Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырылуы

Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырылуы
Мемлекеттік басқару бұл іс-әрекет қоғамдық қатанастарды реттеу барысында және тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық пен бөлушілік қоғам дамуының барысында. Мемлекеттік басқару кең мағынада яғни былай түсіндіріледі: мемлекеттің істерін басқару, мемлекеттік органдардың барлығының қатынасуымен іске асырылады және қоғамның жеке өміріне араласып, өзгерту және практикалық ұйымдастыру сонымен қоса қадағалау арқылы бірыңғай тәртіпке келтіру.
Мемлекеттік басқару - бұл тек қана қызмет процестер құбылысы емес, сонымен қатар бұл ғылым және оқу курсы. Ғылым ретінде мелмекеттік басқару институттарын, органдарды құбылыстарды, тәсілдерді, процестерді зерттейді олардың жақсы - жаман жақтарын анықтайды. Басты міндетті- тұлғаның, ұжымның мемлекет пен қоғамның тіршілік әрекетін және өзара қатынастарын реттеумен жөнге салу, мемлекеттік билікті қолдану қарым - қатынастарын орнату болып табылады.
Мемлекеттік басқару жүйесінде қағида заңдылықты, қатынастарды, элементтер арасындағы өзара байланысты білдіреді. Соларға сәйкес мемлекеттік басқару жүйесі құрылып, жұмыс істейді. Сондықтан мемлекеттік басқару қағидаларын айқындау және негіздеу процесіне белгілі талаптар қойылады оның ішінде:
Біріншіден мемлекеттік ең маңызды, ең басты, обьективті, қажетті заңдылықтарын, қатынастары мен өзара байланыстарын білдіретін талап;
Екіншіден мемлекеттік басқарудағы тек тұрақты заңдылықтырды сипаттау;
Үшіншіден мемлекеттік басқарудың өзге басқару түрлерінен ерекшелігін білдіру болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың қағидаттары-белгілі бір ереже түрінде қалыптасуы мүмкін және зандарда, сонымен қоса басқа да зандық күші бар нормативтік актілерде бекітіледі. Мемлекеттік басқару қағидаттары әлеуметтік-құқықтык, және ұйымдастырушылық болып екі топқа бөлінеді.
Әлеуметтік - құқық мемлекеттік лауазымдар адамдар мен органдардың қабылдаған нормативтік актілерін, жергілікті жердің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыруға мүмкіншілік береті қағидаты.
Ұйымдастырушылық қағидаты қызметтер мен құзыреттерді жіктеу, реттеу, белгілеу қағидасы болып табылады.
Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік басқару қағидалары жүйесінің көптеген түрі келтірілген, олар шектеулі.
Қоғам күрделі жүйе болып табылатындықтан басқарудың негізгі қағидасы ретінде жүйелілік қағидасын атауға болады. Қоршаған ортамен өзара әрекетінің сипатына қарай жүйелер жабық және ашық болады. Жабық қоғамда басқару обьектісі мен субьектісі арасында кері байланыс үлкен мәнге ие болмайды.
Мемлекеттік басқарудағы негізгі міндет адамдардың, қоғамның басқару субъектілері және объектілері ретіндегі рөлін, орнын білу, анықтау. Мемлекет басқарудың бірнеше түрлері:
1. Орталықпен региондардың қатынас міңезіне қарай; субординациялық және кординациялық басқару;
2. Меншік нысандарын пайдалану бойынша республикалық коммуналдық және жеке басқару;
3. Басқарылатын объектіге жасалатын ықпалына қарай жергілікті басқару:
4. Басқарудың уақыт шектерінің маштабына қарай стратегиялық, оператифтік, тактикалық басқаруының болуы;
5. мемлекеттік басқаруда қолданылатын әдістерге қарай әкімшілік және экономикалық болады.
Мемлекеттік басқару өзіндік жүйлер арқылы жүзеге асады. Олар логикалық жүйе арқылы түсіндіріледі;
I. мемлекеттік басқару субъекті басқарылатын қоғамдық жүйе.
Бұл жүйе 2 элементті біріктіреді:
Мемлекеттің өзінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі және Мемлекеттік басқару субъектілерімен басқарылатын жүйенің қарым - қатынас құралы.
II. Логикалық жүйе. Мемлекеттік басқару доминанттық элементтері бар жүйесі: табиғат - мақсат - қызмет - құрылым -процесс - нәтиже.
III. Мемлекеттік басқару - субъективтік құбылыс.
Басқару субъекті адамдардың санасының нәтижесі болатын түрлі элементтерді пайдаланады: ақпарат, білім, ұйымдастыру, нормативтік ресурстар, әрекеттері, басқарудың субъективтік нәтижелері.
Мемлекеттік басқару жүйесі келісімділікті, реттілікті, оның заңдылықтарын, қатынастары мен үрдістерін бейнелейді, олар өз кезегінде нақты қоғам мен мемлекеттің дамуы мен деңгейіне бағынады. Сондықтан, мемлекеттік басқарудың ұстанымдарын жүйелеуде ең негізгісі, заңдылықтар, қатынастар мен үрдістерді бөліп алу болып табылады, олар мемлекеттік басқарудың барлық жүйесіне тиесілі, мемлекет пен қоғамның мықты байланысын қамтамасыз етуді, оның соңғы, нақты заңдылықтары, қатынастары мен байланыстарының әртүрлі элементтерін құрайды. Бұндай әмбебап мемлекеттік басқарудың заңдылықтары, қатынастары мен байланыстары мемлекеттік басқарудың жалпы жүйелік ұстанымдары деген атаумен аталады.
Жүйелеудің екінші негізгі заңдылықтары, қатынастары мен байланыстарының сараптамасымен және оның ғылыми бейнесімен байланысты, олар мемлекеттік басқарудың онтологиялық элементтерін ұйымдастырады, ескертіп кететін жайт, бұл жерде мемлекеттік басқарудың мақсаты, міндеті, қүұрылымы, үрдісі сияқты онтологиялық элементтер туралы сөз болып отыр. Егер мемлекеттік басқару табиғаты қоғам ұстанымдарынан көрінсе, онда олар мемлекеттік басқарудың барлық элементтерінің тобына әсер етеді, яғни, әр элементтер тобында өздерінің ерекшеленген заңдылықтары, қатынастары мен байланыстары әрекет етіп, оларға реттелген құрылым беруі қажет.
Берілген ұстанымдар әр элементтер тобында өзіне тән қасиеттерге ие болады, өйткені бұл топтардың мемлекеттік басқарудың онтологиялық элементтер жүйесіндегі орны мен рөлі олардың ерекше құрылысын шартты көрсетеді.
Соңында, мемлекеттік басқарудың ұстанымдарын жүйелеудің үшінші негізі мемлекеттік басқарудың түрлі шағын жүйелерінің қызмет етуімен байланысты (аумақтық, салалық, функционалдық т. б. ) және арнайы мемлекеттік басқарушылық әрекеттің түрлі аспектілеріне қатысты болады. Мысалы, олар келесі ұстанымдарға бөлінеді: мемлекеттік қызмет, басқару қызметкерлер құрамымен жұмыс, мемлекеттік басқарудың ақпаратпен қамтамасыз етілуі, мемлекеттік басқарудың технологиялануы, әкімшілік үрдістер ұстанымдары және т. б. Бұндай ұстанымдарды зерттеу, ашу және жүйелеу -басқа да басқару түрлеріндегі ұстанымдарды білу сияқты, арнайы (сараланған) ғылыми басқару ілімінің ісі. Сонымен қатар, бақылап қараған жол, арнайы ұстанымдар мемлекеттік басқарудың түрлі көріністерінде жалпыжүйелік және құрылымдық ұстанымдарға қайшы келмей, мемлекеттік басқарудың біртұтастығын нығайтуға себін тигізуі керек.
Мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасу және әрекет ету қағидаларын анықтау және қалыптастыру оларды мемлекеттік басқару тәжірибесінде қолданудың күрделі процесі сияқты күрделі интеллектуалды міндетті білдіреді. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру процесінде олар арқылы сипатталатын құбылыстар оның элементтерінің сапалы өзгеруіне міндетті түрде ықпал етеді. Біздің ойымызша, мемлекеттік басқару қағидаларын қолданудың тиімділігінің басты критерийі болып мемлекеттік басқарудың жүйелілігіне және осы арқылы жалпы қоғам өмірі мен оның жекелеген салаларының үйлесімділігі мен кешенділігіне қол жеткізу табылады.
Қасым Жомарт Тоқаевтың жолдауы 2020 жыл 1 қырқүйек I. Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі
Бұл саладағы реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыру қажет.
Ең алдымен, мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйесіне және оларды орындау жауапкершілігіне деген көзқарасты өзгертуден бастауымыз керек.
Пандемия және дағдарыс жағдайында мемлекеттік басқару жүйесі бар күш-жігерін жұмылдырып жұмыс істеуде. Жедел шешімдер қабылдау айтарлықтай уақыт пен қаражатты талап етеді. Бірақ алдағы жоспарларды назардан тыс қалдырмауымыз қажет. Сондықтан мен тікелей Президентке бағынышты болатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру туралы шешім қабылдадым.
Бұрын мұндай орган болды және өз жұмысын ойдағыдай атқарды. Енді осы агенттік қайтадан тұтас мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі орталығына айналады. Агенттік ұсынған реформалар нақты, іске асатын және ең бастысы, барлық мемлекеттік органдар үшін орындауға міндетті болуға тиіс.
Реформалар жөніндегі жоғары президенттік кеңес құрылады. Бұл кеңестің шешімдері түпкілікті болады. Тез өзгеріп жатқан ахуалға шынайы баға беру үшін Статистика комитеті Агенттік құрамына беріледі.
Дәстүрге сай, мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жоспарлау, орындау және бағалау қызметін негізінен мемлекеттік аппарат атқарады. Бұл - дұрыс емес.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі адам ресурстарын барынша жұмылдыруға тиіс, яғни жеке сектор мен қоғам өкілдерін толыққанды серіктестер ретінде жұмыстың барлық кезеңіне - жоспарлауға, орындауға және бағалауға тартуы керек.
Сан алуан көрсеткіштер мен индикаторлардан тұратын мемлекеттік бағдарламалар әзірлеуді тоқтату қажет. Барша азаматқа түсінікті, қысқа әрі нұсқа ұлттық жобалар форматына көшкен жөн. Негізгі мақсат - жұмыстың барысы емес, нәтижесі болуға тиіс.
Осындай түбегейлі реформаны жүргізу үшін мемлекеттік аппараттың қызметін қайта қарау керек. Бұл мәселе бойынша реформаларды жоспарлау мен жүзеге асырудың үйлесімділігі аса маңызды.
Мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құру керек. Пандемия кезінде мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігінің қашықтан жұмыс істеу режіміне көшуі мемлекеттік аппаратты қысқарту керектігін және бұған толық мүмкіндік бар екенін көрсетті.
Мемлекеттік аппарат және квази-мемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімін жеделдетуді тапсырамын. Биыл олардың санын 10 пайызға, ал келесі жылы 15 пайызға қысқартқан жөн. Осылайша біз 2021 жылы шенеуніктердің санын 25 пайызға қысқарту мәселесін шешетін боламыз. Соның нәтижесінде және цифрландыру үдерісін ескере отырып, одан әрі қысқарту туралы шешім қабылдаймыз.
Үнемделген қаражаттың есебінен қалған қызметкерлердің жалақысын көбейтетін боламыз. Еңбекақысы аз мемлекеттік қызметтің қоғам үшін пайдасынан зияны көп. Бұл мәселеге жете назар аудармау кері кетуге, біліктілік пен бастамашылдықтан айырылуға, сондай-ақ ең сорақысы, жемқорлыққа әкеп соқтырады. Сондықтан 2021 жылғы
1 шілдеден бастап балдық-факторлық жүйе енгізілуге тиіс. Мұндай жоба мемлекеттік қызметшілердің құлшынысын арттырып, жауапкершілігін нығайта түседі.
Бізге жаңа кадрлар, яғни кәсіби білікті, озық ойлы және бастамашыл мамандар аса қажет. Мемлекеттік қызмет қол жетпейтін жабық кастаға айналмауға тиіс.
Сонымен қатар кәсіби және этикалық нормалардың құлдырауына жол бермей, сабақтастық пен институционалдық дәстүрдің сақталуын қамтамасыз ету маңызды. Осы тұста жауапты хатшылар институтына арнайы тоқталғым келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz