1993, 1995 жж. Конституциялар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
3.1993, 1995 жж. Конституциялар.
Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жылТәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.
Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
​::​халықтық егемендік
​::​мемлекет тәуелсіздігі
​::​билікті бөлісу принципі
​::​қазақ тілін мемлекеттік деп тану
​::​Президентті мемлекет басшысы деп тану
​::​сот органдарын -- Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылҚазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы -- Сенат, төменгі палаталы -- Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Конституция құрылымы
​::​​::​I бөлім. Жалпы ережелер
​::​II бөлім. Адам және азамат
​::​III бөлім. Президент
​::​IV бөлім. Парламент
​::​V бөлім. Үкімет
​::​VI бөлім. Конституциялық кеңес
​::​VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
​::​VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
::​VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
4. Елбасының Қазақстан - 2030 Жолдауы. Астананы көшіру.
Қазақстан-2030 Стратегиясы - ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған.мақсат - ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату бағыттары:Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу.Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау .Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту.Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Инфрақұрылым (көлік және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық негіз ретінде қарастыру
Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекттің негізгі заңы.
Конституциялық құқықтық интернационализациялау
ҚР Конституциясының даму тарихы және қалыптасу кезеңдері
Құқықтық мемлекеттегі негізгі заңның ерекшеліктері
Конституциялық құқық қайнар көздері
Құқық жүйелерінің конституциялық негіздері
Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері
Қазақстанның ұлттық қайта жандануы, демократиялық құқықтық мемлекеттің құрылуы туралы
Пәндер