Кеңестік қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Практикалық сабақ 5

Кеңестік қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарысы.
1.Өнідірстегі өзін-өзі басқарудағы шектеулер және оның дамуындағы қайшылықтар. Жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайның келеңсіздігі. Кәсіпорындардағы дағдарыстың өршуі.
.
Соғыстан кейінгі бірінші жыл ауыл шаруашылығы үшін аса қиын болды. Құрғақшылық елдің, әсіресе оның еуропалық бөлігінің ауыл шаруашылық жағдайына ете ауыр тиді. Жағдай жұмысшы күшінің жетіспеушілігінен де ушықты; ауыл шаруашылық машиналардың көп бөлігі соғыс жылдарында істен шықты, ал жаңадан алынатын машиналар саны аз болды. Басқарудың әкімшілік, күштеу тәсілдерінің, экономикалық заңдарды есепке алмаудың зардаптары ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Жер өңдеу мәдениеті темен болып, қоғамдық мал шаруашылығы нашар дамыды.
Ауыл шаруашылығының ауыр жағдайының себептеріне талдау жүргізген ел басшылығы шаруашылық және партия органдарын бұрынғы колхоз және совхоздарға қатысты бұра тартушылықтарды жоюға міндеттеді. 1949 жылға қарай қабылданған қаулы бойынша Қазақстанның колхоздарына түрлі ұйымдардың 214 млн сом қарызы, көп мал, техника, 540 мыңға жуық, заңсыз тартып алынған жер қайтарылып беріліп, әкімшілік-шаруашылық басқару аппараты елеулі түрде қысқарды. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық жағынан жабдықталуын шұғыл жақсарту мақсатында мемлекет қосымша қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау және қайта даярлаудың жүйесі жолға қойылды. Колхоздар мен совхоздарға қызмет көрсетуге тиіс машина-трактор станцияларын (МТС) техникамен жабдықтауға үлкен көмек көрсетілді. Төртінші бесжылдықтың соңына қарай республика МТС-тары күшейіп, колхоздардың 95%-ына қызмет көрсетті, ал бұл көрсеткіш 1946 жылы 76% ғана болған еді. Соған қарамастан, үкімет қабылдаған іс-шаралар ойдағыдай нәтиже бермеді. Өндірісті арттыру үшін ұсақ колхоздар ірі колхоздарға біріктірілді. Колхоздарды қысқа мерзім ішінде ірілендіру жаппай сипат алды, нәтижесінде Қазақстандағы олардың саны 6 737- ден (1945 жыл) 2 047-ге (1952 жыл) дейін қысқарды.

2.Әкімшіл басқарудың аграрлық саладағы қайшылықтарды асқындыра түсуі. Кеңестік өкіметтің ауыл мен деревняны іс жүзінде кедейшілік пен тоқырауға ұшыратуы. Ауыл еңбеккерлерін материалдық ынталандырудың төмендеуі. Аграрлық саланың басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсіздіктері. Шаруашылықаралық аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктерді агроөнеркәсіптік кешендерге жоғарыдан біріктірудің тиімсіздігі.
Ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшілік жүйесі. Дегенмен республиканың ауыл шаруашылығы бүкіл КСРО - ның ауыл шаруашылығы сияқты азық-түліктегі, өнеркәсіптегі, шикі заттағы халық сұранысын қанағаттандыра алмады. Бұған колхоздарды, жалпы ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесі себеп болды. Жоғарыдан жоспарлау, бюрократиялық аппараттың күш көрсетуі өндірушіні өндіріс құралдарынан да, еңбек нәтижелерінен де шеттетті. Колхозшылардың еңбегіне ақы өніммен төленді (азық-түлік, киім-кешек). Колхозшыларда төлқұжат болмады, олардың есебі селолық кеңестер жасаған тізімдер арқылы ғана жүргізілді. Бұл олардың мекенжайын еркін өзгертуіне мүмкіндік бермеді, олар заңды түрде колхозға байланды, басыбайлы шаруалар сипатында болды.
Ауыл еңбекшілерінің жағдайына тура немесе жанама түрде әсер еткен барлық қиыншылықтарға, бұра тарту мен жаңсақ есептерге қарамастан олар елді қолдарынан келгенше азық-түлікпен қамтамасыз ете берді. Еңбек ерлігі мен батырлығының үлгілері де аз емес еді.

Соғыстан кейінгі жылдары өнеркәсіп және ауыл шаруашылығында дамудың біржақтылығын жоюдың кажеттілігі анық сезілді.
Аграрлық секторды дамытуды ынталандыру үшін мемлекет шаруашылықтардың бұрынғы қарыздарын жойып, салық келемі елеулі түрде азайды. Ет, сүт, жүн, картоп, көкөністің сатып алу бағасы кетерілді. Дегенмен ауыл шаруашылық өндірісі жүйесін жақсартуға бағытталған реформалар қалыптасқан шаруашылық жүргізу кұрылымының негіздеріне әсер етпеді, өміршіл-әкімшіл жүйе әлі де үстемдік етуін жалғастыра берді.
3.Халықтың материалдық тұрмыс жағдайының төмендеу себептері. Тұрғын үй мәселесіндегі шешілмейтін қиыншылықтар.
Тұрмыс деңгейінің құлдырау себептері:
- Әлеуметтік саланы дамытудағы қалдықты ұстанымның сақталуы.
- Тауарлар сапасының нашарлауы.
- Ақы төлеудегі теңгермешілік.
- Қоғамдық меншіктің өктемдігі. Тұрмыс деңгейінің төмендеуінің зардаптары:
- Қазақстан халықтың тұрмыс дәрежесі бойынша Одақтық көрсеткіштерден артта
қалды.
- Еңбекке немқұрайлы қарау туындады.
- Ұрлық, еңбек тәртібінің құлдырауы, маскүнемдік жаппай құбылысқа айналды.
- Тауар зәрулігі күшейді.
Тұрғын үй проблемасының мәні - халықтың едәуір бөлігі үшін нормативтік және тұтынушылық талаптарға жауап беретін тұрғын үйдің өткір тапшылығы.
Тұрғын үй проблемасының бірнеше маңызды аспектілері бар:
:: тұрғын үй тапшылығы - сандық аспект;
:: тұрғын үй қоры құрылымының демографиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеуі
отбасы құрылымы - құрылымдық аспект;
:: қолданыстағы тұрғын үй қорының талаптарға сәйкес келмеуі
тұрғын үйдің тұтынушылық қасиеттері - сапа аспектісі;
:: тұрғын үйді техникалық күтіп-ұстауға қойылатын талаптардың сәйкес келмеуі
қор - операциялық аспект.
Тұрғын үй мәселесінің шиеленісуінің негізгі себептері қазіргі заманғы жағдайларда тұрғын үй қорын нақты иеленушінің және тиімді басқарудың болмауы, сондай-ақ тұрғын үйді дұрыс басқармау болып табылады.
Осылайша, тұрғын үй мәселесі өте көп қырлы, оны шешуге айтарлықтай күш жұмсау қажет. Тұрғын үй мәселесін шешудің негізгі жолдары:
:: тұрғын үй салуға, күрделі жөндеуге және қайта құруға қаржыландырудың орталықтандырылған және орталықтандырылмаған көздерін іздеу және тарту (мемлекеттік және муниципалдық тұрғын үй бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу және жүзеге асыру, тұрғын үй қорын салуға, қайта салуға және жөндеуге қала қорларын қалыптастыру, құрылыс арқылы инвесторлардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан, тұрғындардан қаражат тарту) элиталық және жаппай коммерциялық тұрғын үйлер, үлестік негізде тұрғын үйлер салу, қаражаттарды нақты қорлар мен жобаларға шоғырландыру);

:: қарапайым тұрғындар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру (тұрғын үй нарығын және тұрғын үй қорын пайдалану үшін тұрғын үй қызметтерін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, тұрғындарға бастапқы және қайталама нарықтардан әртүрлі нысандарда тұрғын үй сатып алуға нақты көмек көрсету, тұрғын үйді несиелеу жүйесін, оның ішінде ипотека жүйесін дамытуды ынталандыру , коммуналдық тұрғын үй заемдарын пайдалану);
4.Орталықтың этно-демографиялық саясатының келеңсіз тұстары: ішкі миграцияны, соның ішінде қазақтардың ауылдан қалаға көші-қонды тежеуді паспорттық жүйе, "тіркеу" (прописка), тілдік кемсітушілік (дискриминация), жолдармен жүзеге асырып отыруы. Ауыл тұрғындарының азаматтық құқықтарына қысым жасау.
Қазақ халқының Ресейге бодан бол-ғаннан бергі этнодемографиялық тарихи жолын негізінде ірі-ірі үш дәуірге бөлуге болады. Біріншісі ХVІІІ ғасырдың 30-жылдарынан 1917 ж. дейін; бұл Қазақ-станның Ресейдің отары, қазақтардың этно-демографиялық дамуы отарлық-миграция-лық (соның ішінде қоныстандыру) саяса-тының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші-қонның, әсіресе Столыпиннің аграрлық саясаты өрістеген, сонымен бірге қазақтардың арасында табиғи өсім төмен, әртүрлі эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп болған кезең. Осының бәрінің нәтижесінде қазақтардың саны түрлі өзге-рістерге ұшырап, Қазан революциясына дейін өз елінде үлесі едәуір (90%) болға-ны-мен, ХХ ғасырдың екінші онжылдығы соңын-да, аймақтардың тұрғындарының әлі де жартысынан көбі (58,7%) болған, яғни Оңтүстік, Батыс және Орталық аймақтарда қазақтардың басымдығы сақталған, Сол-түстік және Шығыс аймақтарда славян, басқа этнос өкілдері көпшілікке айнала бастаған кезең.
Екіншісі, 1917-1991 жылдар, яғни Кеңес заманы. Бұл қазақтардың талай ашаршы-лық-ты (1918, 1921 және 1931-1933 жылда-ры), қуғын-сүргінді, зорлық-зомбылықты көрген, ұлттық дәстүрлер мен тілге нұқсан келген, әліппенің үш рет өзгерген, сырттан көші-қонның ірі-ірі толқындары елдегі демографиялық ахуалды күрт өзгерткен және тағы басқа да келеңсіз жағдайлардың салдарынан қазақ ұлтының өзі ата қоны-сында азшылыққа айналған тұс. Бұл дәуірді екі үлкен кезеңге бөлуге болады: 1-кезең 1917-1959 жылдар - қазақтардың өз елінде 58,7%-дан,28,9%- ға түскен кезеңі; 2-кезең - 1959-1991 жылдар, қазақтардың біртіндеп үлесі өскенімен (40%), әлі де келімсектерден гөрі аз болған кезең.
Үшінші дәуір - 1991-2009 жылдар, қазақ-тардың өз елінде біртіндеп, көпші-лікке айналуы. Бұл дәуірді де екі кезеңге бөлуге болады: 1-кезең - 1991-1999 жылдар - қазақтардың үлесі республика халқының жартысынан асқан кезең (40%-дан 53,4%-ға жеткен кезең); 2-кезең - 1999-2009 жылдар - қазақтардың өз елінде басым көпшілікке айнала бастаған (53,4%-дан 63,7%-ға дейін өскен) кезеңі. Бұл кезең енді ғана басталды, әрі қарай жалғаса береді.
Енді қазақ халқының этнодемогра-фия-лық даму белестеріне сай, еліміздегі болған көші-қон кезеңдерін байланыстыра оты-рып, ұлтымыздың саны мен құрамын, қыс-қаша болса да, қарастырып өтейік.
Ә.Бөкейхан об-лыстық шолулардың мәліметтеріне сүйене отырып, 1908 жылы Ресейде 4,999,6 мың, ал 1913 жылы 5 млн. 64 мың (Жетісу об-лысындағы қыр-ғыз-дар-ды қоса есептегенде) қазақ болған, - деп жазған-ды. Ал М.-Ты-нышбаев (өз деректерін көрсетпей-ақ) бү-кіл әлемде 1917 жылы 6,3 млн.-нан астам қа-зақ болды, оның 5,480 млн. Кеңес одағында, 450 мыңы Қытайда, 100 мыңға жуығы Ау-ғанстанда тұрады, - деп болжаған-ды. Дегенмен, бұл пікірдің дерек көздері белгісіз болғандықтан, әлі де болса нақтылап зерттей түсуді қажет етеді.
Әрине, 1916 жылғы көтерілісті қанға бөктіріп басып-жаншу, сол жылы тылдағы жұмысқа алынғандар арасындағы өлім-жітім, азамат соғысы, 1918 және 1921 жылдардағы ашаршылық, өлімнің көбейіп, туудың азаюы және т.б. келеңсіз жағ-дайлардың салдарынан, көбісі көшпелі, со-ның нәтижесінде денсаулық сақтау жағынан қорғансыз қазақ ұлтының көп шығынға ұшырағаны да тарихтан белгілі. Міне, сондықтан 1926 жылы Бүкілодақтық халық санағы бойынша, Кеңес одағындағы қазақ-тардың саны 3 млн. 959,8 мыңға түсті, яғни 1897 жылмен салыстырғанда 567 мыңға көбейгенімен, 1917 жылға қарағанда (Н.Бекмаханованың пікіріне сай - 4061,3 мың адам десек) - 101,5 мың адамға кеміген, яғни сол 9 жыл бұрынғы деңгейден де аз болған. 1926 жылы қазақтардың 3627,6 мыңы, яғни 91,6 %-ы өздері туған жерінде - Қазақстанда өмір сүрген.
Мұнан кейінгі жылдары болған байлар-ды тәркілеу, кулактарды жою, жер аудару, 1931-1933 жылдардағы жаппай ашаршылық (кейбір ғалымдардың болжамы бойынша 1,2 млн.-нан 2,5 млн.-ға дейін адам қаза болған), 1930 - жылдардағы саяси қу-ғын-сүргін және т.б. зорлық-зомбылық сал-дарынан қазақ ұлтының саны күрт төмен-деп кетті. 1939 жылғы Бүкілодақтық халық санағы бойынша, Кеңес одағындағы қазақ-тардың саны 3.100, 9 мыңға түсіп, 1926 жылға қарағанда, 858,9 мыңға, яғни 21,7%-ға азайды. Қазақтардың 2.458,5 мыңы, яғни 75%-ы ғана өз республикасында өмір сүрді. Қалған 25%-ы Кеңес одағының басқа аймақ-тарында тұрды. Бұлардың көбі Қазақ-станнан тыс аймақтарда болса да өздерінің ата мекендерінде тұрғанымен, едәуір бөлігі ашаршылық пен қуғын сүргіннен ауа көшіп барғандар еді.
Жоғарыда көрсетілген келеңсіз оқиға-лар-дың салдарынан және Қазақстанға сырт-тан келген көші-қон толқындарының кү-шейе түсуі нәтижесінде, республикадағы қазақтардың үлесі де құлдырап түсіп кетті. Егер 1897 жылы Қазақстанның қазіргі территориясына сай жер аймағында қазақ-тардың үлесі 81,7% болса, 1917 жылы 58,0 %, 1926 жылы 58,5%, ал 1939 жылы 38,0%-ға дейін төмендеді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстан халқы да көп шығынға ұшырады, 1,2 млн. азамат Отан қорғауға аттанды, оның жартысынан көбі елге қайта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар социологиясы
Жастар әлеуметтануы туралы
Кеңес Одағында тоталитарлық жүйенің қалыптасуы
Название доклада ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫСТАН САНА
Ежелгі және орта ғасырлардағы Русь (ІХ ғ.-ХҮІ ғ. басы)
Саяси жүйе туралы
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы ақпарат
Тоталитарлы саяси жүйе
Пәндер