзінің қандай екендігін, сондай - ақ жарық сәулелерінің бағытын анықтап алудың маңызы зор.

Жарық - көлеңке іздерінің кезеңдері түстік реңдер арқылы сызылып көрсетіледі.

Жарық, көлеңке заңдылықтары - Жарық, көлеңке - бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайыц көрсету үшін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады.

Егер геометриялық денелерді жазықтық бетіне тексызықтармен бейнелеп қойсақ, онда ол денелер сымнан жасап қойған тәрізді болады.

Осы денелер бейнесіне жарық, көлеңке реңін түсіріп бояу арқылы ол денелердің кеңістіктегі шынайы пішінін, көлемін, қандай материалдан жасалғанын жазықтық бетінде көрсетуге болады.

Бейнеленетін обьектілердің жарық түсіріп тұрған жағы жарық деп, ал екінші қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады. Заттың жарық көзінен сәулелер түспейтін жақтары меншікті көлеңке деп аталады. Жарық түсіп тұрған заттан екінші заттың бетіне түсетін көлеңкені түспе көлеңке деп атайды. Жарықтан көлеңкеге ауысар жері шала көлеңке деп аталады. Мөлдір нәрселерге жарықтың тікелей түсіп, шағылған бөлігі жылт деп аталады.

Меншікті көлеңкенің жарықтау жерлерінде рефлекстер болады. Бұлар жақын тұрған заттардан шағылысқан сәулелердің меншікті көлеңкеге түсуінен пайда болады.

Жылтыр немесе мөлдір заттардың бетіне түскен өте ақшыл дақтарын көру қиын емес. Бұл - заттың өзіне түскен сәулелерді ең көп шағылыстыратын жері. Бұл дақтар заттардың дөңе,с және ойыс бетінде, сондай - ақ олардың қырларында көбірек байқалады.

Бейнелеу барысында заттың қай бөліктеріне жарық түсіп тұрғанын дұрыс ажырату үшін жарық көзінің қандай екендігін, сондай - ақ жарық сәулелерінің бағытын анықтап алудың маңызы зор.

Суретте жарық пен көлеңке өң арқылы беріледі. Өңнің қоюлығы не бәсеңдігі заттың көлеңкелері мен оған түскен жарықтың арасындағы қатынастарға сәйкес болып шығуы тиіс.

Бейнелеуші объектінің түс қатынастары уреттегі өңдердің қатынастары арқылы берілуі керек.

Түстердің және жарық пен көлеңкенің үйлесімін берген кезде ақшыл нәрседегі (мысал гипстегі) көлеңке қара нәрседегі жарықтан ашығырақ болатынын есте ұстаған жөн. Өңі берілетін суреттерді салғанда өңдер қатысын салыстырып, анықтап алу керек.

Сурет салғанда ең алдымен заттың жарық түсіп тұрған бөлігіндегі ең күңгірт жерді тауып алуға тырысу керек, әлбетте рефлексті де ұмытып кетуге болмайды. Суреті салынатын нәрсенің жарық түсіп тұрған бөлігі рефлекстен әрдайым жарығырақ болуы тиіс.

Суретте өң тұтас берілуі керек. Суреттегі өң нәрсенің пішінін, түсін және жарықтың түсуін берудің құралы болып табылады. Заттың сыртқы бетінің түсі оның өңі деп аталады.

Пропорциялар мен негізгі пішіндерді анықтағанда түсіп тұрған көлеңкелердің шетінен бастамау керек, өйткені олар заттардың негізгі пропорцияларын да, бедерін де белгілемейді. Тіпті бұл көлеңкелер кейде заттың пішінін мүлдем бұзып, оның көзге түсіп тұрған пропорцияларын бұрмалап, өзгертіп, бүлдіріп те жібереді.

Көлемді пішінді салғанда оған түскен жарықты, ақ дақты, жартылай өңді, көлеңке мен рефлексті таба білу міндетті шарт екендігі әрдайым есте болу керек.

Жарық пен көлеңке арасындағы айқын қарама-қарсылық контраст деп аталады. Заттар бақылаушыға неғұрлым жақын тұрса, жарық түсіп тұрған беті мен көлеңке арасындағы контраст соғұрлым күңгірттеу болады. Сондықтан алдыңғы планда контрасттар мейлінше ашық болады да, екінші, үшінші, одан арғы планда контраст азая береді.

Сонымен, бақылаушыдан алыстаған сайын, нәрсенің жарық түсіп тұрған жерлері біртіндеп күңгірттене береді, ал күңгірт жерлері бұлдырлана түседі. Сурет салғанда нәрсенің көлемін барынша айқын етіп көрсетуге талаптану керек.

Жарық пен көлеңкені дұрыс түсіру арқылы нәрсенің көлемін дәл беру, суреті салынып отырған заттың жарық жерлер мен күңгірт жерлерінің қатынасы зер салып қарауды қажет етеді. Жарық пен көлеңкені нәрсенің негізгі пішіндерімен бір мезгілде белгілеген жөн.

Сөйтіп біз жарық пен көлеңке жөнінде біршама түсінік алдық. Мұның бәрн есте сақтап, сурет салғанда дұрыс пайдалана білу керек. Суретін салып отырған зтымыздың жарық пен көлеңке шекараларын айырып алудан бұрын заттың жоғарыда атап өтілген анықтамасы бойынша пропорцияларын ескере отырып, оларды дұрыс сала білу керек.

Тапсырма сұрақтары.

1.Сурет салу сауттылығын үйрету дегеніміз?
2.Заттардың пропорциясын байқау дегеніміз?

Қосымша мәлімет:
Бейнелеу сабақтарында немесе сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар шетелдердің белгілі бейнелеу өнері шығармаларымен және көп ұлтты қазақстан бейнелеу өнерінің даму кезеңдерімен танысып, жекелеген белгілі бейнелеу өнері туындыларының композициялық шешім, түс ерекшеліктерін талап өз түсінігін, пікірін әңгімелейді. Бұл оқушылардың өнер танығыштыққа тәрбиелеп, комуникативті қабілеттерін арттырады. Осыған орай қазіргі кеездегі тәуелсіз еліміздің білім және ғылым жүйесін реформалау нәтижесінде алғаш жарық көрген бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнерін оқыту бағдарламаларымен оқулықтарын батыс Еуропа, Ресей бейнелеу өнерінің кейбір белгілі суретшілері, сәулетшілері, мүсіншілерінің шығармалары, ұлттық қолөнері енгізілген. Соның ішінде, әрине, көп ұлтты қазақ бейнелеу өнері, ұлттық қолөнері кеңінен орын алған. ол оқушыларға басқа да елдердің бейнелеу өнерімен терезесі тең дамып келе жатқан өз елінің өнерін талап, танып, үлкен отансүйгіштік сезімге бөленуіне мүмкіндік жасайды.

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің алдына қойған мақсат, міндеттерін жүзеге асару арқылы оқушылардың интелектуалдық, эсмоциналдық, эстетикалық, іскерлік, комуникативтік қабілеттерін дамытып, қоршаған ортамен өзара әрекеттестік қарым-қатынасқа дайындауды жүйлеудегі оқу бағдарламасы мен мемлекеттік стандарттың және осы құжаттарға сәйкестендіріп жазылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің маңызы зор.

Бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламысында бейнелеу өнері аптасына 1,5 сағат есебінде қарастырылып, әр сыныпта бір оқу жылына жалпы 51 сағат оқыту жоспарланған. Онда өнер түрлеріне байланысты тарауларға бөлінген уақыт кестесі мынадай:

Бұл сабақтарда оқушылар заттан арап, есте сақтап және елестетіп сурет салуға үйренеді. Тақырып бойынша сурет салып, оқыған, тыңдаған аңыз-ертегілерді иллюстрациялайды. Көркем еңбек элементтері бар сабақтарда оқушылар түрлі-түсті қағаздардан, табиғи материалдардан көлемді бұйымдар құрастырып, сәндеп безендіреді. Сонымен қатар оқушылар грфика, кескіндеме, дизайн өнерлері бойынша біліктілік пен дғдыларын қалыптастырады. Ол өмір шындығынан, қоршаған заттардан әсемдікті көре білу және оны суремте әсемдік сезіммен бейнелей білу, жекелеген заттарды өзінен арап немесе есте сақтап бейнелеуде пропорция, құрылымдық құрылыс, түстік рең, композициялық дұрыс шешімін таба білу және әртүрлі көлемді бұйымдарды әсемдік талғаммен безендіре білу болып табылады.

Сонымен қатар осы жұмыстар барысында саланытан затты немесе құбылысты алдын Ала бақылау немесе зерттеу, эскиздер орындау, долбарлар және қысқа мерзімді суреттер орындау, заттарды бір-бірімен салыстыру, өэ жұмысын саланатын затпен немесе құбылыспен салыстыру, суретті бейнелеуде әртүрлі бейнелеу кезеңдерінің ережелерн пайдалану, бейнелеудегі жалпыдан біртіндеп жекеге көшу немесе жекенің жалпыға үйлесімі қағидаларын ұстану бліктілгін меңгертеді.

Сәндік суреттер салу, безендіру жұмыстары, көркем еңбек элементтері бар сабақтарда, мысалыға, "Өсімдік жапырақтарынан өрнек құрастырайық", "Қағаздан шахмат фигураларын құрастырайық" т.б. осы сияқты сабақтарда оқушылар шынайы табиғи заттарды, көріністерді белгілі бір стилдендірген рәміздік белгілер бейнесіне айналдырып, оларды симметрия, ырғақ (ритм) түстік үйлесімдігін тауып, композиція жасау біліктілігін меңгереді.

Мұғалім әр сыныптар бойынша, бейнелеу өнері сабақтарының әрбір түрлері бойынша (заттан арап бейнелеу, тақырыптық бейнелеу, мүсіндеу, сәндік сурет салу, бейнелеу өнері туралы әңгіме) немесе сыныптан тыс шаралар бойынша білім стандартында көрсетілгендей меңгерілуге тиісті білім, біліктілік және іскерлік дағды деңгейін нақты анықтап білуі қажет. Өйткені оқушылардың заттан арап сурет салу сабақтарында меңгерген біліктілік және іскерлік дағдылары тақырыптық сурет салу және сәндік сурет сабақтарында одан әрі кеңіп, тереңдеп бекітіледі. Дәл сол секілді тақырыптық сурет салу немесе сәндік сурет салу сабақтарында меңгерілген білім, біліктілік және іскерлік дағдыларын заттан қарап сурет салу сабақтарында әрі тереңдетіп дамытуға болады.

Бейнелеу өнері сабағының бірін-бірі толықтыра оқытылу негіді-бейнелеу өнерін басқа да пәндермен тығыз пәнаралық байланыста оқыту қажеттігін де туындатады.

Заттан арап сурет салу сабағында бейнеленетін заттардың көлемін талап, зерттеудде үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, шеңбер немесе циліндр, куб, конус, шар секілді математикалық ұғымдар, табиғат көріністерін бейнелеуде табиғи құбылыстар, өсімдіктер, жануарлар туралы мезгілінің әсемдігін елестететін поэтикалық өлеңдер, музыкалық әуендер тыңдалуы пәнаралық байланыстың негізі бола алады.

Сөйтіп, бейнелеу өнері жалпы бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық дүниетанымын қалыптастыратын пәндердің құрамдас бірі ретінде оқытылады.

Әйтсе де оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мен оқытудағы бейнелеу өнерінің ролі төмендегі көрсетілген талаптарға сай болғанда ғана тиімді болмақ.

21.
Бейнелеу өнері сабақтарында оқыту мен тәрбие беру мақсат-міндеттерін біртұтас шешу.
22.
Оқушыларға бейнелеу өнеріне оқытуда дидактикалық принциптерді сақтау.
23.
Бейнелеу өнері сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану.
24.
Бейнелеу өнері сабақтарында көрнекіліктерді және техникалық құралдарды кеңінен қолдану.
25.
Ана тілі, математика, дүниетану, музыка, еңбекке баулу т.б. пәндермен бейнелеу өнері арасындағы пәнаралық байланысты сақтау.
26.
Оқушылардың шығармашылығын, өзі жасаған өнердегі образдарға эмоциональды көзқарасын, жалпы бейнелеу өнері сабақтарында ойын, сайыс элементтерін пайдалану.
27.
Бейнелеу өнері сабақтарының сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстармен тығыз байланысын сақтау.
28.
Бейнелеу өнерін оқыту бағдарламасының негізгі тараулары бойынша оқыту әдістемесін үнемі жетілдіру.
29.
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың жеке бас ерекшеліктері мен шығармашылық мүмкіндіктерін ескеру.
30.
Оқыту мен тәрбие барысында озық іс-тәжірибелерді пайдалану.

Бейнелеу өнерін оқыту мен тәрбие беру барысында озық іс-тәжірибелерді жинақтау, талдау, зерттеу мұғалімнің өз әдістемелік шеберлігін байытудың бірден-бір жолы.

Күнтізбелік тақырыптық жоспар-бағдарламаны және мемлекеттік стандарт бойынша шығарылған оқулықтарды, оқу кешендерін негізге Ала отырып құрылады. Бейнелеу өнері сабағына аптасына 1,5 сағат бөлінуіне байланысты күнтізбелік жоспарды екі түрлі бағытта құруға болады. Бірінші бағыт бойынша бір тоқсанда аптасына 1 сағат, келесі тоқсанда аптасына 2 сағаттан құрылады. Ал екінші бағыт бойынша бір аптада 1 сағат, келесі аптада 2 сағаттан құрылады. Бұл бағыт, оқулықтардағы тақырыптардың мазмұндық жүйелілігінің сақталуына мүмкіндік жасайды. Сабақ кестесіндегі сабақ сандары өзгермес үшін аптасына 1,5 сағат жүргізілетін музыка пәнімен үйлестіріп құруға болады.

Бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру және сабақты ұйымдастыру және сабақтың құрылысы

Оқыту мен тәрбиенің мақсат-міндеттерін нәтижелі шешу оқытуды білікті ұйымдастыруға және сабақты әдістемелік шеберлікпен өткізуге байланысты. Әрбір сабан мазмұнды, біртұтас, мұқият ойластырылған, толық аяқталған болуы тиіс, сонымен қатар жалпы осы пәннің ортақ мақсат-міндеттерін көздейтін сабақтар жүйесімен тығыз байланыста болуы керек.

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабағының құрылысы басқа қатар оқытылатын пәндер сабақтарының құрылысынан аса айырмашылығы жоқ деп. айтуға болады. Ол ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақты түсіндіру, машықтық жұмыс қорытынды үйге тапсырма кезеңдерінен тұрады.

Осындай сабақ кезеңдері барлық сыныптарда сақталады, тек ол кезеңдерге бөлінетін уақытмөлшері сабақтың мазмұндық ерекшелігіне байланысты болады.

Сабан үнемі бір сарынды жоспарланбай әртүрлі әдіс-тәсілдермен түрлендіріліп, жаңа педагогикалық технологиялармен толықтырып отырылуы міндетті. Оған бейнелеу өнері пәнінің мазмұндық құрылымының әртүрлі жұмыс түрлерін қамтитындығы мүмкіндік жасайды. Өйткені оқушылар заттан арап сурет салу сабақтарында графика және кескіндеме жұмыстарымен шұғылданса; сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында әртүрлі өрнектер бейнелеп безендіру жұмыстарымен, қаріп, көркем жазу ережелерімен танысады; өнер туралы әңгіме сабақтарында сәулет, грфика, кескіндеме, Мусін, сәндік қолөнерлермен танысады.

Оқытудың ұжымдық түрі әсіресе, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында пайдалануға болады. Ол мысалы: түрлі-түсті қағаздардан ұзымдық көркем композиция құрастыру, немесе оригами тәсілімен бүктеліп жасалған әртүрлі гүлдерден гүлшоғаның композициясын орындау.

Бұл оқытудың ұжымдық түрі қозғалғыш жұп немесе ауыспалы жұп түрінде өтеді. Онда оқушылар бір-бірімен жай жұптасып қана қоймай, әр бала кезек бойынша әр баламен кездесіп жұмыс істейді. Демек, барлығы жұптасып жұмыс істейді, бірақ жұптардың құрамы үнемі өзгеріп отырады.

Бұл жағдай сабақ кезінде қалай іске асырылады?

Әр минут сайын балалардың ішінен біреуі тез жан-жаққа арап бір оқушыны табады, серігімен жұмысты аяқтаған немесе бітіре бастаған оқушы қолын көтеріп, оған белгі береді. Осыдан кейін екеуі бірігіп, жұмысты жалғастырады. Оқытуды ұйымдастырудың топтық түрі сабақта қолданылады. Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді, әр топта 4-5 оқушыдан болады. Мысалы: "Наурыз мерекесін бейнелейік" деген тақырыпқа көп фигуралы композиция құрау сабағы.

Шығарма композициясының эскизін топ мүшелері бірлесе отырып жобалайды. Осыдан кейін жазықтық бетіне келісім бойынша әрбір оқушы бір бей нені өз бетімен орындайды. Соңында әрбір топтық жұмыс қорытындысы ұжымдық түрде талқыланады. Жұмыстың нәтижесін жолдастарының ұсынысы бойынша бір оқушы баяндайды. Мұғалім жеке топтың жетістіктерін бағалайды және топтың әрбір мүшесінің бағасын жинақтайды.

Сабақта жұмыстың мұндай түрін пайдалану оқушылардың өзара әрекеттесу тәсілдеріне себепші болады. Ол жұмыс барысындағы топтық пікірлатас, ынтымақтастық, өзара жәрдем, өзара түсінісу нәтижесінде оқушылардың тұйық мінезділігін, ұжымнан бөлектену әдетін болдырмауға негізделеді.

Оқытуды ұйымдастырудың дербес түрі бойынша әрбір оқушы тапсырма алады, оны өз бетімен орындайды. Бұл жұмыс негізінен 3-4 сынып оқушыларымен өткізіледі. Берілетін тапсырманың шамамен алынған түрлері: тақырыптық сурет салу сабақтарында табиғат көріністегі тәулік мезгілін таң сәрі, тал түс, кеш көрсету, сәндік сурет сабақтарында белгілі бір ою-өрнектер топтамаларын пайдаланып композиція жасау немесе белгілі бір бұйымды безендіру, өнер туралы әңгіме сабақтарында белгілі суретшілер шығармаларының мазмұнына талдау жасау, тапсырмаларын орындау, үйірмелеріндегі дербес жұмыстарды, үйге берген оқу тапсырмаларын орындау т.б.

3-4 сынып оқушыларына осындай дербес орындайтын тапсырмаларды беру, оларды өздігінен ізденуге, зерттеу жұмыстарына бейімдейді.

Оқушылардың өзіндік жұмысы білімді, икемділікті берік игеруге ғана мүмкіндік жасамай, сонымен қатар, ол жеке адамның құнды қасиеттерін өзін-өзі басқарады, ізденушілікті, көздеген мақсатына жетуге ұмтылушылықты қалыптастырады.

Мектепте оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болатын болса, оны ұйымдастыру әрқашан жаңа заманның өскелең талаптарына сай үнемі ізденіске негізделуі қажет. Сабақты белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушының ұжымдық шығармашылық еңбегі деп. қарастыру керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсат-міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңейеді, икемділік, іскерлік дағдылары дамиды, қоршаған ортаға эстетикалық көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Оқыту мен тәрбиені ұйымдастыруда жаңашыл озық іс-тәжірибелерді терең зерттеп, пайдалана білу мұғалім ісінің нәтижелі болуына әсер етеді.

1919.31 тобы
Бейнелеу өнері негіздері және оқыту әдістемесі
Перспектива заңдылықтыры және оның бейнелеу өнеріндегі ролі, қолданылуы.
Сурет салудың теориялық негіздері (сурет, живописьтер , композициялар) және сабақтың ұйымдастырылуы. Заттардың пропорциясы және формасы (конструкция). Перспективаның заңдылықтары, цветоведения, пластикалық анатомиясы және светотени.
Перспектива заңдылықтарын бейнелеу өнерінің барлық сабақ түрінде кездестіруге болады. Перспектива қоршаған ортада қалай көрінсе, қағаз бетінде соған сәйкес бейнеленеді. Әсіресе суретшілердің көркем шығармаларын көруде, қабылдау барысында кеңістіктің тереңдігін анық сезінеміз. Кейбір заттар бізге жақын немесе алыс болып көрінеді. Перспектива дегеніміз - көрінетінн нүктелердің бізден алыстаған сайын көмескі көрінуі. Перспектива заңдылықтарын меңгеру арқылы картинадағы көріністердің тереңдігін айқын көруге болады.
Перспектива - сызықтық, ауа және жарық пенкөлеңке перспективасы болып бірнеше топқа бөлінеді. Ертеде итальян және неміс суретшілері өз туындыларында перспективалық заңдылықтарды қарастырған (мысалы, Паоло,Уиелло, Леонардо да Винчи, Альберхт Дюрер, т.б) Тегіс жердегі параллельсызықтар көкжиекте бір нүктеде қиылысады. Мыс, темір жол релстері. Сызықтық перспективада бақылаушадан қашықтағансайын заттардың бөлшектері және сызықтары кішірейе береді. Сызықтық перспектива фронтальдық және бұрыштық болып екіге бөлінеді. Фронтальдық перспективада заттың бір жақ беті толық көрінеді де, қалған беті көрінбейді. Мыс, заттың тура алдынан қарағандағы көрінісі. Бұрыштық перспективада бақылаушыға заттың бір бұрышы мен екі немесе үш бұрышы толық көрінеді. Ауа перспективасында кеңістіктегі заттардың реңдік және түстік қатынасы бұлыңғыр немесе солғын болып өзгереді. Жарық пен көлеңке перспективасында заттар жарық көзінен қашықтаған кезде оның жарық беті көмескі, ал көлеңке беті солғын болып көрінеді. Мұны нақты бақылау жасау арқылы оқушылардың көзін жеткізуге болады. Яғни бақылаушы бір орнынан қозғалмай және мойнын бұрмай бір қарағанда байқай алатындардың бәрі көру нүктесі деп аталады. Затты неғұрлым айқын, дәл қабылдау шамамен 30градус шеңберінде болады. Егер бақылаушы заттың маңайында оңға, солға, жоғары, төмен орын ауыстырып отыратын болса, онда зат оған жаңа көру нүктесімен көрінеді.
Оқушыларға көше көрінісін бейнелеу арқылы перспектива заңдылықтарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау
Қазақ өнерінің тарихы
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
«Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін еңбекке баулуды оқытудың әдістемесінің тарихы »- пәні бойынша дәрістер
Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың ерекшеліктері
Дизайн технологиялары арқылы болашақ мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың мәні
ЭКОДИЗАЙН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ДИЗАЙН МАМАНДАРЫНЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер