Қарыз алушының несиелік қабілетілігін таңдаудың шетелдік тәжірибесі
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
СӨЖ
Қарыз алушының несиелік қабілетілігін таңдаудың шетелдік
тәжірибесі
Орындаған
:
Әбдірәсілова Анар
Топ
:
Қаржы 18
-11
Тексерген
:
Оразалиев Бабахан
Алматы 2020
Қарыз алушының несиелік қабілеттілігі бұл - қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілеттігін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілеттілігін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.
Қарыз алушының несиелік қабілеттілігіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады.
1) Ссудаға қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс.
2) Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп - қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.
3) Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет
Қарыз алушының табыс алу қабілеттілігін анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады. Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.
Несиелік операциялардың табыстылығының артуы несиелік тәуекелді бағалаудың сапасымен тікелей байланысты. Клиенттердің тәуекелділік топтары бойынша жіктелуіне байланысты банк несиені беру, несие шегін анықтау және проценттерді белгілеу туралы шешім қабылдайды.
Қазіргі уақытта еліміздің несие нарығы жоғары қарқынмен дамып, кемелдену дәрежесіне жетті деуге болады. Несие нарығының дамуының бірден бір себебі - депозиттерді сақтандыру жүйесінің құрылуы болып табылады. Бұл жүйенің қалыптасуы халықтың банк жүйесіне деген сенімін арттыра түсіп, банк қарамағында қаржы ресурстарының шоғырлануына ықпал етті. Ал, банктер өз кезегінде осы ресурстарды тиімді орналастыру мақсатымен тұтыну несиесі нарығында белсенді саясат жүргізе бастады. Банктердің дәл осы нарықты таңдауы бірқатар себептермен түсіндіріледі:
- біріншіден, бұл әлде де болса, кең көлемді нарық. Мұнда бәріне де орын бар;
- екіншіден, жеке тұлғалар банктің саясатына, оның қаржылық өнеркәсіптік топтарға кіруіне баса назар аудармайды. Жеке тұлғалар үшін банктің жарнамасы мен несиені рәсімдеудің жылдамдығы, жеделдігі маңыздырақ;
- үшіншіден, қарыз алушы жеке тұлғалар корпоративті клиенттерге қарағанда жоғары пайыздық мөлшерлемені төлеуге дайын. Бұл мәселе жеке тұлғаның қарызға алған сомасының абсолютті мөлшеріне байланысты. Себебі, жеке тұлғалар корпоративті клиенттерге қарағанда аз көлемде несие алады, ал бұл кезде несие бойынша төленетін сыйақы қарыз алушыға айтарлықтай әсер етпейді;
- төртіншіден, тұтыну несиесінің тәуекелі корпоративті несиеге қарағанда төмен. Себебі, тұтыну несиесінің есебінен қалыптасқан несиелік қоржынның диверсификациялану дәрежесі жоғары болады;
- бесіншіден, тұтыну несиесі тек қана банктер емес, сонымен қатар банктердің клиенттері болып табылатын сауда ұйымдарына да тиімді [1, 37 б.].
Алайда, тұтыну несиесіне тән негізгі кемшілік - тұтыну несиесінің шағын көлеміне байланысты. Егер корпоративті несиені бір дана ретіндегі жұмыспен салыстырса, тұтыну несиесі жаппай түрде берілуі қажет және бұл жағдайда несиелік арызды қарастыру мен қабылдау қағидаларын түбегейлі қайта қарастыру қажет.
Шетел банктерінің тәжірибесінде жеке тұлғаның несиелік қабілеттілігін анықтаудың өзара байланысты екі әдісі қолданылады. Біріншісі (логикалық), болжамды эксперттік бағалауға сүйенеді және потенциалды қарыз алушының қаржылық жағдайы мен жеке қасиеттерін талдауды көздейді. Эксперттік бағалау бір көрсеткіштердің басқа көрсеткіштер алдындағы басымдылығын сипаттайды. Қолда бар ақпарат негізінде банк маманы тапсырыс берушінің жалпы бейнесін құруға тырысады және оны несиелік тәуекелі әртүрлі қарыз алушылардың стандартты бейнелерімен салыстырады. Логикалық әдіс потенциалды клиенттердің несиелік тарихын ашып көрсететін мониторинг жүйесінің дамуымен күшейе түседі. Осы мақсатпен көптеген экономикалық дамыған елдердің банктері потенциалды қарыз алушылардың қаржылық және мүліктік жағдайы туралы ақпаратты жинақтайтын несиелік бюроның ақпараттық қызметтерін пайдаланады. Осылайша, АҚШ-та 2000-нан аса жеке меншік ұйымдар, бұрын несие алған жеке тұлғалар жайлы мәліметтерге ие.
Банктердің кәсіпорындармен және ұйымдармен жүргізетін операцияларындағы тәуекелділікті анықтаудың негізгі құралдарының бірі - қарыз алушының банк алдындағы міндеттемелерін адал түрде орындау туралы ақпаратты анықтап көрсететін жүйені (несиелік бюро) қалыптастыру болып табылады. Несие бюролары несиелік ұйымдар мен олардың
клиенттерінің мүдделеріне қызмет атқаратындай етіп, тәуелсіз құрылымдар ретінде қалыптасуы мүмкін.
Әлемнің көптеген елдерінде кредиторлар үнемі қарыз алушының төлем қабілеттілігі туралы ақпаратпен несиелік бюро арқылы тұрақты түрде алмасып отырады. Қаржылық емес сектордағы жағдайдың нашарлауы тәуекелдерді бағалау мен қарыз алушыларды таңдау мүмкіндігін күрделендіреді, пайыздық мөлшерлемелер өсіп, мықты және ірі қарыз алушыларды нарықтан кетуге мәжбүр етеді. Ал, қаржылық жағдайы тұрақсыз клиенттер жоғары мөлшерде ақы төлеуге даяр болады, себебі олар ссуданы қайтармауы да мүмкін. Мұның нәтижесі ретінде тәуекелді несиелік саясат пен кредиторлардың қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін, немесе нарықта сенімді қарыз алушылардың бар болуына қарамастан, ссудаларды беруді шектеуі мүмкін. Бұл нақты сектордың да, қаржы секторының да жағдайына кері әсер етеді.
Шетелдік тәжірибеден көріп отырғанымыздай, бұл проблемалардың шешілуі, кредиторлар арасында қарыз алушылар туралы ақпаратпен алмасу мақсатымен құрылған, несиелік бюролардың қызметімен тығыз байланысты.
Несиелік бюро кредиторлар есебінен құрылуы және басқарылуы мүмкін немесе тәуелсіз түрде құрылып қызмет атқаруы мүмкін. Несие бюросы ол ақпараттарды басқа көздерден (сот, мемлекеттік тіркеу және салық органдары т.б.) алынған мәліметтермен сәйкестігін тексеріп, әрбір қарыз алушыға жеке картотека қалыптастырады. Кредиторлардың несиелік бюродан кез келген уақытта потенциалды қарыз алушылардың несиелік операциялары туралы есепті алуға мүмкіндігі бар. Басқа сөзбен айтқанда, несиелік бюролардың қызметі, бюро мен кредиторлар арасында қабылданатын келісімді бекітілетін, өзара айырбас принципіне негізделген.
Қазақстан, басқа да дамушы нарықтық елдер сияқты қаржылық делдалдық саласында ақпараттардың қарама-қайшылығының әсерін сезінеді. Мұнай ақпараттардың басым болуы банктік тәуекелдерді басқаруды күрделендіре түседі.
Сондықтан қарыз алушының несиелік қабілеттілігін дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін. Несиелік бюроны құру - күн тәртібінде тұрған басты мәселелердің бірі болып табылады
Несиелік бюрода мәліметтердің келесідей түрлері болуы мүмкін:
- әлеуметтік - демографиялық сипаттамалар;
- Сот шешімдері (несие бойынша қарыздарды талап ету туралы істі берген жағдайда);
- банкроттық туралы ақпараттар;
- несиелік ұйымдардан сен-маған, мен-саған қағидасы бойынша жеке қарыз алушылар туралы мәліметтер, яғни банк басқа банктердің клиенттері туралы ақпарат алады, бірақ егер өзі сондай ақпарат берсе.
Клиентке несиелік бюродағы өз қаражаттарының жағдайы туралы ақпаратты тексеруге құқық беріледі және қателер болған жағдайда оны түзету үшін айту керек. Бюрода сақталатын ақпараттың көлемі мен сипаты әр мемлекеттің заңымен реттеледі.
Жеке қарыз алушылардың несиелік қабілеттілігін анықтаудың кең таралған екінші бір әдісі несиелік тапсырыстары таңдаудың скорингтік жүйесі деп аталады.
Өткен ғасырдың 50-ші жылдарында несиелік тапсырыстарды қарастыру процесін автоматтандыру қажеттілігіне несиелік карточкалардың өндірісін дамытатын американдық банктер тап болды. Мәселені шешу үшін жеке тұлғаларды "жақсы" және "жаман" қарыз алушыларға жіктеудің статистикалық әдістерін ұсынған әйгілі математиктер тартылды. Мұнай жіктеуді өткізу үшін әдетте сауалнамада көрсетілетін қарыз алушы туралы өте аз ақпарат және аз уақыт талап етіледі. Мұнай түрдегі барлық жүйелер скорингтік деген атқа ие болды (skore - жалпы балл).
Қазақстанда скорингті енгізу біртіндеп жүзеге асырылуда. Бастапқыда нашар тәуекелдерді автоматты түрде жоятын, ал несиелік комитетке тек жақсы және шектеулі тәуекелдерді шығаратын қарыз алушыларды алдын-ала бағалаудың автоматты жүйесін жасауға болады. Алайда, автоматтандыруды енгізбес бұрын, клиенттің жеке сипаттамаларының жеке тұлғалар сияқты заңды тұлғалардың да дефолт ықтималдығымен байланысты бағалауға болады. Мұнай сипаттамаларды білу несиелік инспекторларды қолдау ретінде бола алады.
Скоринг - жүйелердің барлығына тән сипаттамаларға қарамастан, батыс тәжірибесін біздің елге көшіру мүмкін емес. Еліміздің демографиялық, экономикалық, әлеуметтік және заңнамалық өзгешеліктері өз технологияларымызды енгізуді қажет етеді.
Елімізде скорингтік жүйені енгізу мақсатымен 2003 жылы тұтыну несиелерін кепілдендіру қоры құрылды. Бұл ұйымның негізгі міндеті - жеке тұлғалардың несиелік мәлімдемелерін сараптауға септігін тигізетін автоматтандаралған скорингтік жүйені ендіру және іске қосу болып табылады.
Скоринг потенциалды қарыз алушының сенімділігімен және сенімсіздігімен байланысты сипаттамаларды анықтайды. Маңыздысы мұнай сипаттамаларды дұрыс таңдауды қамтамасыз етеді және оған сәйкес салмақты коэффициенттерді анықтауға мүмкіндік береді. Модель жасалатын клиенттердің жиынтығы неғұрлым бірдей болса, соғұрлым ссуданың қайтарылу барысын болжау нақты болады.
Қазақстанда скоринг жүйелерді несиелеудің төмен көлемімен тежейді. Бірақ, экономикалық өсумен жағдай ауыса бастайды.
Несиелік бюросыз скорингтің дамуы мүмкін емес. Несиелік бюроның маңызы үлкен, олардың болуы несиелік ұйымдарға, бұрын банктер қызмет көрсетілмеген несиелік ұйымдарға да ссуда беруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, дефолттың ықтималдығын болжау үшін бұрынғы несиелік тарихының құндылығы жалпы мойындалған болып табылады
Скорингті енгізу объективті сияқты, банктік менеджерлердің математикалық және статистикалық әдістеріне сенімсіз қарауымен байланысты субъективті себептер тежейді. Өз клиенттерін - несиелік тарихы мен статистикалық пакетін талдауды бастау көп уақытты қажет етеді, ал одан көп пайда келеді. Скорингтік жүйенің артықшылықтары арасынан батыс банкирлері, бірінші кезекте несиенің қайтарылмау деңгейін төмендетуді көрсетеді. Ары қарай шешім қабылдаудағы жылдамдық, несиелік қоржынды тиімді бақылау мүмкіндігі, персоналды ұзақ оқыту қажеттілігінің жоқтығы айтылады.
Осылайша, скоринг АҚШ-та және Батыс Европада кеңінен қолданылатын несиелік тәуекелді автоматты бағалауды білдіреді. Скоринг үшін бастапқы материал ретінде клиенттердің өткені туралы ақпарат пайдаланады. Оның негізінде әртүрлі статистикалық және статистикалық емес әдістердің көмегімен болашақ қарыз алушылардың несиелік қабілеттілігі туралы болжам жасалады.
Қазақстандық банктерде жеке тұлғаларға деген несие қабілеттілігінің скорингтік бағалау жүйесі дами бастады. Қазіргі уақытта бес банк экспресс несиелерді ұсынуда. Алайда, скоринг негізінен банк қызметтері міндетті түрде дүкенде бола тұра, тауарды несиеге сатып алғысы келетін клиенттен қажетті ақпаратпен толтырылған сауалнамаларды (дербес мәліметтер, тұлғаны куәландыратын құжаттар, тұрғылықты жерінің тіркелу мекежайы, нақты тұрғылықты мекен-жайы, әлеуметтік дәрежесі, жанұялық жағдайы, балаларының және асырауындағы адамдар саны, жеке және жанұялық табыс мөлшері, жылжымайтын мүлік түрі, қызмет орны және білімі жөніндегі мәліметтер және т.б.) жинақтай отырып, несиелік және сауда ұйымдарының әріптестік байланыстарының нығаюы үшін пайдаланылады. Тез өңдеуге бейімделген мұндай сауалнамалар тез арада материалдардың жеке мұрағатын ескере отырып, несиенің берілуі немесе берілмеуі жөнінде шешім қабылданатын банк бөлімшесіне беріледі. Бұл процедура бір сағат алуы мүмкін. Оң шешімді несиелеу параметрлері (пайыз мөлшері, ссуда көлемі мен уақыты, алғашқы жеке салым көлемі) балл түрінде бағаланған қарыз алушының сенімділігі мен онымен алынатын тауардың әлеуметтік мәніне байланысты белгіленеді.
Ал, шетелдік тәжірибеде клиенттің несиелік қабілеттігін анықтау үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады. Мысалы, 5С мен 6С ережелері, Альтман
формуласы, Компари ережесі, Раrts ережесі, Батыс елдерінде кеңінен қолданатын несиелік Скоринг жүйесі.
Біздің мемлекетімізде Батыс елдер тәжірибесінде кең қолданыс тапқан несиелік Скоринг жүйесіне көп көңіл бөлінбейді. Бұл жүйе жеке және заңды тұлғалардың беделін анықтау процесін жеңілдетеді және де несиелік Скоринг жүйесі әрбір банктің саясатына, қолданатын заңдылықтарына, несие алушылар сипатына байланысты жасалуы қажет
Кесте 1 - Тұтыну кезінде барлық тәуекелдердің деңгейін анықтау
Факторлар атауы
Тәуекел деңгейін анықтайтын баллдар
Жасы
20 жастан асқан әрбір жылға - 0,1 балл беріледі;
Жынысы
әйелдереге - 0,4 балл, ерлерге - 0 балл;
Тұрғылықты жерде өмір сүру мерзімі
берілген жерде тұрған әрбір жыл үшін - 0,042 балл;
Мамандығы
тәуекелділік дәрежесі төмен мамандықтар үшін - 0,55 балл, тәуекелі жоғары мамандықтар үшін - 0 балл, басқа мамандықтар үшін -0,16 балл;
Салаға байланысты
егер мемлекеттік мекеме, банк немесе брокерлік фирмалар болса - 0,21 балл;
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz