Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш партиясы


Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш партиясы
“Жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарының соңында Қазақстанда үлкен террор орын алды. Ол көптеген саяси және қоғам қайраткерлерінің өміріне әсер етті. Ахмет Байтұрсынұлы да қуғын-сүргінге ұшырады. Оның өмірбаянына “надандық пен әділетсіздікке қарсы күрес” деген атау берсек, қателеспейміз”
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ мәдениетіне өз жанын салғандардың бірі. Ол өзінің туа біткен талантын туған халқына деген сүйіспеншілікпен және жанқиярлық еңбегімен мадақтаған жанқиярлық ғалым. Ол - қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шыққан және осы жарығын, нұрын себумен өткен ағартушы. Не оқыту жүйесі, не өзіндік жазуы қалыптаса қоймаған, малмен бірге ұйықтаған, халқының қамын жеп, сары масадай ызыңдаған ұлы ақын, талантты тілші, шебер аудармашы және түркі тілдес халықтың мемлекет қайраткері. Ол өз өміріндегі басты мақсаты - туған халқына, Отанына адал қызмет ету деп ұрандаған.
Ахмет Байтұрсынұлы-1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Оның әкесі Байтұрсын Шошақұлы өзінің абыройын қадірлеген, тірі, әділ адам болған. Оның інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2-сыныпты орыс-қазақ мектебіне береді. Ахмет оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке түседі. 1895 жылы педагогикалық кеңестің шешімімен "бастауыш училищенің оқытушысы"атағын алды.
1895 жылы Ахметтің оқытушылық қызметі басталады. 1909 жылға дейін Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уездерінің орыс-қазақ мектептерінде сабақ берді, Қарқаралы училищесінің меңгерушісі және оқытушысы қызметін қоса атқарды.
1895 жылы жас Ахметтің оқытушылық қызметі басталады. 1909 жылға дейін ол Ақтөбе, Қостанай мен Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде сабақ беріп, Қарқаралы училищесінде меңгеруші мен оқытушы қызметін қоса атқарып жүрді.
Омбыда екі жыл бойы Торғай облысы Халықтық училище директорының іс жүргізуші лауазымында жұмыс істеді. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған.
Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі туралы айтып келсек, ол 1905 жылы Қоянды жәрмекңкесінде жазылып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын жасаған авторларының бірі болған. Қарқаралы петициясыда жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауысытру мәселері көтерілген болатын. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныстыруды тоқтату талап етілген. Сол кезден бастап Ахмет Байтұрсынұлы жандармдық бақылауға алынып, 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройникцийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне қамауға жабылды.
“ Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды . . . халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті” деп жазған Сәкен Сейфуллин
Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Ахмет Байтұрсыновты қазақ облыстарынан тыс жерге аудару жөнінде шешім қабылданды. Осы шешімге сәйкес Ахмет Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсын өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913-1918 жылы өзінің ең жақын, әрі сенімді достары Әлихан Бөкейхан мен Міржақып Дулатовпен бірігіп, сонымен бірге қазақ ұлттық зиялыларының қолдауымен, тұңғыш жалпыұлттық “Қазақ” газетін шығарады.
Жанадан тәй-тәй басып, Ахмет сияқты бірен-саран оқыған саналы азаматтардың арқасында оң-солын танып, енді-енді ес жиып келе жатқан қазақ ұлты үшін “Қазақ” газетінің атқарған қызметі ұшан-теңіз. Бес жылға таяу уақыт үзбей оқырманымен қауышқан бұл газет кезінде лайықты көкейтесті мәселердің бірінен соң бірін жариялап, жұртшылық мағлұматын кеңейтумен болды. Жалпы қазақ халқы қазан төңкерісінен өзінің санасын ғана емес, қоғамға, әлеуметтік өмірге деген саяси көзқарастарын қалыптастырды, және оның күрескерлік қасиеті “Қазақ” газетінің арқасында айқындала түсті. Кезінде бұл газетті ұлтшыл-буржуазияшыл орган деп тиым салып тастамағанды, көптеген тарихи шындықтың көзін ашып, халқымыздың революцияға дейінгі рухани, мәдени өмірінен мол мағлұмат беретін еді. Газеттің игі мақсат-мүдделері оның бірінші санында-ақ ашық айтылған. Оның негізгі мақсатты жұрт пайдасына тиімді шаруасымен айналысу екенінен бастайды. Қазақ арасына ғылым, өнер жайылуына басшылық ету, басқа жұрттардың халінен хабар беріп, таныстыру. Сол мақсаттарды орнына келтіру үшін закүндерді, хакімдердің бұйрық-жарлықтарын білдіріп тұр.
Газет бірнеше рет жабылып, шығындалып, сотталып жатса да өз мақсатын толықтай орындадв деп айтуға болады. Тіпті әлемдік ой-пікірге, талқыға түскен болатын.
“Қазақ” газеті туралы тағы да айтып кетсек, газеттің редакторы Ахмет Байтұрсынұлына және газеттің өзіне де кейінгі уақытқа дейін «ұлтшыл, буржуазияшыл» деген атақ иеленген болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz