Нұрлы көш бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы


Астана Медицина Университеті
Р Е Ф Е Р А Т
Тақырыбы: «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы.
Орындаған: Аружан Сейтешева
Тексерген: Бибіжамал Кожахметовна
Кіріспе
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері алыс-жақын шетелдерден атажұртқа оралған қандастарымыздың саны миллионға жуықтаған. Бұл жері көп, халқы аз Қазақ елі үшін үлкен күш екендігі даусыз. Ұлтымыздың мұндай демографиялық жаңғыруға қол жеткізуіне Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ғасыр тоғысындағы стратегиялық сәтті шешімі мұрындық болды. Содан бері жалғасқан ұлы көш «Нұрлы көшке» ұласты. Сондықтан «Көші-қон» мәселесі әлі де өзекті қалпында.
БҰҰ-ның болжамы бойынша, 2000-2050 жылдары дамыған елдерде халықтың, әсіресе оның экономикалық белсенді бөлігінің санын ұстап тұру үшін елеулі көлемде шетелден келетін еңбек күші қажет екен. Бұл мәселе біздің елімізде қалай шешімін тауып жатыр? - Осы жағдайларды ертеден ескерген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің 2030 жылдарға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасындағы сегіз басымдықтың бірі ретінде 2015 жылға дейін республика халқының санын 20 миллионға жеткізуге Үкімет алдына бірқатар міндеттер қойды. Сол міндеттердің бірі - шетте жүрген 5 миллиондай қандасымыздың елге оралуын қамтамасыз ету. 1991 жылдан бүгінге дейін елімізге 1 миллиондай қазақ оралса, алдағы 3 жылда 60 мың отбасы, яғни орта есеппен 300 мыңдай адамды көшіріп алу жоспарланып отыр. Еліміз ұстанған көші-қон саясатының басты мақсаты шетелдегі қандастарды Отанға көшіру. Мұның тиімділігі - Қазақстандағы мемлекет құрушы ұлттың санын арттырып, ірі халықтармен ассимиляцияланып кету қаупінің алдын алу. Қазақ көшінің басқа елдерде жүргізіліп жатқан иммиграция саясатынан парқы да, абзалдылығы да осында. Сондықтан Қазақстандағы әрбір азамат көшіп келген оралмандарды қазақ еліне келген құт, сырттан келген көмек деп түсінгендері абзал.
«Нұрлы көштің» мақсаты - баспанамен қамту - Өзіңіз білесіз, Елбасының тапсырмасымен қабылданған «Нұрлы көш» бағдарламасына біраз уақыт болды. Осы бағдарламаның қалай жүргізіліп жатқанынан аз-кем мәлімет бере кетсеңіз. Елбасы көші-қон мәселесін жүйелі түрде жолға қоя отырып, Үкіметке үлкен тапсырма берген болатын. Сол тапсырманың игілікті нәтижесіндей «Нұрлы Көш» бағдарламасы жасалынды. Ел үкіметі «Нұрлы көш» жобасы арқылы елімізде баспанасыз жүрген оралмандар мәселесін шешпекші. Бұл бағдарламаның басты ерекшелігі алғаш рет ішкі және сыртқы көші-қонды қамтитын біртұтас бағдарлама ретінде әзірленгендігінде. Сондай-ақ, бағдарлама бойынша көшіп келушілерді жұмыспен, тұрғын үймен және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесін шешу қарастырылған. Еліміздің Солтүстік, Оңтүстік және Орталық аумақтық даму өңірлері «Нұрлы көш» бағдарламасына қатысушыларды негізгі қабылдаушы аймақтар болып табылады. Жалпы, «Нұрлы көш» бағдарламасының кейбір кемшін тұстары жөнінде де аз айтылып жатқан жоқ. Бірақ бағдарламаның төрт құбыласы түгенделмеді . Өйткені әрбір іргелі жұмыстың етек-жеңін жинастыру оңайға соқпайды. Дегенмен еліміз үшін, халқымыз үшін бір игілікті істің басы қайрылды десек артық айтқандық болмас. Себебі, «Нұрлы көш» болашаққа жол тартқан жоба. Ал кейбір шешілмей жатқан түйткілдер болса ол бірте-бірте өз шешімін табады. Өйткені бағдарламаның тиімді жүзеге асуын Үкімет пен Елбасы өз назарында ұстап отыр. Бір айта кетерлік жайт Алматы мен Астана қаласы «Нұрлы көш» бағдарламасына қатыспайды.
2004 жылға дейін қалаға келген оралмандарға үй берілетін. Қазір оларды тиісті заңдарға сәйкес квотаға енгізіп, оларға жәрдемақы төленеді . Бірақ Алматы қаласы бойынша квота аз бөлінеді. Ал «Нұрлы көшке» ниет танытқан әлеуметтік жағдайы төмен, баспанасы жоқ оралмандар болса оларды жолдамамен облыстарға жіберіледі. Көрсеткіш бойынша, 1993-2010 жылдар аралығында Көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде 2513 оралман отбасы, яғни 7857 адам есепке тұрды. Бұл аз көрсеткіш емес. Өйткені, олардың 50, 2 пайызы ер адамдар болса, 49, 8 пайызы әйелдер. Жалпы, 63 пайызы еңбекке жарамды азаматтар. 31 пайызы жасөспірімдер. Тек 5, 7 пайызы ғана зейнеткерлік жаста. Бұл еліміз үшін, қаламыз үшін үлкен адам байлығы деген сөз. Олардың басым көп бөлігі жоғары білімді. Айталық, Алматыға оралған оралмандар ішінде 15 ғылым докторы, 67 ғылым кандидаты бар. Бұрындар «оралман» мәртебесін алуға сабылып жүрген ағайындарымызды көп көретінбіз. Ал қазір бұл мәселе өз шешімін тапқан секілді. Куәліктің басты ерекшелігі - келіп жатқан қандастарымыздың осында өмір сүруіне қолайлылық жарату. Айталық, келген оралман уақытша тіркеуге тұрған соң, Қазақстанда тұрақты тұруы үшін «Оралман куәлігін» алуға өтініш білдіре алады. Біз тиісті ережелерге сәйкес оларға куәлік береміз. Олар сол арқылы РНН ала алады. Жұмысқа тұра алады. «Жол картасы» бағдарламасымен 18 адамды жұмысқа тарттық. Қандастарымыз «Оралман куәлігімен» жеңілдетілген түрде Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құжат тапсыра алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz