Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері. Тәртіптік сынақ мерзімі. Дереккөз ережелерін қолдану



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ
Тақырыбы: Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері. Тәртіптік сынақ мерзімі. Дереккөз ережелерін қолдану.

Орындаған:Нұрғазина Айжан
Тобы:П20-003-01

Білім алушы ретінде біз өзіміздің құқықтарымыз бен міндеттерімізді білуге тиіспіз.

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар.
2. Білім алатын адамдар білім алушылар немесе тәрбиеленушілер болып табылады.
Білім алушыларға оқушылар, студенттер, магистранттар, адъюнкттар, курсанттар, тыңдаушылар және докторанттар жатады.
Тәрбиеленушілерге мектепке дейінгі, интернаттық ұйымдарда білім алушы және тәрбиеленуші адамдар жатады.
3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
2) білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға;
3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
4) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;
5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
6) қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан басқасына немесе оқудың бір нысанынан басқасына ауысуға;
7) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;
8) спорт, оқу, акт залдарын, кітапхананы тегін пайдалануға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;
10) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
11) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.
4. Меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің:
1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруге;
2) оқудан бос уақытта оқуды жұмыспен ұштас­тыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметке шақырылу мерзімін кейінге қалдыруға құқығы бар.
5. Медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларда білім алушыға академиялық демалыс берілуі мүмкін.
6. Азаматтар бітірген білім беру ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, келесі деңгейдегі білім беру ұйымына түсу кезінде бірдей құқықтарға ие болады.
7. Білім бepу ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік стипендиялар төленеді.
Мемлекеттік атаулы стипендия жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының неғұрлым дарынды магистранттарына және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушыларына жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары ғылыми кеңестерінің шешімдері негізінде төленеді.
Жеке және заңды тұлғалар тағайындайтын атаулы стипендиялар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың күндізгі нысаны бойынша білім алушыларға тағайындалады.
Атаулы стипендиялардың мөлшерін және оларды төлеу тәртібін оларды тағайындаған органдар мен тұлғалар айқындайды.
8. Жұмыстарының жоғары көрсеткіштері үшін мемлекеттік конкурс негізінде грант алған мем­лекеттік білім беру мекемелері соның есебінен табысы аз отбасыларынан шыққан білім алушыларға стипен­дия төлейді. Стипендияны төлеу тәртібін және оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
9. Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған білім алушыларды білім беру ұйымдары өздері белгілеген тәртіппен жатақха­налардағы орындармен қамтамасыз етеді.
10. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді.
11. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында білім алушы және (немесе) тәрбиеленуші жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекет қамқорлығында ұсталады.
12. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да жеңілдіктер беріледі.
13. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылардың қысқы және жазғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек шартын бұзу
Алматы қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың саяси тетігін әзірлеу
Еңбек қызметі және еңбектік қатынас
Еңбек құқығындағы құқықтық реттеу әдістері
Қызметкерлердің тәртіптік жауаптылығы
Еңбек шартының нысанасы
Қазақстан Республикасының еңбек кодексі негізінде еңбек шартының реттелуі
Қылмыстық жазаның құрамы
Қызметкерлердің негізгі міндеттері
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру
Пәндер