STEM - БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘЛЕМДЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ДАМУЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
STEM-БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘЛЕМДЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ДАМУЫ

"Білімді ел - Образованная страна" №20 (57), 25.10.2016ж.
Қазіргі уақытта әлемде төртінші технологиялық революция болып жатыр: ақпараттың қарқынды ағыны, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертіп жатыр. Қоғам сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгеріп жатыр.
Егер бұрын қыздар еңбек сабағында алжапқыш тігіп, ал ұл балалар ағашпен немесе металлмен жұмыс істесе, онда қазіргі уақытта бұл жеткіліксіз. Робототехника, құрастыру, бағдарламалау, үлгілеу, 3D-жобалау және тағы басқа - бұның бәрі енді дүниежүзінің қазіргі оқушыларын қызықтырады. Бұл қызығушылықтарды жүзеге асыру үшін анағұрлым күрделі дағдылар мен құзыреттер керек. Білу мен істеу ғана емес, сонымен қатар зерттеу және ойлап шығару маңызды. Ғылым, математика, технологиялар және инженерия сияқты басты академиялық салаларда бір мезгілде даму керек, оларды STEM (science, technology, engineering and mathematics) деген бір сөзбен біріктіріп атауға болады.
STEM - оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты - мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату (Tsupros, 2009).
STEM аббревиатурасын америкалық бактериолог Р.Колвэлл 1990 жылдары алғаш рет ұсынды, бірақ ол тек 2000 жылдарда ғана белсенді қолданыла бастады. STEM негізінде бұл түсініктің жаңа нұсқалары пайда болды, солардың ішінде анағұрлым кең таралғаны STEAM (ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика) және STREM (ғылым, технологиялар, робототехника, инженерия және математика) болды. Қазіргі уақытта STEM әлемдік білім берудің басты трендтерінің бірі болып табылады. Технологиялардың қарқынды дамуының арқасында жаңа мамандықтар пайда болып жатыр, STEM мамандарға сұраныс жаппай өсіп жатыр. Мысалы, ЕО елдерінде бұл салада жұмысқа орналасқан мамандардың үлесі 2000 жылдан 2013 жылға дейін 12%-ға артты. Сонымен қатар, еуропалық мемлекеттерде STEM саласының кәсіпқойларына сұраныс 2025 жылға қарай 8%-ға, ал басқа мамандықтарға тек 3%-ға ғана артады деген болжам жасалды. 2011 жылы ЭЫДҰ-ның қарастырылған 16 мемлекеттің ішінде Финляндияда STEM-мамандықтар түлектерінің анағұрлым көп саны байқалды: 20-39 жастағы халықтың 100 мың адамына шаққанда 109. Бұл көрсеткіш Канада мен Швейцария көрсеткіштерінен екі есе артық.
Әлем елдеріндегі STEM-мамандықтардың түлектері, 2011ж. (20-39 жастағы халықтың 100 мың адамына шаққандағы саны)

Дереккөз: Sources: Statistics Canada; OECD; The Conference Board of Canada. http:www.conferenceboard.cahcpp rovincial educationsciencegrads.aspx
Финляндияда STEM дамуының институциональдық жиектемесі 13 жыл бұрын құрылған болатын. Атап айтқанда, LUMA Ұлттық ғылыми білім беру орталығы мектептердің, университеттердің, өнеркәсіптің және бизнестің өзара іс-әрекетін үйлестіреді. Бұл орталық оқушыларға арналған іс-шараларды, мысалы, ғылыми-техникалық лагерьлерді әзірлейді, сонымен қатар, мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстарын және семинарларды жұмысынан қол үзбей ұйымдастырады. Сонымен қатар, LUMA STEM саласында әртүрлі оқу-әдістемелік материалдарды ұсынатын ресурстық орталықтың қызметін атқарады.
АҚШ-та 20-39 жастағы халықтың 100 мың адамына STEM-мамандықтың тек 475 түлегі ғана шақ келеді. Таланттар пулының шектеулілігі, 2012-2013жж. жай-күйі бойынша, бұл мемлекетте STEM саласында жоғары жәненемесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар түлектердің тек 23,9%-ы ғана есептелуімен дәлелденеді. Дегенмен, АҚШ-та STEM-білім берудің беделінің маңызы артып жатыр. Атап айтсақ, STEM қызметкерлерінің орташа табысы сағатына шамамен $34,44 құрайды, бұл басқа салалармен салыстырғанда екі есе артық (сағатына шамамен $18,68). STEM мамандықтардың жұмыссыздық деңгейі 3,1% құрайды, бұл басқа мамандықтармен салыстырғанда 4,3%-ға төмен. Сонымен қатар, 2014-2024жж. бұл саладағы қызметкерлердің үлесі 16%-ға (19% - компьютерлік ғылымдар, 12% - инженерия, 16% - жаңа өндірістік технологиялар), ал басқа салаларда тек 11%-ға артады деген болжам бар. Мамандардың пікірінше, 2020 жылға қарай STEM кәсіпқойларына сұраныс АҚШ-та 1 млн.-нан астам жаңа жұмыс орындарын қосады.
STEM-білім берудің АҚШ-тағы өзектілігін 2013 жылы қабылданған STEM-білім беруді дамыту жөніндегі Стратегиялық жоспар да дәлелдейді. Жоспар аясында 2020 жылға қарай 100 000 жаңа тиімді STEM мұғалімдерді даярлау және мұғалімдердің қазіргі контингентіне қолдау көрсету жоспарланды. Басқа мақсат: орта мектепте әр оқу жылы STEM-ге тартылған білім алушылардың үлесін 50%-ға дейін арттыру. Колледждер мен ЖОО-ның STEM-мамандықтары бойынша түлектер санын 1 миллион адамға дейін арттыру да жоспарланды.
Әлемнің басқа мемлекеттерінде математикалық және ғылыми-техникалық білім беруді дамыту жөнінде мемлекеттік бағдарламалар да қабылданды. Мысалы, Малайзияның 2013-2025 жылдарға арналған білімді дамыту жоспары аясында STEM-білім беру реформасы қарастырылды.
Бұл реформаның 1-кезеңі (2013-2015жж.) - куррикулумды жетілдіру, мұғалімдерді даярлау, оқытудың кешенді әдістерін пайдалану арқылы STEM-білім берудің сапасын арттыру;
2-кезең (2016-2020жж.) - қоғамның STEM-дегі хабардарлығын және мүдделілігін БАҚ кампаниялар және серіктестік байланыстар арқылы жоғарылату;
3-кезең (2021-2025жж.) - алғашқы екі кезең бастамаларының сәттілігін бағалау және жаңа бастамалары мен бағдарламалары бар жаңа жол картасын әзірлеу.
Австралияда 2015 жылы STEM-білім беруді мектептерде дамытудың 2016-2026 жылдарға арналған Ұлттық стратегиясы қабылданды (National STEM School Education Strategy). Стратегияда бес басты міндет анықталды:
1) оқушыларды STEM-ге тарту және қызықтыру, қабілетін арттыру;
2) мұғалімдердің әлеуетін және STEM пәндерге оқыту сапасын арттыру;
3) мектептерде STEM-білімін алу мүмкіндіктерін қолдау;
4) ЖОО-мен, бизнеспен және өнеркәсіппен тиімді серіктестік қарым-қатынастарға жәрдемдесу;
5) мықты деректер қорын құру.
Еуропаның 10 астам мемлекетте осыған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
STEM технологиясының негізгі ұғымдары
STEM - білім берудің дамуы
STEM - ӘЛЕМДЕГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ
STEM білім беру арқылы оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру
STEM-ПӘНАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНЫП, ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ ИДЕЯСЫНА НЕГІЗДЕУ
STEM білім беруді жүзеге асырудың халықаралық және қазақстандық тәжірибесі
Оқушылардың танымдық белсенділік деңгейлері
Сабақта педагогикалық технологияны қолдану
Оқушыларды математикалық олимпиадаларға дайындау
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Пәндер