Шоқан Уәлиханов сапарлары


Абдуалиева Камила
Кя 18/1
Шоқан Уәлиханов сапарлары
1855 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторымен бірге Семей, Аягөз, Қапал арқылы Алматыға дейін келіп қайтады. Осы сапарында қазақ, қырғыз, ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинай жүреді. Бұл материалдар негізінде кейін ол «Тәңірі (құдай) », «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазады. Сол сапардан кейін оның әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик шенін алады.
1856 жылы полковник М. М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Әлем ғалымдары арасында тұңғыш рет "Манас" эпосының ең шұрайлы бөлігі "Көкетай ханның ертегісі" жырын жазып алады. Манас - халық даналығының туындысы, барша халық ертегілерінің, хикаялары мен аңыздарының, география, дін және салт-сана, әдет-ғұрпы жөніндегі түсініктерінің энциклопедиялық жинағы - дала Илиадасы" деп бағалады. Қырғыздардың көне тарихы жөнінде жазған К. Риттердің, А. Гумбольттің, шығыстанушы ғалымдар Шотт пен Клапроттың еңбектеріне сын айтады, Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, оның қорытындысында Шығыс Түркістанның өткені мен бүгіні туралы зерттеулер жазады.
Осы сапарларда жинаған материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазуға пайдаланады. Табиғатты және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттейді. Осыдан барып оны орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы» деп атаған. Тарих, география саласындаы даңқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.
Тамаша білім алып шыққан жас ғалым түрлі ғылыми экспедицияларға белсене қатысты. Бұл жөнінде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын. Қазақ даласын және онымен шекаралас жатқан елдердің аумағын, ондағы халықтардың тарихы мен жағдайын жаксы білетін Шоқанға орыс зерттеушілері де қатты қызығып, оның көмегіне мұқтаж болатын. 1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г. Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың өмірімен танысып, қырғыздардын тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алды.
1858 - 1859 жылдардағы Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашғария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Саудагер ретінде Қашғарияға құпия барған Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқарияға сапарынан «Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу уәлаятының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келді. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, әлеуметтік құрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді.
Қашғарияға сапарынан кейін Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің арнайы шақыруымен Петербургте келіп, сонда бір жылдай тұрып ғылыми жұмыстармен айналысады. Алайда туберкулез ауруы меңдегендіктен Петербургтен елге, Сырымбетке оралады. Туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктерден, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді» деп жазады ол бұл туралы досы Достоевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын орындай алмайды. Шоқан қарсыласынан көп дауыс алып жеңіске жеткенімен, генерал-губернатор оның халық арасында ықпалы мен беделі зор болып кетеді деп сескеніп, «науқасына байланысты қызметтен бас тартты» деген өтірік сылтаумен аға сұлтандыққа бекітпей қояды.
Қазақ халқының тарихында тұғырлы тұлға Шоқан Уәлихановтың есімі ерекше орын алады. Заманынан озық туған ойшылдың өмірден өткеніне биыл 185 жыл болса да, онымен теңдес ғалым-зерттеушіні, әдебиеттанушыны табу қашан да қиын. Ол ХІХ ғасырдың 50-жылдарының соңы мен 60-жылдардың басында Ресейдің және күллі Еуропаның ғылыми қауымдастығын өзінің туабітті дара талантымен, асқан білімдарлығымен дүр сілкінтіп, таң-тамаша еткен әлемдік деңгейдегі данышпан еді. Кез келген дананың тағдыры сияқты, Шоқанның да өмір жолы сыр мен құпияға, жұмбаққа толы. Демек, Шоқан Уәлиханов тұлғасы ғалымдардың ұзақ жылдар бойы зерттеуі тиіс құбылыс-феномені. Бірақ, бұл жағдайдың өзінде де көптеген сауалдарға толық жауаптар берілмесі хақ.
Шоқан өзінің алғашқы сапарын 1855 жылы Жетісуға жасады. 1856 жылы Жетісуда екінші рет болып, Қырғызстанға арналған әскери-ғылыми экспедицияға қатысты. Онда ол Ыстықкөлдің бассейнін зерттеп, қырғыз халқының тұрмыс-тіршілігімен, төл мәдениетімен етене танысты. Тарихта алғашқы рет атақты «Манас» эпосының ауызша нұсқасын қағаз бетіне түсіріп, әлем әдебиеті оқырмандарына осынау айтулы жыр-жауһармен оқып-танысуға мүмкіндік тудырды. Ол өз құндылығын күні бүгінге дейін жоғалтпаған «Қырғыздар» атты ғылыми еңбек жазды.
Талантты, білімді жас офицерді Батыс Сібір генерал-губернаторы делегация құрамында Құлжаға Қытай билігімен келіссөздер жүргізу үшін жіберуді ұйғарады. Дипломатиялық миссияны Верный бекінісінің негізін салушылардың бірі М. Ю. Лермонтовтың Мәскеу университетінде бірге оқыған досы, аса тәжірибелі подполковник М. Д. Перемышльский басқарады.
Орыс дипломатиялық миссиясының мақсаты қандай болып еді? Бірінші - бұл аймақпен сауда-саттық байланыстарды жаңғыртып, қалпына келтіру. Екінші - Құлжа және Шәуешек қалаларында Ресей консулдығын ашу.
1856 жылдың 1-ші тамыз күні Ресей делегациясы Бороқожыр шекара бекетіне келеді. Онда оларды Қытай офицері сыйлық беріп, күтіп алады. Бұл сыйлықтан бас тарту мүмкін болмады. Әрі қарай дипломатиялық миссия елсіз дала бойымен жүріп отырып, Үсек өзеніне жетеді. Экспедиция Іле өзеніне қарай жол тартты. Мұнда бау-бақшаларды, жайнап тұрған егістік алқаптарын, бидай түйіп жатқан диқандарды көрді (Біз бұл жерде 2012 жылы болған едік. Ол әлі күнге дейін дәл сондай бау-бақшаларымен, ерекше күтімі бар алқаптарымен көз сүйсіндіреді) .
Уәлиханов бір ағаштың саясында тынығып жатқан шаруаны байқап қалады. Шоқан, әрине, жақындап келіп, танысып сөйлеседі. Олар Іле ұйғырлары болатын. Ғалым олар туралы былай деп жазды: «Шүңірек көздерінің сызығы жұқа әрі түріктің қылышы сияқты майысқан, мұрны мен ерні, белінің арықтығы оларды ортаазиялықтардан ерекшелеп тұрады».
Қазақ саяхатшысы Іле аймағын құлпырып тұрған жерге айналдыра білген адамдар туралы күрсініспен қалам тербеді: «Бұл халық ешуақытта толыққанды азаттыққа ие болған жоқ. Құлдық пен тәуелсіздіктің мұндай әсері олардың жүздеріне қайғылы үмітсіздік табының ізін қалдырды». Құлжаға таяу маңдағы делегацияны осы шаһардағы орыс консулы, белгілі шығыстанушы Иван Захаров қарсы алды. 5 тамыз күні экспедиция өлкенің әкімшілік орталығына келді.
Шоқан мұнда жергілікті тұрғындардың өмірімен танысады. Ғалым Құлжаның әйгілі базарына жиі баратын. Ол жерге адамдар сауда жасау үшін ғана емес, әңгімелесу үшін де жиналатын. Бұл дәстүр жалпы шығыс базарларына тән ерекшелік еді. Шоқанды Шығыс Түркістанның Қашқар, Яркент және Хотан сияқты қалалары да қызықтыратын. Өзі ол туралы былай деп жазды: «Іленің жергілікті халқын түзем мұсылмандары, қашқарлар мен тараншылар құрайды. Ал қалаларда маньчжур-шенеуніктері мен қытайлар тұрады. Сибо-солонды әскери адамдар құрайды. Сайрамкөл маңында Чахар руынан саналатын қалмақтар, ал Текесте олет тармағының рулары көшіп-қонуда». Уәлиханов жазғандай, ұйғырлар Шыңғыс хан заманында мұсылман еді. Олардың өз жазуы болды. Білімді жұрт есебінде моңғолдар оларға жазу-сызу жұмысын жүргізуді тапсырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz