Қожа Ахмет Ясауи жайлы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Қожа Ахмет Ясауи

Тапсырған:Кемал Ә.Ж
Тексерген:Базарбаева М.М.

Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы қожа мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы Ясауи ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді.
Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туысы болып келетін Арыстанбаб болды. Ол өмірден қайтқаннан кейін Ахмет 17 жасында Йасы қаласына келеді. Дәл осы кезден бастап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастайды. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден қойды. Кейін Бұхара қаласында Жүсіп Хамаданидің діни медресесінде оқыды. Оны тәмәмдаған соң сопылық жолдың біраз ащы-тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шаһары Түркістанға қайтып оралады да, Арыстанбаб қалап кеткен дәстүрді жалғастырды. Осында ол ислам дүниесі кең таныған кемеңгерге айналды.
Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни қылуетте өткізді. Бұны Ахмет Пайғамбар жасына жеттім. Маған одан артықтың қажеті жоқ, - деп түсіндіреді. Қанша жыл ғұмыр кешкені жөнінде әр түрлі деректер бар. Бір деректе 73 жыл, келесілерінде 85 жас деп берілген. Ж.Аймауытов ақынның 149-шы хикметіне сүйеніп, Ясауиды 125 жас жасаған дейді. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - Диуани Хикмет (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Өкінішке орай туындының түпнұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізге жеткені XV-XVI ғасырлардағы көшірмесі ғана. Ондай нұсқалары өте көп. Олардың көбі Ыстамбұл, Қоқан, Ташкент, Мәскеу, Алматыда сақталған. Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шықты.
Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылды. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің салынуы
Яссауи мұрасы
Қожа Ахмет Ясауи ілімі
Түркі пәлсапасы
Ясауидің еңбектеріндегі алла сүйіспеншілігі
Қожа Ахметтің өмірбаян өрнектері
Қожа Ахмет Йассауи өмірі
Қожа Ахмет Ясауи мұраларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жолдары
Қылует және оның мәні
Қ.А.Ясауи кесенесі
Пәндер