Қазақ этноэстетикасы: образдық таным, шындықтың формалары және символдық модельдер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ халқының этноэстетикасының жалпы бағдарын түй-

сінудің бір қыры - көптеген халықтардың дүниетанымына ортақ

үдеріс дүниені көркемдік тұрғыдан игерудің байырғы ұлттық

бейнелеріне үңілу болып табылады. Себебі, А. А. Бекбоев пен

У. А. Закиров атап өткендей: «Әлемдік эстетиканы игерудің негізгі

ойлары көрсеткендей, қазіргі кездегі теориялық мәселелерді дай-

ындау өткен халықтардың мәдениетін меңгерусіз мүмкін емес»

. Әлемді образдық-аллегориялық, рәміздік-көрнекілік

тұрғыдан байыптаудың негізгі түпмәні логикалық ақиқат пен

ғылыми тұрғыдан түйсінудің бірден-бір баламалық нұсқалары болып ыңғайласуында екендігін атап өткен жөн. Осы көркемдік

тұрғыдан игерудің ақиқатқа қатысты бір қыры - оның «ақиқат -

метаақиқат - субақиқат» аясында өрбитіндігі. Нақтырақ айтқанда,

образдық бейнелердің бір тобы әлем туралы шындықты астарлы,

тылсым, көркемдік тұрғыдан бейнелейді. Бірақ осы эстетикалық

образдардың бұндай түрлері логикалық ақиқаттан мүлде алыс,

тіптен сәйкес келмейді деген түсінік туғызбауы тиіс, эстети-

ка жалпы алғанда, ғылыми ақиқатты ашуды негізгі мақсат етіп

қоймайды, абсолютті ақиқатты ашуды көздей бермейді.

Екінші бір тобы - бейнелеу «ақиқатқа тура сай келе ме, кел-

мей ме» деген түйткілдерден тыс, оған мүлде алаңдамайтын, бірақ

эстетикалық таным аясында биік деңгейден көріне алатын бей-

нелерге келіп тоғысады. Мұнда эстетикалық пен логикалықтың

бірлігі-келісімділігі басшылыққа алынады. Көркемдік таным

бір сәтке, өзінің эстетикалық қуатын ашу үшін ақиқаттан тысқа-

рыланып, одан да асқақтап, метаақиқат деңгейімен келіп үндеседі.

Үшінші бір тобы - ақиқаттың субъективті формаларына

бағдарланады, яғни, келісімділік, тиімділік, әсемдік деген сияқты

құндылықтармен келіп шартталады. Сол құндылықтардың өзі

эстетикалық категориялар мен таным аясына бағындырылып,

образдардың қалыптасуы мен құрылуы сан алуан комбинация-

ларға қарай жетелейді. Бұл мәселен, көп жағдайда, әдебиет тео-

риясы мен өнертану ілімдерінде таратылып-талданып көрсетіл-

ген көркемдеуші тәсілдер арқылы жалғасын тауып отырады.

Ал ақиқаттың көркемдік образдар арқылы берілу жолдарын

және оның шындыққа сәйкес келу-келмеуінің тәсілдерін былай-

ша топтастыруға болады: проекциялау, жобалау, құрылымдау,

әсемдендіру т. б. Мәселен, проекциялау, яғни, ұқсастырылып

көшірілу, объектіні тікелей емес, оған сәйкестендіріп барып

нақыштауды басшылыққа алады: а) кей жағдайда, тұрмыстық-

практикалық қырына байланысты қолдануға қолайлы жағдай

үшін өзгерістерге түсірілуі ықтимал; ә) кей кезде тікелей көшіріліп,

шағын немесе үлкен модельді құрастырып шығаруы мүмкін.

