Қазақстанның ұлттық қайта жандануы, демократиялық құқықтық мемлекеттің құрылуы туралы


- «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның қабылдануы. ҚР Президенттік сайлау.
1991 жыл
1 желтоқсан. Тұңғыш рет жалпыхалықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Президентін сайлау рәсімі өткізілді. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпшілік дауыспен (98, 76%) жеңіске жетті.
1992 жыл
Тәуелсіздіктің алгашқы жылы Қазақстан үшін өзін әлемге таныту жылы болды. Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да ірі халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Көптеген ірі мемлекеттермен тікелей саяси-экономикалық қатынас орнай бастады. Сонымен бірге 1992 жыл КСРО-ның кезінде басталған және Одақтың ыдырауымен күшейе түскен экономикалық дағдарысқа қарсы жүйелі күрестің басталған жылы болды. Ресейде 1992 жылы бағаны еркіне жібергендіктен Қазақстан күрделі шаралар қабылдауға және «шок терапиясын» жүзеге асыруға кірісті. Қазақстанда инфляция жыл аяғында 3000 пайызға жетті. Экономикалық дағдарыстың күшейіп және тіл мәселесіне байланысты қоғамда саяси жіктеліс тереңдей бастады.
1993 жыл
1993 жыл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы экономикалық дағдарыстың ең тереңдеген жылы болды. Наурыз айында елдегі құнсыздану процесі гиперинфляцияға айналды. 1993 жылы электр энергиясы мен. газ бағасы мыңдаган есеге көтерілді. Жалақының кешіктіріліп берілуі барлық салада күшейе бастады. Халықтың әлеуметтік жағдайы күрт қүлдырап кетті. Осындай жағдайларға байланысты Қазақстанда қараша айында ұлттық валюта - теңге енгізілді. Экономикалық жағдайдың қиындауы әлеуметтік топтардың саяси талаптарын тұжырымдаған саяси партиялардың пайда болуына әсер етті. 1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар: Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы, «Қазақстанның Халық Конгресі» және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан - ядролық жарылысқа қарсы «Невада - Семей», азаматтық «Азат» қозгалысы және «Қазақстанның халық бірлігі» одагы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді. Республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар ұйымдасқан саяси күшке айналды.
1994 жыл
Қазақстан тарихында тұңгыш рет саяси партиялар мен қозғалыстар биліктің нақты тұтқаларына қол жеткізуі мемлекеттік бағдарламалардың қалыптасуына және қабылдануына ықпал ету мүмкіндігін алды. Республика Үкіметінде жаңа Парламент туралы Заң жобасы бойынша жұмыстар жүргізіліп, Парламент сайлауы өтті. Нәтижесінде Республикада көп партиялықтың қалыптасуы орын алды. Президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік экспорт-импорт банкі» құрылды. Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың әлсіреуі нәтижесінде ішкі жалпы өнім алдыңғы жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 27%-ға дейін қысқарды. Ұлттық алтын-валюта резерві 805, 221 млн. АҚШ долларын қамтыды. ҚР Парламенті стратегиялық маңызды «Мұнай туралы» Заң жобасын қабылдады. Еліміздегі атом жарылыстарының нәтижелерін жою іс-шаралары алдыңғы қатарлы мәселелердің бірі ретінде анықталды. Әлемнің ядролық державалары бейбіт даму жолын таңдаған Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдеме берді. Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану жөнінде Қазақстан мен Ресей арасында келісімге қол жеткізілді. Халықаралық ұйымдардың Арал теңізін қайта жандандырумен сол аймақтардың экологиялық мәселелерін шешу бағытындагы іс-шаралары бастау алды. Жалпы, Қазақстан 1994 жылы шетел мемлекеттерімен достастық келісімдер мен экономикалық ынтымақтасу саласында бірқатар келісілішарттарға қол жеткізді.
1995 жыл
Ел тәуелсіздігі орнаған күннен бастап, әлемдік сахнада Қазақстан өзін көпұлтты, бейбіт мемлекет ретінде танытуда. Осыған дәлел ретінде Президент Жарлығымен Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Н. Назарбаев Қазақстан үшін тарихи маңызды оқиға деп атап өткен төл теңгемізді шығару фабрикасының ашылу рәсімі өтті. Осы уақыттың ішінде ұлттық валютамыз - теңгенің тұғыры бекіді, елімізде макроэкономикалық тұрақтандыру процесі іске асты. Қазақстанның экономикалық-қаржылық тәуелсіздігі толық айқындалып болды. Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми турде бекітілді. Әлеуметтік-экономикалық маңызы бар «Жекешелендіру туралы» Заң қабылданды. Мүнай өндірісінің дамуында «Батыс Қазақстан - Құмкөл» мұнай құбыры іске қосылды. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев екіжақты байланыстарды дамыту, республикада экономикалық реформаларды тереңдетуге қолайлы жағдай туғызуды бақылауға алу міндеттерін алдыңғы қатарлы мәселелер тізбегіне енгізді.
1996 жыл
Республикада орын алған әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздану көріністері көптеген кәсіпорын жұмысшыларын жалақы мәселелеріне қатысты қарсылық акцияларын ұйымдастыруына себепкер болды. 1994 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, жұмыссыз қалғандар саны 1, 8 есеге үлғайды. Республикада кіші кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік деңгейде бағдарламалар іске косылды. Қазақстан ынтымақтасу мақсатында құрылған «Шанхай бестігі» ұйымына мүше бола отырып, өзінің саяси қатынастардағы орнын айқындай түсті. Республиканың жалпы сыртқы саяси басымдықтары мен әрбір елмен қарым-цатынасынан бастап, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы келіссөздер белсенді жургізілді. Мемлекетіміздің табиғи ресурстарын рационалды кешенді игеру негізінде аймақтың дамуын тездету, жоғары тиімділігі бар экспортқа бағытталган өндірістерді құру, экономиканың әлемдік шаруашылық жүйесіне жоспарлы қосылу және әлеуметтік даму мәселелері қатаң бақылауға алынды.
1997 жыл
Қазақстан Республикасының алдағы уақыттағы әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспары айқындалды. Елдегі саяси партиялар, қогамдық бірлестіктер мен ұлттық мәдени орталықтар әлеуметтік-экономикалық қиындықтармен күресу мақсатында мемлекеттік билік органдарымен бірлесіп қызмет ету келісіміне қол жеткізді. Жалақы мен зейнетақы бойынша қарызды төлеу, шағын бизнесті дамыту, жекешелендіруді жеделдету мәселелерін Елбасы өз бақылауына алды. Қаржы институттарын дамытуды қолдау бағдарламасы ірі батыс банктерінің қолдауымен едәуір алға жылжи бастады. Қазақстандық банктердің институционалды дамуы мен Қазақстан банк жүйесінің әлемдік қаржы жүйесіне терец интеграциялануы көрініс тапты. Импорт пен экспорт тауарларына байланысты сыртқы сауда үдерістері мен кедендік салыққа қатысты барлық мәселелерге қолайлы режим жасау алға тартылды. Егемендіктің маңызды шарты болып табылатын мемлекеттік шекара мәселелері бойынша Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекаралардың мызғымастыгы туралы келісімге қол жеткізілді. Ұлттық ерекшелігі зор «Қазақстан Республикасындагы тілдер туралы» Заңы бекітілді. Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» ел дамуының стратегиялық жоспары жасақталып, Елбасының халыққа Жолдауында Қазақстан 2030 жылы дамыған, саяси тұрақты мемлекет үлгісі ретінде бірінші ортаазиялық «барыс» мемлекеті болуы қажет деген мақсат қойды. ҚР-ның астанасы Астана қаласына көшірілді және Астана ресми түрде Қазақстан астанасы мәртебесіне ие болды.
1998 жыл
Қазақстан Республикасының бейбіт, жан-жақты даму жолына қарамастан, бірқатар аймақтарда дагдарыстық жағдайлар көрініс тапты. Қазақстанның солтүстік аймағында әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық мәселелері басты мәнге ие болды. Осыган орай, Солтүстік Қазақстан облысын дағдарыстан шығару жоспары мемлекеттік деңгейде бекітілді. Агроөндіріс кешенінің дамуы, кіші және орта бизнес, зейнетақы реформасы мәселелері ағымдағы жылдың маңызды да өзекті мәселелеріне айналды. Алайда Қазақстан 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жылдық кезеңге БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі комитетінің мүшелігіне сайланды. Бүл Қазақстанның әлемдік сахнада өз мәртебесін айқындай түсті. Ерекше оқиға ретінде этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуына қатысты мәселелердің жоғарғы деңгейде талқылануы алғаш рет бастау алды. Әлеуметтік салада зейнетақы реформасын қолдау мақсатында халықаралық қаржы институттары арқылы біршама жетістіктерге қол жеткізілді. Үкімет отандық тауар өндірушілерге қолдау жасауын жалғастыратындығын мәлімдеді. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы қабылданды. Еліміздегі инвестициялық климат мәселелері мен Қазақстан үшін әлемдік экономикалық дагдарыстыц әсерін төмендету іс-шаралары мемлекеттік саясаттың негізі болды. Азаматтық қогам орнату және демократиялық мемлекет қалыптастыру бағытында «Сыбайлас жемқорлыңқа қарсы күрес туралы» Заң жарияланып. Президент Жарлығымен 1999-2000 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік багдарлама бекітілді. Сонымен қатар маңызды тақырыптардың бірі алдағы жылы отетін ҚР Президенттік сайлауы болды.
1999 жыл
Қазақстан Республикасының Президенттік сайлауы өтті. Н. Назарбаев жоғары пайызды дауыспен Президенттік қызметіне қайта сайланды.
Ашық азаматтық қоғам көрінісі ретіндегі көптеген саяси партиялармен қоғамдық ұйымдар құрылды. Соның бірі «Отан» республикалық саяси партиясы болып табылды. Қазақстанға дамыған елдердің іскер топтарының назарын аудару, халықаралық қаржы институттарымен танысу, Қазақстанның инвестициялық саясаты мен экономикалық даму мүмкіндіктерімен таныстыру секілді басты міндеттер қойылды. ҚР-ның «Ұлттық банкі» және екінші деңгейлі қаржы институттары бірқатар халықаралық қаржы институттарымен тиімді келісімдерге қол жеткізді. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның қабылдануы ашық, еркін қоғам орнауының белгісі ретінде қабылданды. Республикалық маңызы бар «Мұнай туралы» жаңа заңға қол қойылды. ҚР Парламенті Сенатының сайлауы өтті. Көптеген оппозиция ұйымдары тарапынан сайлау нәтижелеріне қарсылықтар мен сенімсіздіктер айтылды. Республика аймақтарында жалақы және зейнетақы төлемдері бойынша шеру акциялары ұйымдастырылып, жүмысшылар өз наразылықтарын білдірді.
2000 жыл
Қазақстан үшін алдағы уақытта серпінді даму үдерісі басталды. Көптеген халықаралық келісімдер мен мемлекеттік маңызы жоғары заң құжаттарына қол қойылды. Тұжырымдамалық түрде «Жер туралы» Заң жобасы қабылданды. Заң жобасының негізгі қағидасы мен ерекшелігі жерді Конституцияға сай үзақ мерзімді жалға беру құқығымен мемлекеттік меншік мәртебесін бекіту болып табылады және жерді жалға беру уақыты 99 жылдан 47 жылға төмендетілді. Сонымен қатар Қазақстан өзінің шекаралас елдерімен аумақтық мәселелерін конструктивті шешу жолында айтарлықтай іс-шаралар атқарды. Алғаш рет мемлекетімізде гендерлік саясат мәселелері талқыға түсті. Бірқатар ЖОО-да гендерлік саясат курстары енгізіле бастады. Қазақстан айналасындағы геосаяси өзгерістер мен соңғы уақытта орын алған экстремизмнің өріс алуы, әскери конфликттердің эскалациясына байланысты ҚР Президентінің Жарлығымен республиканың Әскери доктринасы бекітілді. Маңызды олжа ретінде Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтарға арналған соңғы ойпанның жойылуын айтуға болады. Республикада саяси, сондай-ай экономикалық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктеріне қатысты мәселелердің кең ауқымы қамтылды.
2. Мемлекеттің ішкі саясатын қалыптастыру.
3. 1993, 1995 жж. Конституциялар.
Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.
Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
•халықтық егемендік
•мемлекет тәуелсіздігі
•билікті бөлісу принципі
•қазақ тілін мемлекеттік деп тану
•Президентті мемлекет басшысы деп тану
•сот органдарын - Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы - Сенат, төменгі палаталы -Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Конституция құрылымы
••I бөлім. Жалпы ережелер
•II бөлім. Адам және азамат
•III бөлім. Президент
•IV бөлім. Парламент
•V бөлім. Үкімет
•VI бөлім. Конституциялық кеңес
•VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
•VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
•VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
4. Елбасының «Қазақстан - 2030» Жолдауы. Астананы көшіру.
Қазақстан-2030 Стратегиясы- ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған.
мақсат - ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату
бағыттары:
Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы.
Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу.
Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау
Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту.
Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану.
Инфрақұрылым (көлік және байланыс) Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz