ХХ ғасыр басында қазақ прозадағы әйел тағдырының көрініс алуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Абдуалиева Камила
Кя 181
16 Практикалық сабақ
ХХ ғасыр басында қазақ прозадағы әйел тағдырының көрініс алуы
Қазақ әдебиетінің Европалық деңгейге көтерілуі: М.Әуезовтің Қорғансыздың күні, Кінәмшіл бойжеткен әңгімелері
ХХ ғасыр басындағы романдардың идеялық-көркемдік ерекшеліктері
Ж.Аймауытовтың Ақбілек романының тақырыптық-идеялық сипаты
М.Әуезов шығармашылығы: прозалық әдебиеттің қалыптасуы мен дамуы
Ж.Аймауытов шығармашылығы: ұлттық прозаның даму ерекшеліктері
1ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті әйел образын жаңа қырынан суреттеген шығармаларға өте бай. Міржақып Дулатовтың Бақытсыз Жамал, Бейімбет Майлинның Шұғаның белгісі, Мұхтар Әуезовтің Қорғансыздың күні, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Қамар сұлу, Мағжан Жұмабаевтың Шолпанның күнәсі т.б. көптеген туындыларда әйел психологиясы мен оның нәзік болмысы суреттелген.Әйел тағдыры - қай заманда да өзекті мәселелердің бірі. Әдебиет пен адамзат қоғамы бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, ақын-жазушылар адами құндылықтарды жазудан бас тарта алмайды. Онсыз шығармашылық тұлғаның дамуы да болмайды. Бұл ретте қазақтың көрнекті қаламгерлері де адам факторын басты нысан етіп алған. Мәселен, дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістер әйелдің халімен өлшенген. Отаршылдық, құндылықтардың жойылуы, ғылымның дамуы, қала мәдениетінің қалыптасуы - бұлар ХХ ғасырдағы қазақ тұрмысын сипаттайтын басты белгілер. Міне, жаңа ғасыр әкелген ұлы өзгерістердің барлығы әдебиетте көрініс тапқан. Осы орайда ұлттың анасы, ұрпақтың тәрбиешісі, әулеттің аяулысы болған қазақ қызының тағдыры айрықша назарға ілікті. Себебі қоғам алдымен әйелдің болмыс-бітімін өзгертті. Қазақ әйелі де оқуға барды, ерлермен бірге қызмет істеді, киім кию үлгісі өзгерді, өмір салты қалалық өркениетпен байланысты. Бұның өзі тұрмыс-тіршіліктің оң өзгерісімен қатар кемшіліктерін айғақтады.
2Мақалада қазақ әдебиетінің классигі М. Әуезовтің тұңғыш әңгімелеріндегі көркемдік-эстетикалық нысаналары, суреткерлік тұрғысы, шығармашылық ойлау даралығы әрі поэтикалық шеберліктен бастау алатын көркемдік үлгі-өнегелері мен стильдік ізденістері қарастырлады. М. Әуезов алғашқы шығармаларынан-ақ үлкен сурекерлік өнерпаздығын танытқан ірі қаламгер. 1910 - 1920 жылдардағы Еңлік - Кебек, Қарагөз, Бәйбіше - тоқал, Қорғансыздың күні, Кінәмшіл бойжеткен, Қаралы сұлу, Көксерек, Қараш - Қараш оқиғасы, Қилы заман атты туындылары оның қаламгерлік қуатын, зор дарынын танытады. Жазушы шығармаларында қазақ ауылының тұрмысы мен өмірі, қорғансыз жандардың тағдыр-тауқыметі сияқты тақырыптың жаңа қырынан, тың мазмұнда, қаламгердің өзіне ғана тән қолтаңбасымен көрініс табады. Мақалада суреткердің Қорғансыздың күні, Қаралы сұлу әңгімелерінің тақырыптық-эстетикалық, тілдік-көркемдік ерекшеліктері жанрлық-стильдік ізденістермен әдеби үндестікте, рухани сабақтастықта айқындалады. Қорғансыздың күні әңгімесіндегі тау хронотопы (мекеншақ), трагедиялық әсер мен жалғыздық, жатсыну сарыны талданады. Ұлы жазушы туындысында символикалық мәнге ие болған Арқалық тауының, қатал табиғаттың ызғарлы сипаты мен Күшікпай батыр туралы аңыздың көркемдік қызметі жан-жақты зерделінеді. Қаралы сұлу әңгімесіне модернистік сипат беретін қаралы тор, қара жыландар мотивтері бірсыпыра мысалдар арқылы дәлелденеді. Мақалада болмысты бейнелеудің тәсілі ретінде мифопоэтикалық архетиптерді қолдану - М. Әуезов поэтикасы ерекшеліктерінің бірі екендігі тұжырымдалады.
3. Ұлттық әдебиеттану ХХ ғасырдың 80-90 жылдар тоғысында белгілі бір себептер негізінде туындаған идеологиялық қиындықтардың шешімін табу жолында еңбек етуде. Бұл саладағы жұмыс екі бағытта жүргізіліп келеді: идеологизация мен әдебиетке деген таптық көзқараспен қатар, ХІХ және ХХ ғасырлардағы отандық классикаға деген нигилистік көзқарасты жою. Бір уақыттары гуманитарлық ғылым салалары басынан өткерген теориялық дағдарыстың біртіндеп игерілуі әдеби процеске деген тарихи көзқарастың қайта оралғандығын, көне дәуірден бүгінге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихын ғылыми негізде қайтадан зерделеп, жаңғыртуға деген ұмтылысты танытады.
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары Мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасы бойынша жаңа 10 томдық Қазақ әдебиетінің тарихын жасауға кірісті. Отандық әдебиет тарихын бүгінгі күн тұрғысында қарастыратын іргелі ғылыми еңбек қазірде тек жоғары оқу орындарына ғана емес, сонымен қатар мектептерге де қажет болып отыр. Себебі онсыз жаңа ұрпаққа сапалы оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау мүмкін емес.Әдебиет тарихын жаңадан жасау тек тарихилық принципінің қажеттілігінен келіп туындайтын концепцияға ғана емес, ең бастысы әлем әдебиетінің және ұлттық көркем ой мен мәдениеттің даму заңдылықтарына негізделген. Бұл азаматтық тарихқа немесе мемлекеттің саяси тарихына көзсіз еру емес екендігін көрсетеді, бірақ қоғамның рухани өмірі сол елдің тарихи және саяси-әлеуметтік жағдайымен тығыз байланыста екенін ешкім де жоққа шығара алмас.
4. Аймауытовтың Акбілек романындағы әйел бейнесінің жасалу жолдары қарастырылады. Романнның бас кейіпкері Ақбілек тұлғасын сомдаудағы жазушы шеберлігі, ондағы портреттік бейнелеудің ұлттық табиғи нақыштар, әйел образын жасаудағы дәстүрлі қалып пен жаңашыл ізденістер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ СОНЫҢ ІШІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОЭТИКА МӘСЕЛЕСІ
Тарихи шындық бейнеленуінің көркемдік уақыт аясындағы қамтылуы
КЕҢ КӨЛЕМДІ ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ғабит Мүсіреповтің өмірі және шығармашылығы, қазақ әдебиетіндегі орны
Мақыш қалтайұлы жайлы
Д. Исабеков прозасының көркемдік әлемі
Қазақ прозасындағы кейіпкер болмысы және авторлық ұстаным. Суреткерлік шеберлік және көркемдік әдіс-тәсілдер
Түс көрудің поэзиядағы рөлі
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар жайлы
Пәндер