Мәселен, киіз үй мен әлем қатынасы; б) көшіру сыртқы форманы

емес, ішкі мазмұнды білдіріп, қызметіне байланысты бейнеленуі

мүмкін. Мысалы, көк бөрі - көкпар ойынының қатынасының ішкі

мағынасы - жыртқыштардың, дала бөрілерінің бір тобының лақ,

қозы сынды жемтікке таласқан ойынының адамға көшірілген

формасы. Мұндай түркі-қазақ халқындағы көркемдік-образдық бейне-

леудің континуум аясындағы деңгейлерін иерархиялық негізде

шартты түрде былайша ажыратып алуымызға болады.

1. Космологиялық модельдер: Әлемдік ағаш, «Жер асты - Беті

- Ғарыш» болып құрылған әлемнің үш сатылы құрылымы, Көк

өгіз, Алып кит т. б. Жерді көтеріп тұрған құрылымдық бейнесі т. б.

2. Табиғат модельдері көп жағдайда тұтастандырылған күйін-

де емес, жеке элементтерін образдық түрде бейнелеу арқылы

құрылған: Тау - сақ пирамидалары, Көк бөрі - көкпар ойыны, Үй

жануарлары мен хайуанаттардың мүйізін, аққуды т. б. - қошқар

мүйіз оюы арқылы өрнектеу т. б.

3. Антропологиялық модельдер көп жағдайда адамды тұтас

күйінде бейнелеуге құрылған: балбалтастар, кресттер, құмыра,

торсық, ожау сияқты тұрмыстық бұйымдар т. б.

Бірінші кезекте, әлемнің космологиялық модельдеріне назар

аударсақ, бастапқы түпархетиптік терек рәмізі - көне түркілік,

тіпті одан да арғытектік дүниетанымның айшықты бір көрінісі

ретінде бүгінгі күнге дейін келіп жеткендігімен ерекше назар

аударуға тұрарлық эстетикалық нышан болып табылады. Терек-

ті жалпы формасы жөнінен дифференциациялану бойынша,

әлемнің бір негізден тараған жалпы құрылымы деп, кей сәттерде,

оның әрбір жапырағын адамның жанына теңестірудің үлгісі

ретінде, кей сәттерде шамандық дүниетанымның эзотериясы

ретінде экспликациялайды.

Бірақ бұл тұста, мәселе терекке табыну культі немесе оның

әсемдігі турасында емес, әлемді эстетикалық түйсінудің-игерудің

түпмағынасының философиясында болып отыр. Қазақ халқында

бертінгі кезеңге дейін қураған жалғыз ағашқа (жас ағаш неме-

се ормандағы қатар тұрған көп ағаштың біріне емес) шүберек

байлау дәстүрі сақталып келген болатын-ды. Бұл механикалық

құбылыстың астарында, мистикалық және сезімдік мағына жат-

қандығын ешкім жоққа шығара қоймайды, бірақ мәселе, оның

ішкі ұмыт болған мағынасын ашуда болып отыр. Қураған ағаш,

адам өмірімен салыстырмалы түрде бірнеше жыл жасағандықтан

біріншіден, даланың барлық оқиғасының куәгері іспетті, сайып

келгенде, халықтың қуанышы мен қайғысы, өткені мен бүгінінің

бірден-бір табиғи-тарихи жадысы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғ. Мүсіреповтің Қазақ солдаты, Оянған өлке, Жат қолында және Ұлпан романдарындағы тарихи таным мен тарихи шындықтың көрінісі
Қазақ романдарындағы өнер адамдарының образдық жүйесі
Таным теориясы мен гносеология: таным формалары, мәселелері және ғылыми білім
Қазақ әңгімелеріндегі бөрі бейнесінің символдық сипаты
Қазақ тіліндегі сұлулық атауларының символдық мәні: лингвомәдени және когнитивтік талдау
Қазақ әңгімелеріндегі бөрі ұғымының символдық сипаты
Таным теориясы (гносеология): мәні, формалары және негізгі мәселелері
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасының көркемдік әлемі: повестер мен әңгімелердегі тақырыптық-образдық және поэтикалық үрдістер
Қазақ ою-өрнегінің генезисі, эволюциясы және символдық мағыналары
Қазақ тіліндегі символдық мағынаның лингвистикалық сипаты, қалыптасуы және берілу тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz