Мәдени салалардағы қызмет көрсету маркетингі
12 дәріс. Мәдени салалардағы қызмет көрсету маркетингі
Қызмет көрсету -- заттық нысан сипатына ие болатын және тұтынылу құны еңбектің заттық өнімінен өзгеше түрде нақты еңбектің пайдалы нәтижесінен көрініс табатын арнайы еңбек өнімі. Дәрігер, мұғалім, актер, шаштараз, т.б. көрсететін қызмет осындай еңбек өніміне жатады. Олардың еңбегімен сатып алу және сату нысаны, тұтыну заты бола алатын бейзаттық нысандағы белгілі бір өнім өндіріледі. Алайда Қызмет көрсету ұрлана алмайды, бірақ оны өндіру мен тұтыну үдерісі уақыт жағынан үйлес келеді. Қызмет көрсету бейматериалдық (жаттықтырушылардың, заңгерлердің, актерлердің, банк қызметкерлерінің, т.б.) және материалдық Қызмет көрсету (тұрмыстық техниканы жөндеу, жеке тапсырыспен киім тігу, т.б.) түрлеріне бөлінеді. Материалдық Қызмет көрсету жағдайында материалдық зат өндіріс нәтижесі және тұтыну нысаны болып табылады. Қызмет көрсету аясының ілгерілеуі үшін іргелі негізі болып табылатын материалдық өндірістің дамуы, сондай-ақ Қызмет көрсету аясындағы еңбек бөлінісі Қызмет көрсету түрлерін кеңейте түседі. Қызмет көрсету мазмұнына қарай жеке адамға үйде Қызмет көрсету (аспаздар, үй қызметшілері, т.б.), жаңа бұйымдар жасайтын Қызмет көрсету (халықтың жеке тапсырыстары бойынша тұрғын үйлер салу, киім-кешекті не аяқ киімді жеке-дара тапсырыс бойынша тігу, т.б.), бұрын пайдаланылған тауарлардың тұтынылу қасиетін қалпына келтіру (тұрғын үйлерді, тұрмыстық техниканы, т.б. жөндеу), зияткерлік Қызмет көрсету (жаттықтырушылық, жарнама, т.б.), білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет аясындағы Қызмет көрсету, көлік, пошта телекоммуникация көрсететін қызмет, банктер мен сақтандыру қоғамдарының Қызмет көрсетуі, сауықтыру мекемелерінің, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының Қызмет көрсетуі түрлеріне жіктеледі. Тұтынушы үшін қоғамдық тұтыну қорларын бөлу тұрғысынан Қызмет көрсету ақылы (Қызмет көрсетуге тұтынушы ақы төлейтін) және ақысыз (бюджеттік қаражат есебінен көрсетілетін) Қызмет көрсету түрлеріне бөлінеді. Қызмет көрсету өндірістік қатынастардың сипатына қарай түрлі әлеум.-экон. нысанда болуы мүмкін. Тауар ретінде Қызмет көрсету екі жақты құрылымға ие болады: арнайы тұтыну құны (нақты еңбектің пайдалы нәтижесі) мен құн (Қызмет көрсетудегі қоғамдық қажетті еңбек) сипатында көрініс табады. Демек, Қызмет көрсету аясы өзінің тіршілік етуі мен дамуына қажетті қорды өзі ғана ұдайы өндіреді, ал осы аяға жұмсалған еңбек Қызмет көрсету өндірісіне қатысушылар табысының көзі болып табылады, бірақ ол материалдық өндірісте жасалған құнды
Қызмет көрсету аясының пайдасына қайта бөлу нәтижесі болып табылмайды. Қоғамдық еңбек бөлінісі құрылымында Қызмет көрсету аясы экономиканың "бірінші" секторына жататын ауыл шаруашылығы мен "екінші" секторына жататын өнеркәсіптен өзгеше түрде заттай тауарлар сияқты жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табыстың құрамына кіреді. Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі Қызмет көрсету аясының үлесі елдің экон. дамуы деңгейінің өзіндік көрсеткіші болып табылады.
13 дәріс. Адами капиталдың дамуындағы денсаулық сақтау қызметтерін дамыту
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қазіргі кезеңде мемлекеттің экономикалық өсуінің шешуші факторы адами капиталды қалыптастыру мен дамытуға байланысты инвестициялар болып табылады. Әлемнің 192 елінің экономикасын зерттеуге негізделген Дүниежүзілік Банктің деректері бойынша экономикалық өсудің тек 16% - ы ғана физикалық капиталмен, 20% - ы-табиғи, 64% - ы-адами капиталмен негізделген.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасына сәйкес негізгі қызметі денсаулықты жақсартуға бағытталған адамдар денсаулық сақтау қызметкерлері болып табылады.
Кез келген елдің, оның ішінде Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы өзінің адами капиталын сапалы дайындау мен дамытуға зор шығындар мен ресурстарды талап етеді. Өйткені, тек жоғары білікті қызметкерлер мен табысты кәсіпкерлер ғана сол қоғамның жоғары экономикалық тиімділігіне қол жеткізудің қуатты кепілі болып табылады.
Тұрақты экономикалық даму үшін әлеуметтік-экономикалық негізді білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен мәдениет салалары құрайды. Сондықтан қазіргі Қазақстанда мемлекеттің қызметі білім беруге, ғылымға, денсаулық сақтауға, әлеуметтік қамсыздандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, тұрғын үй саясатына бағытталатын шығыстар мен инвестицияларды ұлғайту жағына қарай өзгеруде.
Адам капиталының өзегі адам және ол солай болып қалады, бірақ енді-білімді, жасампаз және бастамашыл, жоғары кәсіби деңгейіне ие адам. Білімі, кәсіби тәжірибесі мен біліктілігі бар адамдар қажетті өзгерістердің мүмкіндіктері мен шекараларын анықтайды. Қызметкерлердің білімі мен шығармашылық әлеуеті экономикалық жүйе тиімділігінің басты факторына айналуда, онсыз техникалық және экономикалық прогресс іс жүзінде қол жетпейтін міндетке айналуда.
Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов панельдік сессияда көтерілген мәселелер өте маңызды екенін атап өтті.
Күн тәртібінен ешқашан түспейтін адами капиталды дамытуға қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында мән берілген болатын.
Адами капиталдың сапасын арттыру - мемлекет дамуын қамтамасыз етудің негізгі алғышарты екенін білесіз, сондықтан қай салада болсын білікті маманға сұраныс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz